Тақырыбы: Наурыз – жыл басы!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл, қанатты сөздер, суреттер көрмесі.
Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Хор: «Наурыз »
Тақпақтар:
1-Алихан
2-Бекболат
3-Шалқар
4-Шұғыла
5-Жанерке
Жүргізуші: Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!Жүргізуші:Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.
Жүргізуші: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
1 - жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.
2 - жүргізуші: Ал енді біздің қыздарымыздың биін тамашалайық
Би:
Тақпақтар:
1-Бекболсын
2-Аян
3-Әділғали
4-Әділ
5-Аяла
Жүргізуші: Ақпан кетті араз боп Наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Назгүл: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!
2 –жүргізуші:Ал, балалар «Ағаш көркі жапырақ» деп аталатын ойын ойнайық. Бұл ойында алмаларды алып, ондағы сұрақтарға жауап беру керекі. Жауап берген соң алманы мына талға іліп, ағашты безендіреді.
1 – сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2 – сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см)
3 – сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су)
4 – сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет)
5 – сұрақ: Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге не? Нелер? кім? Кімдер? Деген сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы жекеше, көпше сияқты түрлері бар.)
6 – сұрақ: Жұмбақ
Ағаштардың көсемі
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау өлкені,
Кәусар ауа жұтады. (Шырша)
Тақпақтар:
1-Гүлдана
2-Элнара
3-Алия
4-Еларыс
5-Шалқар
Жүргізуші: Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.Жүргізуші: Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Ән: «» Орындайтын Ерзат Шұғыла.
1–жүргізуші: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.
2- жүргізуші: Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.
1-жүргізуші: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан - мереке,
Қызық думан құрамыз.
2 - жүргізуші: Балалар тағы бір ойын ойнап жіберейік. Ойын мені «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл ойында карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады.
1) Әдепті бала – арлы бала,
.............................................
Өлеңді жалғастыр
................. тоңбаймын,
.................. қорғаймын.
Ойынға бір. ..................
Секеңдеуді . ....................
2) Таулы жер бұлақсыз болмас,
...................................................
Өлеңді жалғастыр.
..................... сайрайды,
..................... жайнайды.
...................... құлпырып,
....................... сыйлайды.
3) Бір тал кессең -. .........................
Өлеңді жалғастыр.
................. атпаймыз,
................. сатпаймыз.
.................. қорғаймыз,
................. ақтаймыз.
1 - жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып,
Бар халықты қуантатын бұл қай кез?
Хормен: Наурыз!
2 - жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
1 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Бата:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын
Аумин!
2- жүргізуші: Ұлыс күндеріңіз құтты болсын.
Ата – бабаларымыздың сөзін айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн»
Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан Үлкен кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.
1 – жүргізуші:Ал, құрметті қонақтар!
Айналайын балалаар!
Жеп - ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас - кәріңді,
Шақырамын бәріңді!
Жүргізуші: Бүгінгі мерекелік сынып сағатымызды аяқтаймыз. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!