Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  7 класс  /  Насекомдардың дамуы (тура, шала, түрленіп)

Насекомдардың дамуы (тура, шала, түрленіп)

Насекомдарды? дамуы (тура, шала, т?рленіп) саба? жоспары

10.01.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Насекомдардың дамуы (тура, шала, түрленіп)

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: бунақденелілердің дамуымен таныстырып, алдыңғы сабақтардан алған білімдерін қайталау мақсатында білімдерін тексеру,қорытындылау 
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін,танымдық іс-әрекеттерін,шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру 
Тәрбиелілік: топтық жұмыста өзара сыйластық қарым –қатынасын қалыптастыра отырып, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру, оқушыларды ұйымшылдыққа,еңбекке тәрбиелеу 
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі,сұрақ-жауап 
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақ көрнекілігі: үлестірмелі материалдар,карточка, бунақденелілердің суреттері. электрондық көрсетілімдер. 
Сабақ жоспары: 
1. Ұйымдастыру кезеңі (3минут) 
2. Үй тапсырмасын сұрау «Бунақденелілердің көптүрлілігі» (10 минут) 
3. Жаңа тақырып «Бунақденелілердің дамуы және көбеюі» (10 минут) 
4. Қорытындылау (5 минут) 
4. Бағалау (2 минут) 
5. рефлексия (3 минут) 
6. Үйге тапсырма (3 минут) 
І Ұйымдастыру кезеңі. 
-сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау 
-оқушыларды психологиялық дайындау (амандасу,көңіл-күйлерін алдарындағы смайликтер арқылы көрсетуін сұрау,назарларын сабаққа аудару) 
ІІ Үй тапсырмасын сұрау (оқушылар әр түрлі кезеңдер бойынша тарсырмаларды орындап,әр дұрыс жауап 1 ұпай,дұрыс жауап тақтадан көрсетіліп отырады,.) 
«Миға шабуыл» кезеңі 
1-тапсырма 
Бунақденелілердің денесі неше бөлімнен тұрады? 
Бунақденелілердің қаншаға жуық түрі бар? 
Бунақденелілердің қанша клас тармағы бар? 
Бунақденелілер класында қанша отряд бар? 
Насокем деген не мағына береді? 
Насекомоядные деген ше? 
Бунақденелілердің тыныс алуы не арқылы жүзеге асады? 
Бунақденелілерге қандай жәндіктер жатады? 
Паразиттік жолмен тіршілік етет қандай бунақденелілерді білесіңдер? 
2-ші тапсырма 
Берілгенсуреттерді буынаяқтылар тип кластарына бөліңдер. 
1. Шаянтәріздестер класы: 
2. Өрмекшітәріздестер класы: 
3. Бунақденелілер класы: 


«Ойлан тап» кезеңі 
Суретте берілген бунақденелердің ауыз құрылысының ерекшеліктерін анықтаңдар. 



сүзіп жалаушы (шыбын); шаншыл-сорушы (маса, орман қандаласы ) ; кеміруші (тарақан, қоңыздар); кеміріп-жалаушы (балара); түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек). 
ІІІ Жаңа сабақты меңгерту кезеңі: Бунақденелілердің дамуы 
Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді. Олар: тура даму (қанатсыз бунақденелілер; шала түрленіп даму (инелік, дәуіт, шегіртке, бұзаубас, бит, қандала, т. б.) және толық түрленіп даму (қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар, т. б.).Тура даму дегеніміз - ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсас жас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан ғана толысып дамиды.Дамудың сызбанұсқасын былай кескіндей аламыз: тура даму: жұмыртқа — имаго; шала түрленіп даму: жұмыртқа — дернәсіл —толық түрленіп даму: жұмыртқа дернәсіл — қуыршақ — имаго.Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.Имаго (лат. имаго - ересек жәндік). Бунақденелілерді зерттейтін ғылым энтомология (гр. ентома+логос - бунақдене + ғылым). Ол - зоология ғылымының бір саласы. Бунақденелілер табиғатта және адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Егер олар өсімдіктерді тозаңдандырмаса, табиғат аясынан сан құбылып, көздің жауын алатын түрлі өсімдіктерді кездестіре алар ма едік? Топырақтан ің қазып (көңқоңыз), оны қопсыту арқылы топырақ түзуге қатысатын бунақденелілердің пайдасы өте зор. Көптеген бунақденелілер (қанқыз,құмырсқа, шаншар, т. б.) ауыл шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды. Баларалар адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады. Жібек көбелектері жібек алу үшін өсіріледі. Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді. Кейбір елдерде бунақденелілерді (шегірткені) тағам ретінде пайдаланды. Табиғатта тіршілік ететін зиянды бунақденелілер де баршылық.Көптеген бунақденелілер (бүйі, қарақұрт, құршаян, кене, т. б.) улылығымен, паразиттік тіршілігімен, ауру таратқыштығымен, омыртқалы жануарға және адамға зиянды. Паразит бунақденелілер (маса, қандала, бүрге, бит, тарақан, т. б.) көптеген қауіпті ауруларды таратып, адамдарға зиянын тигізеді. Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірегейі - азиялық шегіртке. Жәндіктердің санына және шоғырлануына байланысты шегірткелердің үйірлі және саяқ түрлері болады. Үйірлі шегірткелер дернәсілдердің тығыз топтасуынан - жаушоғыл (кулига), ересектерінің жинақталуынан үйір түзеді. Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшелі. Саяқ шегірткелер мекенінен ұзақ ұшпайды - көшпенді емес. Азиялық шегіртке (көкқасқа шегіртке) – өте қауіпті, зиянкес жәндік. Көкқасқа шегірткенің аналығынан бір жазда өрбіген ұрпақтары екі қойды тойындыратын азықты жояды. Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1 - 2 сағатта жүздеген, тіпті мыңдаған гектар егістікті тып-типыл етеді. 
Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяу шегіртке деп аталады. Жаяу шегірткелерден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды. Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшелі. Бунақденелілер буынаяқтылардың түрді ең көп қамтыған үлкен класы. бұлар суда, құрлықта, ауада өмір сүрелі. Олардың 6 аяғы бар. Денесі айқын үш бөлікке: бас, көкірек және құрсаққа бөлінетіндіктен, бунақдене деп аталған. Өзге жәндіктерден айырмашылығы - бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша алады. Қанатсыз бунақдене де кездеседі. Бұлшықет жүйесі - күрделі. Жүйке жүйесі жоғары деңгейде дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні - ми. Мидың үш бөлігі бар. Олар: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден құралады. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін - ганглий (гр. ганглион - бұдырмақ, ісік) түзеді. 
Сезім мүшелері жақсы жетілген. Күрделі және жай құрылысты көзі бар. Қантарату жүйесі - ашық жүйе. Ас қорыту жүйесі ауыздан басталады. Ауыз мүшесінің құрылысы сан алуан. Бунақденелілердің демтүтікті жүйесі жақсы жетілген. Демтүтіктер дененің екі қапталындағы 10 жұп тыныс алатын тесіктер - демтесіктер арқылы сыртқа ашылады. Бунақденелілер демтүтіктің жәрдемімен тыныс алады.Дернәсілдері: 
31 – сурет. Жұмыртқа және оның әртүрлілігі 
А – шыбын жұмыртқасының құрылысы; Б – шегірткенің жұмыртқасы; В – шегірткенің жұмыртқасының хорион бөлігінің үлкейтіп көрсетілген бейнесі; Г – жапырақ бүргесінің жұмыртқасы; Д – қандаланың жұмыртқаы; Е – ақкөбелектің жұмыртқасы; 
Ж – сұр көбелектің жұмыртқасы; З – жапырақжемір қоңыздың жұмыртқасы; И – орамжапырақ шыбынының жұмыртқасы к – жұмыртқаның тесікшесі (микропиле); х – хорион жабындысы; жо – сарыуыз қабықшасы; яд – ядро; пт – поляр денесі; ж – сарыуыз.
 Қуыршақтары: 
33 - сурет. Жәндіктердің қуыршақтары мен пілделерінің түрлері 
А – қоңыздың ашық қуыршағы; Б – көбелектің жабық қуыршағы; В – көбелектің нағыз пілдесі; Г – түкті шыбынның жалған қуыршағы немесе пупария 

Шала түрленіп даму(шегірткені мысалға ала отырып түсіндіру) 


Тест (дұрыс жауаптарыңды жауап парақтарыңа белгілеңдер) 
1. Бунақденелілердің денесі: 
А) баскөкірек, құрсақ 
Ә) құрсақ, көкірек 
Б) бас, көкірек, құрсақ 
2. Бунақденелілерде: 
А) 4 жұп аяқ 
Ә) 3 жұп аяқ 
Б) 2 жұп аяқ 
В) 1 жұп аяқ 
3. Бунақденелілердің көпшілігнде қанат бар. Олардың саны: 
А) 1 не2 жұп 
Ә) 2 жұп 
Б) 1 жұп 
4. Бунақденелілердің қанаты бекінген: 
А) кеудеге, құрсаққа 
Ә) кеудеге 
Б) баскөкірекке, құрсаққа 
В) баскөкірекке 
5. Бунақденелілердің қанайналым жүйесі: 
А) ашық 
Ә) жабық 
6. Жүрегі орналасқан: 
А) дененің артқы жағында ішек үстінде 
Ә) құрсақ жағында ішек астында 
В) бас жағында 
7. Зәр шығару жүйесі: 
А) мальпигий түтікшелері 
Ә) бүйрек 
Б) ауа қапшықтары 
Г) мальпигий түтікшелері және майлы дене 
8.Толық түрленіп даму неше сатыдан тұрады? 
А)3 Ә)2 Б)4 Г) 1 
9.Имаго дегеніміз? 
А)қуыршақ Ә)дернәсіл Б)ересек қуыршақ Г) ересек дернәсіл 
Бағалау 
Оқушылар әр кезең бойынша алдарындағы бағалау парақтарына ұпай сандарын жазып,қортынды ұпайларын шығарады,сол бойынша бағалары қойылды. 
Рефлексия. 
(Оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым-қатынасты тудыру,олардың ой-пікірлерін тыңдау) 
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Қай кезеңі қызықты болды? Қолдарыңдағы смайликтер арқылы көңіл күйлеріңді көрсетіңдер. 
Үйге тапсырма : 
Бунақденелілердің көбеюі,тақырыпты оқу. Дәптерге бунақденелілердің маңызы туралы эссе жазу,бунақденелілерге сөзжұмбақ құрастыру (тапсырмаларды күнделікке жазып алғандарын тексеру)















































Сабақтың барысы.     Ұйымдастыру кезең.

а) Оқушыларды түгендеу.

ә) Керекті құралдарын реттеу

б) Үй тапсырма сұрау.

Үй тапсырма  

                          Жаңа сабақ    

Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді.Олар:тура даму,(қанатсыз бунақденелілер)шала түрленіп даму,(инелік,дәуіт, шегіртке,бұзаубас, бит, қандала) және толық түрленіп даму(қоңыз, көбелек, бүрге, шыбын, маса, құмырсқа, балара)

Тура даму дегеніміз-ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсасжас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан толысып дамиды.

Толық түрленіп даму  деп-дамуы 4 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсамайтын бунақденелілерді айтамыз.

Шала түрленіп даму деп -дамуы 3 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсайтын бунақденелілерді айтамыз.

Дамудың сызбанұсқасын былай кескіндей аламыз:тура даму:жұмыртқа—имаго; шала түрленіп даму:жұмыртқа –дернәсіл—имаго;толық түрленіп даму: жұмыртқа—дернәсіл—қуыршақ–          имаго.Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.Имаго(латынша имаго- ересек жәндік)

Бунақденелілерді зерттейтін ғылым –энтомология (гректің «нентома»-бунақдене+ «логос»-ғылым) Ол зоология ғылымының бір саласы .Бунақденелілердің табиғатта және адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Егер олар өсімдіктерд тозаңдандырмаса ,табиғат аясынан сан құбылып ,көздің жауын алатын түрлі өсімдіктерді кездестіре аларма едік.Ағаш жапырағында жорғалап жүрген құртқа ұқсас жәндікті көреміз.Бұл көбелектің дернәсілі жұлдызқұрт. Оның  5-жұп жалғанаяқтары бар.Ересек көбелекте 3-жұп аяқтары бар.Ересек көбелектің ауыз мүшесі –түтік тәрізді ұзын иірілген тұмсықша. Бұл тұмсықшамен ол гүл шырынын сорады. Көбелектің дернәсілін  жұлдызқұрт деп атайды. Жұлдызқұрт өсімдіктің жапырақтары мен қоректенеді және тез өседі, бірнеше рет түлейді.ең соңғы түлеудің алдында ағаш діңіне өрмелеп шығып қуыршаққа айналады.Ол бұл кезде ешбір қозғалыссыз қалады,қоректенбейді.Дегенмен хитинмен қапталған қуыршақта өте күрделі өзгерістер жүріп жатады. Онда ересек көбелектің дене мүшелері қалыптасады. Қыстап шыққан қуыршақтан көктемде бірден көбелек шығады. Көбелектің даму сатыларын тізіп көрсетелік:жұмыртқа,дернәсіл, қуыршақ, ересек көбелек. Жұмыртқа салу мерізімі ,орны, даму мерізімі әр түрлі бунақденелілердің түріне қарай әрқалай болады. Мысалы зауза қыңызы жұмыртқаларын топыраққа ,шыбын ластанған жергелерге, көбелектер өсімдік жапырақтарына ,ағаш жемісіне т.б.жерлерге салады. Зауза қыңыз дернәсілінің дамуы4 жылға,шыбын дернәсілінің дамуы бірнеше тәулікке созылады.Түрленіп дамудың маңызы бунақденелілердің табиғатта кеңінен таралып ,өз түрлерін сақтауға едәуір мүмкіндігі бар. Дернәсілі ересек жәндіктің қорегіне «ортақтаспайды»,әрі тұрағы да басқа болады. Мысалы,зауза не картоп қоңызының дернәсілі топырақта тіршілік етеді,өсімдік тамырларын ,жер асты бөліктерін жеп қоректенеді.Ал,ересек қоңыздар ағаш жапырақтарын қорек етеді.Химикаттан жер бетіндегі бунақденелілер қырылады да,топырақ арасында жүрген немес еәлі қуыршақ күйінде жатқан дернәсілдер аман қалады.Сонымен түрленіп даму тәсілі де-бунақденелілерді жойылып кетуден сақтайтын бейімділіктің бірі. Олардың табиғаттағы пайдасы мыс.көңқоңыз топырақты қопсытады,қанқыз, құмырсқа ауыл шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды.Баларалар адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады. Көбелектер өсімдіктерді тозаңдандыруда маңызды өызмет атқарады, алайда олар дүниеге әкелетін жұлдызқұрттар ауылшаруашылығы үшін нағыз зиянкестер санатында. Жібек көбелектері жібек жіп алу үшін өсіріледі. Тұт көбелегі 5 мың жыл  бұрын Қытайда қолға үйретілген. Оның пілләлары тарқалады, алынған жіптен жібек маталарын тігеді. Бір пілләдан 1,5 мың метр жіп қолға  тиеді.  Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді. Кейбір елдерде бунақденелілерді тағам ретінде пайдаланады.Ал, табиғатта тіршілік ететін зиянды бунақденелілерде кездеседі мыс. бүйі,қарақұрт,құршаян улылығымен, паразиттік тіршілігімен ауру таратқыштығымен ,омыртқалы жануарларға және адамдарға зиянды. Паразит бунақденелілерге маса,қандала, бит, бүрге,тарақан көптеген қауіпті ауруларды таратып,адамдарға зиянын тигізеді.Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденеліге –Азиялық шегіртке жатады.Жәндіктердің санына және шоғырлануына байланысты шегірткелердің үйірлі және саяқ түрлері болады. Үйірлі шегірткелер дернәсілдерінің тығыз топтасуынан –жаушоғыл (кулига),ересектерінің жиналуынан үйір түзеді. Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшеді. Саяқ шегірткелер ұзақ ұшпайды-көшпенді емес.Азиялық шегіртке (көкқасқа шегіртке)өте қауіпті,зиянкес жәндік. Көкқасқа шегірткенің аналығынан өрбіген ұрпақтары екі қойды тойдыратын азықты жояды.Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1-2 сағатта жүздеген гектар егістікті тып-типыл етеді. Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяушегіртке деп аталады. Жаяушегірткеден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды.Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшеді.

Үкіше агриппа-Самғап бара жатқан үкіше-агриппаны түнгі құс деп ойлап қаласыз. Оның үстіне қанаттарының өрнекті бояуы үкіні еске түсіреді, ал қонақтап отырған көбелекті ағаш қабығынан ажыратып алу қиынның қиыны.                                                                                                                        Бәңгі-Мадагаскарда гүлінің тереңдігі 23 см-ге жететін орхидея табылған кезде,    Чарлз Дарвин оны ұзын тұмсықты бәңгі тозаңдандырған деген жорамал айтқан.                                                                 Жарқырауық– қоңыздар шұғыласының жоғарғы тиімділігі таң қалдырарлық-барлық жұмсалған қуаттың 98% -ы бірден сәулеге айналады, ал энергия сақтаушы шырақта бұл тек 45% –ды ғана құрайды.

Барлық қабық жегілердің-өзіне тән ерекшеліктері бар: денелерінің артқы ұштарын терең тісшелер қаптаған

Дамудың сызбанұсқасы.

Тура даму: жұмыртқа —имаго.

Шала түрленіп даму: жұмыртқа –дер

Нәсіл — имаго.

Толық түрленіп даму: жұмыртқа –дер

Нәсіл —қуыршақ — имаго.

  1. тапсырма

Қонды ара,

Ұшты шыбын.

Жүзді суда,  суқандала.

Түрленеді қоңыз шала,

Гүлге қонды, көбелек ала

Шаншып-сорғыш  сары маса

Шағып алып, болды таса.

Етті еңбек топ құмырсқа.  кіріседі көп жұмысқа,

Типыл қылды бар егісті.  Азиялық ол  көкқасқа.       Барлығы қанша    (  8 жәндік)

Бекіту  тапсырмалары:   Сандық диктант  1 “иә”   0 “ жоқ”

1.Бунақденелілер буынаяқтылар типіне жатады

2.Дене бөлімдері: баскөкірек және құрсақ

3.Демтүтік  арқылы тыныс алады

4.Масаның ауыз мүшесі-кеміріп-жалаушы.

5.Толық түрленіп даму 4 сатыдан тұрады.

6.Имаго-дернәсілдің бір түрі.

7.Инелік толық түрленіп дамиды.

  1. Қанқыз –зиянды жәндік.

9.Жаяушегірткелер -қанатсыз  дернәсілдер

10.Энтомология –бунақденелілерді зерттейді

Сәйкестендіру тесті

Бунақденелілер түрлері

Шала түрленіп даму

Толық түрленіп даму

  • қоңыз

  • инелік

  • үй шыбын

  • түкті ара

  • шегіртке

  • маса

  • тарақан

  • дәуіт

 

+

 

 

+

 

+

+

+

 

+

+

 

+

Биологиялық диктант

  1. Көбелектің дернәсілін … деп атайды.

  2. Шыбынның дамуы … тұрады.

  3. Бал араның көкірегінде … жұп қанаты бар.

  4. Дамуы 4 сатыдан тұратын бунақденелілерді … атайды.

5.Дамуы 3 сатыдан тұратын бунақденелілерді … атайды

               Ойлан

Әріптерден  сөздерді құрастырып, оларға  суреттерді  таңдап ал

Қыхазн, мекөрші , қыжаруқыра  қызоң, кқасқкөа  гірештке (суреттерімен көрсетіледі)

Деңгейлік тапсырмалар

1 Паразиттік бунақденелілерге қандай жәндіктер жатады?

2 Зиянды бунақденелілерге қандай жәндіктер жатады?

3 Ауыл шаруашылығына зиянды бунақденелілер қайсылар?

4 Бунақденелілердің табиғаттағы пайдасы қандай?

Бағалау  Оқушылардың алған білімін бағалаймын

Үйге тапсырма:    Бунақденелілердің көптүрлілігі жайлы оқып келу      Бунақденелілердің суретін салу, кесте сызу.

Ауылымызда жойылып бара жатқан бунақденелілер жайлы баяндама жазу

 




-80%
Курсы повышения квалификации

Применение ИКТ на уроках химии и биологии в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Насекомдардың дамуы (тура, шала, түрленіп) (29.59 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт