Сабақтың тақырыбы:Ас-атасы нан
Сабақтың мақсаты: 1.нанды қадірлеуге үйрету.
2.Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып,оған көптеген адамдар еңбек ететіндігін түсіндіру.
3.Еңбек адамдарын сыйлай білуге,әр адам нанды үнемдей білуін,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Нан» туралы нақыл сөздер.Нандардың түрлері,ұннан жасалған тағамдар суреті.
Тәрбие сағатының барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар «Нан-Отан байлығы» -атты ашық тәрбие сағатты бастауға рұқсат етіңіздер.
1.Тәрбие сағатының мақсатына тоқталу
2.Оқушының пікірін тыңдау « Нан дастарханға қалай келеді?»
3.а) Ән «Қазақтың дастарханы»
Нан туралы ақыл кеңестер. 1.Дүкенге барғанда нанның сапасын қолмен анықтамаңыз.Бұл тазалыққа да , мәдениетке де жатпайды. 2.Нан сатып алғанда таза дорбаға салыңыз.
4. Тыйым сөздер
1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.Ол кесір.
2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
5. Мақал-мәтелдер «Еңбек ,нан туралы»
1. Қырман басы береке
Көп жүрген жер мереке
2. Жеріңе жақсылық қылғаның
Тасты дей бер қырманың
3. Егін ексең тыңға
Шықтым дей бер шыңға
4. Дастарханында наны жооқтың
Тамағының сәні жоқ
5. Қамбасында дәні жоқтың
Тамағының сәні жоқ
6. Тістем нанның қадірін
Тарыққанда білерсің
7. Қоныс көркі там
Дастархан көркі там
8.Нан - тамақтың атасы
Ынтымақ –көптің батасы
9. Берсең аларсың
Ексең орарсың
6. Оқушы: Ас болған жерде бата беріледі
Амандық берсін басыңа
Қыдыр келсін қасыңа
Бар екем деп тасыма
Жоқ екем деп жасыма
Еңбек етсең ерінбей
Дәулет келер қолыңа. Әумин!
7. Бидай мен қаңбақ(көрініс)
8. Әдеби –музыкалық монтаж
Оқушы. Менің елімнің Елтаңбасында масақ суреті бейнеленген.Ол біздің Отанымыздың байлығын көрсетеді.Біз оны мақтанышпен айта аламыз.
Оқушы: Нанға үлкен жүрекпен қараңдар!
Нанды өмір деп санаңдар
Нан болмаса
Қызығың ,бақытың
Құр әуре далбаса
Оқушы:
Нансыз тыныштықта болмайды
Көкіректі мұң
Жерді шаң торлайды
Екі ел бірін-бірі жалмайды
Елімнің құдіретін асырап тұрған менің де,сенің де ,оның да мейірін үстем ғып тұрған.Ол, нан!
Оқушы:
Нанды өмірдің иісі мен дәмі бар
Нанда адамның еңбегі мен ары бар
Нан өмірдің ана сүті арқауы
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар
Хормен
Ақ нанды кім қорлайды
Аштықтан соол сорлайды
Алға қойған мақсатымыз
« Жақсы оқып ,еңбек етеміз»
Жүргізуші: Ардақты нан!
Ана мінез асыл нан
Жеп үйренген жаным сүйіп жасымнан
Бір күніңді мың есе артық деп едім
Бар дүниенің інжу,гауhар тасынан
Бастауыш сынып мұғалімі: Ракишева Гульмайы Болатовна
Пән аты: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Үйшік(орыс ертегісі)
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға «Үйшік» ертегісі туралы білім беру.Ертегі түрлері туралы білімдерін еске түсіру.
2.Оқушылардың қабылдауын,ой-өрісін,зейінін,есте сақтауын,тілін,оқу дағдысын,сөздік қорын дамыту.
3.Оқушыларды бірлікке,ынтымаққа ,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,плакаттар
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру. Оқушылардың оқу құралдарын алдырып,назарларын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Наурыз-жыл басы» өлеңін мәнерлеп оқыту
III. Мақсат қою
Сабақтың тақырыбын,мақсатын хабарлау
IV. Жаңа сабақ
Ертегі түрлері туралы еске түсіру
-Ерте,ертеде деп басталатын халық шығармасы қалай аталады?
-Ертегілердің қандай түрлері бар?
2. Жұмбақтарды шешу арқылы ертегі кейіпкерлерін тапқызу.
Орғыған қорқақ,көзі қыли
Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді. (қоян)
Орманда тұрады,өзі бір қу
Жүрген жері айғай да шу (түлкі)
Тәтті көрсе бас салар,айнымайды баладан (аю)
Жерді де мекен етеді,
Көлді де мекен етеді (бақа)
3.Ертегіні оқып ,түсіндіру
4.Рөлге бөліп оқыту
5.Түсінгендерін сұрау
6.Ертегіні сахналау
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп аламыз
Қалтамызға саламыз
V.Білімді бекіту
1. «Адасқан сөздер» ойыны
2.Мақал-мәтелдерді түсініп оқу
Бірлік болмай ,тірлік болмас
Ырыс алды – ынтымақ
-Осы мақал-мәтелдерге қандай ортақ тақырып қояр едіңдер?
3.Мақал-мәтелдердің ертегі оқиғаға қатысы бар екенін дәлелдету.
4.Оқушылардың бірлік туралы мақал-мәтелдер сұрау
VI.Сабақты қорытындылау
-Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?
VII.Бағалау
Оқушылардың тиісті бағаларын қою
VIII.Үйге тапсырма
Бірлік туралы шағын әңгіме жазу


Нан қайдан келеді? (19.46 KB)

