Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  1 класс  /  Нәтиже сабақ. Піл, керік

Нәтиже сабақ. Піл, керік

это урок для 1-го класса. Это урок закрепление новой темы

16.02.2017

Содержимое разработки

Күні: 22.10.2016 жыл

Сыныбы: 1

Пәні: Қазақ тілі

Мұғалімі: Тақсамбай А.Ж


Сабақтың тақырыбы: «Нәтиже сабақ. Піл, керік»

1. Білімділік. Жануарлар атауларымен таныстыруды жалғастыру. Қазақ тілінің төл дыбыстарын пысықтап і әрпі мен дыбысын айту, жазуға үйрету арқылы білімін толықтыру. «Үлкен, кішкентай» сөздерін түсініп қолдануға үйрету. 
2. Дамытушылық. «Үлкен, кішкентай» сөздерімен сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту. Не? Қандай? деген сұрақтарға жауап бере отырып тілдерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтіп, көркем, таза жазуды баулу. 

Сабақтың әдістері: көрсету, түсінік беру, сұрақ-жауап, әнгімелету. 
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, презентация. 
Сабақтың түрі: қорытынды сабағы

Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі.
 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! 
- Бүгінгі көңіл күйлерін қандай? 
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі? 
- Күзде неше айы бар? 
- Күз айларын кім атайды? 
- Сенің атың кім? 
- Күзде қандай өзгерістер болады? 
Дұрыс. Жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, адамдар жылы киім киеді, егін піседі. 
Жарайсыңдар, балалар! 

II. Өткен сабақты қайталау. 
Енді балалар біз өткен сабақтағы әріптерді қайталаймыз. 
Мынау қандай әріп? (ә, қ, ғ, ң) 
Қандай дыбыс? 
Мысалдар келтіріңдер. (әтеш, әже, әке, дәптер, Әлібек, Әлия, қалам, Қарлығаш, Қанат, жапырақ, қазан, Ғалымжан, ағаш, қолғап, қол, сағат, аң, қоңыр, жаңғақ, шаңғы, оң қол). 

III. Жаңа сабақ. 
а) Балалар, бүгін біз жабайы аңдар туралы жалғастырамыз. Өткен сабақта 
біз сендермен аңдармен таныстық. Неге аңдар дейміз? Өйткені олар 
орманда тұрады. Оларды атайықшы. 
Балаларға үлкен мен кішкентай сөздерін қимылмен көрсету. 
Оқушыларға жасатқызу. 
ә) 1-тапсырмадағы суретті көрсету арқылы жануарларды салыстыру. 
Балалар, мынау не? (бұл піл) 
Қандай піл? (үлкен піл) 
Анау не? (қоян) 
Қандай қоян ? (кішкентай қоян) 

Жарайсыңдар, балалар шаршаған шығарсыңдар. Демалып алайық. 
Сергіту сәті 
Қорбандаған аюдың, 
Құлпынайы көп екен. 
Теріп – теріп алайық, 
Қалтамызға салайық. 

№3 дәптермен жұмыс:

1-тапсырма
Үлкен аң, кішкентай аң тіркестеріне көңіл аударылып, оларды ажырата 
білу үйретіледі. 

2-тапсырмадағы үлгі арқылы оқушылар қандай аң ? деген сұраққа жауап 
беруді үйренеді. Бұл оқулықтағы 3-тапсырманы ауызша орындау 
арқылы бекітіледі. 

і әрпі көрсетіледі, оқушылар сөздерді мұғалімнің көмегімен қаталайды. 

3-тапсырмада оқылымға көңіл аударылады. Нүктенің орнына і әрпін 
қойып оқу. 
ғ) Жазу дәптеріндегі 1-тапсырмада і дыбысынің кіші әрпін жазуды 
үйренеді (ауада жазу), ал 2-тапсырмада осы әріп кездесетін сөздерді 
қайталайды. 

4-тапсырмадағы текшелерді толтыра отырып, осыған дейін өткен қазақ 
тілінің төл дыбыстарын және олардың таңбалануын қайталайды. 

IV. Қорытынды: Балалар біз сабақта не туралы айттық ? 
Қандай аңдарды білесіңдер? 
Піл қандай ? 

Керік қандай?
Қоян қандай ? 
Сөздерді буынға бөлу. 
әтеш, әже, әке, дәптер, Әлібек, 
қалам, Қарлығаш, Қанат, жапырақ, қазан, 
Ғалымжан, ағаш, қолғап, қол, сағат, 
аң, жаңғақ, шаңғы, піл, керік, қасқыр, түлкі, арыстан. 

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар, балалар! 


«Қол соғу» ойыны яғни, аң болса, қол соғасыңдар, ал киімдер болса, 
қол соқпайсыңдар. 
(аю, шалбар, қоян, піл, көйлек, күрте, қасқыр, тон, керік, қолғап, 
бәтеңке, түлкі) 

Балаларға, сыйлық ретінде смайликтер тарату(баға). 











































-75%
Курсы дополнительного образования

Авторская песня: жанровые особенности

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Нәтиже сабақ. Піл, керік (127.65 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт