| Күні: 21.04.2017ж Сынып: 1 «Б» | Қатысқандар саны: 16 Қатыспағандар саны:1 (дәлелді) | |||||||||||||||||||||||||||||
| Пәні: Мектеп: Мұғалімнің есімі: | Сауат ашу №105 Бекбаева Ақмарал Қуандыққызы - А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі | |||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың тақырыбы | Әңгіме оқимын. Сөйлем. | |||||||||||||||||||||||||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту | |||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. | |||||||||||||||||||||||||||||
| Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. | |||||||||||||||||||||||||||||
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||||||||||
| Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы | |||||||||||||||||||||||||||||
| АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. | |||||||||||||||||||||||||||||
| Тілдік құзыреттілік | Бауырсақ | |||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||
| Кезең дер | Уақыт | Мұғалім не істейді? | Оқушылар не істейді? | Бағалау | Ресурс тар | |||||||||||||||||||||||||
| Кіріспе | 5мин | Сергіту сәті. 2 мин Психологиялық дайындық.Шаттық шеңбері. Оқушылармен сәлемдесу.Үш тілде амандасу. Бүгінгі көңіл-күйді сұрау Өткен сабақты қайталау «Сұрақ-жауап» әдісі 3 мин -Ұлттық сусындарды ата. -Сусындардың қандай пайдасы бар? Сусындар қалай дайындалады? -Мәтін неден құралады? -Мәтін туралы не білеміз?
Оқушыларға топ ережесі еске түсіреді. Бағалау жүйесі ескертіледі. | Сергіту сәтін жасайды.
Оқушылар шеңберге тұрады.
Сұрақтарға жауап береді. | Смайлик
Жұлдыз ша | такси | |||||||||||||||||||||||||
| Ой қозғау | 5 мин | «Мен бастаймын, жалғастыр» «Ерте, ерте ,ертеде.....»
| Сурет бойынша ертегілер атын табады. | шапалақ | Сурет тер | |||||||||||||||||||||||||
| Іс-әрекет | 25 мин
2 мин
2 мин | Бүгінгі күннің ретімен тақырыпты жазады.
Тыңдалым Бауырсақ ертегісі
Оқулықпен жұмыс
Сұрақ-жауап әдісі 1)Ертегі не туралы? 2)Ертегінің мақсаты не?
2-жаттығу. Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерді көшіріп жаз.
Сөйлем туралы ұғым беріледі. «Хабарлы,сұраулы, лепті сөйлем)
Сергіту сәті Мынау менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау басым ақылды, Бәрін осы басқарған, Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым, Барлық істі атқарған.
3-жаттығу. Көркем жазу беріледі,тексеріледі.
4-жаттығу. Сөйлемдерді суретпен сәйкестендіру ұсынылады.
5-жаттығу.Сызбаға сәйкес сөйлем құрап жазу ұсынылады.
-------- -------- --------. -------- --------- --------? ---------,---------- -------- ---------! Дескриптор
6-жаттығу. Төмендегі сөздерді сөйлесуде пайдаланып көр. Ас болсын! Ауыз тиіңіз! Дәм алыңыз! 7-жаттығу. Ребус ұсынылады. Сағат,көйлек,алма Шешуі: «Сөйлем» «Микрофон» әдісі -Сөйлем дегеніміз не? -Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады? -Сөйлемнен соң қандай тыныс белгілері қойылады? Бағалау: 3 жұлдызша-5 2 жұлдызша-4 1 жұлдызша-3 | Бүгінгі күннің реті мен тақырыпты жазады. Бауырсақ ертегісін тыңдайды. Оқиға желісін оқушылар өздері жалғастырады. Оқушылар үлкенді тыңдау керек екенін айтады. Қарамен берілген сөздерді көшіріп жазады Сөйлем туралы жаңа ақпарат алады. Сергіту сәтін орындайды Оқушылар көркем жазады. Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! Жұптық жұмыс -Маған бауырсақ пісіріп берсеңші. (Шал) -Неден пісірейін? (Кемпір) -Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! (қоян) Берілген тапсырманы жұппен орындайды Топтық жұмыс Сызбаға сәйкес сөйлем құрайды. Дескриптор таныстырылады. Берілген сөздерді пайдаланып бір-бірлеріне айтады Ребусты шешеді Жұптық жұмыс Жұбымен диалогқа түседі. Сұрақтарға жауап береді Оқушылар өздері жинаған смайликтерін айтады. | Мадақ тау смайлик Мадақ тау Мадақ тау смайлик смайлик отшашу Смайлик шапалақ смайлик мадақтау | Аудио жазба, бет перде оқулық Жұмыс дәптері Қима қағаз Жұмысдәптері Қима қағаз Оқулық Қима қағаз | |||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың соңы 1 минут | Рефлексия Не сәтті болды? Бетперде арқылы ертегі желісін өздері рөлде ойнай отырып, айтып шықты. Оқушылар қойылған сұраққа нақты әрі толық жауап берді. Жаңа сабақ бойынша сөйлем ұғымын меңгерді.Топтық және жұптық жұмыстарда ұйымшылдықпен жұмыс жасады.Топ ережесін сақтай білді. Не сәтсіз болды? Лепті сөйлем бір бағытта ғана құрылды.Кейде уақытты тиімді пайдалана алмай қалды.Оқушылардың сауатты жазуына баса назар аудару керек. | Желкенді кеме | ||||||||||||||||||||||||||||
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||
| Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||||||||||||



Әңгіме оқимын Сауат ашу (70.41 KB)

