Мұқағали Мақатаев – ақиық ақын
Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі. Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер болған. «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.
М.Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдіңбе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды.
Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" т.б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.
Мұқағали Мақатаев – 9 сынып оқушысы. 1947 жыл .
Ақынның жас кезі
Мұқағали
отбасымен бірге
Ақынның ауылда орыс тілі пәнінің мұғалімі болып жүрген кезінен естелік
Мұқағалидың Қазақ радиосында диктор болып жүрген кезі
Ақынның анасы – Нағиман Батанқызы
Мұқағали мезгілсіз қазаға ұшыраған сүйікті қызы Майгүлмен (сол жақта) бірге
Ақынның жары Лашын, қызы Алмагүл, ұлы Айбар
Мұқағали қаламдас жолдас, інілерінің арасында
Мұқағалидың ұлы Жұлдыз және келіні
№ 140 М. Мақатаев атындағы мектеп-гимназиясы
Қазақ ақын-жазушылары мен ел адамдары Мұқағалидың туған жеріндегі мұражайының ашылу салтанатында
Мұқағали Мақатаевқа арналған мұражай

Мұқағали Мақатаев - ақиық ақын (2.98 MB)

