Меню
Разработки
Разработки  /  Классному руководителю  /  Классные часы  /  Прочее  /  «Мұғалім-өмірдегі басты мамандық»

«Мұғалім-өмірдегі басты мамандық»

Мұғалім өмірдегі басты мамандық екенін студенттерге түсіндіру, мұғалімдерді құрметтеуге арналған сынып сағаты.
18.05.2020

Содержимое разработки

«Мұғалім-өмірдегі басты мамандық»


Мақсаты: Ұстаз еңбегін бағалай біліп, оны құрметтеуге, сыйлауға, бағалауға тәрбиелеу. Мұғалім мамандығына деген қызығушылығын ояту.

Жүргізуші: Биік сенің ұстаздық қасиетің,

Мінезің жоқ қиынға бас иетін

Өмірге тәрбиелеп құлшындырған,

Жадымызда сақталар өсиетің

Әр жылдың қазан айының алғашқы жексенбісінде келетін төл мерекелеріңіз құтты болып, мерейлеріңіз арта берсін құрметті ұстаздар.

Жүргізуші: «Ұстаз осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектерде, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол –ұстаз. Алғаш әліппенің бетін ашып,әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге , сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады.

Жүргізуші:

  • «Мұғалім мектептің жүрегі, өйткені ол бәріне де қымбат» деген Ыбырай атамыздың сөзіне сендер қалай қарайсыңдар? Ұстаз деп тек мектепте жүрген ұстаздарымызды ғана айтамыз ба?

 

  •  Әлемдегі ең бірінші ұстаз деп кімді айтатынын білесің бе ?

 

  • Ал біздің ұстаздарымыздың ұстазы кімдер, оны білесің бе?

 

  • Ал қазір осы мектепте өз ұстаздарымен бірге ұстаздық қызмет атқарып жүрген ұстазымызды ортаға шақырып өзімізді толғандырып жүрген сұрақтарымыздың бірін қойсақ қайтеді?

  • Алғашқы ұстазыңыз кім және оның қандай ерекше қасиеттері есіңізде қалды?

 

 

Жүргізуші:

 Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,

Даналықтан қазына жүрсіз жиып.

Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,

Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.

 

Жүргізуші:  «Мектеп», «Ұстаз» деген ұғымдарды естігенде қандай сезімде боласың?

  

Жүргізуші: Ұстаз мейірі- ана мейірі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар.

Көп жасаңдар өмірге шуақ болып

Айналайын білім берген ұстаздар

  

Жүргізуші: Ұстаз, ұстаз …. дейміз осы сөзді сендер қалай түсінесіңдер? Ұстазды кім деуге болады?

 

Студент 1:

Көрдім де солардың қызықтым ісіне

Сан сұрақ оралды. Ұстаз да ,ісі де

Ұстаз кім, ұстаз ба, ол ана

Өмірде сені де, мені де

Қаққызбай өсірген ешкімге

 

Студент 2:

 Ұстаз кім? Мұғалім ол дана

Жасқа да, қартқа да

Қамқоршы сол ғана.

Ұстаз кім? Ұстаз ол ер диқан,

Шыңдаған ерлікке, дарытқан мол білім, мол сана

 

Жүргізуші: Ұстазым екінші анам аялаған,

Біздерден бар білімін аямаған.

Оқысын,білім алсын,үйренсін деп,

Таңертең күнде құшақ жаяды арман

Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік нұрының шуағына бөлене беріңіздер дей отырып бүгінгі сынып сағатын аяқтаймыз. Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын.


-80%
Курсы повышения квалификации

Порядок организации и проведения деловых переговоров как условие успешной коммуникации

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Мұғалім-өмірдегі басты мамандық» (664.73 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт