Тақырыбы: Алкандардың құрылысы
Сабақтың мақсаты
1.Білімділік: Метан мен оның гомологтарын мысалға ала отырып,химиялық байланыстың электрондық табиғаты жайлы алған білімдерін пайдаланып,көмірсутек молекуласының кеңістікте орналасуынан мағлұмат беру.
2.Дамытушылық : Ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту
3.Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа,ұйымшылдыққатәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: тест тапсырмасы,тренинг ойындар,
сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар:
коваленттік және иондық байланыстардың түзілу сызбанұсқасы,тетраэдр моделі,масштабты,шарөзекті метан молекуласының моделі
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2.Жаңа сабақты қабылдауға дайындық
3.Жаңа сабақ
4.Бекіту
5.Үйге тапсырма
6.Бағалау.
Үй тапсырмасын тексеру
- Алкандар немесе қаныққан көмірсутектер деп қандай көмірсутектерді атайды?
- Гомологтар деп қандай заттарды атайды.
- Алкандардың жалпы формуласын айт.
- Құрылымдық формуласын құрастыр:
А) 2,2,3-три метилбутан ә)2,3 ди метилбутан
Б)2,2,5,5-тетраметил гексан в)2,3,4-триметил
3-этилгексан
Г)2,6 диметил 3,5-диэтил 4 -пропилгептан
- Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары
- Метан молекуласының түзілуі
- Алкандардың табиғатта кездесуі
- Алынуы
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды 3 топқа бөліп ,әр топқа тапсырма беріледі.
І топ. Метан молекуласының түзілуі
ІІ топ .Алкандардың табиғатта кездесуі ІІІ топ.Алынуы
Н
..
Н : С :Н
..
Н
Метанның
Электрондық
формуласы
CH 4
Метанның
Молекулалық формуласы
Н
|
Н-C -Н
|
Н
Метанның
Құрылымдық
формуласы
Қайнау температурасы — 161,6 °С , 1 литр метанның қалыпты жағдайындағы ( Т = 0 °С, Р = 760 мм ) массасы 0,7168 г. Метан биологиялық процестер нәтижесінде ( батпақ газы ), шірінділі көмірдің және органикалық заттарға тән өзге де шірінді түрлерінің метаморфтың өзгерістері жағдайында қалыптасқан көмірсутекті газдардың ең басты құрамбөлшегі.
Спиртте, эфирде және суда ериді, ауамен қауіпті қосылыстар түзеді және түссіз жалынмен жанады. Метан табиғи (97 – 99%), мұнайға серіктес (31 – 90%) және кен (34 – 40%) газдарының негізгі құраушысы. Ол шектелген ауа жағдайында ( батпақ газы, суарылатын алқаптағы газ ) метан түзетін бактериялар әсерінен органикалық заттар шірігенде пайда болады. Сатурн және Юпитер атмосферасы Метаннан тұрады. Метан мұнай және мұнай өнімдерін термоиялық өңдегенде, тас көмірлерді кокстегенде және гидрлегенде түзіледі. Лабароторияда натрий ацетатын сілтімен балқыту, алюминий карбидіне сумен әсер ету арқылы алады. Метан синтез-газ, ацетилен, көгерткіш қышқыл, метил және метиленхлорид , хлороформ , техникалық көміртектер алуда қолданылады . Табиғи газ құрамындағы метанды отын ретінде пайдаланады. Метанның әлсіз есірткілік әсері бар
ІІ топ.
Алкандардың табиғатта кездесуі
Вюрц Шарль Адольф
(1817-1884)
Вюрц Шарль Адольф
(1817-1884)
Француз химигі, академик. Ғылыми жұмыстары органикалық және бейорганикалық химияға байланысты. Алкилгалогенидтерге металл натриймен әсер етіп, парафин көмірсутектерін синтездеу әдісін (Вюрц реакциясы) тапты. Алкиламиндерді ашып, метиламин мен сүт қышқылы, фенол, т.б. Көптеген органикалық заттарды синтездеді. “Теориялық химияның кейбір мәселелері туралы дәрістері”, “Жаңа химияның алғашқы сабақтары”, т.б. Кітаптардың авторы
ІІІ топ.
Алкандардың
алынуы
- H 2 C =CH 2 +H 2 →H 3 C-CH 3
- H 2 C =CH 2 +H 2 →H 3 C-CH 3
- 2CH 3 Cl+2Na →C 2 H 6 +2NaCl
- 2CH 3 Cl+2Na →C 2 H 6 +2NaCl
- CH 3 COONa+NaOH →CH 4 +Na 2 CO 3
- CH 3 COONa+NaOH →CH 4 +Na 2 CO 3
Алкандарды лабораторияда қанықпаған көмірсутектерді Ni,Pt,Pd өршіткілері қатысындагидрлеп алады
Вюрц реакциясы бойынша,алкандарды галогентуындыларына металл натриймен әсер етіп алады.
Метанды лабораторияда натрий ацетаты мен натрий гидроксидін балқытып алады.
Бекіту
1.Метанның кеңістіктегі пішіні қандай?
2.Алкандар табиғатта қалай түзіледі және қайда кездеседі?
3.Алкандарды алуға болатын реакция теңдеуін жазыңдар.
4.Құрамында алты көміртек атомы бар алканның барлық изомерлерінің құрылымдық формулаларын жазып,атаңдар .
Үйге тапсырма:
₰ 3,1-3,2 оқу
№ 7,8 есеп
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар.