№97 ЖОББМ
Шымкент қаласы
Жусипбекова Лазат Исламовна
Металдардың адам өміріндегі маңызы.
Осы тақырып бойынша оқушыларға реферат,шығармашылық жұмыс беретін болсақ,олар өз бетінше іздену жұмыстарын жүргізіп,шығармашылық дағдылары артып, зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда рөлі зор.
Натрий. Натрийдің ең негізгі минералы – натрий хлориді NaCl болып табылатын галит. Көмір жанғанда, қара металургия кәсіпорындарының қалдықтарында, тұрмыстық тағам суларында, көшелерде, жол бойында мұзды, қарды еріту үшін ас тұзын сепкенде және ауыз суларды жұмсартқанда пайда болады.Натрий ағзаның өн бойына толық тараған; қан сарысуында, арқажұлын сұйықтығында, көз сұйықтығында, асқорыту сөлдерінде, өтте, бүйректе, теріде, сүйек ұлпаларында, өкпеде және мида.
Зиянды әсері. Натрий ионының ағзада көп мөлшерде болуы ас тұзын мол пайдалануға байланысты. Бұл су алмасуын бұзады, қанды қоюлатады, бүйрекке әсер етеді және зат алмасуға жүрек тамыр жүйесіне зиянды.
Мыс.Мыс көптеген минералдардың құрамдас бөлігі болып табылады. Мысалы, алтын сары халькопирит CuFeS2, мыспен темірдің күрделі сульфиді және жасыл малахит Cu2(OH)2CO3, химиялық құрамы бойынша гидратталған мыс карбонаты .
Тірі ағзада, адамда мыс, темір тәрізді қан құрамында кездеседі. Мыс элементі аз болса жануарларда анемия, өсімдіктерде хлороз ауруы пайда болады. Бауыр мен мида мыстың мөлшері көп болады.
Зиянды әсері. Мыс улы металдарға жатады. Нерв жүйесі, бауыр, бүйрек, тіс, асқазанға әсер етіп, қызметін бұзады.
Литий.Адам ағзасындағы литий элементінің мөлшері орта есеппен 70 мг. Жануарлардың ағзасындағы литий қосылыс күйінде бауырда, бүйректе, көкбауырда, өкпеде, қанда және сүтте жинақталады. Литийдің ең көп мөлшері бұлшық ет құрамында болады. Литий ионы асқазан-ішек қабырғалары арқылы қанға өтіп сонда жиналады.
Кальций.Цемент өндірісінде, қағаз, шыны, химия-фармацевтика, тері, бояу, сыра өндірісі қалдықтарында, цемент, бетон ыдыстарды пайдаланғанда түзіледі. Кальций хлораты мақтаны жинарда жапырақты ерте түсіру үшін дефолиант түрінде қолданылады.
Биологиялық рөлі. Са ионы қан тоқтату және зат алмасу, әсіресе сүйектерге, тіс құралу үшін қажет. Са фосформен бірге сүйекті және жүйке жүйесін құрайды.
Зиянды әсері. Ағзада Са құрамы көп болып кетсе, адам цистит ауруына шалдығады. Егер Са цемент ұнтағы түрінде өкпеге енсе тыныс жолдарына зиян.
Мырыш. Мырыштың негізгі көзі мырыш алдамшысы ZnS болып саналады.
Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қажет элемент. Ересек адамның ағзасындағы мырыш бұлшық еттерде 65 пайыз, сүйектерде 20 пайыз жиналған. Ал қалған бөлігі қан плазмасында, бауырда және эритроциттерде болады. Мырыштың ең көп мөлшері қуықасты безінде кездеседі. Негізгі мырыш қарабидай кебегінде көп болады. Адам ағзасы мырышты ет, сүт және жұмыртқа тағамдарын пайдалану арқылы қабылдайды.
Зиянды әсері. Мырыш ағзада көбейіп кетсе Са-дің құрамы төмендеп остеопороз (сүйек сынғыштығы) ауруы пайда болады. Ағзада жетіспесе тері аурулары және диабет ауруына ұшырайды.
Калий.Калий ағзаның барлық бүйрек, жүрек, сүйек, бұлшық еттерде, қанда, мида және т.б. кездеседі. Ағзадағы калий катионы К+ физиологиялық қызметтер атқарады – бұлшық еттердің жиырылуы, жүректің қалыпты жұмыс істеуі, жүйелік импульстардың берілуі, алмасу ферменттердің белсенділігін арттырады. Ересек адам тәулігіне тамақпен бірге 2-3 г калий қабылдайды. Ағзаға калий жетіспеген жағдайда күніне 4-5 рет калий хлоридік КСІ 1,0 г мөлшерде пайдаланады.
Магний. Магний табиғатта магнезит минералы MgCO3 түрінде кездеседі.
Ағзадағы магнийдің ең көп мөлшері сүйек ұлпасында, тіс эмалінің дентинінде жинақталған. Сонымен қатар, магний ұйқы безінде, қанда, бұлшық еттерде, бұйректе, мида, бауырда және жүректе кездеседі. Ересек адам тәулігіне массасы 0,7 г шамасындай магнийді пайдаланады
Темір.Денеде темір бауырда, көк бауырда, ішектің кілегейлі қабығында ферритин (темірдің гидрат тотығы мен белоктардың қосылысы) түрінде кездеседі. Организмде темір гемосидерин (темірлі пигмент, гемоглобиннің ыдырау өнімі) түрінде де кездеседі. Темірдің бір бөлігі плазма белоктарымен сидерофилин атты қосылыс түзеді. Осы қосылыс түрінде темір организмде тасымалданады. Организмде темір жетіспесе эритроциттердің түзілуі бұзылып, қан азаяды (анемия).Бұл элементтің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қаназдық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері — 11-30 мг. Адам қанында 3 грамға жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, тыныс алу қызметі нашарлайды. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғар-ғы бөлігінде қанға сіңеді.
Ванадий - бұл индустрияда кеңінен қолданылатын химиялық элемент. Әсіресе, болат қорытпаларын машина жасау және балқыту,тоқыма өнеркәсібі,шыны жасау,лак-бояу өнеркәсібі,керамика және резеңке бұйымдарын өндіру,авиация және кеме жасау, машина жасау,химиялық заттарды дайындау және синтездеу (күкірт өндірісі) кеңінен пайдаланады.
Алтын – латынша аурум сөзі «таңертеңгі таң шапағы» деген мағынаны білдіреді. Ертедегі қазақтар алтынды күнге теңеген. «Күн – көк жүзінің патшасы болса, алтын – жердегі тіршілік иесінің патшасы» деп ұқты. Ол негізгі тауар айналым құралы болды. Барлық зат, бұйым, мол байлықтың өлшемі алтын болды. Ең жоғарғы жетістік, ерліктерді алтынға балады және сонымен марапаттаған. Алтын үшін қиян-кескі ұрыстар, қан төгістер болды.
Күміс . Санскрит тілінде ашық ақ түс деген мағынаны білдіреді. Күміс адамзат баласына алтын мен мыстан кейін таныс болған. Өте ертедегі күміс ыдыс –күміс ыдыста құйылған су көпке дейін бұзылмайды. Себебі, күміс иондары судағы бактерияларды жояды. Құрамында күміс иондары бар минералды сулар асқазан ауруын жазатын бірден-бір дәрі. Қазақ күмісті айға теңеген. Күміс тұрмыста бұйымдар, әшекейлік заттар үшін қолданылады .
Сынап– латыншадан аударғанда «күміс суы» деген мағынаны білдіреді. Ол ақ түсті сұйық металл. Ертеде «Сыр» киноварь деген минералдан өндірген. Бөлме температурасында буланады, буы өте улы. Көптеген металдар сынапта еріп, амальгама түзеді. Ертедегі ата-бабаларымыз сынапты ем үшін халық медицинасында пайдаланған.
Қалайы– адамзат баласына ертеден таныс металл. Қалайының мыспен құймасы (қола) б.з.д. 6 мыңыншы жылдарда белгілі болған. Қалайы ерте кезден тұрмыстық бұйымдар, әсемдік заттар, қару жасауда қолданылған. Қалайы – күміс түсті ақ металл. Оны жайып, жұқа фольга жасауға болады.
Пайдаланған әдебиеттер
1 «Химия тілі» Алматы 1977 И.Нұрахметов
2 «Жалпы химия» Алматы 1990 Г.П.Хомченко
3 «Жалпы химия» Б.А.Бірімжанов