Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  3 класс  /  Менің Отаным - Қазақстан! (танымдық кеш)

Менің Отаным - Қазақстан! (танымдық кеш)

Елімізді? болаша?ы жайлы, ?ткен ?мір жайлы ойлаймын. Немересі: Ата, «?ткен ?мір» деген не? Атасы: Балам, «?ткен ?мір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі ?ткен ?мір жолы, б?л тарих емес пе? Немересі: Ол ?андай бол?ан ата? Атасы: Ендеше ты?да, балам! Сен тарихы?ды, жеті ата?ды білуге тиіссі?. Отаны жо? адам на?ыз ба?ытсыз жан, ал біз ?аза? хал?ы на?ыз ба? ?он?ан т?уелсіз халы?пыз. Сені? ата-бабалары? бірнеше жылдар б?рын ?збекстан Республикасында ?мір с?рді. ?з Отаны ?аза?стан?а келу арман болатын. Сол арманымыз?а жетуге ел а?асы Ибадулла Жант?ре ?лыны? е?бегі зор болды. Ол кісі бізді? ?з Отанымыз ?аза?стан?а ?оныстануымыз?а, сендерді? осындай ?алада т?рулары?а, мынадай з?улім мектепте о?улары?а орасан зор е?бек етті. Президентімізді? ?олдауымен,ел а?аларыны? е?бектеріні? ар?асында осындай «Асар» атты ?алашы? пайда болды.

07.12.2016

Содержимое разработки


Тәрбие сағаты -1 сынып

Менің Отаным - Қазақстан!

Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Шеберлік: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
Дағды: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға дағдыландыру.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас, «Зымыран» сұрақтар, «Мозайка» әдісі
Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат, слайд

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Хор: Әнұран.

Санамақ бойынша 4 топқа бөлінеді

І топ – «Аудан»

ІІ топ – «Қала»

ІІІ топ – «Облыс»

ІV топ – «Республика»
- Кәне, балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.

ІІ. Негізгі бөлім.
Бүгінгі сабағымызда түрлі-түсті ұлттық оюлар жинау арқылы бал жинаймыз.


  1. Балалар Отан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық. Қоржынымызға ұпай жинайық.

Көрініс. (Музыка ойнап, аяғын ақырын басып ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).

Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағыңды ойлаймын.

Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, бұл тарих емес пе?
Немересі: Ол қандай болған
ата?
Атасы: Ендеше тыңда, балам! Сен тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Отаны жоқ адам нағыз бақытсыз жан, ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған тәуелсіз халықпыз.
Сенің ата-бабаларың бірнеше жылдар бұрын Өзбекстан Республикасында өмір сүрді. Өз Отаны Қазақстанға келу арман болатын. Сол арманымызға жетуге ел ағасы Ибадулла Жантөре ұлының еңбегі зор болды. Ол кісі біздің өз Отанымыз Қазақстанға қоныстануымызға, сендердің осындай қалада тұруларыңа, мынадай зәулім мектепте оқуларыңа орасан зор еңбек етті. Президентіміздің қолдауымен,ел ағаларының еңбектерінің арқасында осындай «Асар» атты қалашық пайда болды.

Немересі: Ата, ол кісі қалай мықты болған?

Атасы: Балам, ол кісі терең, жан-жақты білімді адам. Ендігі кезде туған жерді гүлдендірер ұл - қызы, міна, сендерсіңдер.

Немересі: Ата, ендеше мен Қазақстанды одан әрі дамыту үшін сабағымды өте жақсы оқитын боламын.
Атасы: Солай болсын балам, солай болсын. (Атасы мен немересі шығып кетеді).

Мұғалім: Ия, балалар, біздің ата-бабаларымыз бұдан бірнеше жылдар бұрын
Өзбекстан Республикасында жасағанын, президентіміздің қолдауымен, ел ағаларымыздың еңбектерінің арқасында өз отанына қоныс аударғанын білдік, біздің «Асар» мөлтек ауданы үлкен еңбектің, бірліктің арқасында құрылғанына көз жеткіздік.

Олай болса, ел ағаларына, Асарымызға шашуымызды шашайық!

(«Асар» туралы видео ролик көрсету)

Әнель:Асар-Асар болғанша не бір күндер өтті ғой,

Қанша асыл –азамат маңдай терін төкті ғой.

Өз қорынан кейбіреу қомақты көмек етті ғой

Елі үшін кейбіреу жанын да пида етті ғой.

Тар жол тайғақ кешуін бірлікпен жеңіп өтті ғой

Асардың халқы мінеки- мақсатына жетті ғой.

Дулат:

Елбасы келіп еліне, үндеуін елге жолдады,

Елімнің ой-пікірін ден қойып әбден тыңдады,

Уәде беріп ел-жұрттың көңілін көтеріп тастады,

Пилоттық жоба «Нұрлы көш» жұмысын солай бастады.



Ұлжамал:

Көп ұлттың еңбек өкілі еңбек етті еселі

Жемісін көріп еңбектің мерейлері өседі.

Бос жатқан жердің орнына, құрдығой көркем жас қала

Елге оралған ағайын құтты болсын баспана.


Абылай:

Құрылып мектеп, бақшасы, суы менен жарық, газы бар

Жұмыс орны болсын деп, құрылды алып заводтар.

Бау-бақшамен, жылы жай, саябағы тағы бар

Қоныстанған Асарға елімнің сондай бағы бар.


Нұрбибі:

Ел басқарған ағалар, еңбегін ел бағалар

Жетелеп елді қашанда жеңістерге жете бер.

Дендерің сау боп шаршамай,

Мың жасай бер- Ағалар!

Әниса:

Тым аяулы мекенді қойнауы құт

Қоныстанған бұл жерге оралман жұрт.

Аталады мекенім Асарым деп,

Көк аспанын ешқашан жаппаған бұлт.

Мөлдір:

Асарымда мектеп бар тәрбиенің ұйытқысы

Бала – бақша мешіт бар имандылық белгісі.

Қажеттінің бәрі бар табылады не керек,

Жарасып тұр емхана адамдарды емдемек.

Дархан:

Өлкем менің көркейсін дәулетпенен бақ дарып,

Садулла ағай үлесті қосар әлі шаттанып.

Береке мен бірлігі ынтымағы жарасқан,

Асарым менің осы деп айта аламын мақтанып.

Қоңырат:

Он жыл болды Асарым жайнап келеді,

Халық саны көбейіп дамып келеді.

Ел жағдайын жасаған Ибадулла ағай,

Тек халықтың алғысын алып келеді.

Жумағали:

Асарым да толып жатыр 10 жасқа

Біздің Асар өзгеше ғой, бір басқа

Құлпырады жылдан-жылға гүлденіп

Мәңгі жаса осылайша түрленіп.



Қорытынды:

Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын.

Балалар, бүгінгі тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.


Хормен:

Біз-тәуелсіз қазақ елінің жастарымыз.

Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді

қадірлеуге, сүюге, қорғауға міндеттіміз.

Оған уәде береміз.


Хор: «Алға Қазақстан»

Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
– дей отырып, құрметті қонақтар, оқушылар осымен «
Менің Отаным - Қазақстан! атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!



-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Менің Отаным - Қазақстан! (танымдық кеш) (21.43 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт