Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды дамыту және тәрбиелеу үшін жағдай жасау:
балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды;
материалдық-техникалық базаның жаңартылған нормативтік құқықтық құжаттар талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуін;
білікті педагогтер және мамандармен қамтамасыз етуді;
тәрбиелік, дамытушы және білім беруші міндеттердің біртұтастығын;
өтпелі тақырыптарға сәйкес білім беру салаларын кіріктіруді;
білім беру мазмұны балаларға артық жүктеме түсіруін болдырмауды;
ересектер тарапынан қолдау, балалардың бір-бірімен мейірімді қарым- қатынасын;
балалардың бойында ұлтжандылық және толеранттылық сезімін, Отанға және туған-туысқандарына сүйіспеншілікті қалыптастыруды;
білім беру процесін әдістемелік қолдауды қамтамасыз етуді;
баланы тәрбиелеу мен дамыту және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша педагогтер мен ата-аналарға қолдау көрсетуді қарастырады.
Табысты жоспарлаудың шарттары:
жоспарлау кезінде өз жұмысының деңгейін әділ бағалау;
жұмыстың белгілі кезеңінде жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін айқындау;
Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын білу;
жоспарлау кезеңі жұмыстың нәтижесін көрсетуі;
алға қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін тиімді әдістер мен құралдарды таңдау.
Перспективалық жоспарды топқа бір жас тобында жұмыс істейтін екі тәрбиеші құрастырады. Бұл шартты орындау балаларға біріңғай тәсілді, біріңғай талаптарды қолдануды қамтамасыз етеді, жоспар мен бағдарламаны орындауда әрбір тәрбиешінің жауапкершілігін арттырады. Ауысыммен жұмыс істейтін тәрбиешілер бір–бірімен күнделікті байланыста болуы, балаларды бақылау нәтижелері бойынша үнемі пікір алмасулары тиіс: олар бағдарламалық материалдарды қалай игеруде, өзінің міндеттерін қалай орындайды, мәдени мінез-құлық дағдылары қалай қалыптасуда, кіммен ойнайды және т.б мәліметтерді білуі қажет. Осылайша, жоспардың негізгі бөлігін екі тәрбиеші де белгілейді, бөліктерін әрқайсысы жеке белгілейді.Тәрбиеші өзінің тобындағы балаларды жақсы біліп, әрбір баланың даму динамикасын зерделеу керек.
Білім беру процесін құрудың тақырыптық ұстанымдары мектепке дейінгі ұйымдардың ерекшеліктерін ескеруге, аймақтық және мәдени компоненттерді енгізуге мүмкіндік береді
Жаңартылған мазмұн жағдайында білім беру процесін ұйымдастыруМектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:
өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар;
апталық циклограмма;
балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау үшін индикаторлар жүйесін енгізу арқылы іске асырылады.
Перспективалық жоспар оқу жылына құрастырылады. Оның негізі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы болып табылады.
Білім беру процесін кешендік-тақырыптық ұстаным бойынша (өтпелі тақырыптар) білім беру салаларын кіріктіруді ескеріп, құру балаларға артық жүктемені болдырмауға, жеткілікті және қажетті материалдармен білім беруге, тәрбиелеу, оқыту, дамыту бойынша білім беру міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Педагогтарға арналған перспективалық жоспарлауПерспективалық жоспарды өтпелі тақырыптар негізінде оқу жылының әрбір айына тәрбиешілер мен мамандар (қазақ, орыс, шет тілі мұғалімдері, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, логопед, медициналық қызметкер және т.б.) құрастырады, әдіскермен келісіледі және мектепке дейінгі ұйым басшысы бекітеді. Штаттық кестеде педагог - мамандар қарастырылмаған мектепке дейінгі ұйымдарда нақты жас тобына Перспективалық жоспарды әдіскер немесе тәрбиеші құрастырады. Перспективалық жоспарлау балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес Үлгілік бағдарлама мазмұнын игерудің сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етеді.
Үлгілік бағдарламаның мазмұнын іске асыру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру арқылы қамтамасыз етіледі.
Өтпелі тақырыптарды таңдау кезінде педагог мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағыттылығына немесе тәрбиешінің, педагог-маманның жұмыс тақырыбына, баланың жас ерекшелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне бағдарланып шығармашылық құзыреттілік көрсету керек.
Педагог өтпелі тақырыптарды таңдағанда аймақтық ерекшеліктерді, балалардың жастарын, мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағытын немесе тәрбиешінің, педагог-маманның жұмыс тақырыбын ескере отырып, шығармашылық құзыреттілік танытуы тиіс.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барлық топтарда Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес өткізіледі (ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы).
Перспективалық жоспар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың білім беру, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерін орындауды қарастырады.
Педагог білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында Перспективалық жоспарға сәйкес циклограмма құрастырады.
Балаларды қабылдау, ұйымдастырылған оқу қызметі, серуен, балалардың үйге қайтуы және т. б. күн тәртібіндегі процестердің орындалуын қамтитын және өтпелі тақырыптарға сәйкес бір аптаға арналған Циклограмма құрастырылады.
Циклограмма-бұл балалармен алдағы табысты жұмыстың түрін, мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін таңдау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану тәртібі.
Циклограмма құрылымы күн тәртібіне сәйкес құрастырылады.
Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:
ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптары Перспективалық жоспарға сәйкес анықталады;
өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық ұстанымын сақтау;
Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
балаларды тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану;
циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық- дамытушы ортаны қалыптастыру.
Циклограммада өтпелі тақырыптарға сәйкес балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, әрбір күн тәртібі сәттерінің ұзақтығы анықталады.
Күн тәртібіКүн тәртібі сәттерін жоспарлау «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына және күн тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Күн тәртібі сәттерін ұйымдастыру кешенді тәсілді талап етеді:
міндеттері нақты тұжырымдау;
бала әрекетінің барлық түрлерін үнемі жоспарлау;
дербестікті дамытуға ықпал ететін түрлі мазмұндағы жағдаяттық әңгімелерді енгізу;
қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша міндеттерді жоспарлау.
Жоспарлау тәсілдерін жаңартып, соған сәйкес тұжырымдамалар қолдану ұсынылады. Педагогтер үшін үйреншікті «тапсыру....тағайындау... балаларды/рөлдерді бөлу» сөздері өзгеше тәсілдерді көрсететін «көмектесу, талқылау, келісу» сөздерімен ауыстырылуы тиіс.
Баламен жеке жұмысПедагог баланың жеке ерекшеліктерін жақсы білетін болса, бала өзін жайлы сезінеді, оның көңіл - күйі көтеріледі және белсенділігі артады. Балалармен жеке жұмыс педагогикалық бақылаулардың, балалардың жеке даму мониторингін, дамудың жеке бағдарламасын (ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балаларға арналған) ескере отырып, жоспарланады.
Ата-аналармен өзара қарым-қатынас бойынша жұмысАпта тақырыбына ата-аналардың белсенді қатысуына оларға толық ақпарат беру ықпал етеді. Ақпараттық бұрышта алдын ала тақырып жазылады, іс- әрекеттің үлгі жоспары, қажет болатын көмек түрі жазылады. Циклограммада күн тәртібі бөлімінде педагог мынадай іс-шараларды жоспарлауы тиіс:
отбасымен танысу бойынша (оқу жылының басында, топқа жаңа балаларды қабылдау кезінде), өзара қарым-қатынастың жекелеген мәселелерін зерделеу, сұраныстарын, мониторингті айқындау (мысалы, қанағаттанарлық);
отбасын педагогикалық ағарту;
білім беру процесіне ата-аналарды тарту бойынша іс-шаралар (фоторепортаждар, мектепке дейінгі ұйым сайтына ақпаратты орналастыружәне т.б.);
білім беру процесінің барысы жайында ата-аналарды хабардар ету;
отбасын психологиялық-педагогикалық қолдауды және балалардың физикалық және психологиялық-әлеуметтік денсаулығын қорғау мен нығайту мәселелерінде ата-аналардың құзыреттілігін арттыруды, салауатты өмір сүру салтына тартуды қамтамасыз ету.
Серуен күннің бірінші және екінші жартысында өткізіледі. Серуенде бақылау, ойын, еңбек әрекеттері ұйымдастырылады.
Балалар әрекетін ұйымдастыру формасы:
балалардың жеке тұлғасының дамуын дұрыс әлеуметтендіруге және даралауға ықпал ету;
балалардың дербес ойындарын қолдау, оны байыту, ойын уақыты мен кеңістігін (балаларға сюжетті өрбітуге көмектесу, жаңа рөлді ұсыну және т.б.) қамтамасыз ету;
ұлттық және жалпы мәдени құндылықтар ерекшелігіне бағыттау;
қызықты және дәстүрлі оқиғаларды, мерекелерді, іс-шараларды (елдің, облыстың, қаланың күнделікті тыныс-тіршілігіндегі шынайы және өзекті оқиғаларға жақындығы) жоспарлау.
Күн тәртібі сәттерінің мазмұны алға қойған міндеттерге жетуге бағытталуы тиіс, сондай-ақ балаларға таңдауға және жеке бастамасын көрсетуге мүмкіндік беру. Педагог балалардың қандай бейнелеу әрекетінің құралдарын қолдана алатындығын, ұсынылған кітаптардың ішінен қайсысын таңдауға болатынын жазып, көрсетуіне болады. Тәрбиеші педагогикалық міндеттерді назарда ұстауы және балалар үшін қажетті жағдаяттарды құруы, олардың бастамасын бағыттай отырып, зейіндерін маңызды, мәнді заттарға аударуы қажет.
Дербес әрекет дегеніміз - педагогтер заттық-дамытушы орта жағдайында құрған әр баланың әрекетті қызығушылығы бойынша таңдауын қамтамасыз ететін және оған құрдастарымен өзара әрекет етуге немесе жеке әрекет етуге мүмкіндік беретін балалардың еркін әрекеті.
Ойын әрекетін ұйымдастыруОйын мектеп жасына дейінгі балалар әрекетінің жетекші түрі және олардың өмірлерінің ерекше сәті болып табылады, ойында олар талап-тілектері бойынша бірігеді, өз ойларын жүзеге асырады, әлемді таниды. Ойын әрекеті әр баланың физикалық және психологиялық дамуына, адамгершілік-ерік сапаларын, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуге ықпал етеді.
Ойын баланың барлық бос уақытын қамтиды, оның жасына сәйкес өзгереді және күрделенеді. Баланың әрекетіне қимылды және үстел үсті, дидактикалық ойындарды енгізу керек.
Ерте жаста (1-3 жас) ойындар заттық- манипулятивтік сипатта болады.
Заттық ойын – бала әрекетінің жетекші түрі.
Кіші мектепке дейінгі жаста (3-4 жас) ойындар заттық болады және есте сақтауды, ойлауды, қабылдауды және т.б. дамытып, жетілдіру үшін қызмет етеді.
Орта мектепке дейінгі жаста (4-5 жас) балалар ойында топтарға бірігеді, рөлдік ойындар пайда болады.
Ересек мектепке дейінгі жаста (5-6 жас) ойын барысында еңбек және оқу сияқты әрекеттің түрлері пайда болады. Бұл жаста моральдық-этикалық нормалар тәрбиеленеді, қарапайым еңбек дағдылары мен біліктері қалыптасады, практикалық ойлаулары мен көркемдік-шығармашылық әрекеті дамиды.
Мектеп алды даярлық топтарында ойындар символдық және сюжеттік- рөлдік болып табылады.
Күн тәртібінің сәттерін картотека түрінде рәсімдеу тиімді болып келеді. Циклограммаға сәйкес күн балаларды қабылдаудан басталады, педагог ата-аналармен бала туралы, оның физикалық және психологиялық жағдайы туралы әңгімелеседі.
Балалар денсаулығын нығайту және сергек көңіл-күй тудыру мақсатында таңертеңгі гимнастика өткізіледі.
Таңғы астың алдында балалар қолдарын жуады, орындарына отырады. Педагог балалардың дұрыс отыруын, тамақты дұрыс ішуін, тамақтану құралдарын және майлықты қолдануын қадағалайды.
Таңғы астан кейін кезекшілер (ортаңғы топтан бастап) үстелдегі ыдыстарды жинауға көмектеседі, содан соң қалған балаларға қосылады.
Педагог өтпелі тақырыптарға сәйкес ойындар өткізіп, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындалады,
Ұйымдастырылған оқу қызметтері Циклограммада анықталған тақырыптарға сәйкес өткізіледі. Педагог ұйымдастырылған оқу қызметін өткізу үшін педагог алдын-ала қажетті әдебиеттерді, оқу-әдістемелік кешендерді, суреттерді, ойыншықтарды, аудио-бейне материалдар және т. б. дайындап алуы қажет. Олар өтпелі тақырыпқа сәйкес және білім салаларын кіріктіруді қамтамасыз етуі тиіс.
Ұйымдастырылған оқу қызметтері аяқталған соң балалар серуенге шығады. Әр серуеннің мазмұны өтпелі тақырыптарға сәйкес болуы шарт. Серуенде табиғат құбылыстарын бақылау, еңбек әрекеті, қимылды ойындар және дербес ойын әрекеті ұйымдастырылады.Серуеннен оралған соң балаларды өздігінен шешінуге, киімдерді шкафқа жинауға үйрету қажет.
Жуыну біртіндеп, шағын топтармен ұйымдастырылады.
Тамақтану кезінде педагог балаларды мәдени-гигиеналық дағдыларға, құралдарды қолдана білуге баулиды. Тамақтанып болған соң қолдарын жуады, киімдерін шешіп, ұйқыға дайындалады. Педагог балалардың тыныш ұйықтауына қолайлы жағдай жасайды.
Ұйқыдан тұрғаннан кейін педагог шынықтыру және сауықтыру шараларын өткізеді.
Балалар бесін ас ішеді және содан соң тәрбиеші топтың заттық-дамытушы ортасында дербес ойын әрекетін ұйымдастырады, балалармен жеке жұмыстар жүргізеді.
Серуенге дайындық. Балалар киініп, серуенге шығады, серуен барысында түрлі қимылды ойындар ұйымдастырылады.
Серуеннен келген соң гигиеналық шаралар жүргізіледі. Педагог ата-аналарға баласының жетістіктері туралы ақпарат, ата-аналарды қызықтыратын сұрақтары бойынша кеңестер беруі тиіс.
Білім беру әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында педагог балаларды тәрбиелеу мен оқытудың түрлерін, құралдарын, әдістері мен тәсілдерін анықтайды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы:
Кіріспе бөлім (тақырыпқа ену, өткен материалды қалай игергенін білу үшін жетелеуші сұрақтар, жаңа тақырыпқа біртіндеп көшу).
Негізгі бөлім (жаңа тақырыпты ашу).
Қорытынды бөлім (қайталау және бекіту).
Жоспарлауда топ педагогтері мен мектепке дейінгі ұйым мамандары құрастырған: серуен, таңертеңгі гимнастика, бақылау, саусақ гимнастикасы және т. б. картотекаларын циклограммаға қосымша ретінде қолдануға болады.
Циклограмманың құрастырылуын бақылауды әдіскер мына белгіге сәйкес жүзеге асырады: Тексеру күні. Жазу: «Жоспар тексерілді, кеңес берілді, ұсынылды: 1…., 2….., 3…..және т. б.».
Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес тәрбиеші белгіленген құжаттарды дер кезінде толтыруға және ұқыпты жүргізуге, тәрбиелеу-білім беру процесін нақты жоспарлауға, Бақылау парағын жүргізуге және Баланың жеке даму картасын толтыруға, баланың жеке басын құрметтеуге, оның жеке ерекшеліктерін зерделеуге, бейімділіктері мен ерекшеліктерін білуге, тұлға болып қалыптасуы мен дамуына көмектесуге міндетті.
ҚорытындыЖүйелі құрастырылған жұмыс жоспары айқындықты көрсетеді, қиындықты болжайды, уақытты үнемдейді, жауапкершілікті арттырады, жұмысты жеңілдетеді. Жоспарлаудың маңызды міндеті-әр баланы дер кезінде жан-жақты дамыту және денсаулығын қорғау, эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру.
Педагогикалық процесті жоспарлау педагогтен жоғары деңгейдегі кәсібилікті, жалпы мәдениетті және шығармашылық әлеуетті талап етеді.
Тәрбиеші білім беру салаларын кіріктіре білуі, нақты бағдарламалық міндеттерді шешу үшін балалар әрекетін ұйымдастырудың неғұрлым нәтижелі түрлерін таңдай білуі, балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, түрлі әдістер мен тәсілдерді педагогикалық негізде үйлестіре білуі тиіс.
Тәрбиелік - білім беру процесі балалар контингентін, олардың жас және жеке ерекшеліктерін, ата-аналардың әлеуметтік тапсырысын ескере отырып құрылуы қажет. Ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлауда тәрбиелік, дамытушылық және білім беру міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ете отырып, сонымен қатар Үлгілік бағдарламаның қажетті және жеткілікті материалында балаларға артық жүктеме берілмеуі тиіс.
Перспективалық жоспарлау оқу жылына құрастырылады. Ұйымдастырылған оқу қызметтерінің саны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарындағы апталық оқу жүктемесінің көлеміне сәйкес болуы тиіс. Өтпелі тақырыптар барлық білім салалары арқылы кіріктірілуі қажет. Тақырып заттық-кеңістіктік дамытушы ортада жүзеге асырылуы тиіс.
Педагог өтпелі тақырыптардың тізіміне, тақырыпшаларды қосып, өзгерістер енгізе алады. Ұсынылған жоспарлау түрін үлгі ретінде қарастыруға болады. Педагог мақсатқа жетудің түрлерін, әдістері мен құралдарын түрлі ерекшеліктерге (кәсіби, өңірлік, материалдық-техникалық, мектепке дейінгі ұйымдардың ерекшеліктері және т.б.) байланысты анықтайды.
Дереккөз: "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы
© Материал из ЭС «ACTUALIS: Образование»
https://vip-edu.mcfr.kz
Дата копирования: 12.07.2019


Мен және менің ортам (22.54 KB)

