Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  Прочее  /  «Мемлекеттік тіл – менің тілім». Фонетика.

«Мемлекеттік тіл – менің тілім». Фонетика.

Дыбыстарды ?айталау.Мемлекеттік тіл ж?нінде

??гіме-с?хбат ??р?ызу. ?аза? ?ліпбиіні? тарихы, дыбыстар ж?йесі

ж?не т?л дыбыстар туралы, буын, тасымал ж?не ?ндестік за?ы

туралы ма?л?маттарын ке?ейту.

14.02.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік тіл – менің тілім». Фонетика.

Сабақттың мақсаты: Білімділік: Дыбыстарды қайталау.Мемлекеттік тіл жөнінде

әңгіме-сұхбат құрғызу. Қазақ әліпбиінің тарихы, дыбыстар жүйесі

және төл дыбыстар туралы, буын, тасымал және үндестік заңы

туралы мағлұматтарын кеңейту.

Дамытушылық: Тақырып бойынша түсініп оқу, байланыстырып

сөйлеу, баяндау машықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Мемлекеттік тілдің қоғамдағы орнын түсіндіру,

патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ беру әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, кластер құру, іздену, ақпараттық- коммуникативтік.

Сабақтың техникалық құралдары:

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі : - сәлемдесу, сыныптың сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Қазақ тілі пәні бойынша өткен білімдерін еске түсіру.

III. Жаңа сабақ.

Қазақ әліпбиі. Дыбыстар классификациясы. Қазақ тілінің төл дыбыстары.

Әліпби деген сөз гректің алфавит сөзінен шыққан. Алфавит - әріптердің рет-ретімен тізбектелген жиынтығы.

Сөздің ең кішкене бөлігін дыбыс дейміз. Дыбысты белгілеуге қабылданатын шартты белгіні әріп дейміз. Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар. Олар:

Аа, Әә, Бб, Вв, Гг, Ғғ, Дд, Ее, Ёё, Жж, Зз, Ии, Йй, Кк, Ққ, Лл, Мм, Нн, Ңң, Оо, Өө, Пп, Рр, Сс, Тт, Уу, Ұұ,Үү, Фф, Хх, һһ, Цц, Чч, Шш, Щщ, ъ, Ыы, Іі, ь, Ээ, Юю, Яя.

Бұлардың ішінде тек қазақ тіліне ғана тән 9 дыбыс бар. Олар: ә, і, ө, ұ, ү, ң, қ, ғ, һ.

Қазақ тілінде 37 дыбыс бар. Олар дауысты, дауыссыз болып бөлінеді.

Дауысты дыбыстардың саны – 12, олар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э

Дауыстылар еріндік, езулік, ашық, қысаң, жуан, жіңішке болып бөлінеді.

Еріндік дауыстылар – о, ө, у, ұ, ү

Езулік дауыстылар – а, ә, э, е, ы, і

Ашық дауыстылар – а, ә, е, э, о, ө

Қысаң дауыстылар – ы, і, ұ, ү, и

Жуан дауыстылар – а, о, ы, ұ, (и), (у)

Жіңішке дауыстылар - ә, і, ү,е, ө, э, (и, у)

Дауыстыларды талдау үлгісі:

А –езулік, ашық, жуан дауысты;

Ә – езулік, ашық, жіңішке дауысты;

Е – езулік, ашық, жіңішке дауысты;

Ы – езулік, қысаң, жуан дауысты;

І – езулік, қысаң, жуан дауысты;

О – еріндік, ашық, жуан дауысты;

Ө – езулік , ашық, жіңішке дауысты;

Ұ – еріндік, қысаң, жуан дауысты.

И мен у қосынды дауыстылар (дифтонг дыбыстар).

Дауыссыз дыбыстардың саны - 25.Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, (у), ф, х, һ, ч, ш, щ.

Дауыссыз дыбыстар қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді.

Қатаң дауыссыздар – к, қ, п, с, т, х, ф, ц, ч, ш, щ

Ұяң дауыссыздар – б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

Үнді дауыссыздар – й, л, м, н, ң, р, (у)

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Менің ана тілім – қазақ тілі, ал сіздікі? 2. Мен үшін қазақ тілі мен орыс тілі бірдей, ал сіз үшін? 3. Мен екі тілді кішкентай кезімнен ата-анамнан үйрендім, ал сіз? 4. Менің жолдастарым қазақ тілін үйірмелерде үйреніп жүр, ал сіз? 5. Маған қазақ тілі жұмысыма керек, ал сізге ше? 6. Менің танысым қазақ тілін өзі үйреніп алды, ал сіз?

2-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңдер.

Ана сүті бой өсіреді, Бас кеспек болса да,

Ана тілі ой өсіреді. Тіл кеспек жоқ.


Тіл тас жарады, Тоқсан ауыз сөздің,

Тас жармаса бас жарады. Тобықтай түйіні бар.


Өнер алды – қызыл тіл. Шешеннің тілі мерген

Шебердің көзі мерген.

Лексикалық тақырып:

Мемлекеттік тіл

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып, Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы бойынша қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл, мемлекеттік тіл қызметін атқарады.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – кез келген Қазақстан Республикасы азаматының міндеті. Шындығында, мемлекеттік тілде сөйлеу, жазу, оның шұрайлы тілін, қуатты күшін жете білу – біздің парызымыз.Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов ана тілі туралы былай деген екен: «Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін – ұлы». Біз үшін қазақ тілі – ұлы.Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өткені мен бүгінін әлемге танытатын да оның тілі.Қазақ тілі арқылы күллі әлем тәуелсіз мемлекетіміздің тарихын, мәдениетін, әдебиетін және өнерін таниды.

Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Үкімет және өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:

  • Қазақстан Республикасынында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;

  • Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;

  • Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауды және дамытуы үшін көмек көрсетуі міндетті.(Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдеде №151 – 1 қабылданған Тілдер туралы Заңы, 1-тарау.4-бап.)

Тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқып аударыңдар.

2-тапсырма. Мәтінге сұрақтар дайындаңдар.

3-тапсырма. Мәтініндегі асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

ІV. Жаңа сабақты бекітемін.

Бекіту сұрақтары:

1. Әліпби дегеніміз не?

2. Дыбыс дегеніміз не?

3. Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар?

4. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?

V. Үйге берілетін тапсырма: «Ана тілім - ардағым» тақырыбына шығарма жазу, мәтіннен түсінгенін баяндау.

VІ. Оқушыларды сабаққа қатысына қарай бағалаймын.



-80%
Курсы повышения квалификации

Педагог дополнительного профессионального образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Мемлекеттік тіл – менің тілім». Фонетика. (16.57 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт