Асханалық жаулықтар
Дайындаған: арнайы пәндер оқытушысы
Кокимбекова Г.Д.
Сабақтың мақсаты:
Студенттерді асханалық жаулықтар түрімен, оларды үстелге төсеу техникасымен және майлықтарды бүктеу тәсілдерімен таныстыру.
Асханалық жаулықтардың атқаратын қызметі
Асханалық жаулықтарды Ресейде 300 жыл бұрын қолдана бастаған. Жаулықтар салтанатты мерекенің маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Тіпті жаулықтарды ұрпақтан ұрпаққа беріп, қыз жасауына да қосқан .
Жаулықтардың атқаратын ролі:
- бөлменің жалпы көрінісін сәнді етеді;
- үстелге көрнекі түр береді;
- асханалық құралдардың тықылдаған дыбысын шығармайды;
- тарелкалар мен үстелді арасын жабыстырмайды;
- үстелдің бетін қорғап тұрады.
Кейінгі жылдары мейрамхананың декоратор мамандарының сөздігінде (лексиконында) «мулетон», «наперон», «сет», «протектор» деген жаңа сөздер көп қолданылып келеді.
Бұл не? Сеттің тарелка астына қойғыштан, ал мулетонның напероннан айырмашылығы не?
Мулетон – бұл үстелдің «матрасы»
Мулетон – жаулықтың астына төселетін тоқыма төсеме. Сондықтан оның кең тараған екінші аталуы «жаулықтың астына төсегіш» (подскатерник).
Мулетон арналған:
- үстелді сыртқы ортадан қорғаушы – механикалық және температураан, төгілген сұйықтықтардан. осы жерде мулетонның тағы «протектор» деген бір аталуы шығады яғни «қорғаушы».
- дыбысты шығармайды;
- жаулықтың үстелде сырғанауына жол бермейді.
Асханалық жаулықтар
Асханалық жаулықтар үшін келесі мата түрлері қолданылады:
В
Жібек – өте қымбат және өте сирек кездеседі;
И
Льен – төзімді, нәзік жылтырымен ерекшеленеді. Сетінемейді, дымқылды бірден сіңіріп алады, тез кебеді. Кемшілігі – жылдам мыжылады, ауыр үтіктеледі.
Д
Мақта – төзімділігі аз және жылтыры жоқ, бірақ жақсы кебеді және дымқыл тез сіңіреді.
Е
О
Синтетикалық маталар – айтарлықтай арзан және оңай жуылады.
Аралас маталар – табиғи қасиеті бар, сондықтан синтетикалықтан қымбаттау.
Қардай аппақ жаулықтар банкет және салтанатты мерекелер үшін қолданылады.
Түсті жаулықтар таңғы асты сервировкалауда және жаздық мейрамханалар үшін қолданылады.
Ұлттық асханасы бар кәсіпорындарда қолмен тоқылған ұлттық оюлармен нақышталған жаулықтар қолданылады.
Жаулықтар түріне байланысты кәдімгі және банкетті деп бөлінеді.
Түсті жаулықтар
Кәдімгі ақ жаулықтар
Банкет жаулықтары
173х173см (ажурмен немесе онсыз)
135х135см
173х208см,
150х150см (ажурымен).
173х250см,
173х280см
173х500см.
- Фуршет типі бойынша банкеттер үшін үстелдерді, буфетке арналған ж\е бар тұғырларын жабуда «юбка» кеңінен қолданылады, ол үстелді еденге дейін жауып тұрады. Бұл мата жасанды түсті жібектен н\е басқа материалдан үстел үстіндегі жаулықтан түсі, жыл мезгілін н\е қызмет көрсету тақырыбын көрсетіп тұратын суреті басқаша болып келеді.бұндай мата баулармен бекітіледі ж\е 50см интервалда бұрыштарын жіппен бекітеді.
Банкет юбкасы
Наперондар – жаулықтардың стильді серіктері
Наперондар – негізгі жаулықтың үстінен төселетін кішкентай жаулықтар. Олар дөңгелек, тікбұрышты және төртбұрышты болады. Наперондардың өлшемдері, пішіні және матасы ресторатордың талғамына, оның сәнқойлығына, үстелдердің пішіні мен өлшеміне байланысты.
Наперонды төсеудің де тәсілдері бар.
Жиі жағдайда наперонды үстелдің диагоналына бойынша бұрышынан төсейді. Бұл әсіресе төртбұрышты үстелдерге тән және наперондар үшін ашық түстер мен суреттер өте маңызды.
Наперонның салбырап тұратын классикалық ұзындығы – 7,5 см (барлық жағынан). Оның салбырап тұруы негізгі жаулықтан айтарлықтай қысқа.
Наперонның мақсаты – негізгі жаулықты былғанудан және жыртылудан сақтау, сондықтан да наперондар негізгі жаулыққа қарағанда қара түсті боп келеді.
Наперондарды әр қонақ келіп кеткен сайын ауыстырады, ал жаулықты 1-2 күннен соң.
VIP классының банкеттерінде жаулықтар наперонсыз қолданылады.
Very Important Person немесе VIP (ағ.тілінен аударғанда — «өте маңызды персона», «бастық», «жоғары шенді тұлға») — жеке артықшылығы бар статусы жоғары атақта немсе капиталы бар адам
Асханалық төсеніш (столовые дорожки) – напреонның үнемді варианты
Төсеніш – негізгі жаулықтың үстіне төселетін ұзын да жалпақ жолақ мата. Мақсаты мен белгіленуі бойынша төсеніш наперонды қайталайды. Әрі ол жалаңаш үстелдің үстіне де төселе береді.
Асханалық төсеніштің ұзындығы үстелдің ұзындығына тең, ені – 40-45 см.
Тарелканың астына қойғыш (подтарельник) – наперон мен майлықтың нұсқасы
Өзінің аты айтып тұрғандай асханалық жаулықтың бұл түрі тарелканың астына қоюға арналған. Оның екінші аталуы – «сет».
Сет-подтарельник мини-жаулық (мини-скатерть) немесе ағаштан, пластикті болады. Олар мықты декоративті элемент болып табылады. Оның өлшемі диаметрі бойынша 30-40 см-н кем емес, материалы айтарлықтай қатты, ал шеттері пішінін ұстап тұратындай өте қатты болып келеді.
Майлықтар – көпфункционалды асханалық құрал
Майлықтарды жаулықтар дайындалған матадан дайындайды. Жаулықтардың және майлықтардың суреттері бірдей болулары керек.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, ереже бойынша, майлықтар бөлінеді:
асханалық ақ оюларымен өлшемі 46х46см
түсті оюларымен өлшемі 35х35см.
Жылтыраған үстелдерге немесе гигиеналық төселген үстелдерге өлшемі 50х35см түсті майлықтар (қонақ саны бойынша) н\е тесьмамен көмкерілген жұқа льенды майлықтар қойылады.
Майлықтардың атқаратын қызметі:
— бет пен қолды сүрту үшін;
— тамақ ішіп отырған адамның киімін былғанудан сақтау үшін;
— тарелканың астына қою үшін.
Подностарға жұмсақ мақталы матадан майлықтар төселеді, оның өлшемі подностың өлшеміне сәйкес болуы керек.
Өлшемі 25х25см мақталы матадан майлықтар кейбір тағамдарды қолданғаннан кейін (табака балапаны, шаяндар) саусақтарды сүрту үшін қолданады. Оларды дымқыл, ыстық түрде, пирожки тарелкасында төртке бүктелген күйде береді.
Майлық видеосы. Студенттің өзіндік жұмысы
Қол орамалдары (ручник)
Қол орамалдарын ақ льенді матадан дайындайды. Өлшемі 35х85см төртке бүктелген қол орамалы тағамдарды беру үшін арналған.
Ыдыстарды және құралдарды жылтырату (полировка) үшін сүлгілер өлшемі 100х40см жұмсақ мақта матасынан дайындайды, ол дымқылды тез сіңіріп алады. Қол орамалынан ерекшелігі сол, оны ақ матадан кең жолақта немесе ірі торлап тігеді.
Бақылау сұрақтары
- Асханалық жаулықтардың түрлерін атаңыздар
- «Даяшы», «майлық», «тарелка» сөздерін әуелі орысшаға, содан соң ағылшыншаға аударып көріңіздерші
- Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, ереже бойынша, майлықтар бөлінуі және өлшемдері
- Наперон, мулетон деген не?
- Қол орамалдарын не үшін қолданады?
Үй тапсырмасы: негізгі әдебиет бойынша 123-115 беттерден дайындалу. «Рататуй» мультфилімін әңгімелеу


Мейрамханадағы асханалық жаулықтар (20.07 MB)

