Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Разное  /  10 класс  /  Математика сабағындағы дидактикалық ойындар

Математика сабағындағы дидактикалық ойындар

Рахымжанова А.Қ

Қазіргі таңдағы білім беру үрдісіне ақпараттық технологиялардың жетістіктерінің енуі, заманауи педагогикалық технологиялардың қолданылуымен қатар математика пәніне деген қызығушылығын арттырудың бір әдісі математика сабағында дидактикалық ойындарды немесе олардың элементтерін қолдану болу табылады. Математика сабақтарында ойын элементтерін пайдалану, білім алушылардың ой-өрісін дамытып, танымдық белсенділік қасиеттерін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Дидактикалық ойындарды құру принциптері:

1

30.05.2019

Содержимое разработки

Математика сабағындағы дидактикалық ойындар



Рахымжанова А.Қ



Қазіргі таңдағы білім беру үрдісіне ақпараттық технологиялардың жетістіктерінің енуі, заманауи педагогикалық технологиялардың қолданылуымен қатар математика пәніне деген қызығушылығын арттырудың бір әдісі математика сабағында дидактикалық ойындарды немесе олардың элементтерін қолдану болу табылады. Математика сабақтарында ойын элементтерін пайдалану, білім алушылардың ой-өрісін дамытып, танымдық белсенділік қасиеттерін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Дидактикалық ойындарды құру принциптері:

1) Ойын тапсырмалары арқылы біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан оқу-тәрбие міндеттеріне көшу. 2)Ойынның шарты мен ойын міндеттерінің біртіндеп күрделенуі. 3)Берілген тапсырмаларды шешуде білім алушылардың ақыл-ой белсенділігінің артуы. 4)Оқу мен тәрбие міндеттерінің бірлігі. Дидактикалық ойындарды құру ережелері. 1. Ойын ережесі қарапайым, нақты тұжырымдалған болуы шарт. 2. Ұсынылған материалдың математикалық мазмұны білім алушылардың түсінуіне жеңіл, қол жетімді болуы керек. 3. Ойын-ойлау әрекеті үшін қажеттілікті жеткілікті түрде қамтамасыз етуі керек. 4. Ойын кезінде қолданылатын дидактикалық материалдар, құрал-жабдықтар қолдануға қолайлы болуы тиіс, олай болмаса ойын тиісті нәтижесін бермейді. 5. Әр білім алушы ойынның белсенді қатысушысы болу керек, ойынға кірісу кезегін ұзақ күтуі баланың ойынға деген қызығушылығын төмендетеді. 6. Егер сабақта бірнеше ойын жүргізілсе математикалық мазмұны жағынан оңайы мен күрделісікезектесе жүргізілуі тиіс. 7. Математика сабағында ойналатын ойындардың ойындық сипатының белгілі бір шегі болу керек. Бұл шектен асқан ойынды олар тек қана ойын деп қабылдауы мүмкін. 8. Білім алушы ойын процесі кезінде өзінің ой қорытындысын математикалық жағынан сауатты түрде жеткізе алуы керек, қысқа, дұрыс, нақты тілде сөйлеу керек. Дидактикалық ойындардың классификациясы. Ойын мақсатының басты ерекше белгілеріне қарап оларды шартты түрде классификациялауға болады. 2  Ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру мен жетілдіруге бағытталған ойындар.  Теориялық білімдерін өзектендіруге бағытталған ойындар.  Есептеу дағдылары мен шеберліктерін шыңдауға бағытталған ойындар.  Бақылау, зерттеу, қорытындылау ойындары.  Сурет, кесте, сиволдық жазулар арқылы есептер құрастыруға бағытталған ойындар.  Есептің шарты мен талаптары жасырылған схема бойынша өз бетінше тұжырымдамалар жасауға бағытталған ойындар. Сонымен бірге көбінесе топтағы ұжымдық ойындар дидактикалық міндеттеріне қарай түрлерге бөлінеді. Олар: оқыту ойындары, бақылау ойындары, қорытындылау ойындары.  Егер білім алушы ойынға қатыса отырып немесе ойынға дайындық кезінде жаңа білімді меңгерсе, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастырса бұл тек ойынға ғана емес математикалық материалдың мазмұнында да айқын көрсетілсе, жаңа білімді меңгеру нәтижесі соғұрлым жақсы болады.  Дидактикалық мақсаты қайталау, бекіту, алынған білімді тексеру болып келетін ойын-бақылау ойыны болып табылады. Бұл ойынға қатысу үшін әрқайсысына арнайы математикалық дайындық керек.  Қорытындылау ойыны- білімдерді интеграциялауды талап етеді. Ондай ойындар пәнаралық байланыстарды таба алуға, әртүрлі оқу жағдайларында әрекет ету шеберліктерін меңгеруге қалыптастырады. Дидактикалық ойындар материалдың мазмұнына, ұйымдастыру әдісіне, оқушылардың дайындық деңгейіне, сабақтың мақсатына қарай әр түрлі сипат алуы мүмкін. Олар: продуктивті,репродуктивті, шығармашылық, конструктивтік, тәжірибелік, тәрбиелік сипаттар. Дидактикалық ойындардың түрлері. Дидактикалық ойындар үш түрге бөлінеді.  Заттық дидактикалық ойындар:дидактикалық ойыншықтармен және басқа әр түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.  Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар: ойынның бұл түріне «лото», «домино», «сіріңке»сияқты ойындар жатады.  Сөздік дидактикалық ойындар Осы дидактикалық ойындардың түрлеріне мысал келтірейік. «Тез түгендеу ойыны» бұл ойын заттық дидактикалық ойын түріне жатады. Бұл ойын оқушыдан геометриялық біліммен қатар үлкен ұқыптылықты талап етеді. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойынның бір түрі «математикалық домино» ойыны қалай ойналады. Көлемі шамамен 5-10см болатын қатты қағаздан жасалған карточка екіге бөлініп біреуінде сұрақ не есеп, ал екіншісінде басқа сұрақ не есептің жауабы жазылады. Бірінші даминоның сол жағы бос болады, ал оң жағына сұрақ не есеп жазылады. Ал оның жауабы келесі доминоның сол жағында жазылады, ең соңғы доминоның оң жағы бос болады. Әр топқа «доминоның» 3 бірнеше нұсқасын ұсынуға болады. «Геометриялық аукцион » ойынын сөздік дидактикалық ойындар қатарына жатқызуға болады. Бұл ойын үшін мына төмендегі ережеге сай геометриялық терминдер тізбегі құрылады. Әр келесі термин алдыңғы терминнің соңғы әрпінен басталады. Мысалы аукционды жүргізуші «перпендикуляр» деген термин айтса әр топтан: «радиус», «радиан», «ромб» т.б терминдер айтылады. Соңғы термин «ромб» болса оның соңғы әрпі «б» болғандықтан «биссектриса», «биіктік» т.с.с. терминдер жалғасады. Егер соңғы қабылданған сөздің соңғы әріпіне сөз табылмаса онда соңғы әріптің алдындағы әріпке яғни, «м» әріпіне сөз ізделеді. Терминдер осылай тізбектеліп жалғаса береді. Ең соңында термин табылмай қалса ойын аяқталады. Сөз тізбегін жазу кезінде терминді тапқан топқа ұпай қойылып отырады, сол бойынша жеңіске жеткен топ анықталады. Дидактикалық ойынның құрылымдық элементтері Әрбір дидактикалық ойынның барлық элементтері өзара байланысқан айқын құрылымы болу керек. 1. Ойынның түпкі ойы-ойынның бірінші құрылымдық компоненті. Ол ойынның атауынан айқын көрініп тұрады және оқу процесі кезіндегі шешілуге тиісті дидактикалық міндет ретінде қойылады.Ойынның түпкі ойы ойын жүрісі кезінде бейнеленетін сұрақ, жұмбақ, есеп түрінде болуы мүмкін. Қалай болғанда да ол ойынға танымдық сипат беріп тұруы тиіс. 2. Ойынның ережесі- ол ойын әркеттерінің тәртібін, ойын процесі кезіндегі балалардың мінез- құлқын реттейді. Сонымен бірге ойын ережесі балаларды өз-мінез құлықтарын басқара білуге ұжым талабына бағына білуге тәрбиелейді. Сонымен бірге ойын кезеңінің белгілі бір шегін, ұзақтығын бейнелейді. 3. Ойын әрекеті- дидактикалық ойынның маңызды элементтерінің бірі. Ол ойын ережелеріне бағынады. Ол білім алушы танымдық белсенділік көрсетуге, өздерінің қабілеттерін, алған білімдерін қолдана білуге, ойын мақсатына жету үшін ептіліктері мен дағдыларын көрсете алу мүмкіндігін береді. Ойын әрекеті есепті ауызша шешу кезінде өте жиіжүзеге асырылады. 4. Танымдық мазмұн- дидактикалық ойынның негізі болып табылатын құрылымдық элементтерінің бірі. Ойындағы қойылған білімділік проблемаларды шешу үшін пайдаланылатын білімдер мен шеберліктерді меңгеру танымдық мазмұн болып табылады. Ойын мазмұнының математикалық, білімдік жағы бірінші орында тұруы керек. Сонда ғана ойын өзінің оқыту, дамыту, тәрбиелеу ролін атқарып шығады. 5. Мәре (финиш)деп аталатын қорытындысы дидактикалық ойынның аяқталғандығын білдіреді. Ол бәрінен бұрын қойылған оқу міндетінің шешілгендігін білдіреді, білім алушыға моральдық, өз жетістіктеріне қанағаттанғандық сезімін сыйлайды. үшін ойын қорытындысы білім алушылар жетістігінің көрсеткіші болып табылады. Сондықтан дидактикалық ойын қолданылатын сабаққа дайындалған кезде ойынды жүргізудің қысқаша сипаттамасын жасап алу керек. Ойынның барлық құрылымдық элементерінің үйлесімділігі, олардың өзара байланысы, ойынның ұйымдастырылу деңгейін көтереді, тиімділігін арттырады, күтілген нәтижеге жеткізедіОқу тәрбие процесіне кіргізілетін ойындардың жалпы ерекшіліктері:

1.Ойын білім алушылардың қызметіндегі психикалық процесті (сезіну, қабылдау, ойлау, елестету, ес, ықыласын, тілін) активтендіреді.

  1. Ойын ерікті түрде құрылады.

  2. Ойын шығармашылық қабілетті дамыту үшін барынша мүмкін жағдай жасайды.

  3. Ойын барысында білім алушылар терең қанағатанарлық, қуаныш алады.

  4. Ойын кез келген оқу материалын еліктіретіндей, қызықтыратындай жағдайға әкелуге көмектеседі
    Оқытушының міндеті- ойын барысында балалар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару, балалардың достығын қолдау. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері оқытушының үсіндіріп отырған материалын білім алушыларды аса зор ықыласпен тыңдап, жемісті меңгеруіне әсер етеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.Ойындар білім алушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтады. Ойынды қолдану топ мүшелерінің пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, материалды қажетті деңгейде игеруіне ықпал етеді. Ойындар мазмұны баланы қызықтыра алатындай құнды болуы керек. Ойын әрекеті сабақта игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып білім алушыларды өзіне және басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Ең бастысы әлеуметтік психологиялық талаптардың бірі — шынайы қарым-қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу оқытушыдан үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.. Ойын арқылы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері білім алушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі.Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарпайымнан басталып,біртіндеп қиындап білім алушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады.Білім бағалаудың бұл әдісі білім алушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыруы сөзсіз.









Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Ж. Қайыңбаев. Математиканы оқыту ерекшеліктері. Алматы,2004 жыл

2.О. Сейітқазиева. Математикалық ойын. Алматы, 2006 жыл
3.Р. Тожыбаева .Дидактикалық ойындар. Алматы,2003 жыл









































Сабақ  - оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы



Рахымжанова А.Қ.Есмагамбетова А.А.

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі





Заманауи сабақтардың бізге берері не екеніне тоқталып өтсек:
Оқушы барынша еңбек етеді
- Мұғалім оқушының білімді өзі алу мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастырады.
- Оқушы еңбек жасап, іздене отырып, өз жұмысына өзі баға береді.
- Оқушы бір ғана тақырыпты ғана қамтымай, өз өмірімен салыстыра алады, тұжырым жасайды.
- Оқушы өзінің қасиеттері шегінде барынша белсенді әрекет етеді және өзі үшін пайдалы да маңызды бірдеңе алады.
- Барлық оқушылар тепе - тең дәрежеде болады - бірдей тапсырмалар және бірдей уақыт.
- Өз елінің қоғамының талаптарына сәйкес оқушы қалыптасатын сабақ.
- Оқушыға Жердің түрлі нүктелерінде заманауи өмірге ену үшін қажетті құзыреттіліктер қалыптастыратын сабақ.
- Мұғалімнің сыныпта жүзеге асыратын, мақсаттарға жетуге, баланың жаңа әлеуметтік - педагогикалық жағдайда өмір сүруге дайын тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған сабақ.
- Мұндай сабақта барлық оқушылар еңбек терісін аямай жұмыс жасайды, ал мұғалім оқыту үрдісін басқарады (ол еңбек терісін аямай сабаққа дайындалды).
Заманауи педагогика бізден не талап етеді?
- Заманауи педагогика жай сөз түрінде ғана емес, практикалық оқу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда негізгі әрекеттегі элементі оқушы болғанын талап етеді.
- Заманауи мектептегі сабақтың мақсаты нақтылықпен, оған жету құралдарын көрсетумен және оны нақты дағдыларға ауыстырумен ерекшеленеді.
Мақсаты нақты көрсетіледі және жасалатын іс - әрекеттер арқылы білімін жинақтайды, өзін бақылау, бағалау дағдылары қалыптасады.
- Заманауи сабақ құзыреттеліктердің қалыптасуына бағытталған. Сабақтың соңында сыныптағы оқушылардың көпшілігі мақсатқа жетеді және өз жұмысын өзі бағалайды.
Ал егер сабақтың мақсатына барлық оқушы жетпесе, онда мұғалімның өз қатесін дұрыстауына және барлық оқушыларға мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеуге мүмкіндігі мол. Мақсатқа кішкене жетуге болмайды, оған жетесің немесе жетпейсің!
- Мұндай сабақтың нәтижесінде мұғалім сабақтың мақсатты ұстанымдарын орындауды, мазмұнды, сабақтың түрі мен құралдарын таңдаудың дұрыстығын ұғынады.
Заманауи сабақты оқытудың мақсаты – ғылыми танымның нәтижелерін ғана емес, сол нәтижелерді алу үрдісін меңгеру, оған оқушының интеллектуалдық, уәждік, эмоционалды және т. б. басқа орталарын қалыптастыру мен дамыту, оның жеке қабілеттерінің дамуы, яғни проблемалық - дамытушы оқытуда оқушыларға ғылымның дайын қорытындыларын беру емес, баланың жалпы дамуына көңіл бөлінеді.
Заманауи сабақ білім алушыны неге дайындайды?
- Білім алушыларды өмірдің үнемі өзгеріп отыратын жағдайына дайындайды.
- Білім алушының жаңа ақпараттық мәдениетін қалыптастырады.
- Ақпараттық ресурстарды, информатиканың заманауи құралдары мен ақпараттық технологияларды өзінің өмірі мен дамуын қамтамасыз ету мүддесімен қалыптастыру мен пайдалану қабілетін сипаттайды.
білім алушыны Жер шарындағы өркениеттің тұрақты даму мәселелері контекстінде қалыптастыру мен дамыту – бір жағынан, бұл құлықтың қажетті және жеткілікті стандартталған түрін (құзыреттіліктер) қалыптастыру, екінші жағынан – интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетті барынша дамытады.
- Өзін - өзі тәрбиелеу үрдістерін басқара алады
Заманауи сабақты өткізгенде мұғалім нені жетекшілікке алуы қажет?
- Мен әр оқушы жеке интеллектуалды және шығармашылық әлеуетке ие екенін жетекшілікке алу.
- Әр оқушының білім алуға құқығы барын есінен шығармау
- Білім беру үрдісі (сабақ) бұл шарт (орта), ол оқушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетіндей етіп жобалау.
- Білім алушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетін оқыту әдістері мен тәсілдерін жетік білу.
- Сабақты Блюмның таксономиясын пайдалана отырып жобалау.
- Әр оқушының өзінің интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін анықтай алатынына сену.
- Оқушының интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамыту үшін сабақта оқытудың фронталды әдісін және «Мен сияқты жаса, менен де артық жаса» ұранын мүмкіндігінше пайдалану.
- Сабақта әр оқушының қызметін бағалауға үлгіру.
- Сабақта оқушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға кедергі жасауға ешкімнің құқығы жоқ екенін естен шығармау.
Сонымен қатар мына нанымды сөздер де мұғалімнің есінде болып, үнемі қолданатын құралы болса:
Мектеп – қазыналар қоймасы, олардың қоймада болуына мұғалім жауап береді. Қоймаға кірген оқушы өз қалтасын қазынамен өзі толтырады, мұғалім оқушының қалтасына қазынаны өзі тықпайды және шекарашы рөлінде болуы тиіс емес. оқушының өзі сабақта қанша байлық алып кететінін, қанша алып кете алатынын өзі шешеді және қанша байлық алғанын өзі бағалайды.
Заманауи сабақ мұғалімнен нені талап етеді?
- шығармашылық ізденісті
- мамандықты білумен қатар педагогиканың теориялық және практикалық білімін
- тиісті оқу материалын оқушының қабылдау ерекшелігіне бейімдеуін
- сыныптағы әр баланың мүмкіндіктері шегінде белсенді әрекет ететініне жағдай жасауын
- оқу жоспарлары мен материалдардың үнемі жаңартылуын
- қажетті ақпаратты іріктей алуын
- сабақ барысында мұғалімнің жұмысқа жағымды эмоционалды көңілінің болуын
- оқушыларға сабақ тақырыбын ғана емес, мақсатын, олардың қызметін ұйымдастыру түрін хабарлауын
- үнемі ізденіс үстінде болуды
- әр тақырыптың мағынасын аша алуды
- сабақтың мақсатын ашуда түрлі ізденіс тапсырмаларының жүйелілігін
- Оқушылардың осы сабақта меңгеретін және болашақта нақты құрамды құзыреттілікті меңгеруі үшін қажетті операцияны таңдай алуын
- Сабақтың мақсатына жетуді қамтамасыз ететін қажетті және жеткілікті мазмұнның оқулықта болуын анықтай алуын
- Берілген сабақ бойынша оқулықтағы ақпаратты қажетті және жеткілікті ақпаратпен салыстыра алуын
- Оқулықта артық ақпарат көп болса, қажетті және жеткілікті ақпаратты қалай бөліп алу керектігін ойластыра алуын. Оқулықта қажетті және жеткілікті ақпарат жеткіліксіз болса, онда сабаққа қосымша ақпараттық карточканы әзірлей алуын
- Берілген оқу тапсырмасын оңтайлы орындауға қандай оқу техникасы мүмкіндік беретінін анықтау қажеттігін.
- Сабақта оқушыларға білім алуға кедергі жасалмауын, яғни оларға жұмыс жасау үшін көбірек уақыт беру қажеттігін
- Берілген сабақтың алдында өткізілген сабақпен салыстырмалы талдауын жасауыг. Әр оқушының оқу траекториясына назар аудару қажеттілігін. Барлық оқушылардың сабақ мақсатына жеткен - жетпегеніне назар аударылуын
- Рефлексивтік талдаудың нәтижесінде алынған барлық түзетулерді сабақ жоспарына жазуын және оларды әрі қарайғы жұмыста ескеру қажеттігін.
Заманауи сабақ оқушыдан нені талап етеді?
- Оқуда жетекшілікті қабылдау
- Оқуда жетекшілікті іздеу
- Өз оқуы үшін жауапкершілікті өзіне алу
- Өздігінен басқара оқуын көрсету
- Өз оқуын бағалау және оқуды жалғастыру үшін қажетті оқудағы қажеттіліктерді анықтау
- Өз оқуын бірізді бағалау және оқудағы қажеттіліктерді анықтау
- Оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін және оқуды басқарудағы автономиялықты көрсету
- Жаңа идеялар мен үрдістерді әзірлеуге тұрақты қызығушылығын және оқу үрдістерін түсінудің жоғарғы деңгейін көрсету
- Сабақтың мақсатына жетуде тапсырмалардың дұрыс орындалуын
- Мектеп өмірінде алған білім - біліктерін пайдалана отырып, ситуациялық жағдаяттарды шеше алу
- Берілген тақырыптағы жүйеленген тапсырмаларды нақты орындау алу
- Алты деңгейдің де тапсырмасын берілген имерзімде орындап шығу
- Өз оқуын уақытты тиімді ұйымдастыру және жеке немесе топтарда басқару арқылы ұйымдастыра алуы қажет
- Өзінің оқу үрдісін, қажеттіліктерін ұғыну
- Қол жетерлік мүмкіндіктерді анықтау
- сәтті оқу үшін кедергілерден өтуі
Осы талаптарды орындай отырып, заманауи сабақтың мақсатына жетуге болады.









Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Сарбасова Қ.А. Жаңа педагогикалық технология. Алматы,2004

  2.  «Математика және физика » журналы №4, 2007 жыл

  3. Иманбаев А., Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі,№2,2000 жыл































Заманауи сабаққа қойылатын талаптар



Рахымжанова А.Қ.Есмагамбетова А.А.

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі





Сабақ - бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты білім алушы топтармен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері - мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалықэлементтері қарастырылады.

Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Сыныпты-сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табады.

Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: Оқытушыматериалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, білім алушының танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, білім алушының басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ білім алушынының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді.

Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде - динамикалық

құбылыс. Ол педагогикалық процестің негізгі даму теңденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды.

Бәрінен бұрын ол оқытудың үш бірлік - білім беру – тәрбие -даму - қызметін тиімді іске асыруда көрінеді, олай болса, білім алушынының табиғи қасиеттерін шығармашыл дамытуға бағытталғандығымен де көрінеді.

Сабақтың жалпы ұйымдастыруын құруға қатысты тенденциялар: олардың құрылымдық жағынан өзгеруінен, оқытудың басқа да ұйымдастыру формаларымен сабақтастығынан, ауызша сұрау және үй тапсырмасын тексеруге кететін уақытты мейлінше қысқартудан сабақтың бұл кезеңдерін дидактиканың негізгі міндеттерін оқушылардың өз бетінше жұмысымен біріктіру арқылы шешу үшін пайдаланудан көрінеді. Сабақтың шығармашық бастамасын күшейту тенденцясы өз бетінше жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударудан байқалады.

Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар

1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі қажет.

Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып,білім алушылардың пайымдауын дамыту,  олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын  қалыптастыру, оларға осы қатынастар  негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет. Тұлғалық қасиет қалыптасуы үшін алған білімнің оқушылардың мінез-құлқын айқындауына, оларда қажетті тұлғалық қасиеттің қалыптастыруына ұмтылу керек (жұмыс орнындағы мәдениеттілік, тапсырманы орындау сапасын жауапкершілікпен қарау, оларды орындаудағы қиындықтарды жеңу).

2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек. Кез-келген оқу пәні бойынша кез келген сабақ - ол процестін бір бөлігі, сондықтан да оқып-үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде - оқуға ынталықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдан білу дағысын қалыптастыруға тиіс.

3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипатталуы керек. Әрбір тақырып бойынша бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың әр қайсысының өзінің нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс: білім алушыларды ойлау операцияларымен қаруландыру (классификаиялау, көшіру, жалпылау, т.б.), білімін практикада қолдануға дағдыландыру, оқуды   тақырып бойынша жекелеген фактілермен таныстыру, теориялық қорытындыларды өз бетінше тұжырымдау дағдысын қалыптастыру және т.б. Оқытушы белгіленген мақсатқа байланысты сабаққа дайындалу процесінде оқушыларға беретін оқу материалының мазмұнын, сабақтың құрылымын, оқыту әдістерін, құралдарын, т.б. - анықтау керек. Әрбір сабақтың айқын мақсатының болмауы оларды біржақты болуға, ал бұл оқуға дегеп қызығушылықтың  жойылуына алып келеді.

4. Сабақтың барлық кезеңдерінде білім алушылардыңтанымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану. білім алушыларға кез-келген бірыңғай ұзақ ықпал ету (мысалы: ұзақ ауызша түсіндіру) олардың ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып келуі мүмкін. Олар сабақта алаңдайды, оқытушының ақпаратын қабылдамайды. Сондықтан да әрбір сабақта оның әрбір кезеңдерінде білім алушылар қызметінің түрлерін орынды өзгертуге ұмтылу керек. Ол үшін әлсін-әлсін әр түрлі сезім органдарына әсер ететін, тиімдірек танымдық қызметке жағдай туғызатын, оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Сабаққа дайындалғанда, қашан, сабақтың қай бөлімінде қандай әдіс, тәсіл немесе құрал пайдаланылатынын жеткілікті ойластыру қажет. Дегенмен, сабақта қызмет түрлерін ауыстыруда білім алушылардың жас ерекшеліктері, топтың ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Себебі балалардың барлығы барлық уақытта қызметтің бір түрінен екіншісіне ауыса алмайды.

5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі — оның эмоционалдығы. Ол білім алушылардыңсабақтағы маңызды қызметті - жаңа білімді игеруге  итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (оқытушының  қатты дауысы, қол сілтеуі, т.б.) және эмоционалдылық оқытушының сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.

Білім алушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды  болуы керек, бұл олардың белсенділігін арттыру тәсілдернің бірі. Сабақта әр түрлі проблемалық ситуацияларды пайдалану да эмоционалдылыққа жағдай жасайды, олардың танымдық кызметін жеделдетеді.

6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жургізілуі керек. Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде оқытушы, студенттің оқу материалын игеру деңгейін біліп отыруы керек, өйткені ол осы деңгейдің үнемі өсіп отыруына жағдай туғызуы керек. Сондықтан да білім алушылардың білімін бақылаудың әр алуан түрлерін пайдалану керек. 7.  Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек. Әрбір өткен сабақ оқытушы мен білім алушыға алға басушылық сезімін туғызуы керек. Сабақ білім көлемінің елеулі өсуін қамтамасыз етуі немесе сапасын жетілдіруін, немесе осы екеуін де қамтамасыз етуі керек. Білімнің осындай елеулі өсуі (білік пен дағдының) қанағаттану сезімін туғызады, әрине білім алушыға оқуға деген белсенді көзқарасын туғызады. Әрбір сабақ оқыту процесінің тамандалған бөлігі болуы тиіс.

8.  Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Қайталау ешқашан да жаттанды қайта айтуға алып келуі тиіс емес. Әрбір сабақтағы жаңадан оқылатын материал бұрын өтілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек. Оқытушы жаңа материалды баяндағанда мүмкіндігінше оны алдыңғы өткенмен байланыстыруы, оған сүйенуі керек.

9.  Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақ-тандырылган болуы керек. Таным сезімдік қабылдаулардан басталады. Әйтсе де, көрнекілік, техникалық құралдарды орынды пайдалану қажет, бәрінің де шегі болуы керек. . Оқытушының сабаққа дайыңдалуда көрнекі, дидактикалық құралдарды ойлап табуға және дайындауға кеткен уақыты оқытудың нәтежесімен ақталады.

10. Кез-келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы. Кез-келген сабақ басқалардан оқшауланып қарастырылмауы керек, ол сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек. Оқытушыбелгілі бір пән бойынша сабаққа дайындалғанда өткен сабақты жақсы елестете білуі керек. Әрбір оқытушы өз мүмкіндігіне қарай сабақтың материалын өткен материалмен байланыстыруға тырысады. Сондай-ақ алдағы сабақтың құрылымы меп мазмұнын да жақсы білуі керек. Оқытушы кез-келген сабақта білімді қалыптастыра отырып, келесі (ертеңгі) сабаққа негіз қалауға міндетті. Оқыту процесін ұйымдастыруда осындай әдістің қажетігі теориялық түрде Л. С Выготскийдің зерттеулеріне негізделген. Бұл идеяны сабақта жүзеге асырудың нақты мысалына белгілі жаңашыл-педагог Лысенкованың кызметін жатқызуға болады.

11. Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану. Сабаққа дайындалғанда білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруды ойластыру керек. Сабақта оларды дайындауға уақыт шығындамау үшін көрнекі құралдар, аспаптар, техникалық құралдар алдын-ала тексерілуі керек. Дәстүрлік құрылымның өзі де (сұрау, түсіндіру, бекіту) қызметтің бір түрінен екіншісіне көшкенде уақыт жоғалтуға алып келеді. Сондықтан да құрылымды көшіру білім алушыелеусіз болып қалатындай етіп ойластыру керек. Жекелеген білім алушылардың сабаққа кешігу, сабақтағы басқа да тәртіп бұзушылық себептерін аңықтауға мүмкіндігінше уакытты шығындамау керек, бұл туралы қоңыраудан кейін әңгімелесуге болады.

Көптеген оқытушылар орнынан тұрмай ауызша жауап беруін жақтайды, өйткені бұл да уақыт үнемдеуге септігін тигізеді.

12.  Білім алушылардың бүкіл сабақ бойы оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету. Алдыңғы айтылған талаптарды орындау сабақтағы тәртіпті белгілі бір деңгейде қамтамсыз етеді Әйтсе де, тәртіпті үстау үшін әрбір Көптеген оқытушылар көбіне білім алушылардың жалған ынтасымен ғана шектеледі, К. С. Станиславский "ынта объектіге көзін тігу ғана емес" деп атап көрсетті. Оқушылар тек мұғалімге жай қарап және тыңдап қана қоймауы керек, оқылатын материалға қатысты белсенді болуы керек, сабақта тиімді танымдық қызметке септігін тигізетіндей жұмыс жағдайы үстемдік құруы тиіс.

13.  Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады.Мысалы, оқытушы сабақтың айқын құрылымын, оның нақты мақсатын ойластырды, бірақ кейде сабақ белгіленген жоспар бойынша өтпейді. Бұл жағдайда оқытушы сабақ барысында қажетті түзетулер енгізе, оның құрылымын ауыстыра, қосымша тәсілдерді пайдалана білуі керек, бірақ мақсатқа жету керек. Сабақ - спектакль емес, оған көп дайындалғанмен де, ол ешқашан репетицияланбайды.

14.  Сабақтың кәсіби бағыттылығы. Әрбір сабақтың оқу пәніне тәуелсіз, кәсіби бағыттылығы болуы керек. Мүмкіндігінше әр ретте оқу материалының болашақта қандай да бір мамандықты иемденудегі маңызын, алған білімнің алдағы бүкіл өмірдегі маңызын атап көрсету керек.

15. Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру Оқытушы, үйге тапсырма бере отырып, білім алушылардыңбарлығы оны орындай алатынына сенімді болуы керек. Кейде өте қиын тапсырма ұсынылады, бірақ кез-келген жағдайда үй тапсырмасына, оның мәні неде екенін, мақсаты қандай, оны орындаудың негізгі ережелерін қайдан оқуға болатынын түсіндіре отырып, түсініктеме беруге міндетті. Олар орындаған кез-келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі, талдануы керек, әйтпесе олардын өз бетінше танымдық қызметке деген қызығушылығы жойылады.

16.  Қолайлы моральдық-психологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызу. Бұл жағдайлар көпшілігінде сабаққа қойылатын барлық жоғарыда аталған талаптардың орындалуымен анықталады. Әрбір сабақта, бәрінен бұрын, топтағы студенттер арасында, оқытушы,мен білім алушылардың арасында қалыпты қатынас орнату керек,білім алушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріп де ескеру керек.

Жоғарыда сабаққа қойылатын он алты талап қарастырылды, бірақ бұл тізімді (перечень) жалғастыруға болмайды дегенді  білдірмейді. Әрине, оқытушы әрбір сабақта олардың барлығын орындауын талап етуге болмайды. Бірақ оларды білу міндетті, өйткені ол сабақтың жоғары тиімділігіне алып келеді.

Сабақты құруға қойылатын талаптар:                                           

1. Сабақтын бағдарламаға, өтетін орнына және уақытына сәйкестігі.

2. Сабақтың құрылымы мен кезеңдерінің қажеттілігі, олардың

уақытқа байланысты арақатынасы.

3.  Идеялылығы мен  ғылымилығы.

4.  Эстетикалық тәрбие, сабақтың эмоциоиалдық жақтары.

5.  Жаңа материалдар беру.

6. Дамыта оқыту принциптерін сақтау.

7. Өмірмен байланыс.

8.Оқытудың көрнекілігі, оқытудың техникалық, ақпараттық-коммуникациялық құралдарын пайдалану.

9.  Кітаппен жұмыс істеу.                            :

10.  Жаңа ұғымдардың тууы, таным қуанышы.

11. Дайындық  жаттығуларын ұйымдастыру.

12.  Білім алушылардың жұмысындағы дербестік.

13.  Білім алушылардыңбелсенділігі мен шығармашылығы.

14.  Білім алушыларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту.

15. Ауызша және сөздік жұмыстармен қамту.

16. Жекелей әдіс (қабілеттілерге назар аудару, артта қалушылармен жұмыс істеу)

17. Білім алушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру.

18.  Білім алушылардыңбілімінің тереңдігі мен беріктігі

19.  Бағалардың сәйкестігі және  оларға аннотация.

20.  Үй тапсырмасын ұйымдастыру.

21.  Сабақ өткізу қарқыны.

22.  Оқытушыныңпедагогикалық әдебі.

23. Оқытушының сөйлеу мәдениеті.

24. Дауыстап айтумен жұмыс істеу.

25.  Сөздік — фразеологиялық және стилистикалық жұмыс.

26.  Байланысты дамыту, практикалық бағыттылық.

27.  Грамматиканы, лексиканы оқу.

28.  Оқу техникасы.

29.  Сөйлеу және жазу мәдениеті.

30.  Көркем шығармаларды оқу.

31. Жазбаша жұмыстар жүйесі.

Білім алушылардыңсабақта оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру қажет, білімімен қатар біліктілігін қалыптастыру. Бұл маңызды міндеттер қазіргі адам қызметінің сипатына байланысты туындайды және олар оқытушыдан оқытудың тиімділігін арттыру жолдарын үнемі іздестіруді талап етеді: Оның бастылары:

1. Сабақтың тиімділігін арттыру жолдарының бірі-(кез-келген оқу пәні бойынша) әр сабақта мынадай жағдайлар жасау болып табылады: Білім алушылардың оқу материалының негізін сабақтың өзінде меңгеруі тиіс, бірақ бұл негіздер кездейсоқ емес, саналы игерілуі керек. Сондықтан сабаққа дайындалар кезде оқытушы таныстыратын ақпарат көлемін ойластырып қана қоймай, сабақтың өзінде оқылатын материалдың негізін, әсіресе, сол әдістерді, тәсілдерді, құралдарды меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа материал түсінікті әрі сабақтың өзінде жиі есте сақталуы қажет. Білім алушыларқосымша материалды емес, негізгі материалдың мәнін (басты ойды, заңды және т.б.) меңгеріп, түсінуі үшін оқытушы ең негізгіні көрсете білуі керек.

2. Келесі сабақтың тиімділігін көтерудің тағы бір маңызды жолы - бұл ұжымдық жұмыс кезіндегі әр білім алушылар барынша дамуына мүмкіндік туғызу. Дұрысында, оқытушы сабаққа дайындалу процесінде үлгерімі орташа оқушыға бейімделеді. Жалпы тапсырманы орындау үшін бір сыныптың білім алушылар әр түрлі уақыт қажет, сондықтан жақсы оқитындары жұмысты орындап, қалған уақытты босқа кетіреді. Әрқайсысының жоғары деңгейде дамуына мүмкіндік беретін, едәуір жақсы үлгірушілерге (оларға тапсырманың көпшілігін) жұмыстың барысы мен обьктісін ғана емес, олармен жұмыстың қандай да бір басқа амалдарын ойластыру қажет.

3. Сабақ тиімділігін көтерудің келесі жолы-бұл белгілі бір құрылымның болуы. Бұл жағдайда жұмыстың сыртқы жағы  (сұрау, түсіндіру, бекіту) емес, оның ішкі құрылымы білім алушыларға білінбейді, бірақ оны оқытушы нақты ойластырған.

Сабақтын құрылымы - бұл сабақтың элементтер жүйесін ұйымдастыру, оқытушыжәне білім алушылардың тиімді еңбек етулеріне әсер етеді.

4. Сабақ тиімділігін көтерудің келесі бір жолы-бұл сабақта білім алушылардың өз бетінше жұмыстарының үлесін арттыру. Бұл жағдай сабақтың тиімділігін  көтеруде алдыңғы жолдың жалғасы болып саналады.

Нашар ұйымдастырылған сабақтардың басты қайшылығы: мұнда оқытушыкөп уақыты  сабақты ықыласпен тындап отырған кейіп көрсетіп, өздері енжарлық танытқандарға кетеді.

5.  Сабақтың тиімділігін көтеруде көп жағдайда пәнаралық және  пәнішілік байланысты сақтау. Пәнішілік байланыс-бұл өткен материалды үнемі қайталау. Тәжірибелі оқытушылар өткенді қайталауды берілген сабақтағы тақырып пен тараудағы оқып жатқанмен ғана байланыстырып қоймайды, барлық оқу пәнінің тақырыбын және тарауларын оқып жатқан материалмен үйлестіреді. Мұндай жұмысты ұйымдастыру ойлаудың жүйелілігіне мүмкіндік береді.

Әр оқытушы басқа пәндер бойынша сол уақытта оның оқушылары не оқып-біліп жатқанын білуі керек. Ол үшін оқытушы өздерінің оқушылары берілген уақытта не өтіп жатқаны туралы ақпаратпен үнемі алмасуы керек.

6. Сабақтың тиімділігін көтерудің ерекше жолдарының бірі оқушылардың біліктілігі мен білімін бақылауға, әсіресе ауызша сұрауға уақытты қысқартуы болып табылады. Мәселе, әрине, уақытты механикалық қысқарту туралы емес, уақытты қысқарту кезінде тексерудің тиімділігін көтеретін, бақылаудың сапалы жаңа түрлерін іздену туралы болып отыр.

Бұл мақсатпен техникалық құралдарды (ақпараттық-коммуникациялық), әр түрлі карточкаларды-тапсырмаларды, сауалнамаларды, тестілерді (студенттер дұрыс жауапты тандауы керек немесе иә-жоқдеген сөзбен жауап беруі керек) пайдалану, өзара тексеруді  қолдану қажет. Яғни әр оқытушы өзінің бақылау жүйесін әзірлеуіне болады.

7. Сабақтың тиімділігі, көбіне білім алушылардыңжалпы-интеллектуалдық біліктілігінің (бәрінен де есептеу және оқу дағдысы) деңгейімен анықталады.

Ақпараттандырудың дамуымен білім процесінде кітаптың салыстырмалы салмағы тез түсе бастады, сондықтан, білім алушылардыңойлау тиімділігі төмендей бастады. Сондықтан сабақтың өзінде кітаппен (оқулықпен) жұмыс істеуге үйрету керек, білім алушылар оқулықта керекті материалды табуға, оқылғанның бастысын бөліп көрсетуге, окығанға жоспар құруға, тезистер, конспект  жасай білуге және т. б. үйренуі керек.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Сарбасова Қ.А. Жаңа педагогикалық технология. Алматы,2004

2. «Математика және физика » журналы №4, 2007 жыл

3.Иманбаев А., Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі,№2,2006 жыл




Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқыту мақсаттарын жүзеге асыру



Рахымжанова А.Қ.Есмагамбетова А.А.

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі



Қазіргі уақытта Қазақстанда тек экономикалық және саяси үрдісте ғана емес, білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы негізгі бастамалардың барлығы мұғалім арқылы жүзеге асырылады.

Мұғалімнің басты мақсаты – қоғамның сұранысына лайықты ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Ізгіліктің нұрына бөленген ұлы Әл-Фарабидің «Тәрбиеден ажыраған білім адамзатқа қасірет әкеледі» деп сонау бірнеше мыңжылдықта айтқан ұлағатты сөзінің мәні де осында жатыр.

Бүгінгі таңдағы Қазақстанның білім кеңістігіне енуге деген мүдделілігі осы салада халықаралық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан озық деп танылған оқыту моделдерін өз мүмкіндігіне сай үлестіре қолдану үшін заман талабына лайық отандық білім беру стратегиясы мен тактикасын жаңалаудың қажеттілігін арттырып отыр. Өйткені ұлттық бәсекелестік қабілеті, бірінші кезекте, оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіріп білім беру жүйесін халықаралық деңгейде көтеруді талап ететіні сөзсіз .

Кез келген технология білім берудің мақсатынан бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы оқытудың әдістемелік жүйесі енетін барлық барлық компоненттің біртұтас ортада мүддеге бірлесе қызмет етуінің тиянақталған жолы болып саналады.

Технология – грек тілінен аударғанда шеберлік деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің мағынасы педагогика саласында қолданған шеберлікпен өнім алу, нақты нәтижеге жеке белгілі бір жүйемен оқыту деген ұғымдарға пара-пар. Педагогикада оқыту технологиясы мен білім сапасы бір-бірінен ажыратуға болмайтын, өзара тәуелді, өзара сабақтас егіз ұғымға айналды. Себебі оқыту технологиясының тиімділігі сапалы нәтижелерге әкелетін факторларды үйлесімділікпен басқаруға тікелей байланысты болса, ал үйлесімді басқару жүйелілік арқылы сапаға қол жеткізудің басты шарты болып саналады. Сондықтан отандық та, әлемдік те ғылымда педагогикалық технологияларға арналған зерттеулер аясы кеңейе түсуде. Компьютердік оқыту технологиясына қатысты ғылыми ізденістер уақыт өткен сайын жаңарып, жаңғырып, толығып, дамып келеді. Зерттелген сайын оның жаңа өрістерінің де кеңейе түсуі бұл мәселенің өміршеңдігін танытады .

Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасаған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасынының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгеруге кепілдік бермейтіндігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігін жоғарлатуды көздейді.

Оқу процесінде компьютерлік технологияны қолдану ойды кеңейтуді іске асырып жаңа әдістің пайда болуына, оның ұйымдастыру түріне әкеледі. Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып табылатын компьютер. Бүгінгі келіп жатқан техникалық жаңалықтардың ішіндегі айрықша орын алатыны – интерактивті тақталар – педагогтардың оқыту үрдісін көрнекі, анық етеді, сондай-ақ, кері байланысты сапалы жүзеге асырады.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің оқытушы үшін артықшылығы:

1.Оқытушы жаңа материалды сынып ортасында тұрып түсіндіруге мүмкіндік береді;

2.Кез-келген қосымшалардың үстіне сурет салуға және жазба жазуға мүмкіндік береді;

3.Артық уақыт, күш-жігер жұмсамай тақтадағы кескінді, сабақ уақытында жасалған жазбаларды сақтауға және баспаға беруге, және материалды қабылдау деңгейін тексеруді жеңілдетеді.

4.Оқытушыларды оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кәсіби шеберлікке ынталандырады

5. Оқытушылар үшін интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылығы:

6.Сабақты қызықты етеді және білім алушы мотивациясын дамытады;

7.Ұжымдық жұмысқа қатысуға, жеке және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көп мүмкіндік береді.

8.Оқыту материалының түсінікті, тиімді және өзгермелі берілуінің арқасында оқушылар қиын сұрақтарды жеңіл және тез қабылдайды.

9.Білім алушы шығармашыл түрде жұмыс істей бастайды және оздеріне деген сенімі арта түседі.

Бірақ та тақта — тек қана құрал, ал оқыту үрдісінің тиімділігі көбінесе мұғалімнің шеберлігі мен арнаулы программалық қамсыздандырудың сапасына байланысты екенін естен шығармағанымыз жөн. Осылайша, интерактивті тақтаны қолдану оқу үрдісін кемелдендіруге жаңа мүмкіндік береді, білім алушы мен оқытушының өз бетінше атқаратын және бірлескен жұмыстарын шығармашыл етеді.

Бағдарламалық – ақпараттық жиынтық «Интерактивтік тақта» дегеніміз бұл дәстүрлі тақтаның барлық сапасына ие және мынадай кең мүмкіндіктері бар тақта:

·          экрандық кесікіндердің графикалық түсініктемелерін беру;

·          бір мезгілде сыныптың барлық білім алушылардың істеген жұмысына сараптама жүргізуге және тексеруге мүмкіндік туғызады;

·          табиғи амалмен (ұсынылатын ақпарат ағынын арттыру есебінен) білім алушылардың оқу жүктемесін арттырады;

·          оқытуға жаңа құлшыныстың алғы шарттарын дайындайды;

·          сұқбатқа құрылған оқытуды жүргізеді;

·          кей әдістерді пайдаланып, қарқынды әдістеме бойынша оқытады.

Интерктивті тақтамен жұмыс жасау тәжірибесі стереометрия сабақтарында, функциялар мен олардың графиктеріне арналған алгебралық сабақтарында, оқулығынан тыс сабақтарда қолдануда көрініп отыр.

Интерактивті тақтаны оқу үрдісінде пайдалану нәтижесі.

·        тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемі ұлғайды.

·           пәнге деген қызығушылығы артады, дағды, зейін т.б. дамиды.

·  Тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбегендерге тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі.

·          Сурет, сызбалар, дыбыстық әсерлер, қимыл анимациялары іске асырылады.

·          Дидактикалық материал қоры ұлғайды. Жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталып оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады.

·          Электрондық оқулықты, интернет желісін сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда, сонымен қатар олимпиадаға дайындағанда қолданылады .

Сонымен интерактивті оқыту технологиясының басты ерекшелігі оқыту үрдісінің пассивті тыңдаушысы емес, белсенді қатысушысы, керек қажетті материалмен тікелей жұмыс істеуші. Бұған қазіргі оқытудың жаңа технологиясы мүмкіндік беріп отыр. Ал басты мақсаты оқушының ойлау, табу, шешу қабілеттерін дамыту болып табылатын математика пәні үшін озық технологияның орны ерекше. Сондықтан да математиканы оқыту әдістемесі жаңа әдіс, амалдармен толығуда. Бұл әдістерді қайталау, бекіту, жаңа тақырыпты түсіндіру сабақтарында еркін пайдалануға болады.

Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды

2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.

3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады

4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады

5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.

6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

7. Сабақтың өнімділігі артады.

8. білім алушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Сонымен ғылым мен техниканың даму ғасырында мұғалім инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда сабақты дайын күйінде бағалайды, білім алушының өзі ізденіп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушы міндетіне білім алушының іс-әректіне бақылау ғана жатады.

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялықәдіс-тәсілдерін қолданып, оқушының жеке тұлға тұрғысынан қарастыратын болса, оқытудың сапалы болатындығын және ең негізгісі білім алушылардың пәнге деген қызығуы мен жауапкершілігі, өз бетімен жұмыс істеу ынтасы, ізденушілік– шығармашылық, зерттеушіліу қабілеттері артады. Ендеше әрбір жаңашыл педагог оқу үрдісінде түрлі инновациялық және интерактивтік әдістемелерді пайдалан білсе, сабақ сапасының жақсара түсетіні сөзсіз.

 


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Математика және физика » журналы №4, 2007 жыл

2.«Физика» журналы №6, 2006 жыл 

3.Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 жыл

-75%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Математика сабағындағы дидактикалық ойындар (42.14 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт