Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  4 класс  /  Математика сабағы 4 сынып

Математика сабағы 4 сынып

Математика саба?ы 4 сынып

Саба?ты? ма?саты:

1.Бір та?балы сан?а к?бейту ж?не б?луді ?айталау, ал?ан білімдерін тияна?тау.

2.О?ушыларды? ойлау, танымды? ?абілеттерін, белсенділігін арттыра отырып, шы?армашылы? ?абілетін дамыту

3.?йымшылды??а, шапша?ды??а, ?з беттерімен е?бектене білуге т?рбиелеу.

25.01.2017

Содержимое разработки

Г.Т.Мажибаева, бастауыш сынып мұғалімі

ШҚО, №4 Күршім орта мектебі



Математика сабағы 4 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Білімді тиянақтау.

Сабақтың мақсаты:

1.Бір таңбалы санға көбейту және бөлуді қайталау, алған білімдерін тиянақтау.

2.Оқушылардың ойлау, танымдық қабілеттерін, белсенділігін арттыра отырып, шығармашылық қабілетін дамыту

3.Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, өз беттерімен еңбектене білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігің: интерактивті тақта,элекронды оқулық.

Сабақтың түрі: қайталау,білімді бекіту.

Сабақтың барысы:

I.Үйымдастыру кезең

1) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2) Мақсатын түсіндіру, бүгінгі сабақ «Математика» әлеміне сиқырлы таяқшаның көмегімен саяхат жасау. 3 қатар 3топ болып жарысамыз. Жұмыс істеген кезде ұйымшылдықпен, бір-біріңді тыңдап, тыныштық сақтауларың керек.

3) Психогимнастика жасау.

II. Білімдерін тексеру.

Математика әлеміне жету үшін біз тапсырмалар орындаймыз.

1 тапсырма: тест сұрақтары «Өрнектер мен теңдеулер» (Г.Нурғалиева «Математика 4 сынып» электронды оқулық).

III.Жаңа сабақ.

Кіріспе.

Әсем әуен естіледі. Сиқырлы таяқшаның көмегімен «Математика еліне» келдік. Бұл елді білімді, ақылды «Математика» басқарыпты. Мұнда еріншектер мен жалқауларды кіргізбейді. Математика біздің білімімізді тексеру үшін тапсырмалар дайындап қойыпты.

Жұмбақ шешу: Сауыттан мықты шапаны,

Жәндіктің нағыз шабаны.

(тасбақа).

-Ендеше,бүгінгі шығаратын есебіміз тасбақаның жүрісіне байланысты екен.

Оқулықпен жұмыс. № 2.

Тасбақа 1 мин- 5м

Жаяу адам -? 20 есе шапшаң жүреді.

Жаяу адам - 1сағ тасбақаға қарағанда неше метр артық жол жүреді.

Шешуі: 20*5=100м 1сағ-60мин

60мин*5м=300мин тасбақаның 1сағ жүргені

60мин*100м=600м жаяу адамның 1сағ жүргені

600-300=300м артық жүреді.

№4 .Әр топтан бір-бір бала шығады.

Г.Нурғалиева «Математика 4 сынып» электронды оқулық. «Сан құру». (әр топтан бір бала айтады).

Сергіту сәті «Қара жорға» биі.

№ 6.теңдеу шешу. 3 қатардан 3 бала шығады.(қосымша тапсырма).

№ 9. Екі тәсілмен орындау.(әр топтан бір бір баладан шығады).

(3200+160+64):8 (2500+150+75):5 (360+72):9

IV Қорыту. Сиқырлы таяқшаның көмегімен сыныпқа оралу.

  • Балалар, сендерге бүгінгі «Математика әлеміне саяхат » сабақ ұнады ма ? Ендеше бүгінгі сабаққа қатысқан топтарды бағалау үшін, тағы бір тапсырма орындайық. ( Г.Нурғалиева «Математика 4 сынып» электронды оқулық). Дұрыс орындасақ, бүгінгі сендерге қойылатын бағаларын бір сөзбен айтылады.

V. Үйге тапсырма.

-80%
Курсы повышения квалификации

Развитие пространственных представлений школьников в обучении математике в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 36 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
3000 руб.
600 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Математика сабағы 4 сынып (10.57 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт