Меню
Разработки
Разработки  /  Классному руководителю  /  Мероприятия  /  10 класс  /  "Мамандығым -мақтанышым!"

"Мамандығым -мақтанышым!"

  1. Маманды?ым -ма?танышым маманды? та?дау?а байланысты 10сынып о?ушыларына ж?ргізілген тренинг.
20.04.2017

Содержимое разработки

Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебі












Мамандығым- мақтанышым

(мамандық таңдау бойынша бағыт-бағдар)



















Өткізген: педагог-психолог

Г.К.Қабенова


Сабақтың тақырыбы : «Мамандығым - мақтанышым»

Сабақтың мақсаты: Өткен сабақты қайталау арқылы, оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру және сабақты сайыс түрінде өткізу.

  1. Білімділігі: Өткен сабақты қайталау арқылы оқушыларға мамандық

түрлерімен таныстыру.

  1. Дамытушылығы: Сайыс сабақ болғандықтан оқушыларға бірнеше сұрақтар қою арқылы, мамандыққа баулу және өнерге қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

  2. Тәрбиелігі: Болашақ маман иелерін дұрыс таңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: 3 бөлімнен тұрады.

1 бөлім. Қайталау сабағы.

2 бөлім Сайыс сабағы

3 бөлім Қорытынды сабақ.

Пәнаралық байланыс: Математика, тарих, бейнелеу өнері, биология.

Сабақтың құрал-жабдығы: Интерактивті тақта, қима қағаздар.

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ –жауап, сайыс өткізу, слайд көрсету

Сабақтың барысы:1 Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, Оқушыларды белгілеу, зейін, ынтасын сабаққа аудару, Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

1- Слайд

Сабақтың бірінші бөлімі

2. Өткен сабақты қайталау. Бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін өткен сабақты еске түсірейік, ол үшін оқушы ойларын дамытуда, есте сақтау қабілеттерін оятуда бірнеше сұрақтар қою.

2- Слайд

Сұрақ түрлері

1.Мектеп бітірген соң қандай мамандықты таңду керек?

2.Мамандықты қателеспей қалай таңдау керек?

3. Неліктен мамандықты таңдауға өте жауапкершілікпен қарау керек?

4. Кәсіби маман дегенді қалай түсінесін? - деген сұрақтарды қоя отырып, сабақты жалғастыру.

Әлемде мыңдаған мамандық түрлері бар. Осы мамандық түрлерін

қалай таңдап, қалай білу керек деген сұрақтар кім-кімді болмасын мазалайды. Оған мына бір мысалды келтіруге болады. Мысалы, сен туғаннан бойында суретті жақсы салатын қабілетін бар. Осы қабілетіңмен сен өскенше, мектепті бітіргенше айналысасын. Мектепті бітірген соң, осы суретшілік өнеріңді жалғастырып, бір орында қозғалмайтын мекемеде жұмыс жасағын келеді делік, бірақ сен ол үшін қай оқуға түсіп, оны бітірген соң қай мекемелерде сурет салумен айналысатын кәсіп бар екенің білмейсін. Сондықтан не істеу керек ?- деген сұрақтар туындайды. Ол үшін, мына төмендегі пирамида тәрізді сызылған, бес сатыдан тұратын мамандық саралаудың сызбасына көңіл аударайық. Сызба бес сатыдан тұрады, неге бесіншісі бос тұр деп те сұрақтар қойылуы мүмкін. Ол бесінші сатыға жету үшін, алдыңдағы сатыларға сараптама беру керек. Ол сараптамалар төмендегі сызбаларда көрсетілген.

3- Слайд


4- Слайд













5- Слайд
















6- Слайд














7- Слайд

Сабақтың екінші бөлімі

(Сайыс сабағы)

Сабақта оқушылардың білімін шыңдау мақсатында , сайыс бірнеше бөлімнен тұрады.

8- Слайд

Сайыс бағдарламасы

  1. Таныстыру.

  2. Ширату сайысы.

  3. Графикалық диктант сайысы.

  4. Көрініс көрсету сайысы.

  5. Сөзөрім сайысы.

9- Слайд

Сайыстың бірінші кезеңі

1. Таныстыру

1-топ Ұстаздар тобы.



10- Слайд

2-топ Дәрігерлер тобы.














11- Слайд

3- топ Дизайнерлер тобы



12- Слайд

Сайыстың екінші кезеңі

2. Ширату сайысы

Бұл сайыста терезедегі ұяшықтарды таңдай отырып, ондағы

жасырынған сұрақтрға жауап беріп, өздеріне ұпай жинау.



12- Слайд

Терезедегі ұяшықтардағы сұрақтар.

  1. «Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігің тап та, бар қалаң! ». (Бұл қай ақынның өлең шумағы).

  1. Ақылсыз адам айғайлай келеді,

Жан- жағын жайпай келеді.

................................................ (Мақалдың жалғасын тап)

  1. Пысықтауыш сұрағына «Ы» әріпін қоссаң ,Металл болып шығамын.

4. Бірінші буыным сұрау есімдігі, екіншісі сан есім.

Қос буынды біріктірсен, шыға келем газға айналып.

  1. «Көгіңде күн нұрын төккен,

Жеріңде гүл жұпар сепкен , (Өлең жолдарын жалғастыр)

  1. «Өнерлі өрге жүзер » мақалының астарыңда не жатыр.?

  2. Еңбек туралы үш мақал айтыңыз.

8. Антониміне « көп » сөзінің, тілсіз жауды тірксең.

Көз алдыңда өзгеремің, қажетті тыңайтқышқа айналып.

9. Ж. Молдағалиевтың мына өлең шумағы, қай маман иесіне арналады ?

« Анадай бесік тербеткен,

Түн қатып, сансыз дәптерге қанша түнейсің !

Суарып - білім шәрбатпен,

Дүниеде бізге жақсылық қана тілейсің !».

Сұрақтың жауаптары.

1. Абай Құнанбаевтың өлеңі.

2. Ақылды адам жай-жай келеді,

Жан- жағын байқай келеді.

3. Қалайы.

4. Не-он.

5. Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған - Өлкем.

  1. Өнерлі адам қашанда өзінің өнерің жоғары бағалайды. Себебі, өнер ешқашан да өлмейді. Қашанда өнерің өрге ассын десен, талаптанып, еңбектеніп, ізденіп жұмыс жасау қажет. Сонда ғана өнерің өрге басады.

  2. « Еңбек етсең- ерінбей,

Тояды қарының тіленбей ».

«Ер дәулеті еңбек.

Еңбегіне қарай өңбегі ».

«Бейнет- бейнет түбі зейнет ».

  1. Азон.

  2. Ұстаз.

13- Слайд

3. Графикалық диктант сайысы.

Бұл сайыста әр топқа қағаз таратылады. Оқушылар 1- 10-ға дейінгі сандарды қатрынан жазып шығады. Сұрақ оқығанда, әр санның тұсына тиісті жауабын белгілейді. Егер жауап дұрыс болса «иә» деген жауапқа,

яғни « Λ» белгісін қояды, ал қате болса « жоқ » деген жауап беріледі,

яғни «--» белгісін қояды.

14- Слайд

Сұрақтар

1.Мата талшықтан тұрады.

2.Костьюмде пропорцияның ролі ерекше.

3. Ет қамырына ашытқы қосады.

4.Мамандық таңдауда ата-ананнан көмек сұрайсың.

5.Тұздық – жеке қолданатын тағам.

6.Ыстық тағамға – ет тағамдары жатады.

7. Дәрігер – медбибі формацевт жұмыстарымен байланысты емес.

8. Дизайнер киім жасау үшін, ең алдымен қағаз бетіне түсіреді.

9. Микроскоппен аспан әлемін зерттейді.

10. Қазақстанда Менделеев кестесіндегі элементтердің 90 % кездеседі.


15- Слайд

16- Слайд

4.Көрініс көрсету сайысы.

Бұл сайыста әр топ өздерінің таңдаған мамандықтары бойынша шағын көрініс көрсетеді. Уақыт 1 минут

17-Слайд

5.Сөзөрім шешу сайысы.

18- Слайд

Сабақтың үшінші бөлімі.


Қорытынды сабақ.

Сабағымды қорыта келе,оқушыларға қосымша сұрақтар қоя отырып ,

сабаққа белсене қатысып отырған оқушылрды бағалау. Сонымен қатар мына төмендегі суретке талдау жасау. Мысалы, таңдаған мамандығына жету үшін қандай сатылардан өту керек?.




Сабақтың соңында Әділ қазылар алқасының шешімімен, әр топтың сабақта көрсеткен өнерлерін бағалап, орындар тағайындау. Мадақтаулар тапсырылды.






-75%
Курсы повышения квалификации

Адаптивная физическая культура в условиях реализации ФГОС для лиц с ОВЗ

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Мамандығым -мақтанышым!" (3.91 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт