Ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
Ақпараттық технологиялар – ақпаратты пайдалану үрдісін жеңілдетуге арналған әдістер мен бағдарламалық-техникалық құралдар жиынтығы, ақпаратты алу, түрлендіру, жіберу, сақтау және пайдалану әдістері мен құралдары. Сондай-ақ, ақпараттық технолгиялар деп микропроцессорлық және есептеуіш техниканың, сондай-ақ, ақпаратты жинау, жасау, қорға жинақтау, сақтау, талдау және жіберу жұмыстарын қамтамасыз ететін ақпарат алмасудың замануи құралдары мен жүйелері негізінде қызмет ететін бағдарламалық-құрылғылық құралдар мен қондырғыларды айтамыз.
Қазіргі қоғам мұғалімдердің алдына білім берумен қатар, оқушылардың тұлғалық маңызды қасиеттерін дамыту міндетін де қатар қойып отыр. Білім беруді ізгілендіру, оқушылардың әртүрлі тұлғалық ерекшеліктерін бағалы қарым-қатынас жасауды да көздейді. Білім оқудың мақсаты ретінде ғана емес, түрлі тәсілі ретінде де тұлғаның даму құралына айналу қажет. Қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникативтік технологиялар (АКТ) көптеген мүмкіндіктер ұсынады.
«Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып тажатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда пән мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін қосымша білім беруде қолданудың оқушыға берер пайдасы көп. Олар:
- түрлі ақпараттық-бейнелік анықтамалар, көрнекіліктер арқылы білімін жан-жақты жетілдіру, дамыту;
- өз бетінше тапсырмаларды орындау;
- оқушының үйірмеге деген қызығушылығы, үздіксіз ізденістің артуы;
- ойлау, есте сақтау қабілетінің дамуы;
- өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, графиктік моделдер түрінде жеткізуі.
Ал мұғалім үшін де маңызы өте зор. Ол мына жетістіктермен ерекшеленеді: мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс-тәсілі артады, интернетке кіру жүйесі арқылы іс-тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін игеруге қолы жетеді, мұғалім үйірме жұмысын қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады. Сабақ беру үдерісінде мұғалімдер мынадай негізгі факторларды басшылыққа алады: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру; жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу; оқушылардың теориялық-сарамандық сауаттылығын арттыру.
Компьютер – мұғалімнің басты көмекшісі. Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әртүрлі кеспелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады.
Әдеттегі оқытудың техникалық құралдарын қолданып өткізудің, АКТ мүмкіндіктерін қолданудан айырмашылықтары: білім алушылар көптеген дайын тұрған, іріктелген ұйымдастырылған, тиісті талапқа сай мүмкіндіктер берумен қатар, оқушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетімен жаңа білімдерді меңгеріп, жұмыс істеуге, әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуге жол ашады.
АКТ-ны биология сабақтарында пайдалану мұғалім мен оқушының қарқынды қызмет жасауына мүмкіндік береді, пәнді оқытудың сапасын арттыру, биологиялық объектілердің елеулі тараптарын көрсету, көрнекілік ретінде шынайы өмірді бейнелеу, алдыңғы қатарға ең маңызды (оқу мақсаттары мен міндеттері тұрғысынан) сипаттамалары зерттелетін объектілер мен табиғат құбылыстары қарастырылады. Осы тақырыпты таңдауыма әсер еткен, қазіргі біз куә болып отырған қоғамдағы ақпараттандырудың күн сайын өсіп келе жатқандығы. Ақпараттандыру адамзат қызметінің барлық саласын, соның ішінде білім беруді де шарпыды. Биология оқу курсын ақпараттандыру негізінен жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бойынша жүзеге асырылады, оның ішінде мультимедиялық құралдардыт енгізу болып табылады.
Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бір жаңа технология негіздері болып табылады.
Әр оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, электрондық оқулық пен интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Электронды оқулықты қолдану оқушылардың жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға, жан-жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі. Дейтұрғанмен, шалғайдағы ауыл мектептері үшін бұл оқулықтар тек оқулық күйінде қалуда. Электронды оқулық пен кәдімгі оқулықтың айырмашылығы көбінесе аздау болып жатады. Өйткені: оқушылардың дербес шығармашылық жұмыстарына қажетті материалдарын оқи алатындай жағдайдағы электронды оқулықтар болса дейміз. Яғни, электронды оқулықтарға тереңдетілген, іздестірілген, зерттелген материалдар, үлестірмелі тапсырмалар т.с.с берілсе ұтымды болар еді.
Қазіргі таңда оқушы – заман талабына сай ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімін тереңдетіп, қабілетін шыңдау ісін одан әрі жетілдіру үшін мұғалімдер де жан-жақты ізденімпаз, шығармашыл болуы керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек», - Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту үдерісіне жаңа көзқараспен қарау керек. Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу үдерісінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.