Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Планирование  /  3 класс  /  Мәтін және оның түрлері

Мәтін және оның түрлері

жжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжж

11.06.2019

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Мәтін және оның түрлері 15-18 жаттығу

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мәтін жайлы түсініктерін кеңейту; мәтінді талдауға, негізгі ойды табуға, ой қорытындысын жасауға, оған өз пікірін, ойын қосуға, мәтін түрлерін ажыратуға, оның түріне қарай шағын мәтін құрастыруға дағдыландыру. АКТ-ны пайдалана отырып бірлескен жұмысты ұйымдастыру, танымын, өзіндік пікірін, зерттеушілігін, сындарлы сөйлеуін дамыту, өзін-өзі бағалауын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже:. Оқушылардың мәтін жайлы түсініктері кеңейеді; болжау жасайды; қиялы, шығармашылығы дамиды; өзгенің пікірімен санаса білу, өз ойларын айта білу дағдысы қалыптасады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: диалог, топтастыру, жеке, жұптық, топтық жұмыс. Джигсо-1 әдісі, АКТ: компьютер, Power Point презентациясы, электронды оқулықтар.

Рефлексия

Қолданылатын құрал-жабдықтар:

1.Оқушының құрал-жабдықтары

2.Фишкалар, топтың аты, тілек ағашы

3. Постер, қалам, стикер, желім.

4.Дербес компьютер, принтер, скайнер, видео камера, электронды оқулық

5.Пайдаланған әдебиеттер: «Жаттығулар мен сабақ үлгілері» Р.Базарбекова: «Интербелсенді әдістеме» А.Әлімов, Б.Қосанов, Р.Базарбекова; Бастауыш сынып №4 2013; №3 2012; қазақ тілі оқулығы, ғаламтор iMekten.rz.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері. Балалар алақандарын бір-біріне тигізіп, былай дейді:

Жаңа ғасыр ұланымыз!

Жақсы оқу ұранымыз!

Сабақтарыңа сәттілік тілеймін! Қағаз қималарындағы сөздер бойынша топтасып отыра қойыңдар. Топқа бөліну: «Дыбыс», «Сөз», «Сөйлем», «Мәтін».

Өзін-өзі бағалау парағы таратылып, әр тапсырманың соңында өздері бағаларын балдық жүйемен қойып отырады.

Қызығушылықты ояту: Топтық жұмыс. Әрбір топ өзінің аты жайлы не білетінін жазып шығады. (бір оқушы ортаға шығып қорғайды)

Тұсау кесер: (Интербелсенді тақтамен жұмыс iMekten.rz. мәтін туралы түсініктемені тыңдау) –Сөйлем арқылы бір нәрсені хабарлаймыз, сұраймыз, көңіл күйімізді білдіреміз. Ал мәтіндер қандай болады? Бұл сұраққа келесі тапсырмаларды орындау барысында өздерің жауап табасыңдар.

Негізгі бөлім

Мағынаны тану. Топтық тапсырма. 1. Әңгімелеу мәтінін тап.

Әңгімелеу мәтіні қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? сұрағына жауап береді.

Күз

Күз келді. Күн суыта бастады. Адамдар жылы киінді. Құстар да жылы жаққа ұшып кетті.

Күзде біз үйге от жаға бастаймыз. Өйткені бұл мезгіл жазға қарағанда салқындау. Сондықтан бос уақытымда отын жарып, анама көмектесемін.

Күз келді. Дала сары түске боялған. Бақтағы алмалар алқызыл түске боялып, уылжып піскен. Олар өте дәмді. Алманың құрамында пайдалы дәрумендер мол.

2-топ. Сипттау мәтінін табады.

3-топ. Пайымдау мәтінін табады.

Кітаппен жұмыс.15-жаттығу. Бұл мәтіндердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? Әр мәтінге қандай сұрақ қоюға болады? 3 топ үш мәтінді талдап, жауап береді.

Дәптермен жұмыс: күн реті және көркем жазу сәті: М М М

Сипаттау мәтінін көшіріп жазу. (әр топтан 3 оқушы үш сөйлемді жазып шығады)

Сергіту сәті. Әуен ырғағымен қимыл-қозғалыс жасау.

Жеке жұмыс. 16-жаттығу. Қай суретпен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіндерін құрауға болады?

Мәтінмен жұмыс. Джигсо-1 әдісі бойынша мәтінді 3 топқа бөліп оқытып, мазмұндату.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, мақал-мәтел арқылы түйіндейді.

18-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айту.

Қорытынды

Ой толғаныс 1-топ. Бүгінгі тақырыпқа байланысты бес жолды өлең.

2-топ. Сурет бойынша әңгіме жазу.

3-топ. Өлең жазу

Үй тапсырмасы: 17-жаттығу «Менің сүйікті ауылым», «Мен демалысымды ауылда қалай өткіздім» тақырыптарына мәтін құрау. Олардың қандай мәтін екенін ажырату.

Кері байланыс: -Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?

-Қай жаттығуды орындаған қызық болды?

-Қай тапсырманы орындағанда қиналдың?

Бағалау. Оқушылардың бағалау парақтары мен мұғалімнің қорытынды баға шығаруы.



-80%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Мәтін және оның түрлері (18.32 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт