Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  2 класс  /  Мәтін және оның түрлері 159-163жаттығулар

Мәтін және оның түрлері 159-163жаттығулар

?аза? тілі п?нінен 2 - сынып?а арнал?ан саба? жоспары. Жа?а ?діс - т?сілдерді ?олдану.

27.12.2016

Содержимое разработки

Пәні: қазақ тілі

Мектеп: «Ақтанберді атындағы орта мектеп- бақша»КММ

Күні: 07.11.2016

Мұғалімнің аты- жөні: Кашкинбекова Анар Тулеубековна

Сынып- 2 «А»

Қатысқандар- толық

Қатыспағандар -

Тақырыбы

Мәтін және оның түрлері 159-163жаттығулар

Оқу мақсаттары

Оқушыларға мәтін және оның түрлері туралы түсінік  беру. Мәтін туралы білімдерін пысықтау

Бағалау критерийлері

Сауатты жазу Мәтін түрлерін білу

Әдемі жазу Мәтін түрлерін ажырата алу

Тілдік мақсат

Өз пікірлерін дәлелдеуге,өз ойын жүйелі баяндауға үйрету

Талқылауға арналған ашық сұрақтар берілген сұраққа тиянақты жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту

Ымишара. Мәтін сөйлемдерін ымишарамен келтіру.

Алдыңғы оқу

Мәтін түрлері

Жоспар

Жоспар-ланған уақыт есебі

Жаттығу түрлері

Ресрустар

Басы 5 мин

Психологиялық дайындық Әрбір адам?    Туысым,досым,жұрағат.

Әрбір сабақ?    Үйрену.ұғу,ұлағат.

Әрбір ісің?        Тірлік,тірек ,адамдық.

Әрбір сөзің?      Шындық,бірлік,адалдық

Сөйлемдер

Ортасы 35 мин

«Нақты сұрақ,дәл жауап» Мәтін дегеніміз не?Мәтін құрамындағы сөйлемдердің орнын ауыстырып айтуға бола ма?Мәтін бөліктері қалай жазылады? Мәтіннің қандай түрлері бар?

Сәйкестендіру: әңгімелеу      сипаттау     пайымдау

не істеді ?             неліктен? қандай?

Ой қорыту: 1.Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады?

2.Зат немесе құбылысты суреттеп сипаттайтын мәтінді сипаттау мәтіні деп атаймыз?

3.Оқиға,құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады?

Топтық жұмыс: 1.Алматы Іле Алатауының етегінде орналасқан.Қазақстанның ірі қаласы.Ұзақ уақыт бойы көптеген деректемелерде қаланың атауы «алманың атасы» деп аударылды.

Тақырыбы: Мәтіннің түрі: Неге олай ойлайсың? түсіндір.

2. Күз белгісін ең алдымен ақ қайың сезеді.Өйткені басқа ағаштардан гөрі оның жапырағы бұрын сарғаяды.

Тақырыбы: Мәтіннің түрі: Неге олай ойлайсың? түсіндір.

3. Лашын-жыртқыш құс.Оның арқасы көк сұр.Ал алқымы ақ сұрлау болып келеді.Көзі дөп-дөңгелек,қап-қара.Қанаты ұзын және сүйір.

Тақырыбы: Мәтіннің түрі: Неге олай ойлайсың? түсіндір

Топтарға тапсырма беру.

1.Қасқырдың суреті.Сөйлемді жалғастырып,мәтін құра. Қасқыр жыртқыш аң ,себебі.. Сөйлемді жалғастыр.Бұл қандай мәтін? дәлелде.

2.Тоқылдақтың суреті. Мен орманнан тоқылдақ көрдім...Бұл қандай мәтін?дәлелде

3. Домбыраның суреті. Асыл домбыра үйірмесіне  қатысады.Бұл қандай мәтін? дәлелде.

Жаттығу жұмыстарын өздіктерінен орындауға бағыттау, қадағалау, қолдау көрсету.

Суреттер

Соңы 5 мин

Өзін – өзі бағалау. Үйге тапсырма беру. Кері байланыс


Саралау

Қабілетті оқушымен жұмыс

Бағалау: оқушы білімін тексеру

Пәнаралық байланыс

Денсаулық пен қауіпсіздік

АКТ мен байланыс Құндылық тармен байланыс тәрбие элементі




Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қандай деңгейде өтті?Уақытты қалай пайдаландым?Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Сабақта оқушылар өздіктерінен жұмыс жасауға талпынды. Уақытты тиімді пайдалана алдым. Оқушылар мәтін туралы білімді меңгерді.



-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Мәтін және оның түрлері 159-163жаттығулар (18.15 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт