Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  6 класс  /  «Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі»

«Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі»

Оқушыларға мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.

Жалпы өсімдіктер туралы нені білетінін, нені білгісі келетінінн анықтау мақсатында балаларға БҮБ стратегиясы бойынша кесте толтырады.Кесте әр баланың қолына жеке – жеке таратылады.

19.04.2018

Содержимое разработки


Тақырыбы:  

«Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі»

Күні:14.03.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Муканова .Г.М.

Сынып

6

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Білімділік: Оқушыларға мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.
Дамытушылық: Оқушыларға мәдени өсімдіктердің негіздері және олардың маңыздылығын ашу, білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларға түрлі ойын элементін пайдаланып ойын еркін жеткізуге, ашық айтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі туралы түсінік алады, олардың маңызы мен қызметіне тоқталады.

Пән аралық байланыс

Математика, География, Селекция, Әдебиет, Тарих

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тірекстер Селекция, сорт, мәдени және жабайы өсімдіктер

Сыныптағы диалог: жекелеген тапсырмалар орындау мен пікір алмасу барысында өзара талқылау.

Талқылауға арналаған тармақтар: Мәдени дақылдардың қандай түрлерін білесіндер?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Неліктен өсімдіксіз тіршілік ету мүмкін емес?

Табыс критериі


  1. Өсімдіктердіңадамзаты үшін басты маңыздылығын біледі

  2. Өсімдіктердіңтүрлерін ажырата алады

  3. Өсімдіктердің ерекшеліктерін және маңыздылығын біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар


Алдыңғы оқу

Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушыларға 10 сұрақтан тұратын жабық тест тест тапсырмасы беріледі.

1. Жер осыдан шамамен 5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

2. Фотосинтез дегенімізбейорганикалық заттардан оргикалық заттардың түзілу процесі.

3. Риниофиттер дегеніміз жер бетіне ауысқан алғашқы өсімдіктер

4. Алғашқы тіршілік 2,7-4,5 миллиард жыл бұрын суда пайда болды.

5. Қырықжапырақтектестердің өскіншелерінде аталық және аналық аталады архегония және антеридия.

6. Жабықтұқымды өсімдіктер осыдан130 миллион жыл бұрынпайда болды.

7. Жабықтұқымды өсімдіктердің арғы тегіашықтұқымды өсімдіктер.

8. Теллом деприниофиттердің вегетативтік денесі.

9. Хромотофора дегенімізөсмдікке түс беретін пигмент.

10. Риниофиттердіңжерасты бөлігі ризомойда.

Интербелсенді тақта,

Басталуы

«Ой қозғау» әдісі Мынау қандай өсімдіктер? Оларды қалай өсіреді?

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі» деп аталады. Мақсаты: Оқушыларға мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметі тоқталып өту.

Жалпы өсімдіктер туралы нені білетінін, нені білгісі келетінінн анықтау мақсатында балаларға БҮБ стратегиясы бойынша кесте толтырады.Кесте әр баланың қолына жеке – жеке таратылады.

Бір оқушы тақтаға кестені толтырады.

Білемін

Үйрендім

Білгім келеді





Муляж




Слайд







Ортасы































Сергіту сәті







Шеңберлі сызық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты графикалық суреттеп шығады. Ол үшін оқушыларға шеңбер бөліктері қиылып таратылады сол қиындыларға оқушылар өз ойыларын сипаттайды.




Мәдени өсімдіктер
















1.Тапсырма Ойлан есте сақта!

Мәдени дақылдар

Мәдени дақылдарға жататын өсімдіктер

Көкөністік

Орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, қияр, пияз, зәйтүн, картоп, т.б.

Жеміс-жидек дақылдары

Алма, алмұрт, қара өрік, шие, құлпынай, жүзім, алхоры, т.б.

Май алынатын өсімдіктер немесе техникалық дақылдар

Күнбағыс, соя, қыша, рапс, зәйтүн, т.б.

Даражарнақтылар немесе астық тұқымдастар

Бидай, сұлы, арпа, күріш, жүгері, тары, қарабидай т.б.

Сергіту сәтін өткізіп жіберейік, орындығының шеттеріне шығайық


2 тапсырма Биологиялық есептер шығару

1. Дүкенде 500 кг пияз болды. Пияздың біраз бөлігі сатылғаннан кейін, онда 140кг қалды. Неше килограмм пияз сатылды?
2. Асханаға 17кг сәбіз, одан 49кг артық картоп әкелінді. Асханаға барлығы неше килограмм көкөніс әкелінді?
3. Заравшан аршасы жылына 1,2 см өседі.50 жылда шамамен қанша см өседі?

Есептер жауабы

1.Есеп. 500-140=360

2.Есеп. 17+49=66

3.Есеп.1,2 х 50 =60

Полиглот

1. Ең тез өсетін өсімдік? Бамбук-Bamboo

2. Өсімдіктің қай мүшесі жасыл асхана деп аталады? Жапырақ-Лист- sheet

3. Адам қолымен өсірілетін өсімдіктер?Мәдени-культурное-Cultural

4. Өсімдіктін жер асты мүшесі?Тамыр-корень-root

5. Ең ірі жеміс? Асқабақ-тыква-pumpkin

6. Дүниеде ең бик ағаш? Эвкалипт-Eucalyptus

Қосымша ақпараттар





Интербелсенді интерактивті тақтаға қарап қимылды қайталайды





Аяқталуы









Үйге тапсырма:




Неліктен өсімдіксіз жер бетінде тіршілік ету мүмкін емес?

Деген сұрақ бойынша оқушылар өз ой қорытындыларын ортаға салады.

Сабақты қорыту мақсатында оқушылармен «Автор орындығы» әдісін ұйымдастырамын. «Қорашаған орта министрі»

Қойылатын сұрақтар

  1. Қазіргі кезде селекция жайлы сіздің қандай ойларыңыз бар?

  2. Мәдени өсімдіктердің шығу тарихы жайлы не айтасыз?



Тақырыпты оқу, мазмұндау, ВЕНН диаграмасы бойынша Мәдени мен Жабайы өсімдіктерді салыстыру.



















-75%
Курсы повышения квалификации

Методика обучения биологии в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі» (38.48 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт