Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп № 3 Мерзiмі:
Тақырып:Мәдени мұра – халық игілігі
Құндылық:сүйіспеншілік
Қасиеттер:мейірім, қуаныш, достық.
Мұғалiм:Джолова М.А
Сынып 6
Сабақ мақсаты:Оқушыларға ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға мирас ретінде жететін мәдени мұра, атамұра ұғымдарының рухани құндылық ретіндегі маңызын ұғындыру. Міндеті: Білімділік: Оқушыларға әдеби-мәдени мұралар, қазақ халқының салт-дәстүрлері, атамекен, атакәсіп туралы түсінік беру; Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық құндылықтарға, мәдени мұраларға деген сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету; Тәрбиелік: Ата-баба мұрасын асыл қазына ретінде қастерлеуге, құрмет тұтуға және олардан тағылым алуға тәрбиелеу. | Көрнекілігі:
|
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақ қызықты, тиімді өтуі үшін бес ережені сақтаны
| Сабақ барысын талқылау: |
Тыныштық сәті Алтын балық. Жаздың жайма-шуақ керемет бір күні,мен судың жағасында дем алып отырмын.Күн қапырық болып, ысып кетті. Суға секіріп түсіп, рахаттана шомылдым. Не деген керемет!Өзімді судағы балықтай еркін, жайлы сезіндім.Су астына сүңгіп тереңдей бердім. О, ғажап! Мына сұлулықты қалайша көрмегенмін. Су асты патшалығына кез болдым. Айналам сондай әсем, сұлу дүниеге толы. Өте әдемі өсімдіктер, ағаштар, көздің жауын алатын лағыл тастар, інжу маржандар. Балықтың небір әдемі түрлерін көрдім. Осынау сұлулыққа тоймай қарап тұрған кезімде, балықтардың арасынан басына тәж киген, жан-жағына жарық шашып келе жатқан «алтын балықты» байқадым.Қызығып кетіп, оны ұстап алдым. Мына кереметті қара, дәл ертегідегідей сөйлеп қоя берді: «Әй, жас өркен, мені жібер, айтқанымды істесең, үш тілегіңді орындаймын». Мен ойланып, толғанып, алтын балықты жөніне жібердім. Ішімнен үш тілегімді ойлап, су бетіне жүзе жөнелдім». Қане, бәріміз көзімізді ашамыз. Ішімізден ойлаған тілектерімізді болашағымызға ала кетейік. Тілеген тілектеріңіздің толық орындалуын шын жүректен тілеймін! |
|
Дәйексөз. «Елдің елдігін сақтайтын – әдебиеті, тарихы, сал-дәстүрі» М.Жұмабаев Нақыл сөздің мәнін ашатын мысалдар келтіріңдер. |
|
Әңгiмелеу (сұхбат) Мұра, атамұра дегенді қалай түсінесіңдер? Халықтың данышпандығы арқылы жасалған игіліктердің адам өміріндегі маңызы неде? Қандай мұраларды ата-бабадан қалған мирас дейміз? Мәдени мұраға нелер жатады? Атамұра адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Өздеріңнің отбастарыңда ата-бабадан қалған қандай мұралар бар? Ол мұраларды қалай қадірлеп ұстайсыңдар? |
|
Топпен ән айту Бабаларым, рақмет сендерге! М.Мақатаев Бабаларым, Рақмет сендерге! Балаларым болмасын деп көр-кеуде, Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің, Өмірге мен мылқау болып енгенде. Бабаларым, Рақмет сендерге! Жыраулардың жазбай кеткен жырларын, Арулардың ашпай кеткен жырларын, Қорқытыңның қорқынышты мұң-зарын, Қобызыңның шанағынан тыңдадым. Құлазыған сенің құла түздерің, Не білмеген, не көрмеген, ізгі елім. Жазылмаған тарихымның жолдарын Ауызекі аңызынан іздедім. |
|
Қорытындылау,соңғы тыныштық сәтi.
. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын! |
|