Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Практикумы  /  Дошкольникам  /  «Логикалық ойындар арқылы баланы дамыту»

«Логикалық ойындар арқылы баланы дамыту»

Предназначено для детей дошкольного возраста.

13.02.2017

Содержимое разработки

Алибекова Гульмира Сулейменовна

«МҚКК - № 3»

Тәрбиеші.




«Логикалық ойындар арқылы баланы дамыту»





Осы өмірдің есігін ашып, ең алғаш рет жер басып, жүре бастағаннан бала өмір сүруге үйренеді. Үш- төрт жасқа дейін ол қоршаған ортаны тани бастайды, қайырымдылық, сүйіспеншілікті - анасынан, күштілікті әкесінен, ақылдылық қасиетін – ата-әжесінен үйренеді. Ал 5-6 жасқа жеткен кезде біз балабақшада қосымша білім береміз. Осы алған білімдері көп жылдар өтсе де, өмірден өз орнын тауып, жақсы адам, кәсіби маман болуына себеб болады. Ұлы Абай айтқандай өмірге кірпіш болып қаланады.

Қарапайым сөзбен айтсақ осы кірпіштің сапасы балабақша мамандарына да байланысты, себебі балабақшаның тәрбие жұмысының негізгі мақсаты: қазіргі өмір талабына сай, дені сау, ақыл, ой- өрісі кең, адамгершілік қасиеттері мол жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін өзінің негізгі іс- әрекеті- ойын.

« Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?! » дейді біздің қазақ халқымыз. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С. Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады».

Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, оның іздемпаздық, тапқырлық қабілеті оянады. Ойын бала үшін нағыз өмір.

Баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда логикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.

Басқа ұлт өкілдеріне, әсіресе жазбайтын, оқымайтын балаларға тіл үйретудің өте қиын екендігі белгілі. Дегенмен 4-7 жас арасындағы балалардың сөзді қабылдау, есте сақтау қабілеті өте жоғары. Жұмысымызда осы ерекшеліктеріне біз мән береміз.

Қазақ тіліне оқытуда логикалық ойын маңызды құрал болып есептеледі.

Мен ойын арқылы білімді меңгеріп және оны бекіту үшін дағды мен әдепті қалыптастырамын.

Балабақшада жиі қолданатын логикалық ойын түрлерін өткіземін:

  1. Ойыншықпен және түрлі ойын материалдарымен ойналатын ойындар.

  2. Үстел үстінде ойналатын ойындар «Лото», «Домино», т.б.

  3. Сөздік ойындар.

  4. Панно

логикалық ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады:

- логикалық тапсырмалар

- мазмұны

- ережесі және ойынның

- орындалуы.

Мұнда басты элемент – логикалық тапсырмалар, қалған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі.

Тапсырмалар әр- түрлі болады ( жоспар тақырыптарына сай).

Ойын ережелерге сүйенеді. Ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жету жолдарын көрсетеді және ақыл- ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай топтағы балалардың өзін- өзі ұстауға, өздерінің мінез- құлықтарын қадағалауға үйретеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады:көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді.

Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір- бірімен қарым- қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жене білуіне көмектеседі. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.

Логикалық ойындар жоспар бойынша сабақта немесе сабақтан тыс уақытта өткізіледі.

Ойынның мақсатын сақтап, балалармен бірге ойнаймын, ойынның ережесін қатан сақтауға үйретемін.

Логикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет:

  • ойынды дұрыс таңдап алу,

  • сабақтың мазмұнына сәйкесті болу,

  • балаларға түсінікті болу,

  • жас ерекшеліктеріне сай болу.

Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естиярлар топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады, сөйлемнің диалог- монолог формасы күрделеніп дамиды.

Логикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын,зейінін, салыстыру,жіктеуге, өзін- өзі бақылауға үйретеді.

Осымен, балаларды қазақ тіліне сөйлей білуге үйретуде келесі талаптардды қоямын және орындауға тырысамын:

  1. әр сөзді тұрақты түрде есте сақтау;

  2. сөз таныс заттарға байланысты болуы;

  3. әрбір сөзді үнемі пайдаланып, қайталап отыруы;

  4. сөздік қорын молайту;

  5. қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге үйрету.

Еліміздің өркениетті елдер қатарына кемелденуі, оның әдебиеті мен мәдениеті, экономикасы мен өндірісінің дамуы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне байланысты, олардың достық пен ынтымақтастықты сезініп өсуіне, өмір сүріп отырған елінің мемлекеттік тілін жете меңгеріп, тілдің қадір- қасиетін, беделін көтеру, оны күнделікті өмір қажетін, өтерлік қарым- қатынас құралын дәрежесіне жеткізу ата- аналар мен біз, ұстаздардың үлесіне тиетін жауапты міндет.

Елбасы Н.Назарбаев деген: «Қазіргі жас буын, бүлдіршіндер – мемлекетіміздің – мығым тірегі».











Интелектуалдық ойындардын картотекасы:



«Бұл неге ұқсайды?»

Кімге ұқсайды және неге ұқсайды?

Үстел

раушан гүл;

теректін жапырағы;

ұлпақар. Неліктен?




Айырмашылығы


«Теріс айытшы»

-Көже ыстық, ал балмұздақ..;

-үстел биік, ал орындық...

- апельсин тәтті, а пияз …

-алма қатты, а слива ….

- қырққабат үлкен, а картоп …

-сарымсақ ашты, а слива …

- слива кішкентай, а апельсин …

-мийіз кішкентай, а алма….




Мыйға арналған штурм




- өзенді қалай өтуге болады, аяқты суға батырмай?

-Решетомен суды қалай апаруға болады?



Ойын «Кім кіммен достасады?»


Лампа, абажурмен дос.

Қалам — қағазбен.

Кассета — магнитофонбен.

Фотография — фотоаппаратпен.

көрпе — жастықпен, краватпен үйықтайтын адаммен.

Ктап —баламен, үстелмен,шқаппен.

сағат—қабырғамен, адамның қолымен

өзен— орманмен

мысық- тышқанмен.

үшақ— аспанмен


«сөйлемді жалғастыр»

-менім мектепке барғым келеді, үйткені …

-менім балабақшаға барғым келеді ….д,б.


"Нені үмытып кеттін?"


Ойынды өткізетін методикасы:

Балаларға әр түрлі таныс қимыл әрекет туралы атайды, нені үмытып кеткені туралы жауап балалар береді.

мысалы:

оянды–киінді–таңғы ас ішті-балабақшаға барды.

  • Нені үмытты?
    үмытты"Амандасуға !", жуынуға, тісін тазалаған жоқ,ыдысын жинаған жоқ.

Тапсырма:

1.Өзенге шомылуға бардын:өзенге жақындадын–костюмді,көйлекті,шалбарды шештін,–суға кірдін.нені үмыттын?

2.көже пісірдін: кастрольге –ет,картоп, сәбіз,пияз салдын,отқа қойдын?нені үмыттын?

3.Жолаушы нені үмытты, көшеге шыққанда?сол жаққа қарады, жолды өтті.

4.Адам жуынады.умывальникке жақындайды, кранді ашады, қолын сабындайды, бетін, бетін шаяды,кетіп қалады.

« Суретті жина».

Әр түрлі суреттелген суреттерді, тәрбиеші қыйяды ,балаларға ұсынады суретті жинауға





Беттерін сурет арқылы көрсет













Бақаның суретін аяқта























Осы берілген суреттерді әр түрлі оюлармен әшекелейміз







-80%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Логикалық ойындар арқылы баланы дамыту» (145.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт