ЛАЗЕР
лазер (ағылш. laser , ағылш. light amplification by stimulated emission of radiation - жарықты мәжбүрлі сәулелену арқылы күшейту қысқашасы) — лазер, оптикалық кванттық генератор — толтыру (жарық, электр, жылу, химиялық және т.б.) энергиясын когерентті, монохроматты, поляризацияланған және тар бағытталған сәулелену ағынының энергиясына түрлендіруші аспап.
ЛАЗЕР
- Лазерлік спектроскопия
- Лазерлік материалдар
- Лазерлік гироскоп
- Лазерлік өту
- Лазерлік термоядролық топтау (ЛТТ)
- Лазерлі басу құрылғысы
- Лазерлі оймалау
Лазерлік спектроскопия Лазерлік сәулелену көмегімен алынған жарықтың жұтылу, шығару және шашырау спектрлерін оқып-зерттейтін спектроскопия бөлімі.
Лазерлік материалдар Лазерде актив орта жасау үшін қолданылатын зат.
Лазерлік гироскоп Әсері тұйық канал бойынша бір-біріне қарама-қарсы жүгіретін екі лазер шоғын пайдалануға негізделген кванттық гироскоп
Лазерлік өту Лазер сәулеленуін генерациялауға қолданылатын атомның немесе молекуланың энергия деңгейлері арасындағы өту.
Лазерлік термоядролық топтау (ЛТТ) Жоғары температура, затқа лазер жарығымен сәуле беру жолымен оны сыққан кезде жасалатын термоядролық топтау.
Лазерлі басу құрылғысы ксерографиялық типтес басу аппараты (таңба жинақтау қүрылғысы). Мұнда таңба белгілері лазер сәулесі әсерімен сәулесезгіш барабанда көрінбейтін жасырын бейнелер ретінде қалыптасады. Содан кейін ол ксерографиялық әдіспен қағазға беріліп ұнтақты бояумен айқындалады.
Лазерлі оймалау форма материалдарында лазер сәулесін оймалау аспабы ретінде пайдаланып, басу бейнесін қалыптастыру. Жайпақ офсет және ойыңқы басу түрлерінің формаларын жасауда қолданылады.
Мазмұны 6Лазерлік спектроскопия 7Лазерлік материалдар 8Лазерлік гироскоп 9Лазерлік өту 10Лазерлік термоядролық топтау ( ЛТТ ) 11Лазерлі басу құрылғысы 12Лазерлі оймалау 13 Дереккөздер
Дереккөздер Жоғарыға көтеріліңіз↑ Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3 Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001 Жоғарыға көтеріліңіз ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0 Жоғарыға көтеріліңіз↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0 Жоғарыға көтеріліңіз↑ Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.