Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  1 класс  /  Күш пен қозғалыс Қозғалыс дегеніміз не?

Күш пен қозғалыс Қозғалыс дегеніміз не?

Барлық оқушылар: әртүрлі денелердің қозғалысына мысалдар келтіруге тырысады.

Көптеген оқушылар: қозғалыстың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын анықтай алады.

Кейбір оқушылар: жасаған тәжірибесін түсіндіреді және белгілі бір қорытындыға келеді.

08.01.2019

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2С бөлім: Жиын және оның элементін белгілеу. 

Мектеп: №62 ЖББ ОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айхынбаева А.Е.

Сынып: 1 «А»

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны: 0


Сабақ тақырыбы

Күш пен қозғалыс Қозғалыс дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру;

1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: әртүрлі денелердің қозғалысына мысалдар келтіруге тырысады.

Көптеген оқушылар: қозғалыстың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын анықтай алады.

Кейбір оқушылар: жасаған тәжірибесін түсіндіреді және белгілі бір қорытындыға келеді.

Бағалау критерийлері

Қозғалыс дегеніміз дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы екенін біледі. Ол үшін олар ойыншық мәшинелермен тәжірибелер жүргізеді;

  • мәшинелердің көлемі олардың жүріп өткен қашықтығына қалай байланысты екенін түсінеді.

Пәнаралық байланыстар

Математика. Ұзындықты өлшеу. Тәжірибелік жұмыс кезінде оқушылар ойыншық мәшиненің жүріп өткен қашықтығын белгілейді, салыстырады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, компьютер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин









Ширату. Жеке жұмыс. «Мен ...алмаймын, есесіне .... аламын» ойыны.

Оқушылар жеке өздері туралы екі пікір айтады. Оның бірі жақсы жасай алатын іс-әрекеті болса, екіншісі қолынан келмейтін ісі болуы тиіс. Мысалы, « Мен бәліш пісіре алмаймын, есесіне керемет жүземін»

  • Миға шабуыл. Видеоролик тамашалау «Қозғалыстағы денелер» туралы

  • - Қандай тұжырым шығаруға болады?

  • Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • - Бүгінгі сабақта қозғалыстың не екенін білетін боласың.







Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

7 мин

































8 мин















7 мин














8 мин






Түсінік беру. Қозғалыс- бұл дененің бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы.

  • Суретпен жұмыс

Ажырат. Денелер мен заттар кейбірі өздігінен, ал басқалары — күш түсіру әсерінен қозғалады.

-Адамдар мен жануарлар қалай қозғалады? (Жүгіреді, секіреді, жүреді, бауырымен жорғалайды.)

-Жансыз денелер қозғалуы үшін не істеу керек? (Итеру немесе тарту керек.)

-Суреттегі денелердің қайсысы өздігінен қозғала алады? (Негеш пен мысық — жанды ағзалар.)

-Ойыншық мәшине қалай қозғалады? (Оны итеру керек.)

Арба қалай қозғалады? (Итеру немесе тарту керек.)

-Шана қалай қозғалады? (Тарту керек.)

-Итеріп жібергенде қозғалатын денелерге мысал келтіріп көріңдер.

Заттар күштің әсерінен қозғалады. Мысалы, ойыншық машинаны итерсең, ол алға қарай жүреді немесе орнын ауыстырады.


1-тапсырма. Жеке жұмыс «Қазына іздейік»

Мұғалім «қазыналы» қобдишаны ұсынады. . Оқушылар қобдишадан тақырыпқа қатысты ақпараттарды табады, қатысты еместерін де қатысы жоғын дәлелдеп өтеді. Қобдишаның ішіндегі сөздер оқушыларға талқылау үшін ұсынылды. Бір оқушы бір сөзді алады, қимылмен көрсетеді, қай жерден көруге болады? Деген сияқты сұраққа да жауап береді. Қобдишадағы сөздер мысалға мынандай: секіреді, (ұшады, жүзеді, қалқиды...т.б.)

-Не секіреді?

-Енді қимылмен көрсет.

Тапсырма барысында қателескен оқушыларға басқа топ мүшелерінің немесе мұғалімнің көмегі нәтиже арқылы саралау көрсетіледі.

ҚБ қошеметтеу арқылы бағаланады.

«Болжам» Біраз дененің қозғалысын анықтап көрдік. Енді күнделікті қозғалыстағы машиналардың қозғалысын зерттеп көрейік. Қалай ойлайсыңдар, егер үлкен жүк машинасы мен жеңіл машинаны бір мезетте жоғарыдан төменге қарай жіберсе, екеуінің қайсысы ұзағырақ жүреді? (болжамдарын тыңдау)

Ендеше, зерттеп, болжамдарыңның дұрыс-бұрыстығын анықтайық.

2- тапсырма. ЖЖ «Зертте!» Ол үшін 3 шағын топқа бөлінеміз. (үш түрлі машина суреті салынған суреттерді алып, сол бойынша топқа бөлініп отырады.)

Әр топқа көлбеу төбешік әзірлеу үшін құралдар қажет (осы мақсатта кітаптарды пайдалануға болады), сызғыштар немесе сантиметрлік таспалар, бір­бірден ойыншық мәшинелер керек. (Үш топқа үш түрлі машина беріледі. 1-топқа-жеңіл машина, 2-топқа- жүк көлігі, 3- топқа- ауыр жүк көлігі)

Нұсқау

• Ағаштан төбешік жасаңдар. Ол үшін қолайлы заттарды, мысалы, әртүрлі қалыңдықтағы кітаптарды қолдануға болады.

• Стикер жолағының көмегімен төбешік төбесіндегі бастапқы нүктені белгілеңдер.

• Мәшинені бастапқы нүктеге қойыңдар.

• Мәшинені ақырын итеріңдер.

• Стикердің келесі жолағымен мәшиненің тоқтаған жерін белгілеңдер.

• Мәшиненің бір стикерден екінші стикерге дейін жүріп өткен жолын сызғышпен немесе сантиметрлік таспалардың көмегімен өлшеңдер.

• Нәтижесін жұмыс дәптеріне жазыңдар.(менде А4 арнайы кесте жасалған)

• Стикер жолағымен жолдың ортасын белгілеңдер.

• Мәшинені жаңа санақ нүктесіне қойыңдар.

• Енді мәшинені итеріңдер.

• Стикер жолағының басқа түсімен мәшиненің тоқтаған жерін белгілеңдер.

• Мәшиненің бір стикерден екінші стикерге дейін жүріп өткен жолын сызғышпен немесе сантиметрлік таспаның көмегімен өлшеңдер.

• Нәтижесін жазыңдар.

• Алдыңғы деректермен салыстырыңдар.

Жұмыс барысында оқушылардың назарын “мәшине жоғары жақта болды, қозғала бастады, төменге келіп тоқтады” деген ойға аударыңыз.

Нәтижесінде оқушылар “қозғалып келе жатқан мәшине өзінің орнын өзгертті” деген қорытындыға келеді.

Осы жұмыс нұсқауға сәйкес және дәстүрлі өлшем бірліктерді пайдаланып, өлшеу жұмыстарын жүргізе алу дағдысын арттыруға, өлшеу нәтижесін жазуға, көрсеткіштер арасындағы айырмашылықты түсіндіруге, сонымен қатар олардың зерттеу нәтижесіне қалай әсер ететіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Өлше. Зерттеу кезіндегі Ахметтің және оқушылардың мәшинелерінің жүріп өткен қашықтығын салыстыруды өтініңіз. Математикалық салыстыру белгілерін пайдаланып, нәтижені жазуды ұсыныңыз. Кімнің мәшинесі ең ұзақ қашықтыққа жүрді? Неге олай болғанын ойлансын. Олардың болжамдарын тыңдаңыз. Жауап алу үшін келесі тапсырманы орындау керек.


Ойлан. Негештің және оқушылардың мәшинелерінің мөлшеріне назар аудартыңыз. Егер төбешіктен үлкен жүк мәшинесі мен жеңіл мәшинені бір мезетте жіберсе, қайсысы ұзақ қашықтыққа жүретінін сұраңыз. Оқушылардың барлық болжамдарын тыңдаңыз. Шындығында дене неғұрлым ауыр болса, соғұрлым алыс қашықтықты жүріп өтеді. Шатаспас үшін одан әрі нақтылау қажет. Осы тәжірибені практикада тексеру үшін сыныпта жасап көруге болады.


Сен білесің бе?


Ең ұзақ түзу жол туралы айтып беріңіз. Оқушы­ ларға көздерін жұмып, осындай автострадада мәшинемен­ келе жатқанын елестетуін тапсырыңыз. Олардан нені сезгенін сұраңыз. Осындай жолда жүру жайлы ма? Оны сипаттап берсін. Осыдан кейін суреттерді көрсетіңіз, шындығында, осындай жолдар көңілсіз болып саналады, себебі жол жие­ гінде әдемі көрініс те, қалалар да жоқ.

ҚБ «Бас бармақ»

3-тапсырма. « Тұжырым жаса!» 2-тапсырмада берілген сандарға қатысты ақиқат және жалған тұжырымдар құрап жаз.

______________

______________

______________

ҚБ жеңіске жеткен топқа от шашу


Кесте сурет



























Қобдиша , ішінде сөздер оқушыларға талқылау үшін













үш түрлі салынған суреттер Әр топқа көлбеу төбешік әзірлеу үшін құралдар, сызғыштар немесе см-лік таспалар, ойыншық мәшинелер керек. (Үш топқа үш түрлі машина беріледі. 1-топқа-жеңіл машина, 2-топқа- жүк көлігі, 3- топқа- ауыр жүк көлігі

Сабақтың соңы

  1. мин

МИ. ЖЖ. Рефлексияға , ойлануға ынталандыру мақсатымен алынған бұл стратегияны қолдануда оқушылардан ламинацияланған парақтың бетіне жазуды сұраймын. Ортасында ми суреті, мидың қатпарларын көбейтеміз, білімімізді толықтырамыз. Бүгінгі сабаққа қатысты сөздерді ми қатпарларына орналастырыңдар

Оқушылар соңынан не үшін осы ұғымдарды жазғандары туралы қорытынды ойларын ортаға шығып айтады.

Ламинацияланған парақ, ми суреті

Бағалау

«Шыңға шығамыз» Таудың суреті салынған плакат,жеке балалар суреті қиылған . Әркім өзіне жақын бала суретін алып, тауға орналастырады .





-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель математики и информатики

Продолжительность 600 или 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
17800 руб.
от 4450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Күш пен қозғалыс Қозғалыс дегеніміз не? (444.32 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт