Серикова Карлыга А 2 есебі
№10 топ
Коучинг-сабақ арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының екі басым бағытында көрсетілгендей мұғалім оқыту мен оқуда білімді терең игеруі және жаңа тәсілдерді түсіну, іскерлік, ерік күш-жігерді жетілдіру және әріптестерінің кәсіптік дамуына әсер ету үшін коучинг пен тәлімгерлік іс-әрекет қатынасқа көңіл бөлу керек. Коучинг үдерісінде әріптестермен белсенді өзара ынтымақтаса әрекеттесу жұмыстары жүреді. Оқыту тәжірибелерін біріге ұйымдастыру, пікір алмасу, рефлексивтік диалогтің аясын кеңейту барысында, әріптестер өз іс- тәжірибелерін жетілдіру, оларды сапалы, жоғары деңгейге дамытып, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді. Коуч-үйретуші емес, ол–жеке тұлғаның өз проблемаларын өзіне шешуге бақыттайды.
Коучинг-сабақтарын мектептің педагогикалық қызметкерлерінің жеке құндылықтары мен білімін дамытуға, білім сапасын арттыруға әсер ететін бірден-бір әдіс деп ойлаймын. «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасынын басшылыққа алып, әріптестерімнің дамуына қолдау көрсетіп, оқыту мен оқу іс-тәжірибесіне жаңа технологияларды енгізіп, жаңаша ойлап өзгеруіне көмек көрсетіледі.
Мектепке барғаннан кейін әріптестеріммен сұхбаттасу арқылы таныстырылым өткізіледі. Бұл таныстырылым кездесуде бағдарламаның жеті модулі туралы презентация арқылы түсіндірмелер көрсетіліп, мәлімет беріледі. Мұғалімдерден сұхбат жүргізгілгенде мектептің қазақ-өзбек ұлттық мектеп болуына байланысты қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестік мұғалімдері оқушылардың қазақ тілде еркін сөйлеу мен жазу дағдыларының талаптары туралы жоспары ой қозғайды. Осы таныстырылым кездесудің қорытындысын талдай келе диалогтік оқыту бойынша коучинг сабақ жүргізілу керек екендігі жоспарланады. Менің мақсатым осы бағдарлама бойынша әріптестерімнің келешекке деген көзқарасын дамыту, ынталандыру, кәсіби құзыреттілігін аттыру және әдіс-тәсілдер енгізіп, жеті модуль бойынша бағыттап көмек беріп, бөлісу.
Мектепте «Оқу үдерісіне диалогты оқытуда кездесетін кедергілерін анықтау» тақырыбында коучинг-сабағын өткізу таныстырылады. Коучинг-сабақтың мақсаты:қатысушыларды диалогтік оқыту жайлы өз тәжірибелеріне рефлексия жасату арқылы оқытудағы кедергілерді анықтау. Диалогтік оқытудағы тиімді сұрақтардың мәнін талдау. Күтілетін нәтижелері: қатысушылар өз тәжірибесіне рефлексия жасау арқылы өз кедергілерін анықтайды; Диалогтік оқытудағы тиімді сұрақтардың маңыздылығын түсінеді.
Жоспарланған коучинг-сабақты ұйымдастыруда топтарға біріктіруді тиімді пайлаланып тақырыпты ашу «Миға шабуыл» әдісі арқылы бейнефильм көрсетіледі. Бұл бейнефильм бойынша түрткі, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау сұрақтарын қоя отырып диалогтік оқыту мұғалімге қалай әсер етеді деген іс-әрекетті зерттеу сұрағы қойылады.
- Бейнефильмнен не байқадыңыздар, маңызы неде?
- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?
Диалог дегніміз не?
Жауаптар арқылы мұғалімнің диалог туралы осыған дейін не білетіні жайлы сараптау жасалады. «Бірге ойлаймыз», «Ойлан, Бірік, Бөліс» әдістерінде мұғалімдер берілген сұрақтарды өз топтарымен біріге талқылап, сын тұрғысынан ойлау мен бағалау критерийлері қамтылады. Ал диалог әріптеске тыңдай білуге, кезектесіп сөйлеуге, сыйластыққа, ым мен қимылды пайдалануға үйретеді. Осы тапсырмаларда ашық, жабық сұрақтардың түрлері қолданылып, рефлексия жасалады. Ерекше қажеттілік керек ететін талантты және дарынды оқушыларды зерттеулер керек екенділігі түсіндіріледі. Тәлімгер әр уақытта бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсете отыра ынталандырып, табысқа жетуіне көмек береді. Коучинг-сабақ іс-тәжірибелер мен әдістер мұғалімдер көзқарасын өзгертіп, оқу үрдісі мен білім сапасына оң әсерін тигізеді. Берілген тапсырмалар бойынша пікір алмасып, талқыланып, оларға кері байланс жасалады және кластерлер құрып, қорғалып, «Басбармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері арқылы рефлексия жасай бағаланады. Оқыту мен оқу үдерісін жетілдіруде дереккөздер мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар да тиімді қолданылады.
Қорытынды бөлімде «Аяқталмаған сөйлем» әдісін пайдаланып кері байланыс орнату арқылы бағаланып мұғалімдердің ой қозғап отырған тақырыпқа қатысты іс – әрекетін анықтауға, бұрынғы білгені мен жаңаны түсіну көзқарстары, алған білімдері, бірін-бірі, өзара, топтық бағалаулары жүзеге асырылады.
Қорытындылай келе жоспарланған коучинг-сабақ мұғалімдерге «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасын маңызын түсінуге, жаңа әдіс-тәсілдерді енегізуге, өз тәжірибелерінде тиімді қолдануға, рефлексия жасап, өзін-өзі дамытуға бағытталады.