Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  Прочее  /  Конспект урока "Үштілді білу заман талабы"

Конспект урока "Үштілді білу заман талабы"

тақырып бойынша қысқаша мәлімет беру; бағдарламаның мазмұнымен таныстыру; оқушылардың тілін, ойлауын, дүниетанымын, мазмұндай білу қабілеттерін, сөздік қорларын толықтыру, қазақ тіліне, өзге тілдеріне құрмет сезімін тәрбиелеуге ықпал ету.

02.06.2018

Содержимое разработки

Сабақты тақырыбы: Үш тілді білу заман талабы.
Мақсаты: тақырып бойынша қысқаша мәлімет беру; бағдарламаның мазмұнымен таныстыру; оқушылардың тілін, ойлауын, дүниетанымын, мазмұндай білу қабілеттерін, сөздік қорларын толықтыру, қазақ тіліне, өзге тілдеріне құрмет сезімін тәрбиелеуге ықпал ету.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, әнгімелеу, сұрақ жауап, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі мәтіндер, суреттер, қосымша материалдар, тірек сызба.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, тарих,

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсат міндеттерімен таныстыру

ІІІ Жаңа сабақ

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Қазіргі қоғам талабы үш тілді меңгеру және меңгерту болып отыр. Әрине үш тілді меңгерту және үш тілде білім беру қажет. «Заман талабына сәйкес бірнеше тілді меңгерудің артықтығы жоқ» - деп елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында айтқан болатын.Тіл біздің рухани байлығымыз.

  1. Сөздік жұмысын ұйымдастыру.

2.1 Жаңа сөздермен танысу:

үштілдік трехязычие

білу знать

халықаралық международный

маңызды важность

заман талабы требование времени

ынталандырылуы прививать

түсіну, ұғу понимать, вникать

шаралар меры

меңгеру усвоить

2.2 Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.

3. Мәтінмен жұмыс «Дана үкілер» техникасы бойынша жүргізіледі.

Мәтіннен негізгі, жаңа ұғымдарды тауып оларды алфавиттік ретте жазып шығып, мәтіннен өздері күтпеген, бұрынғы ұғымдарына қайшы келетін ақпаратты табу керек.

Сонымен қатар өздеріне жаңалық болған ақпаратты да жазу керек. Енді мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіру қажет. Мәтіннен алдында таныс болған және мүлде таныс емес ақпаратты табу керек. Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға болама? – деген сұраққа жуап іздейді.

Үштілдік

Үштілдік - адамның үш тілде сөйлесе алуы, түсіне алуы. Қазақстандағы үштілдік: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Орыс тілі мен ағылшын тілі - халықаралық тіл. Үш тілді білу- заман талабы.

Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында.

4. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырмаларын орындау ( «Білу», «Түсіну», қадамдарының тапсырмалары)

Тіл – қарым-қатынас құралы. Адамды жақындатын да тіл, алыстататын да – тіл. Адам қанша тіл білсе, сонша елдің мәдениетін таниды. «Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген – екі адам» деп халық даналығы  бекер айтпаса керек.

Танымдық материал ретінде оқушыларға әлем тілдері арасында көш бастап тұрған 10 тілді туралы мәлімет беруге болады.

1.Қытай тілі Бүкіл дүниежүзінің 7/1 бөлігі қытай тілінде  сөйлейді. Қытай тілін меңгеру өте қиын. Астанасы – Пекин. «Сәлеметсіз бе?» қытай тілінде - Ni hao 











2. Ағылшын тілі Дүниежүзінде 508  млн адам ағылшын тілінде сөйлейді. Одан бөлек жылына 400 млн адам ағылшын тілін үйренеді. Қазіргі уақытта ағылшын тілінде АҚШ, Австралия, Англия, Канада, Зимбабва, Оңтүстік Африка т.б. елдерде сөйлеседі. Тіл астанасы – Лондон. «Сәлеметсіз бе?» ағылшын тілінде-Hello

3. Хинди Дүниежүзінде 497  млн адам хинди тілінде сөйлейді. Хинди – Үндістан мемлекетінің ресми тілі. Елде хинди мен ағылшын тілдері қатар жүреді. Әйткенмен, ағылшын тілі әлемдік тіл болғандықтан, осы тілде сөйлеушілердің саны басым. Үндістан астанасы – Нью-Дели. «Сәлеметсіз бе?» хинди тілінде – Namaste.

4. Испан тілі Дүниежүзінде  392  млн адам испан тілінде сөйлейді. Испан тілі Испания, Оңтүстік және Орталық Америка, Куба, Мексика елдері үшін ана тілі рөлін атқарады. Испания астанасы – Мадрид. «Сәлеметсіз бе?» испан тілінде – Holа.



5. Орыс тілі Дүниежүзінде  277 млн адам орыс тілінде сөйлейді. Орыс тілі халықаралық тілге жатады. Бұл тілде көбіне ҚСРО мемлекеттері, яғни қазіргі ТМД халықтары тілдеседі. Ал жалпы Ресей Федерациясында 146 млн адам орыс тілінде араласады. Астанасы – Мәскеу. «Сәлеметсіз бе?» орыс тілінде – Привет.

6. Араб тілі Дүниежүзінде 246 млн адам араб тілінде сөйлейді. Араб тілі әлемдегі ең көне тілдердің бірі болып есептеледі. Бұл тілде Таяу Шығыс, Сауд Арабия, Кувейт, Ирак, Сирия, Иордания, Ливия және Мысыр елдерінде тілдеседі. Және де қасиетті «Құран кәрім» кітабы араб тілінде жазылғандықтан, аталған мемлекеттерден бөлек басқа да мұсылман халықтары араб тілін жақсы біледі. 1974 жылы БҰҰ араб тілін әлем тілдері қатарына қосқан. «Сәлеметсіз бе?»  арабша – Al salaam a`alaykum.

7. Бенгал тілі Дүниежүзінде 211 млн адам бенгал тілінде сөйлейді. Жалпы Бангладеш халқының барлығы бенгал тілінде тілдеседі. Үндістан мен Бангладеш елдерінің шекарасы бір-бірімен түйісіп тұрғандықтан, бұл тілде сөйлейтіндердің қатары әлдеқайда жоғары деп тұжырымдалады. Астанасы – Дакка. «Сәлеметсіз бе?»  бенгал тілінде – Ei Je.

8. Португал тілі Дүниежүзінде 191 млн адам португал тілінде сөйлейді. Португалия бір кездері Испания елінің өктемдігінде болған. Испания мемлекеті Португалия халқының әл-ауқатын көтеріп, білімге жетелеген болатын. Соның арқасында португалдық оқымысты ғалымдар әлемде жоғары мәртебиеге ие болып, әр түрлі зеттеу жұмысымен айналысқан. Зертеулерінің басым көпшілігін Оңтүстік Америка құрлығында жүргізген. Қазіргі кезде португал тілі Бразилияның ресми тілі. Одан бөлек португал тілінде Макау, Ангола, Венесуэла және Мозамбик сияқты елдердің азаматтары сөйлейді. Астанасы – Лиссабон. «Сәлеметсіз бе?» португал тілінде - Bom dia.

9. Малай тілі Дүниежүзінде 159 млн адам осы тілде сөйлейді. Малай тілінде Малайзия және Индонезия елдерінің азаматтары сөйлеседі. Бұл тілде тілдесетін халықтардың арасында біршама диалект сөздер қалыптасқан. Сол себепті, көп жағдайда олар бірін-бірі түсінбей жатады. Оның ішінде ең танымалы – индонезиялық диалект. Олардың ата түпбі бір болып есептеледі. 13000 аралды қамтыған Индонезия жер көлемі жөнінен әлем бойынша  14-ші орынға ие.  Малайзия астанасы – Куала-Лумпур. «Сәлеметсіз бе?» малай тілінде - Selamat pagi.

10. Француз тілі Дүниежүзінде 129 млн адам француз тілінде сөйлейді. Оны кей адамдар романтикалық тіл деп те атайды. Бұл тілде Франция, Бельгия, Канада, Руанду, Камерун және Гаити мемлекеттерінің азаматтары тілдеседі. Тіл астанасы – Париж. «Сәлеметсіз бе?» француз тілінде – Bonjour.

5 Топпен жұмыс.

  1. топ. мәтін бойынша әр елдің «Сәлеметсіз бе?» деген тақырыпқа тірек сызбасын жасау,

  2. топ. нөмір бойынша суреттерді рет - ретімен орналыстыру

ІV Сабақты бекіту Мен істей аламын..... Я умею...

  • . . . . . . . сауатты жаза аламын

  • Отбасым жайлы сұрақтар қойса, жауап бере аламын.

. . . . тыңдаған мәтінімді, қайтадан әңгімелеп бере аламын.

  • . . . . . . . . сөйлем құрастырып, талдай аламын. т.б

V Сабақты қорытындылау.

«Араның ұясы» техникасын пайдалану. Мұғалім екі оқушыдан тұратын әр жұпқа кім не білгендігі жөнінде ойларымен бөлісіп, өздері қойғысы келетін екі сұрақ дайындау жөнінде тапсырма береді. Әрі қарай әр жұп кезекпен сұрақтарын қояды. Бұл сұрақтарға жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді

Үйге тапсырма:

Сөздерді жаттау, тақырып бойынша 6 сөйлем құрастыру.

«Тіл туралы» 3-4 мақал - мәтелдер жаттау.

VІІ Оқушылар білімін ьағалау:

Оқушының

аты жөні

Сөздік жұмысы

«Дана үкілер»

техникасы

«Білу», «Түсіну»

қадамдарының

тапсырмалары

Тірек сызба

құрастыру

«Араның ұясы»

техникасы

Қорытынды баға





















VІІІ Рефлексия кезеңі:

Сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісу.



-75%
Курсы повышения квалификации

Исследовательская деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Конспект урока "Үштілді білу заман талабы" (19.11 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт