Меню
Разработки
Разработки  /  Обществознание  /  Уроки  /  10 класс  /  Конспект урока " Дүниетанымның тарихи типтері"

Конспект урока " Дүниетанымның тарихи типтері"

Д?ниетанымны? ба?дарлы-реттеуші ?ызметі адамны? т?ртібі мен іс-?рекеті ар?ылы онын санасымен, к?з?арасын ж?не сенімін аны?тау?а байланысты болып келеді. Егер адамда сол ж?не одан бас?а да д?ниетаным ?алыптасса, онда ол адамда т?ра?ты к?з?арас пен сенім жина?талады, я?ни ол олардын іс-?рекеттері мен ?ылы?тарын аны?тайды. Д?ниетанымнын ба?алау кызметі адамды ?орша?ан орта ??былыстарын, оны? ?з к?з?арастары мен сенімдерін ба?алаудан шы?ады немесе бас?аша айт?анда ?з д?ниетанымы болады.

15.02.2017

Содержимое разработки






Дүниетанымның тарихи типтері. Дүниетанымның ерекшеліктері.
   Миф – бұл:
1)    Қоғамдық сана, қоғамның қарапайым рухани формасы; 
2)    Бастапқы білім, сенімнің элементтері, саяси көзқарастар, өнердің әр-түрлі түрлері мен өзіндік философияға байланысқан адамзаттың рухани мәдениетінің алғашқы формасы.
3)    Сол дәуірдегі дүниені қабылдау және дүниені түсіндірудің сананың ортақ синкретикалық формасы.
   Дін (Теоцентризм) – дүниетанымның тарихи, әлеуметтік және психологиялық негізделген типі. Оның негізінде дүниеге қөзқарастың қоғамдық-тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен мінез-құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешу және «о дүниелік» күшке деген сенім жатар.
   Философия дүниетанымның рефлексивті типіне жатады. Адамның бұл өмірдегі орны мен дүниеге көзқарасы жайлы ойлаулардан тұрады. Өзінің ойлауына, өзінің санасына, ішкі жан дүниесіне сырттай қараған көзқарас – философиялық сананың бір қыры.  

Дүниетанымның тарихи типтерi:мифология, дiн және философия.

  1. Мифология –адамзаттың рухани мәдениетiнiң ең көне формасы. Мифтiң негiзгi қызметi- дүние қайдан пайда болғанын түсiндiру,этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру.(мыс.Сфинкс туралы миф табиғаттың құпиясын бiлдiредi; Кентаврлар-адамның хайуаннаң жаралғаның бiлдiредi, Прометей-оттың пайда болуы, Икар-аспанға ұшу ұмтылысын бiлдiредi, Сизиф-өмiрдiн мәнiң түсiну әрекетi). Мифтердi тек ертегiлер,аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi,адамдардың табюиғаттаң және әлеуметтiк ортадан болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар.Мифтердiң дiннен айырмашылығы сенiмге ғана емес, ақыл –ойғада,парасаттылыққа да сүйену.

  2. Дiн-рухани мәдениеттiң бөлiгi,ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады (дiн-алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм, анимизм; ұлттық, мемлекеттiкдiндер — индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-буддизм, христиан, ислам). Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу, мешiт, әр түрлi секталар т.б.). Алғашқы дiни жүйесi политеистiк болды-пантеон құдайларының болуы, кейiн мемлекеттiк билiктiн бiр ортаға жиналуымен байланысты монотеизм-бiр құдайға сену келедi.

  3. Философия(б.д.д.6-5ғғ) Үндiстанда,Қытайда,Мысырда,Грек елiнде пайда болды.Бұл терминды алғашқы қолданған антик философы,математигi Пифагор,ол оны «даналыққа құштарлық» деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi «құштарлық» белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, «өзге» үшiн «өзiңдi ұмыту», өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады.Осылай зерделеудiң нәтижесiнен мынадай түйiн келiп шығады: философия-адамның өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма.


Буддизм, ғылым, ислам, «даналыққа құштарлық», амон-ра, кентавр, тотемизм, Арес, метафизика, Геракл, Пифагор, анимизм, математика, индуизм, Аристотель, Марс, Зевс, христиан, Ромул мен Рем, фетишизм.

   Дүниетанымның мәні және онын түрлері, типтері, қызметтері

Дүниетанымның мәні және онын түрлері, типтері, қызметтері
Дүниетаным — бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру — тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.

Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін анғара отырып, дүниетаным өзіне өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдардың іс-әрекетінің сипаттамасымен байланыстырады.
Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.
Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.
Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді.
Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын реттеуге және эстетикалық көзқарастармен бірге қоршаған ортаға қарым-қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрлеріне, мақсаттары мен нәтижелеріне қызмет етеді.
Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып, адамның қоғамдық тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның дүниетанымдылығы мен тарихи айқын жүйенің бүкіл өмірлік және іс-әрекетінің бағытын анықтайды.
Егер дүниетаным ақиқат дүние дамуының объективті тенденциясының дамуын бейнелесе, адам ойлауының және қоғамның, табиғаттың заңдарын ғылыми тұрғыда тануға негізделсе, онда ол барлық адамзаттың қызығушылығының және ақиқатты өзгертудің күшті құралы болып табылады.
Дүниетаным когнетивтік танымдық көзқарас тұрғысынан сипатталса, онда ол объективті дүниені соншалықты дұрыс және терең бейнелейді, ол шын және жалған, ғылыми және діни, материалистік және идеалистік түрде болуы мүмкін.
Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады (шынайы, материалистік). Ғылыми дүниетаным дүниенің ғылыми бейнесіне, ғылыми талдаулар негізінде жасалған қорытындылар мен негіздеулерге және табиғи және қоғамдық құбылыстардың дамуын сипаттайтын, себеп-салдарын теориялық ұғынуларына сүйенеді.
Ғылыми дүниетаным алдын ала көрудің, сол және одан басқа да құбылыстардың, процестердің дамуын және оларды саналы түрде басқаруға мүмкіндік береді.
Барлық берілген ғылымдарға дұрыс түсініктемені тек қана диалектикалық және тарихи материализм береді, яғни адамды танымды дұрыс танып білумен мен әлеуметтік өмірдің және табиғи құбылыстардың өзгерістерімен қаруландырады.
Ғылыми дүниетаным негіздеріне сыртқы қоршаған ақиқат дүниеге бағдарлауы, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзінің өмір сүруінің маңыздылығын түсінуі, өз өмірін саналы түрде құруға деген терең әлеуметтік қажеттіліктері жатады.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, қазіргі ғылыми жаңалықтарды, сонымен бірге шынайы дүние танымдарының жалпы әдістер жүйесін, шынайы дүниені түсіндіру деректерін, әдіснаманы бір ізділікпен меңгеру нәтижесінде қалыптасады.
Қоғамның, ойлаудың, табиғаттың даму заңдылықтары және мәнін түсіндіруші дүниетаным идеяларының жиынтығы оқушылардың дүниетанымында көзқарас, сенім, ұсыныс, болжам, аксиома, жетекші идеялар, әр түрлі жаратылыс және қоғамдық процестерді, құбылыстарды түсіндіре отырып, ғылыми негізін құраушы сол және басқа ғылымның нақты ұғымдары ретінде бейнеленеді.
Ғылыми дүниетаным негізіне дүниені түсіну, дүние туралы белгілі ғылымдардың жиынтығы жатады. Дүниетаным тек қана білімді меңгеру процесінде ғана емес, сонымен бірге ғылыми емес, қарапайым көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Ол қоғамның жаңаруына, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары дамуына сәйкес жетілу үстінде. Өмірді жақсартудағы жаңа ғылыми деректер, қоғамдық және жаратылыстану ғылымындағы ашулар, жаңа қоғамдық тәжірибелер толықтырылуда, нақтылануда, бұрыннан қалыптасқан көзқарастар және ойлау стеротиптері өзгеруде.
Аксиологиялық (құндылық) көзқарас тұрғысынан оқушылардың дүниетанымы оның іс-әрекетіне байланысты сипатталады; ол оптимист немесе пессимист, белсенді шығармашыл немесе баяу мазмұнды болуы мүмкін.
Оқушылардың дүниетанымын психологиялық тұрғыдан сыртқы дүниенің оның санасында бейнеленуінің жалпы жүйесі ретінде емес, меңгерген ғылыми түсініктер, өлшем, баға жүйесі ретінде, сонымен бірге психикалық іс-әрекет — өзінің тәрбиесінде және дүниеге деген өзінің қатынасын реттеу үшін дүниетанымдық мақсатта, бұл бейнелерді пайдалануға бағытталған — іс-әрекет пен қабылдаудың таным операциясы жүйесі ретінде қарастыру қажет.
Г.Е.Занесскийдің пікірінше «Бұл психикалық іс-әрекет ерекше. Бұл әлеуметтік бағдарлау процесінде «Мен — бейнені» іске асырушы қызмет атқарады. Басқа әр түрлі заттармен салыстырғанда инвариант бола отырып «дүниетанымдық» іс-әрекет, мақсаты, мотвациясына және операциялық механизмінің құрамы бойынша өзіне тән ерекшелігі болады. Оны іске асыру әлеуметгік бағдарлаудағы жеке әдісті қалыптастыру болып табылады, яғни қоғамдык тәжірибенің ғылыми білімдер жүйесіне белгіленген және жеке түлғаның әлеуметтік талаптар мен күтілулеріне, тәрбиесіне мақсатты түрде бағытталуына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
«Дүниетанымдық іс-әрекетгің» қызығушылығы жеке тұлғаның саналы түрде өмірге, дүниеге деген өзінің қатынасын құру қажеттілік талаптары және оның эмпирикалық немесе эмоциональдық негіздегі ғана емес тәртібі, бірақ ғылыми дүниетаным мазмұнына сүйенуі болып табылады.
Әлеуметтік бағдарлаудың әдісі танымдық әрекеттердің жалпылау жиынтығы деп түсіну қажет, нақты қоғамдық оқиғаларға, құбылыстарға қалай қарау керек екені жайлы мәселердің шешімін қалай орындау жолдары? Егер ол пайдалы болса, оны мәнді деп ойлауға бола ма және егер «иә» десеңіз оны қандай мақсатта, қалай пайдалану керек және егер ол зиянды болса қалай жоюға болады?
Дүниетанымның негізгі қызметтері: ақпаратты-бейнелі, бағдарлы-реттеуші және бағалау болып табылады (И.Ф.Харламов)
Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі кызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар мен күбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. Дүниетаным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді.
Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы онын санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып келеді. Егер адамда сол және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол адамда тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады, яғни ол олардын іс-әрекеттері мен қылықтарын анықтайды.
Дүниетанымнын бағалау кызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз дүниетанымы болады.






























-80%
Курсы повышения квалификации

Развитие человека от рождения до смерти: психология развития и возрастная психология

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Конспект урока " Дүниетанымның тарихи типтері" (26.59 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт