Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Планирование  /  6 класс  /  Конспект урока "Бақытты сәт"

Конспект урока "Бақытты сәт"

Ма?саты:

О?ушыларды ?йымшылды??а, на?ты п?нге ?ызы?ушылы??а, жауапкершілікке, ?зін – ?зі т?рбиелеуге, жолдасты??а, ал?ырлы??а, белсенділікке ж?не жеке т?л?а етіп ?алыптастыру.

Ойлау ?абілетін, ой ?ш?ырлы?ын, о?у?а ынтасын арттыру, математика?а ?ызы?ушылы?ын, зейінін арттыру ар?ылы дамыту.

К?рнекілігі: Безендірілген зал, на?ыл с?здер, карточкалы? тапсырмалар, логикалы? есептер, ?р топ?а даярлан?ан ?стел.

Т?рі: Топты? сайыс, ойын т?рінде. Сынып о?ушылары екі топ?а б?лінеді. « Архимед» ж?не «Пифагор».

1 – ж?ргізуші: Есепті т?рлі – т?рлі шы?арамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз

Ой?а оралымды, ?иын с?ра? б?рі де бар

?зіл есепті де асырамыз

2 – ж?ргізуші: Математика сырлары

?ызы?тырды біздерді.

Ойын?а бірге ?атысу?а,

Ша?ырамыз сіздерді, - дей сайыскерлерімізді? білімі мен ба?а беретін ?діл ?азылар ал?асын орта?а ша?ырамыз.

30.01.2017

Содержимое разработки

Мақсаты:

Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін – өзі тәрбиелеуге, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, математикаға қызығушылығын, зейінін арттыру арқылы дамыту.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: Топтық сайыс, ойын түрінде. Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді. « Архимед» және «Пифагор».

1 – жүргізуші: Есепті түрлі – түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз

Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар

Әзіл есепті де асырамыз

2 – жүргізуші: Математика сырлары

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді , - дей сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.

1 - жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділ қазы ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады - деп ортаға сайысымызға қатысатын « Архимед» және «Пифагор» топтарын шақырамыз.

2 – жүргзуші: « Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы» - деп Гаусс айтқан екен.

1 – жүргізуші: Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те» - деп Бекэн айтып кеткендей 6 – сыныптың осы жарысқа арнайы жасаған « математика ғылымдардың патшасы» атты жобасына кезек берсек.

2 – жүргізуші: « Математика сайысының» жоспары:

  1. Сәлемдесу

  2. Кім көп біледі

  3. Тобыңды шыңға шығар

  4. Құпиясын тап

  5. Кім жылдам?

  6. Тапқырлық сайысы

  7. Ойыңды жалғастыр

  8. Жұмбақ

  9. Кроссворд

1 – жүргзуші: Сайыста жеңу үшін, сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерін керек және тапсырмаларды орындауларын қажет. Әр дұрыс жауап үшін топ балл алады.

2 – жүгізуші: Басталық ақыл – ойдың дара кешін,

Халайық сендер бізге жақын келші.

Математика ғылымына ұмтылғандар,

Сен егер кім екенін білгің келсе – деп сайысымызды бастаймыз.

1 – жүргізуші: Топтардың сәлемдесуінен бастаймыз. « Сәлемдесу» бөлімі:

2 – жүгізуші: « Архимед» тобынан бастаймыз.

1 – жүргізуші: Кезекті «Пифагор» тобының сәлемдесуіне береміз

1 – жүргізуші: Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса бойыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында – деп келесі кезекте « Кім көп біледі?» бөліміне береміз.

2 – жүгізуші: «Архимед» тобынан бастаймыз.

  1. Амалдар таңбаларынан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылатын өрнек (жазу ) қалай аталады. (Санды өрнек)

  2. Жазықтықтағы геометриялық фигуралардың барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысы қалай аталады? ( Периметр)

  3. Натурал сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал сан қалай аталады? (Ең үлкен ортақ бөлгіш).

  4. Қойдың неше аяғы бар? ( 16)

  5. Бірлік кесіндісі берілген сәуле. (Координаталық сәуле)

  6. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса қанша кг болады? (3кг)

  7. 3 пен 6 –ның ең үлкен ортақ бөлгіші? (3)

1 – жүргізуші: Кезекте «Пифагор» тобына береміз.

  1. Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады? ( Әріпті өрнек)

  2. Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды қалай атаймыз? (Ең кіші ортақ еселік)

  3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның Мықты болсаң – қанша баласы бар? (6)

  4. Ұзындығы бірлік ретінде алынған кесінді. (Бірлік кесінді)

  5. Бір жұмыртқа 3 мин піссе, 4 жұмыртқа қанша мин піседі? (3мин)

  6. 4 пен 6- ның ең үлкен ортақ бөлгіші.(2)

  7. Бөлменің 4 бұрышында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық отыр? (4)

2 – жүгізуші: Әділқазы алқасына 2 – сайыстың қорытындысын сұралймыз.

1 – жүргізуші: Айыра біл, жақсы менен жаманды,

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағында өмірдің,

Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті « Тобыңды шыңға шығар» сайысына береміз.

2 – жүгізуші: «Тобыңды шыңға шығар» шарты бойынша әр топқа 7 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап үшін бір баллдан беріледі. Әр топқа 5 мин беріледі. Сонымен «Архимед» тобынан бастаймыз.

  1. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш (квадрат)

  2. 0, 2, 4, 6, 8 цифрларын қандай цифр дейміз? (жұп сандар)

  3. 5 –ке қарама – қарсы сан ( - 5)

  4. 20 –ға 0 – ді көбейтсек, қандай сан шығады? (0)

  5. 5 үйректің неше аяғы бар? 10

  6. 9 –дың квадраты. 81

  7. 720 –ны 9 –ға бөлсек неше шығады? 80

1 – жүргізуші: «Пифагор» тобы

  1. 1, 3, 5, 7 қандай цифрлар дейміз? (тақ сандар)

  2. 8 ге қарама –қарсы сан? (-8)

  3. 17 қандай сан? (тақ)

  4. Кез келген санды 0 –ге көбейтсек қандай сан шығады? 0

  5. 4 қойдың неше аяғы бар? 16

  6. 15 тің квадраты? (225)

  7. 700-ді 20-ға бөлсек? (35)

2 – жүгізуші: Әділқазы алқасына 3 сайыстың қорытындысын сұраймыз.

4 - ші сайыс «Құпиясын тап». Оқушылар адасқан әріптерді құрастырып, математикалық мағынасы бар сөздер құрастырады.

анс бешеңр

узтү метгеория

лельпарал луеәс

ларофму лшебко

ұшбыр ецтуде

«Кім жылдам?» сайысына әр топқа 3 есептен беріледі. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі.

1 – жүргізуші:Мықты болсаң – алдығыны басып оз,

Мықты болсаң – арттығыны жеткізбе.!

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң – бөгеттерді бқзып өт – деп келесі сайысымызда Тапқырлық сайысына (Логикалық есептер) кезек береміз.

2 – жүгізуші: Бұл сайыста 2 топқа он логикалық есептер беріледі. Қай топ бірінші жауап берсе сол топқа балл беріледі. Әр дұрыс жауап үшін 1 балдан беріледі.

1 – жүргізуші: Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торгайдың қаншасы қалады? (10)

2 – жүгізуші: Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолдан тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? (5бала)

1 – жүргізуші: Бөлменің 4 бұрышында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық отыр? (4мысық қалды)

2 – жүгізуші: Үш түйеқұс ұышып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)

1 – жүргізуші: Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені кім? (Ажар)

2 – жүгізуші: Алманың жартысы неге ұқсас? (екінші жартысына)

1 – жүргізуші: 4 Ұлда неше саусақ бар? (80)

2 – жүгізуші: Қораптағы шай 1/4 кг. Неше қорап шай 1 кг шығады? (4)

1 – жүргізуші: Әділқазы алқасынан 4 сайыстың қорытындысын сұраймыз.

2 – жүгізуші:Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса бойыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында

1 – жүргізуші: Әділқазы алқасыннан 6 сайыстың қорытындысын сұраймыз.7-ші Ойымды жалғастыр. Мақал-мәтелдерді жалғастырады.

Архимед тобы

  1. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі білім біл)

  2. Білікті бірді жығар, (Білімді мыңды жығар)

  3. Білгенің бір тоғыз, (Білмегенің тоқсан тоғыз)

  4. Жеті рет өлшеп, (Бір рет кес)

  5. Бір елі ауызға, (Екі елі қақпақ)

  6. Жүз сомың болғанша, (Жүз досың болсын)

  7. Отыз тістен шыққан сөз, (Отыз елге тарайды)

  8. Екі жақсы қас болмас, (Екі жаман дос болмас)

  9. Бір кісі қазған құдықтан, (Мың кісі су ішеді)

Пифагор тобы:

  1. Бір тал кессең, (Он тал ек)

  2. Айдағаның бес ешкі, (Ысқырығың жер жарады)

  3. Екі қошқардың басы,(Бір қазанға сыймайды)

  4. Бас екеу болмай, (Мал екеу болмайды)

  5. Алтау ала болса, ауздағы кетеді. (Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.)

  6. Күйеу – мың жылдық, (Құда жүз жылдық)

  7. Анаңды меккеге үш рет арқалап барсаңда, (Қарызыңды өтей алмайсың)

  8. Бір жеңнен қол шығар, (Бір жағадан бас шығар)

  9. Екі жарты – (бір бүтін)

Әр топ өз қарсыластарына 5 жұмбақтан жасырады. Әр жұмбақтың жауабы 1 балдан беріледі.

  1. Архимед тобына

Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады

(дәреже)

Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан – жағына қарамай

(натурал сан)

Алпыс төрт бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар

Ақ, қара қып бөлгенде

Бірін –бірі қуғандар

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді олар намысын

(шахмат)

Күшіне сенген бір мықты

Жығып салды сегізді

(шексіздік)

Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді.

Бірін-бірі көрмейді

Дамылсыз қанша шапса да

Бір мәреге келмейді

(параллель түзулер)

12 бұтағы бар алып емен,

52 шыбық тарап өсіп өңген,

Шыбық сайын жетіден жапырағы.

Бар ма еді сондай ағаш көзін көрген

(жыл,12 ай, 52 апта, 7 күн)

2.Пифагор тобына

Көк құтанша ақ айдында

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады.

(циркуль)

Оң сандарға қол шатырдай,

Қақпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны

Жоғалтасың сен оны

(квадрат түбір)

Дүниеде бүтін сан бола бермейді,

Көңілге армандаған қона бермейді.

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін

Қандай сан бар, достарым айтыңдаршы

(бөлше сан)

Нүктеден екі сәуледен

Құрылған айтшы бұл не екен?

(бұрыш)

Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.





























Жалпы орта білім беретін № 1 мектеп лицейі















Өткізген: Ванова Б













2014 жыл

-80%
Курсы повышения квалификации

Конфликтология: общая теория конфликта

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Конспект урока "Бақытты сәт" (24.97 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт