Меню
Разработки
Разработки  /  Обществознание  /  Уроки  /  8 класс  /  Конспект урока "Адамның танымның көзқарасы"

Конспект урока "Адамның танымның көзқарасы"

Модельдеу- ке?інен жа?а техника, я болмаса технологиялар жаса?анда ?олданылады. Мысалы, жа?а ?лиа?ты? е? алдымен ?уырша? моделін жасап, а?родинамикалы? ??бырдан ?ткізіп, оны? ?шу ?асиеттерін тексереді. Содан кейін барып, шынайы жа?а ?лна?ты? сына?ы басталады.

15.02.2017

Содержимое разработки

Адамның танымның көзқарасы.

Адамның танымдық қызметі. Адамзат жаңа білімдерді иеленуге әрқашан да ұмтылғаны белгілі. Болмыс құпияларын меңгеру жолында адамзат зерденің шығармашылық белсенділігінің жоғары ұмтылыстарын көрсете білді. Өзінің мыңжылдықтар бойғы дамуында ол әртүрлі құбылыстардың мәніне жан-жақты әрі терең үңілудің ұзақ және күрделі жолынан өтті. Табиғаттың, қоғамдық өмір мен адамның өзінің сансыз көп қасиеттері және заңдары ашылды, талай рет дүниенің суреттемесі өзгерді. Қазіргі уақытта адамзат білімі аса бай әрі күрделі жүйені құрайды. Оның осы қазынасының ұрпақтан-ұрпаққа, бір халықтан екінші халыққа таралуы мәдени тұрғыда жүзеге асырылуда.
Философтардың барлығы да таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғайды.
Гносеология – айнала дүниені тану туралы философиялық пән. Таным теориясы мен гносеология(грек. gnosis – білім, таным), - философиямен бірге оның іргелі бөлімі ретінде пайда болып қалыптасты. Ол адам танымының табиғатын, білімнің формалары мен түрін тереңнен бойлау әдістерін зерттейді.
Таным теориясының негізгі ұғымдары. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға “таным субъектісі” мен “таным объектісі”, “білім”, “таным” жатады.
Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол – бірдеңені танып білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін.
Таным объектісі деп танымдық қызмет неге бағытталған болса, соны айтамыз. Демек, ол – танылушы, мысалы: молекула, атом, адам, тұтас табиғат. Таным объектісі материалдық және рухани құбылыстар, сонымен қатар субъектінің өзі де болуы мүмкін.

Адамның танымдық қызметі. Адамзат жаңа білімдерді иеленуге әрқашан да ұмтылғаны белгілі. Болмыс құпияларын меңгеру жолында адамзат зерденің шығармашылық белсенділігінің жоғары ұмтылыстарын көрсете білді. Өзінің мыңжылдықтар бойғы дамуында ол әртүрлі құбылыстардың мәніне жан-жақты әрі терең үңілудің ұзақ және күрделі жолынан өтті. Табиғаттың, қоғамдық өмір мен адамның өзінің сансыз көп қасиеттері және заңдары ашылды, талай рет дүниенің суреттемесі өзгерді. Қазіргі уақытта адамзат білімі аса бай әрі күрделі жүйені құрайды. Оның осы қазынасының ұрпақтан-ұрпаққа, бір халықтан екінші халыққа таралуы мәдени тұрғыда жүзеге асырылуда.

Философтардың барлығы да таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғайды.Гносеология – айнала дүниені тану туралы философиялық пән. Таным теориясы мен гносеология(грек. gnosis – білім, таным), - философиямен бірге оның іргелі бөлімі ретінде пайда болып қалыптасты. Ол адам танымының табиғатын, білімнің формалары мен түрін тереңнен бойлау әдістерін зерттейді. Таным теориясының негізгі ұғымдары. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға “таным субъектісі” мен “таным объектісі”, “білім”, “таным” жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол – бірдеңені танып білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет неге бағытталған болса, соны айтамыз. Демек, ол – танылушы, мысалы: молекула, атом, адам, тұтас табиғат. Таным объектісі материалдық және рухани құбылыстар, сонымен қатар субъектінің өзі де болуы мүмкін.

Ежелгі замандардан адамды қоршаған орта, дүние, ғалам туралы ойлар толғандырған. Осыдан адам дүниені танып біле ала ма деген сұрақ туындайды. Таным деп біз адамның қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған іс-әрекетін айтамыз. Ол әрқашанда дамып отырады. Дүниетанудағы негізгі мақсат - зерттелетін заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу, білу. Білім -әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесі. Демек, танымды күрделі үрдіс, ал білімді белгілі бір нәтиже ретінде қарауымыз керек.

Танымның практикалық табиғаты.Практика (грек сөзі, белсенділік, іс-әрекет) ұғымы айнала қоршаған ортаны өзгертудегі адамның саналы, мақсатқа лайықты іс-әрекетін бейнелейді. Танымның негізгі мақсаты тек қана білімді жетілдіру емес, сонымен қатар әрқашан өзгерісте болатын қоғам мен адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін өтеуде болады.

Осы тұрғыдан ғылымның қайнар көзінің адамзат практикасының қажеттіліктерінен шыққанын байқауға болады. Мысалы, көне заманда көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен планеталарға қарап, көш жолдарын анықтай бастады. Көне Мысыр мен Қытайда суармалы егін егу қажеттілігі үлкен су жолдарын тартуға мәжбүр етеді. Соның нәтижесінде геометрия мен математиқаның негіздері пайда болды.

Таным құрылымы - өте күрделі үрдіс, ол сезімдік және рационалдық болып бөлінеді. Сезімдік танымның негізгі формалары түйсіктер, қабылдау және елестету болады. Айнала қоршаған дүниемен адам өз түйсіктері арқылы байланысты. Адам белгілі бір затты көріп, оның жылы-суықтығын, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттілігін анықтай алады. Әрине, түйсіктерді толығынан айнала қоршаған ортадағы физикалық құбылыстармен теңеуге, сонымен қатар ажыратуға болмайды. Кең түрде алғанда, түйсіктер бізді дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретін бейнелеудің ерекше түріне жатады. Олар, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі, адамзат практикасымен тығыз байланысты.

Енді теориялықбілімнің құрылымынакелер болсақ, оларға проблема(мәселе), гипотеза(болжау), теория, заңдыжатқызуға болады.

Таным үрдісінде белгілі бір сатыда тежеу, түсініксіз, адамды абыржуға әкелетін ахуал пайда болады. Осы сәтте проблема дүниеге келеді. Осыдан біреулер проблеманы - білмейтінді білудейді. Мұндай ахуалдың пайда болуының негізінде сан алуан қайшылықтар жатыр. Көп жағдайда мәселенің шешілуі - оны дұрыс қоя білумен байланысты. Ол үшін, әрине, барлық жиналған ғылыми деректер мен тұжырымдарды тағы да ой елегінен өткізіп, проблеманы айқын сезіну қажет. Шешілген проблема ғылыми білімді тереңдетіп, сонымен қатар жаңа проблемаларды тудырады.

Гипотеза (болжау)- белгілі бір зерттеліп жатқан зат, я құбылыстың себебі жөніндегі кейбір деректерге негізделген болжам болып есептеледі. Ол әлі өзін дәлелдеуді талап етеді. Әрине, гипотезаларды теорияға айналдыру өте қиын, өйткені олардың түп-тамыры млрд. жылдарға кетеді. Ал шынайы өмірдегі нақтылы табиғи, я болмаса әлеуметтік саладағы гипотезаларға келер болсақ, олардың ақиқаттығы ертелі-кеш дәлелденеді. Сонда ғана ол теорияға айналады. Өмірдің өзі-ақ біршама гипотезалардың жалғандығын көрсетіп, оларды ғылым шеңберінен шығарып тастайды. Мысалы, ғарышты толтырып тұрған эфир саяқты гипотезалар ғыльш дами келе, өз жалғандығын көрсетіп, категориялық (ұғымдық) мәртебесінен айырылып қалды.

Теория- зерттелетін заттар, я болмаса құбылыстарды ң ішкі мән-мағынасын ашатын, практика арқылы Дәлелденген, қайшылық-сыз бір-бірімен байланысты ұғымдар жүйесі.Мысал ретінде А.Эйнштейннің «Салыстырмалы теориясын», Ч.Дарвиннің «Әволюциялық теориясын», К.Маркстің «Формациялық теориясын» т.с.с. келтіруге болады.

Жақсы сарапталған теория алдын ала болжауға, әлі де болса ашылмаған заттың қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің алмасу заңына сүйене отырып, ғалымдар біршама жаңа элементтерді ашты. Әсіресе әлеуметтік теориялардың маңызы өте зор: солардың арқасында қоғам өміріндегі болашақ өзгерістерді алдын ала болжауға, яғни сол өзгерістерге саяси, құқтық т.с.с. жақтардан дайын болуға мүмкіндік ашылады.

Заң- зерттелген заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі, қажетті, мәнді, қайталанатын, тұрақты байланыстарынкөрсетеді. Әрбір ғылым саласы өз заңдылықтарын ашып, оларды өзара байланыстырып, теориялық дәрежеге көтеруге тырысады.

Енді таным методологиясынталдауға уақыт келген саяқты . Қазіргі ғылымда сан алуан зерттеу әдістері жасалған. Жалпы алғанда, ғылымдағы таным әдістерін үшке бөлуге болады:

1.Жеке ғылым әдістері

2.Жалпы дүниетану әдістері

3.Ең жалпы (универсалды) методологиялар.

Әрбір жеке ғылым саласы дами келе, өз таным улгілерін жасайды. Бұл - оның жетілгені, жеке ғылым ретінде өз мәртебесін тапқанының белгісі. Мысалы, археология ғылымында қазба әдістері, мәдени қабаттан табылған заттарды сақтау үлгілері т.с.с. бар. Физика ғылымына келсек, онда спектральдық анализ, тарихи тілтану ғылымында салыстыру әдісі бар. Археологиядағы қазба әдісін физикалық зерттеуде қолдануға болмайды, сол саяқты физика әдістері арқылы тіл тану мүмкін емес т.с.с.

Ғылымның эмпирикалық (тәжірибелік) сатысында қолданылатын жалпы әдістерге келер болсақ, оларға бақылау, экспериментті жатқызуға болады.

Теориялық деңгейде қолданылатын жалпы әдістерге абстрактілеу, жалпылау, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, әкстраполяция, модельдеу, тарихтық және қисындық, абстрак-тіліқтен натылыққа өрлеу т.с.с. жатады.

Абстрактілеудегеніміз зерттеліп жатқан объектінің кездей-соқ мәнсіз жақтарын ой арқылы «жақшаға алып», мәнді, керектілерін жинақтап, сақтау болып табылады.

Жалпылау- жинақталған жақтардың жалпы, бәріне бірдей ортақ қасиеттерін табу, сол арқылы олар жөнінде ұғымдану.

Анализ- зерттеліп жатқан заттың құрамдас бөліктерін ашып, олардың қасиеттерін зерттеу.

 

Синтез- заттың зерттелген құрамдас бөліктерін ой арқылы қайта біріктіріп, олардың бір-бірімен байланысын анықтау.

Индукция- белгілі бір текке жататын заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы жекеліктен жалпылыққа өрлеу. Дүние шексіз болғаннан кейін, индукция әрқашанда толық емес.

Дедукция- жалпылықтан жекелікке өту. Кеңінен математика, юриспруденция, қисында қолданылады.

экстраполяция- белгілі бір жеке ғылымның әдістемелерін, я болмаса тұжырымдарын соған жақын ғылым саласына тарату, сол арқылы жаңалықтар ашу. Мысалы, этика мен құқық ғылымдары нормативтік пәндер болғаннан кейін, бірінің нәтижелерін екіншіге пайдалануға болады (әрине, салыстырмалы түрде).

Модельдеу- кеңінен жаңа техника, я болмаса технологиялар жасағанда қолданылады. Мысалы, жаңа үлиақтың ең алдымен қуыршақ моделін жасап, аәродинамикалық құбырдан өткізіп, оның ұшу қасиеттерін тексереді. Содан кейін барып, шынайы жаңа үлнақтың сынағы басталады.

 

Сұрақтар:

Адамның танымдық көзқарасы

Таным дегеніміз не

Гносеология  дегеніміз не?

 Танымның практикалық табиғаты.

Таным құрылымы

Танымдағы ақиқат мәселесі.

 Таным деңгейлері мен әдістер.



-75%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Конспект урока "Адамның танымның көзқарасы" (16.88 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт