Меню
Разработки

"Көңілді шырша"

: балаларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен, бойларындағы бар өнерлерін ортаға салып көңілді өткізуге баулу. Қатысушылар: жүргізуші, аққала, аяз ата мен ақшақар және кішкентай санталар, кішкентай шыршалар, сайықмазақтар. Зал ішінде жап-жасыл шырша, шыршада алуан түрлі ойыншықтар ілінген, түрлі түсті әшекейлермен безендірілген.

09.03.2018

Содержимое разработки

Тақырыбы: Көңілді шырша
Мақсаты: балаларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен, бойларындағы бар өнерлерін ортаға салып көңілді өткізуге баулу.
Қатысушылар: жүргізуші, аққала, аяз ата мен ақшақар және кішкентай санталар, кішкентай шыршалар, сайықмазақтар.
Зал ішінде жап-жасыл шырша, шыршада алуан түрлі ойыншықтар ілінген, түрлі түсті әшекейлермен безендірілген.
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, балабақша ұжымы. Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды арайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттана кең алқапта тарайды.

Құрметті ата-аналар, қонақтар «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерінің Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігін тамашалауға қош келдіңіздер!

Ән: «Жаңа жыл» хормен
Жүргізуші: Балалар, біздің шыршамызға кімдер жетіспей тұр?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше, осы Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырмаймыз ба?

Бәрі бәрге: Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар!

Аяз ата: Құтты болсын, балалар,

Келген жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелеп ұл-қыздарым.

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем,

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп – ем.

Ақшақар: Япыр-ау, мен қайда келіп қалдым! Қандай әдемі шырша, әсем киінген балалар! Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Аралайды бақшаны,

Үзілмейді жақсы әні.


Аяз ата: Мына әсем шыршаның шамын жағайық.

Қуант, бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

Бір, екі, үш.

Ән: «Шырша әні»

Жүргізуші: Балалар, Аяз атамыз бен Ақшақар алыс сапардан шаршап келген екен. Олар біздің өнерімізді тамашалағылары келеді екен. Ендеше, аянып қалмайық.

Жаңа жыл келді жеріме,

Жаңа жыл келді еліме.

Шаттыққа бөлеп әр үйді,

Жаңа жыл шықшы төріме.

Қанекей біздің ортамызда кішкене шыршаларымыз отыр екен ортаға шығып аяз атамен ақшақарға билеп берсек калай қарайсыздар (қыздар шырша)

Би: «Шыршалар»

Жүргізуші: Керемет қыздарымыз жарады. Ал енді аяз атаға арнаған тақпақтарымызды айтып берейікші.

Би: «Кішкене санталар»

Аяз ата: Ой жарайсыңдар, балалар. Мен сендердің өнерлеріңе өте тәнті болдым.

Рахмет сендерге! Ақшақар қызым мына сыйлықтарды балаларға таратып бере қой.

Ал енді балалар,

Алда талай дала бар.

Мен сапарға жетейін,

Рұқсат болса кетейін.

Жүргізуші:

Ал, енді қонақтар және бүлдіршіндер Жаңа 2018«Ит жылы» бәрімізге табыс, қуаныш, денсаулық алып келе берсін. Жылдан жылға аман-есен жете берейік. Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.








Қандыағаш қаласы ЖШС «Амалия А» бөбекжай бақшасы











Айгөлек І кішілер тобы



Тәрбиешілер: Ж.Кожамуратова

М.Елубаева














2017-18 оқу жылы

-80%
Курсы повышения квалификации

Эмоциональный интеллект

Продолжительность 36 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
3000 руб.
600 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Көңілді шырша" (97.99 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт