Тақырыбы: «Шуағымсың, жан анам!»
Мақсаты: Аналарға деген құрметті арттыру,адамгершілік қамқорлық,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Көктем мерекелерімен ата-аналарды құттықтау.
Қыз балалырдың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу
Көрнекіліктер:
Интерактивті тақтадан слайдтар,ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, наурыз мерекесіне арналған баннер, ұлттық көрме т.б. шармен, гүлмен безендірілген зал,үнтаспа
Барысы: а) Ұйымдастыру
ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру.
(Күй ойналады, 2-жүргізуші сахнаға шығады.)
1-жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен күн-Ана,
Алып келді жер бетіне гүл көктем.
2-жүргізуші: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған не бір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар
3-жүргізуші: : Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!
1-жүргізуші : Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !
Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да ,мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің
2-жүргізуші: Құрметті аяулы да, асыл аналар, Аяулы ұстаз , сүйкімді сыныптас қыздар! Бүгінгі шуақты көктемнің алып келген алғашқы мерекесі асыл аналар мен аяулы әжелер,қызғалдақ қыздардың мерекесіне арналған « Ана- өмір шуағы!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
3-жүргізуші: Ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
. 1- жүргізуші: Ана -өмірдің гүлі, көңілдің жыры ,әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзі деп соғады анашым!
Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз! Әрдайым мейірім
шуағын шашып жүре беріңіздер. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын.Сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Олай болса, тек сіздер үшін «Ақ мамам» әні
1-жүргізуші 2. Ананың тілі, ананың махабаты, тілегі, тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?
2-жүргізуші. Шырылдап жерге түскеннен-ақ , сенің бір жақының,бір досың, Ол- ана!
3-жүргізуші. Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, жылап ,іздейтінің де –ана.
Көрініс :« Әке мен бала»----------- -----
1 -жүргізуші. Бүгінгі күнде бір ерекше нұрын төге, бар дүние дүр сілкіне ұйқысынан оянғандай, көктемнің алғашқы шуағын аялап, аналарды,қыздарды шабытқа бөлеп, құттықтап тұрғандай.
2-жүргізуші :
Бүгін ерекше күн ғой.Өйткені «Аналар күні».Сәби өмірге алғаш келгенде өз сезімін, үілдеген үнімен білдірсе,біз ержете келе,ерекше сезімді әнмен жеткізгіміз келеді деп біздің балалар
осы әнді балалық сезіммен сіздерге арнайды.
Ән: Мамин праздник
3-жүргізуші Ана-сәбилердің бақыты.Олай болса ұл-қыздарыңыздың сіздердің құрметтеріңізге арнаған өлең-шумақтарын тамашалаңыздар
Өлеңдер:
_______ _______ ____
1-жүргізуші : Достарым, аналарымызбен ойын ойнап, бір сергіп алғым келіп тұрғаны.
Ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен)
5 бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз айтады. Мыс: ботақаным – дейді.
5 баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады.
Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата – анасымен бақытты – деп, ортаға балаларды шақырайық.
1- жүргізуші: ортада Қанат ұлдарыңыз сіздерге мерекелік ән- шашуын жолдайды.
«Қызыл өрік» әнімен
1жүргізуші:— менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.
2- жүргізуші:
-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?
3- жүргізуші:
-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
Вальс
1- жүргізуші:
Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз
Ән: Анашым, қартаймашы ( орынд: Ислам, Нұртілек, Нұрасыл, Сұлтан)
1 ж -Менің анам алтын
2 ж -Менің де анам алтын
3 ж -Аналарды құрметтеп
Бірге -Қол соғыңдар жалпың
—
2-жүрг: Әжем менің асыл жан
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді
Әжеме ешкім жетпейді!- дей келе ақ жаулықты әжелерімізге арнап бір ән арнайықшы достарым!
Ән: «Сағындым әже, сағындым» (Темірлан, Ақнұр , Диана,Ақнұр, .......)
Қорытынды: ( бірауыз тілек ) Менің ең жақын досым да, ең аяулым да , бар байлығым да, бар әлемім де, шуағым да бір өзіңсің жан анам!!!!
3-жүрг:
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін- деп кешіміздің 1- бөлімін аяқтаймыз.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Жүргізуші :
Енді кешіміздің 2- бөлімін «Көктем аруы» атты қыздар байқауымен жалғастырамыз.
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ортаға аруларды шақырамыз.
Мінезі ашық, жарқын, жүзі жылы,
Түрінен көрінеді ішкі сыры.
Ақнұрдай келді міне өнерлі қыз
Аспаннан шашылғандай күннің нұры!- деп Ақнұрды қарсы алыңыздар.
2. . Қандай әсем көрікті үлбіреген,
Билейді ән әуенімен тебіренткен.
Диана атты аруым шықты ортаға,
Сыныбына көшбасшы бола білген! - деп Диананы ортаға шақырамыз.
3. Атыңнан айналайын Айару деген,
Оқуда алдасың деп баға бергем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор ата –анаңның саған деген ! – деп Айаруды қарсы алыңыздар
.
4 Білімді, оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Диляның алдында мақсаты айқын,
Болашақта бағындырмақ асуларды.- деп Диляны ортаға шақырамыз.
Жас ботаның көзіндей мөлдіреген,
Қызғалдақтай құлпырған кезі ме екен?
Ортаға шықты міне ................. де,
Көктемдегі бәйшешектей уілдеген ?????
Қыздар номер суырады.
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
Сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1___________________________________________
2___________________________________________
Әділқазылар 3, 4, 5деген балдық жүйемен белгілеп отырады
Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
Бүгінгі «Көктем Аруы» аты сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
Таныстыру
Өнерлі жетер мұратқа
Сән үлгісі
4.«Зерделінің ойы озық» ( сұрақ -жауап ) (Музыка орындалады)
Әділқазылар бағасы
Жүрг:
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
2- кезең – Өз өнерін көрсету
Арулар өз өнерлерін көрсетеді.
Әділқазы алқасы 2 - сайыстың бағаларын берсеңіздер
Ән-шашу
Жүргізуші :
Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп, - келесі үшінші сайыс «Сұлулық сыры».
Музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету сайысы.
-----------------------------------------------------------------------
Әділқазы алқасы 3 - сайыстың бағаларын берсеңіздер
Жүргізуші:
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ-жауап сайысында.
Сыналар білімі мен парасаты,-дей отырып,келесі кезекте сұрақтарға жауап береміз
4 – сайыс «Зерделінің ойы озық»
(тақтаға гүл жапсырып, күлтелердің артына тапсырмалар жазып, соларға жауап алу керек.)
1.«Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба» кімнің сөздері? Абай
Осы өлеңдегі 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап бер.
2. . Жылқының сүті (қымыз)
3.Қазақ әліпбиінде неше әріп, неше дыбыс бар? 42 – 40
4.Дыбыстардың неше түрі бар? 2
5. Ұлттық мейрамымыз қандай мейрам?
1.Ойын-есеп: Дүкеннен кеп сабын алдым, оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш, тіс іысқышты тағы да алдым.
Есептеші, сонда бәрі қанша болды қолда бәрі? 6 зат
2.Тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков
3. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)
4.Айларды атап бер. Қаңт, ақп, наур, сәу, мамыр, маус, шіл, там,
қырк, қаз, қар, желт
5. 7 қазынаға не жатады? Сұлу әйел, ер жігіт берен мылтық, жүйрік ат, тазы ит, қыран бүркіт, ақыл-білім,.
Алғаш көктемде бүр жарып шығатын қандай гүл? (бәйшешек)
Халқымыздың салт – дәстүрлерін ата
3 арсыз деген не?
Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
.Өрнек түрлерін ата? Әріпті – санды
1 Қазақтың ұлттық аспабын ата. (Домбыра)
2..Бір жылда неше күн бар? (365-366 күн)
3.Қазақтың үш биін ата. (Төле би,Қазбек би,Әйтеке би )
4. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам ( құрт)
5. Тірі табиғатқа не жатады? (адам, жануар, өсімдік)
Соңы:
Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын
Қазылар берсін енді шын бағасын.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші
Сайысымыз да өз мәресіне жетті. Сіздер бүгін қыздарымыздың жан-жақтылығын байқадыңыздар.
Енді қазылар алқасына кезек береміз.
Әділ қазылар есеп бере отырып,
«Көктем аруы» атаққа кім ие болғанын айтады, марапаттау, құттықтау сөздер-----------
№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:
« Шуағымсың, жан анам!»
Өткізген: 3 «Б»– сынып жетекшісі Жармагамбетова А.Н
2016-2017 оқу жылы
№ 1 Сыныптан тыс тәрбие сағаты
«Көктем аруы» сайысы
Мақсаты: Қыз балалырдың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер
Барысы:
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
2-жүргізуші: Бүгінгі «Көктем аруы» атты қыздар сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
«Қыз өссе елдің көркі » деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2-жүргізуші: Армысыздар, осы залға жиналған қауым1
Желпиік, ал ендеше жыр самалын.
1-жүргізуші.
Қуанайық ағайын, көктем келді жеріме,
Қошеметпен көрейік, ару шықсын төріне.
2-жүргізуші.
Құрметті осы мерекемізді бізбен бірге тойлауға келген көрермендер, ұстаздар1
1-жүргізуші.
Нұр жаусын дарындының талабына,
Күш бітсін күн қайтарар жанарына.
2-жүргізуші.
Сәт-сапар ал ендеше біз тілеиік,
Айдай сұлу арулардың қадамына. (екеуі қосылып)
1-жүргізуші:
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларды
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар сахна төріне шақырылады)
2-жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтып,
Әділқазы алқасымен танысайық
Қыздарымыздың өнерін бағалап, әділ баға беретін Әділқазы алқалары:
1-жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, көрсетеді.
--------------------------------------------------------------
1-жүргізуші: Сайысымыз 5 турдан тұрады.
Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін қара сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту, мінерлеп оқу)
3. «Сұлулық сыры»
(Музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету)
4. «Зерделінің ойы озық»
(Сұрақтарға жауап беру)
5. «Қыз еркем – кестесімен көркем»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
2-жүргізуші: Кел,достар, бастайық,
Бастайық той кешін.
Қызықтан еш адам,
Қалмасын құр қалып.
1-жүргізуші:
Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін-ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі
Бірінші сайыс өзін-өзі таныстыру.
-------------------------------------------------
Әділқазы алқасы 1 - сайыстың бағаларын берсеңіздер
2-жүргізуші:
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
Екінші сайыс – өз өнерін көрсету
------------------------------------------------------
Әділқазы алқасы 2 - сайыстың бағаларын берсеңіздер
1-жүргізуші:
Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп, - келесі үшінші сайыс «Сұлулық сыры».
Музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету сайысы.
-----------------------------------------------------------------------
Әділқазы алқасы 3 - сайыстың бағаларын берсеңіздер
Конец формы
Начало формы
2-жүргізуші:
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
1-жүргізуші:
Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
4 – сайыс «Зерделінің ойы озық»
(Сұрақтарға жауап беру)
------------------------------------------------------------------
Әділқазы алқасы 4 - сайыстың бағаларын берсеңіздер
2-жүргізуші:
Өнерліге өріс кең.
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
5- сайыс- қолөнер Қане, қыздардың қолөнерін тамашалайық.
Әділқазы алқасы 5 - сайыстың бағаларын берсеңіздер
Бүгінгі «Көктем аруы» сайысының жеңімпаздарын құттықтау үшін сөз кезегі Әділқазы алқаларына беріледі.
1-жүргізуші: Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
№2 Сабақтың тақырыбы: «Көктем аруы - 2016»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. «Қазақ қызы» деген атқа лайық ойы әсем, тәні әсем, ісі әсем болып қалыптасуына баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эститикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдына өзін-өзі ұстай білу, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулықққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: шарлар, плакаттар, суреттер, гүлдер, үнтаспа т.б.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, бүлдіршіндер, сайысқа қатысушы арулар. Сіздерді көктем мерекесі 8 наурыз мерекесімен құттықтаймын. Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдердей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!
Жүргізуші: Армысыз, әлеумет, кеш қонағы
Бүгін бізде мереке аса мәнді!
Қуанып зер салайық, ей халайық!
Аруларды қошеметпен қарсы алайық!
Мың бұралған арулар билей басып.
Келеді міне ортаға толқып-тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді қошеметпен қол соғайық!
-сайысқа қатысушы аруларымызды ортаға шақырамыз.
3 «а» сынып аруы: Бисенғали Аяулым.
3 «ә» сынып аруы: Алдабай Дана.
3 «б» сынып аруы: Ибраева Ақару.
3 «в» сынып аруы: Жомарт Іңкәр.
3 «г» сынып аруы: Ұзақбай Ақбілек.
3 «ғ» сынып аруы: Қыдырбай Назерке.
3 «д» сынып аруы: Айладыр Ақнұр.
3 «е» сынып аруы: Ажиғали Назира.
3 «ж» сынып аруы: Біржан Рихуа.
Жүргізуші: Әділдікпен бпға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға,-деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасынмен таныс болайық.
Әділ-қазылар:
О.І.М: Мұқанова Үміт
Әдіскер: Молдабекова Сәнім
Тәлімгер: Әнесова Динара
Кітапханашы: Капарбаева Айгүл
Жүргізуші: Әділқазылар 3, 4, 5деген балдық жүйемен белгілеп отырады.
Сайыс 5 бөлімнен тұрады:
1. Таныстыру
2. а) Білгенге маржан (тіл, өнер, еңбек туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру).
ә) Салт-дәстүрге байланысты сұрақ.
3. «Ас-адамның арқауы». Үй тапсырмасы (мерекелік тағам үйден әзірлеу және жарнамалау шеберлігі).
4. Өнерлі өрге жүзер (ән, би, мәнерлеп оқу).
5. Сән үлгісін көрсету (өз ойларынан шығарған, анасымен, сыныбымен дайындаған сән үлгісін көрсету).
1-бөлім.
Жүргізуші: Баурап алар бір-ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппенен, ізетпенен танысуға,-дей келе сайысымыздың 1-бөлімі «Өзін-өзі таныстыру» (Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт келбеті, жүріс-тұрысы сынға түседі).
3 «а» сынып аруы: Бисенғали Аяулым.
3 «ә» сынып аруы: Алдабай Дана.
3 «б» сынып аруы: Ибраева Ақару.
3 «в» сынып аруы: Жомарт Іңкәр.
3 «г» сынып аруы: Ұзақбай Ақбілек.
3 «ғ» сынып аруы: Қыдырбай Назерке.
3 «д» сынып аруы: Айладыр Ақнұр.
3 «е» сынып аруы: Ажиғали Назира.
3 «ж» сынып аруы: Біржан Рихуа.
2-бөлім.
Жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ-жауап сайысында.
Сыналар білімі мен парасаты,-дей отырып,келесі кезекте сұрақтарға жауап береміз және мақал-мәтелдерді жалғастыру( 1 концертте 2 тапсырма бар екеуінде баға бөлек-бөле беріледі).
3-бөлім.
Жүргізуші: Арусыздар таудай биік талабың
Қызысыңдар еркін-өскен даланың
Ал, қанекей мүдірмеңдер бұл сында
Ас әзірлеу, қыздар үшін қиын шаруа болып па?
(Әзірленген тағам түрлерін қорғау, жарнамалау)
4-бөлім.
Жүргізуші: Өнер-білім тапқырлықтың тарланы
Еңбектегі әріптестер мақтаны
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет құрбылармен жарыс та,-дей келе өз өнерлерін ортаға саламыз.
3 «а» сынып аруы: Бисенғали Аяулым би «Барбарики»
3 «ә» сынып аруы: Алдабай Дана би «Қазақша»
3 «б» сынып аруы: Ибраева Ақару би «Наурыз»
3 «в» сынып аруы: Жомарт Іңкәр ән
3 «г» сынып аруы: Ұзақбай Ақбілек би «Үнді»
3 «ғ» сынып аруы: Қыдырбай Назерке ән «Анашым»
3 «д» сынып аруы: Айладыр Ақнұр ән «Шіркін-ай»
3 «е» сынып аруы: Ажиғали Назира ән «Қазақтың ерке қызымын»
3 «ж» сынып аруы: Біржпн Рихуа ән «Ана»
5-бөлім.
Жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айнамен таласатын
Өнерлеріне сәні сай келіп тұрған
Аруларға қызығып қарасын деп-келесі сайысымыз сән үлгісі.
Жүргізуші: Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын
Қазылар берсін енді шын бағасын.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Өнерлі, Білімділер жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Әділ-қазылар сөз береміз.
2-жүргізуші: Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт-береке, бірлік әкелсін
№3 Тақырып Көктем аруы
Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық, халықтық тәрбие рухында тірбиелеу, ана өнегесінен үлгі алу салт-дәстүрлерді бойына сіңіру.
Эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа тәрбиелеу, тазалыққа үйрету.
Көрнекіліктер: шарлар, гүлдер, сыйлықтар, сұрақтар жазылған карточкалар.
Сабақ барысы
Бастау: 8- наурыз - Халықаралық әйелдер күні!
Мереке құтты болсын, қымбатты аналар!
Бүгінгі «Көктем Аруы» аты сайысымыз сіздерге арналады!
(Музыка орындалады)
Армысыздар, әлеумет, кеш қонағы,
Бүгін бізде мереке аса мәнді.
Қуанып зер салайық, ей халайық!
Аруларды қошеметтеп қарсы алайық!
(Музыка орындалады)
Аруларды ортаға шақырып отырып, тақпақтар оқу:
Аруларға: 1..Мінезі ашық, жарқын, жүзі жылы,
Түрінен көрінеді ішкі сыры.
.......................... да келді міне өнерлі қыз
Аспаннан шашылғандай күннің нұры!
(Музыка орындалады)
2 .Жас ботаның көзіндей мөлдіреген,
Қызғалдақтай құлпырған кезі ме екен?
Ортаға шықты міне ................. де,
Көктемдегі бәйшешектей уілдеген.
(Музыка орындалады)
3. Қандай әсем көрікті үлбіреген,
Билейді ән әуенімен тебіренткен.
................... атты аруым шықты ортаға,
Дайындықпен сайысқа бүгін келген!
(Музыка орындалады)
. Даусы әсем, нәзік әнші .................дай,
Сүйкімді қыз үріп ауызға салғандай.
Өлеңменен алға тартып өз сыныбын,
Қараңдаршы, ................ атты қыз қандай!
(Музыка орындалады)
5. Оқуда алда жүрген бір тұлпары,
Болашақтың басылар бір құмары.
Бүгінгі күн қуантады ұстазын,
Шықты ортаға ................... қыз гүл жұпары!
(Музыка орындалады)
6. Келді міне ................тың,
Өскенінде қуантады ел-жұртын.
Сүйкімді кішіпейіл, қарапайым
Белсенділікпен білімге құштар әрдайым!
(Музыка орындалады)
7. Атына ақылы сай аруым бар,
Қарасаң, қанша үзіліп қанбас құмар, ............... ару, көрсетші өнеріңді,
Тамашалап көңілденіп отырғандар!
(Музыка орындалады)
8. Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты,
Алдымызға келді ару .................. атты.
Парасатты бойжеткен аталамын,
Деп өзінің сыныбын алға тартты!
(Музыка орындалады)
Әділ қазыларға:
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділ қазы алқасын!
(Әділқазаларды таныстыру)
І сайыс: Танысу ( арулардың әрқайсысы алдын ала дайындалған)
ІІ сайыс: Өнер көрсету ( Қалтадан кез келген
өнерді көрсетеді: өлең айту, би
билеу, ою қию, шаш өру, картоп аршу)
ІІІ сайыс: Сұрақ – жауап
1.«Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба» кімнің сөздері? Абай
2.Ы. Алтынсаринның қай өлеңін білесін? Кел, балалар, оқылық
3.Қазақ әліпбиінде неше әріп, неше дыбыс бар? 42 – 40
4.Дыбыстардың неше түрі бар? 2
5.Өрнек түрлерін ата? Әріпті – санды
6.Ойын-есеп: Дүкеннен кеп сабын алдым, оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш, тіс іысқышты тағы да алдым.
Есептеші, сонда бәрі қанша болды қолда бәрі? 6 зат
7.Тудың авторы кім? Шәкен Ниязбеков
Елтаңбаның авторларын ата? Жандарбек Мәлібеков, Шота Аман Уалиханов
Апта күндерін ата. Дүйс, сейс, сәрс, бейс, жұм, сенб, жекс.
Айларды атап бер. Қаңт, ақп, наур, сәу, мамыр, маус, шіл, там,
қырк, қаз, қар, желт
Қазақша жыл атаулары. Тышқан, сиыр, барыс,
қоян,ұлу, жылан жылқы,
қой,мешін, тауық ит, доңыз
7 қазынаға не жатады? Сұлу әйел, ер жігіт берен мылтық, жүйрік ат, тазы ит, қыран бүркіт, ақыл-білім,.
Ана туралы мақал-мәтел. Ата көрген оқ ....,Әке
асқар тау, ана- шалқар көл,
ананың ойы ұяда, баланың ойы далада,
Баланың бас ұстазы-ата-ана,
Жұмбақ ? Маған да, саған да Жақын туыс 5 адам.
3 әріптен тұратын, оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан. Бәрі де өз жұратың
Айтады кәне, кім атын? Ата, ана, аға, апа, іні.
Батыр қыздарды ата? Мәншүк, Алия.
IV сайыс: Сән үлгісін көрсету. Алдын ала үйге берілген тапсырма.
Соңы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші
Сайысымыз да өз мәресіне жетті.
Сіздер бүгін қыздарымыздың
жан-жақтылығын байқадыңыздар.
Енді қазылар алқасына кезек береміз.
Әділ қазылар есеп бере отырып,
«Көктем аруы» атаққа кім ие болғанын айтады, марапаттау, құттықтау сөздер----------- ------------------------------
Аруларды ортаға шақырып отырып, тақпақтар оқу:
Аруларға:
1..Мінезі ашық, жарқын, жүзі жылы,
Түрінен көрінеді ішкі сыры.
.......................... да келді міне өнерлі қыз
Аспаннан шашылғандай күннің нұры!
(Музыка орындалады)
2 .Жас ботаның көзіндей мөлдіреген,
Қызғалдақтай құлпырған кезі ме екен?
Ортаға шықты міне ................. де,
Көктемдегі бәйшешектей уілдеген.
(Музыка орындалады)
3. Қандай әсем көрікті үлбіреген,
Билейді ән әуенімен тебіренткен.
................... атты аруым шықты ортаға,
Дайындықпен сайысқа бүгін келген!
(Музыка орындалады)
. Даусы әсем, нәзік әнші .................дай,
Сүйкімді қыз үріп ауызға салғандай.
Өлеңменен алға тартып өз сыныбын,
Қараңдаршы, ................ атты қыз қандай!
(Музыка орындалады)
5. Оқуда алда жүрген бір тұлпары,
Болашақтың басылар бір құмары.
Бүгінгі күн қуантады ұстазын,
Шықты ортаға ................... қыз гүл жұпары!
(Музыка орындалады)
6. Келді міне ................тың,
Өскенінде қуантады ел-жұртын.
Сүйкімді кішіпейіл, қарапайым
Белсенділікпен білімге құштар әрдайым!
(Музыка орындалады)
7. Атына ақылы сай аруым бар,
Қарасаң, қанша үзіліп қанбас құмар, ............... ару, көрсетші өнеріңді,
Тамашалап көңілденіп отырғандар!
(Музыка орындалады)
8. Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты,
Алдымызға келді ару .................. атты.
Парасатты бойжеткен аталамын,
Деп өзінің сыныбын алға тартты!
(Музыка орындалады)
Әділ қазыларға:
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділ қазы алқасын!
(Әділқазаларды таныстыру)
І сайыс: Танысу ( арулардың әрқайсысы алдын ала дайындалған)
Қорытынды: :
1-жүрг:
Табаны жерге тимейді
Біздің қыздар ғажап билейді,
Би сұлулық ,әсемдік
Сымбаттылық бұл дейді – ендігі кезекті сұлу қыздарымдың биіне берейік
Би
---------------------
Жігіттер мен сұлулар!
Той болады, Көктем келді,
Ойын күлкі думанымен
Көптен күткен Наурыз келді?
-----------------------------------------------
-Олардың шешендігін сынап көрелік.
«Сөз тапқанға қолқа жоқ « ойыны......
Аналарды ортаға шақырып, бір санды таңдатамыз.
Таңдаған сандарының сұрақтарына жауап береді. Бір сан 5 сұрақтан тұрады
Өлеңдер:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап. Айдос
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген асыл жандар болаттай, Нұрсұлтан
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай
-----------------------
Аялайық аналарды әрдайым Дамир
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
------------------------------
Алтын анам жасымнан аялаған, Ислам
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.
Ардақты Ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтін
Кең құшағың аясындай гүл бақтың
----------------------------------------
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен, Сұлтан
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ
-- ---------------------------------------------
..............Қанат
Құттықтаймын мейрамыңмен ,аналар Малика
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейді өмірде
Елің ,жұртың ,ұл мен жұртың бағалар.
------------------------------------
Аналарды ардақтаған бабалар Темірлан
Аруларды құрмет тұтқан даналар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі күндей болып жайнаңдар
Құтты болсын мерекеңіз арулар
Құтты болсын тойларыңыз аналар!
--------------------------
Маған қымбат адам жоқ бір анадан Анеля
Бар жақсылық аналардан жаралған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Аналарға борышты ғой бар адам,
Мен ананы шуағы толы күн деймін, Әділет
Анадан зор құдіретті білмеймін.
Анам аман-сау жанымда жүрсе егер
Бақытым да әр лез бірге жүр деймін.
-----------------------------
Менің әжем, бұл әже Нұрасыл
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
----------------------------------
Жанымызды жайнатқан Хор
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
-------------------------
Жасыра алмай өзіңнен ғашықтығын, Абай
Көкжиектен таң сайын асықты Күн.
Келді тағы көктемнің мерекесі
Дидарыңа шуағын шашып бүгін
---------------------------------------------
Аналарды ардақтаған халқымыз Темірлан
Ертендерге жалғанады салтымыз
Аналардың , арулардың қызығы
Құтты болсын 8- ші наурызыңыз
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі гүлдей жайнап тұрыңдар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Құтты болсын тойларыңыз аналар!
--------------------------------
Мен ананы шуағы толы күн деймін, Әділет
Анадан зор құдіретті білмеймін.
Анам аман-сау жанымда жүрсе егер
Бақытым да әр лез бірге жүр деймін.
Ақыл құйған санама, Нұрәлі
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Ақ қабақты анашым, ?
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым
Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
----------------------------------------
Айналдым «ана» деген асыл аттан К. Ақнұр
Шуағын бар әлемге шашыратқан
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
---------------------------------
Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен
Қарагөз
Бекжан : ---------------------
Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық керегі жоқ. - Жансая-
«...Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың». Айару
------------------------------------
Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын. Диля
----------------------------
Ару — өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміз бас иеміз.