Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  3 класс  /  Көбейту және бөлу

Көбейту және бөлу

Сабақ жоспары, 3 сыныпқа арналған. Білімділік-есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару үш таңбалы сандармен жазбаша есептер тәсілдері берілген. Логикалық тапсырма да қарастырылған

15.09.2017

Содержимое разработки

Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Көбейту және бөлу

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпы мақсаттар

1.Білімділік-есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару (тәсілдерін), дағдыларын қалыптастыру, үш таңбалы сандармен жазбаша есептерге қатысты білімдерін бекіту.

2.Дамытушылық-есептеу және есте сақтау, логикалық ой-өрістерін дамыту.

3.Тәрбиелік-жылдам, шапшаң ойлап есептей білуге үйрету өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау


Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру

Қызығушылықты ояту

1.Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )
2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен
кем сан шығады? ( үтір )
6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы
бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)
7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
10. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )

Мағынаны тану


Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.

1-топ №1,2

2-топ №2,3

3-топ №4,5

№6 тапсырманы тақтада орындау.

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.



Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

Мектеп - бақшаға 300 кг жемістер әкелінді. Алма мен алмұрт 230 кг, алма мен апельсин 200 кг. Мектеп – бақшаға әрқайсысынан неше кг әкелінді?
Жауабы: 300 кг – 230 кг = 70 кг (апельсин)
200 кг - 70 кг = 130 кг (алма)
300 кг – 200 кг = 100 кг (алмұрт)

Үй тапсырмасы

№7,8 10-бетте

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.



-80%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Көбейту және бөлу (15.76 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели