Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  3 класс  /  Кестелік қосу және азайту

Кестелік қосу және азайту

Ондықтан аттап қосу тәсілдерін пысықтау; 2. Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын дамытуға, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға жағдай жасау; 3. Оқушыларды тату және ұқыпты болуға тәрбиелеуге ықпал ету.

16.04.2018

Содержимое разработки

Бекітемін:

Сабақ №1

Пәні : математика

Күні : .09. 2017 ж

Мұғалім есімі :

Сынып 3 «Д»

Қатысқандар саны

қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Кестелік қосу және азайту

Сабаққа негізделген оқу мақсаты


1. Ондықтан аттап қосу тәсілдерін пысықтау;
2. Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын дамытуға, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға жағдай жасау;
3. Оқушыларды тату және ұқыпты болуға тәрбиелеуге ықпал ету..

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар (саны) кестелік қосу мен азайтуды біледі, түсінеді.


Оқушылардың басым бөлігі кестелік қосу мен азайтуды пайдаланып, өрнек құрастыра алады. Оны сабақ барысында қолдана алады.

Кейбір оқушылар кестелік қосу мен азайтуды талдап, жинақтап күнделікті өмірде қолдана алады. Өз білімін бағалай алады. Нәтижесін көреді.

Үй тапсырмасын тексеру тапсырмалары

Миға шабуыл, сұрақ қою, қайта сұрақ қою.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер

«Ойлан. Жұптас. Пікірлес.», « қара-оқы-жап-жаз-тексер», «келісемін, келіспеймін» стратегиялары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар,

көрнекіліктер









Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?(сан шығады)

2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?(1 шығады)

3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?(0 шығады)

4. Санды нөлге бөлуге бола ма?(болмайды)

5. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (Жұп)

6. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады? (тақ)

7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз? (көбейту)

дидактикалық материалдар мен ойындар,

суреттер.

Сабақтың ортасы



Оқулықтағы есептерді шығару.

1-тапсырма.

Екінші ондықтың сандарын жаз. олардың әрқайсысын разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсет.

Мысалы : 11 = 10 + 1

2- тапсырма.

Санның құрамын есіңе түсір.

14

15

16


133

4-тапсырма.

Теңдеулерді шеш.

а + 8 = 14 5 + а = 12 16 - а = 9

5-тапсырма.

Есептерді шығар.

А) Ш: 8 + 9 = 17 Ә) Ш: 7 + 9 = 16

Ж: 17 күн Ж: 16 бала

6-тапсырма.

Суретті қарап шық. Жауаптарын жаз.

Барлығы неше көпбұрыш бар ?

Үшбұрыш нешеу ?

Тік төртбұрыш нешеу ?

Шаршы нешеу ?

Бұрыш нешеу ?

Кесінді нешеу ?

7-тапсырма.

Әріпті өрнектерді жаз. Мәндерін тап.

а-7 а = 16 16-7= 9 a= 15 15- 7 =8

оқулық

Сабақтың соңы


1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
4. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабінің авторы? (Баймұханов, Базаров)
5. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)
6. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
7. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
8. 1/10 санының кері саны? (10)
9. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)


Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлаймыз?

Рефлексиялық - бағалау кезеңі
Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы


Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)


1.



2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)


1.

2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


1.

2.






-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Кестелік қосу және азайту (64.35 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт