Тақырыбы: Кешіре білуді үйренеміз
Құндылығы: Ішкі тыныштық
Қасиеттері: сыпайылық; ашуланбау; шыдамдылық;
| Мақсаты: оқушыларды кешіре білуге үйрету арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды ашуланбауға үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы шыдамдылық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2. www.tarbie.kz |
| Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Жағымды күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз). Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. |
|
| 2. Үйге тапсырманы тексеру 1. №18 – сабақ. Өздері жасаған ізгіліктерін туралы жазып келу. 2. Келесі сабақ. №19, «Шіріген картоп» өсиет әңгімені оқып келу. Сұрақтар: 1. Әкесі балаларына неліктен мұндай тапсырма бердідеп ойлайсыңдар? |
|
| 3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Кешіре білген адам – күшті адам. Сұрақтар: 1. «Кешірім», «кешірімділік», «кешірімді болу» дегенді қалай түсінесіздер? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? |
|
| 4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Ақымақ өгіз Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Жалғыз сиырдың сүті – олардың қорегі болыпты. Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай өле беріпті. – Кемпір, ашықсақ ашығайық, бір жылға бірнәрсе етіп шыдармыз. Енді сиырды саумай-ақ қойшы, сүтін бұзауы емсін, – деді шал. – Жарайды, саумасам саумайын, бұзауы уызға жарысын. Үш күннен соң сиыр еркек бұзау туады. Бұған қуанған олар қанша тарықса да, ашықса да сиырды саумай, барлық сүтін бұзауға береді. Енесінің бар сүтін бір өзі еміп өскен бұзау үлкен өгіз болып шығады. Күндердің бір күнінде ол өзінің семіздігіне масаттанады. Осындай зор, сұлу денеммен мына бір жаман сиырлардың ішінде жайылып жүргенім лайықсыз екен, түйелерге барып қосылғаным дұрыс шығар деп ойланды. Өзін ерекше зор сезініп жүрген ол барынша – ақ түйе болуға тырысып бағады. Олардың жеген шөбін жейді, алыс шөлге кетіп, сортаң жалайды. Ақырында шөлден қатып, іші ауырып, шыдай алмайды. – Әбден өлетін болдым, жылқыларға барайын. Олар түйеден кішірек қой, азабы да жеңілірек болар деп, өгіз аттанды.Жылқылар ішінде жүрген де оған жайсыз болады. Соларға ілесіп, қатарларынан қалмай шауып жүремін деп әбден шаршайды. Бір күні қасқыр тиіп, жылқылар дүркірей қашады. Бұл ілесе алмай айдалада қалады. (Жылқылар қашып кетеді де, өгіз қора қасқырдың қоршауында қалады). – Мө-ө-ө-өөө! Құтқарыңдар мені. Құтқарыңдар! Мө-ө-ө! Мө-ө-ө-өөө! Кім бар маңайда? Мө-ө-ө! Деп мөңіреді өгіз. – Бұл не айқай? Құлақ түріңдерші! – Таныс дауыс қой өзі. – Қайдан шыққан дауыс? – Жүріңдер, жота асып қарайық, – деді сиырлар. Табын сиыр жотаға шықса, сол баяғы өздерін менсінбей жылқыларға барып қосылған өгіз қасқырлар қоршауында қалған екен. Олар өгіздің жаман қылығына ешбір кек сақтамастан, өгізді қасқырлардан құтқарып алады. – Мен сендерді ренжіттім. Өз туыстарымнан бөлініп кеттім. Ақылсыздығымнан осындай жағдайға тап болдым. Тату болған, туыстармен бір жүрген қандай жақсы! «Бөлінгенді бөрі жейді!», –деген осы екен. – Кешіріңдер мені, мө-ө-ө-өөө! – деп кешірім сұрады өгіз. Сұрақтар: 1. Жаман қылықтарға кек сақтамай кешірім беру және кешірім сұрау сендердің қолдарыңнан келе ме?Өз өмірлеріңнен мысалдар айтып беріңдер. 2. Осыған ұқсас жағдаяттар туралы әңгімелеп бере аласыздар ма? |
|
| 5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма: Төменде берілген рөлдер бойынша жаңалықтар бағдарламасын дұрыс әрекетке негіздеп жасаңдар. |
|
| 6. Топпен ән айту. Күн күледі |
|
| 7. Үй тапсырмасы. 1. №19 – сабақ. Кешіре білудің жолдарын жасаңдар. Дәптерге жазыңдар. 2. Келесі сабақ. №20, Иван Василенконың «Өткел» әнгімесін оқып келу |
|
| 8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|

Кешіре білуді үйренеміз (20.68 KB)

