Меню
Разработки

Келді міне, Жаңа жыл!

Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір-біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу. Танымдық қабілеттерін дамыту.
14.11.2019

Содержимое разработки

Тақырыбы: Қуант бізді Жаңа жыл!

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір-біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу. Танымдық қабілеттерін дамыту.

Ұйымдастырған тәрбиешілер: Шамамбекова Ж. Кабдолова Г

Жүргізуші: Шамамбекова Ж

Музыка жетекшісі:

Би жетекшісі:

Балалар залға музыкамен кіреді. 
Жүргізуші:             Жаңа Жылдың таңы неткен арайлы,
                                      Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
                                      Жаңа Жылмен құттықтаймын бәріңді,
                                      Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін,
                                      Бәрімізге мына жыл арайлы.

Құрметті ата-аналар, балалар, ұстаздар,қонақтар , Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қуант бізді Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер
Жүргізуші: Қараңдаршы, қандай әдемі біздің шыршамыз. Қанша ойыншықтар, әдемі шамдар ілінген. Бірақ шамдар жанбай тұр ғой деймін. Неге екен? Қанеки, балалар, шыршамызға арнап ән айтып берейікші. Сонда, мүмкін, ол жанатын болар. 
Ән :  Топ-топ балақан.
Жүргізуші: Балалар біз жаңа жыл мерекесіне келдік. Бірақ бәрібір шырша шамдары жанбай тұр. Жаңа жыл мерекесі Аяз атамен Ақшақарсыз қалай өтеді. Мүмкін солар келгенде шырша шамдары жанатын шығар. Балалар мен бірдененің даусын естіген сияқтымын.Бұл ненің дауысы екен?

-Дұрыс айтасыңдар, бұл ұйытқыған боранның дауысы екен. Аяз атамен ақшақар адасып кетпесе болды. Сол үшін біз оларға белгі берейік, бәлкім біздің дауысымызды естіп адаспай дәл тауып келер, иә балалар.

Балалар: иә

Жүргізуші: Ендеше біз аялдама ойынын ойнайық

Ойын: Аялдама
(Ақшақар билеп кіреді.)
 Ақшақар: Сәлеметсіңдерме, балалар. Біз Аяз-Ата екеуміз сендердің шырша мерекелеріңе асығып келе жатқан едік.Ұйытқыған бораннан адасып кете жаздадып, сендердің дауыстарыңды естіп дәл тауып келдік. Рахмет сендерге балалар! Аяз-Ата шаршап, жай жүріп, қалып кетті. Сен барабер, мен жетіп аламын деген. Балалар күтіп қалды ғой деп. Ал, мейрамдарыңыз көңілді өтіп жатыр ма?
Балалар :иә 

Жүргізуші: Сәлеметпе Ақшақар біздің балалар жаңа жыл мерекесіне жақсы дайындалып келіп еді, бірақ шыршамыздың шамдары жанбай көңілсіз тұр

Ақшақар: Уайымдамаңдар , балалар мен сиқырлы сөз білемін және менің сиқырлы таяғым бар Сендер менімен бірге қайталап айтыңдар жарай ма? Балалар шапалақтасын,  ал енді аяқтарымен тарсылдатсың, енді қатты үрлесін.  Шырша шамы жанбай жатыр. Балалар, ендеше біз сиқырлы сөзді айтып көрейік

Хормен: Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат - 3рет

Жүргізуші: Алақай шыршамыз неткен әдемі, рахмет саған Ақшақар. Рахмет сендерге сендер бәрлерін сиқыршы екенсіңдер. Енді біздің мерекемізге кім жетіспей тұр балалар, айтыңдаршы?
Балалар : Аяз ата

Жүргізуші: дұрыс айтасыңдар, ендеше бәріміз бірге Аяз атаны шақырайық
Ақшақар:  Балалар Аяз ата бізді естімей жатыр ғой деймін , кәнекей қаттырақ шағырайықшы
Балалар : Аяз ата, Аяз ата (Аяз ата залға кіреді)

Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым?
                    Амансыңдар ма, қыздарым.
                    Қандай жарқын жүздерің,
                    Қандай әсем жырларың.
                    Шаршап келдім алыстан,
                  Өздеріңе оралдым.
                  Бар сыйлығым жоралғым,
                  Керемет бір ән тыңдап,
                  Келіп тұр-ау демалғым.

(Балалар Аяз атамен амандасады)
Аяз ата:
Балалар қандай әдемі болып кеткенсіңдер, шыршаларың неткен әдемі

Залға Аю кіреді шыршаны

Аю: Мұнда не болып жатыр

Жүргізуші: Сен кімсің?

Аю: Мен қорбанбай аюмын

Қимылдаймын қорбандай

Омартаны көргенде

Бас қоямын ойланбай - Не болып жатыр мұнда?

Жүргізуші: Аюжан біз мұнда жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз

Аю: Қойыңдаршы, менің ұйқым келіп жатыр

Жүргізуші: Аюжан бізбен бірге мерекені тойла

Аю: Бірақ менің ұйықтағым келіп тұр

Жүргізуші: Аюжан сен Балалармен бір би билесеңші бәлкім сонда ұйқың ашылар

Аю: Жарайды онда мен қонжықтармен бірге бір би билеп көрейін, бәлкім ұйқым ашылса ашылар

Би: Қонжықтар

Аяз-Ата: Рахмет, балалар. Ризамын сендерге.  Менімен ойнағыларын келедіме? Кәне қашыңдар мен казір сендерді қатырып тастаймын.
(Балалар орындарына отырады) Залға қоян мен түлкі кіреді
Қоян: Мұнда не болып жатыр

Түлкі: Дауыстарыңды орманның ар шетінен естіп келдік. Бұл не мейрам ? Бәрің неге жиналып алғансыңдар?

Қоян: Түлкіжан қарашы балалар қандай әдемі, шыршаны қарашы қандай әдемі, бұнда жаңа жыл мейрамы болып жатқан сияқты

Жүргізуші: Дұрыс айтасың қоянжан бұнда балалар жаңа жыл мейрамын тойлап жатыр. Келіңдер бірге жаңа жылды қарсы алайық

Түлкі мен қоян: алақай, алақай бізде Аяз атаға өнерімізді көрсетейікші, сыйлық алайық

Аяз ата: Әрине, көрсетіңдер өнер көрсеткендерге арнайы сыйлықтарым бар

Жүргізуші: Онда бәріміз орнымыздан тұрып, шыршаны айналып ән айтайық

Ән: 1.Шырша жыры.

2.Аппақ-аппақ жапалақтап (барлығы шыршаны айналып ән айтады)

Жүргізуші: Ал енді бәріміз орнамызға отырайық, Аяз атада шаршаған шығар отырып дем алсын. Балалардың өнерін отырып тамашаласын

Жүргізуші: Аяз ата мұнда кішкентай көжектер бар, қоянжан сол көжектерімен бір би билесем дейді

Аяз ата: Әрине, билес ін

Би: Қояндар

Аяз ата: Ой, бәрекелді, жарайсың қоянжан.

Жүргізуші: Балалар, сендермен бір ойын ойнайықшы, жаңа билеп жүргенде қоян сәбіздерін жерге шашып алыпты, сол сәбіздерді қоянға жинасуға көмектесміз бе?

Балалар: иә, көмектесеміз

Ойын: Сәбізді жина

Жүргізуші :  Ойын ұнадыма? Балалар енді Аяз атаға тақпақтарымызды айтып берейік

Балалардың тақпақтары

Жүргізуші: Ал түлкіжан, сен қандай өнер көрсетесің?

Түлкі: Менің мұнда кішкентай сіңілдерім бар екен менде солармен бір би билеп берейін

Би: Түлкілер

Аяз ата: Жарайсың түлкіжан билерің қандай керемет!

Жүргізуші: Аяз ата сіз біздің балалардың өнерін тамшаладыңыз, сізге ұнады ма? Балаларға сыйлық әкелдіңіз бе?

Аяз ата: Әрине, әкелдім. (сыйлықтарды таратып береді)Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Солай емес па қызым. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, аспандарың ашық болсын! Сау болыңдар!

Балалар Аяз атамен , Ақшақармен қоштасады

Жүргізуші:  Жаңа жыл- әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін беркелі, мерекелі жыл болсын.
Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!



Ертеңгілік

«Қуант бізді Жаңа жыл!»

II – кіші «Құлпынай» тобы

Тәрбиешілер: Шамамбекова Ж

КабдоловаГ







2018-2019ж

-80%
Курсы повышения квалификации

Система управления охраной труда в учреждении образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Келді міне, Жаңа жыл! (719.54 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт