Кел Жаңа жыл-Жаңа жыл.!
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Сүттіқұдық ауылы
«Жұлдыз» шағын орталығының тәрбиешісі: Абилкайрова Гулназ
Мақсаты: Музыканың сипатын, көңіл күйін бере орындау. Қимыл-қозғалысты кіріспеден кейін бастау, музыкаға сәйкес бейнелі, ырғақтық қимыл жасауға үйрету. Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
Пайдаланылатын құралдар: түрлі кейіпкерлер киімдері, маскалары, суреттер; әр кейіпкерге қажетті заттар.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: қыс, жаңа жыл туралы түсініктерін кеңейту, бекіту. Өлең, тақпақтар жаттау; шырша ойыншықтарын, сыйлықтар жасау.
_ Іс -әрекет кезеңі:
1.Ұйымдастыру:Кіріспе әңгіме:Жұмбақ жасыру:
Би биледің, жыр жырладың,
Қызығына тоймадың.
Достарыңмен ойнадың,
Жаңа жылды тойладың.
Бұл қай ай?
Жаңа жылда, жылды ертіп келетін,
Аппақ сақал, қарлы тымақ
Ойынға сән беретін.
Ол кім?
2.Ән тыңдау. «Жаңажыл». Қ. Шілдебаев. Сұрақтарға жауап айту.
Қыста қандай құбылыстар болады?
Қыс несімен ұнайды?
Қыста жауын-шашынның қай түрі жауады?
Кім қыс туралы мақал-мәтел, тақпақ біледі?
Айнала аппақ қарға малынған, түрлі шаңғы, шана, конькимен сырғанаймыз. Қыс өте көңілді ай. Бірақ жылы киім кимесең оңып қаламыз
Әннің қандай күйде айтылғанын анықтау:
3.Ән айту:
«Жаңа жыл» әнін жетекшімен бірге орындау мазмұнына талдау жасап, жұмбақ жасыру:
Аяз зата қандай мерекеде келеді?
Балаларға не әкеледі?
Аяз атаның түр-түсі, сақалы, киімі қандай болады?
4. Психологиялық жаттығу: Саусақтар жарысы..Әрбір саусақтың атын үйретіп, әр саусақты қимылға келтіріп отыру қажет.
5.Әуенді қимыл-қозғалыс.
«Қыс қызығы», «Аязата» әнінің музыкасына сәйкес билеуге болады? Келіңдер, билеп көрейік.
Музыкалық - дидактикалық ойын: «Көңілді аспаптар». Музыкалық аспаптарда жеңіл музыка әуенін орындап, соны балаларға қайталату.
6.Әліппе-дәптермен жұмыс.
7.Қорытынды: Сонымен, бүгін сендермен қандай музыка тыңдадық? Кім туралы ән үйрендік? Ән сендерге ұнады ма? Ой бөлісу.

Кел Жаңа жыл-Жаңа жыл! (33.5 KB)

