Меню
Разработки

Казахстан - Родина моя!!

12.05.2017

Содержимое разработки

Туғанда дүние есігін ашады өлең

Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзек алатын жері – ол ата-бабадан қалған асыл мұра. « Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп, ұлы Абай атамыз айтқандай, ауыз әдебиетінің басты үлгілері әрбір жас ұрпақ үшін тәрбиенің қайнар көзі. Тегінде іс-әрекеттерді, тілдік қорларын сипаттай білу- тіл мәдениетінің маңызы болып саналады.

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеп, тілдерін дамыту мақсатында халық ауыз әдебиетінің асыл-мұралары – жұмбақтар, ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тәрбие әліппесі, аңыз әңгімелер, жырларды қолданудың маңызы зор тиімді тәсіл екені белгілі. Халық ауыз әдебиетінің бір саласы- ойын өлеңдері . Бұл ретте баланың білегін, алақанын, саусақтарын ұстап, түрлі қимылдар жасап, арасында қытықтап отырудың мәні зор. Оларға: « Саусақ санау», «Бес саусақ», « Қуырмаш» т.б ж.  Енді ертегілерді алсақ, әр ұйымдастырылған оқу қызметінде орынды қолдануға болады. Мысалы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» Көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде осы ертегіні оқып, мазмұнымен танысып, негізгі ойды анықтасақ, енді ҚМҰҚ осы ертегінің кейіпкерлерінің пайдаланып денелердің көлемін салыстыруды атап айтсақ түйе мен тышқанды, қой мен сиырды салыстыру арқылы «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырып, таныстыруға болады. Жаңылтпаштар баланың тілін ұштай түсіп, оның кекештенбей, тұтықпай, еркін, жатық, асықпай, қысылмай сөйлеуіне көмектеседі. Әр сөзді бұзбай дұрыс айтылуы мақсат етіледі.Сөздерді шапшаңдата тез-тез айтуына, баланы сөйлете білу үшін маңызы өте зор.
Қиялдай білу арқылы ой-өрісі, дүниетанымы арқылы балаларды тапқырлыққа, тілін дамытуда басты құрал болып табылады. Мақал- мәтелдерде халықтың ой-санасы, ақыл өнегесі көрініс тапқан ойдың дәлдігімен, тереңдігімен сипатталуы мақалдарда тиянақты, тұжырымды ой айтылады.

Мұны өмірге жаңа қадам басқан балдырғандардың санасына дұрыс сіңіре білуін, халқымыз ауыз әдебиеті арқылы бойларына қалыптастыра білген. Бұл ауыз әдебиеті арқылы балалар есіне ұзақ сақталады. Бала тілін дамытуда, ой - өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін балабақшада пайдаланудың маңызы зор.














-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Филолог

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Казахстан - Родина моя!! (13.41 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт