Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Мероприятия  /  1 класс  /  Қыздарға әсемдік жарасады

Қыздарға әсемдік жарасады

К?ктем аруы атты т?рбие са?атын ?ткізгелі отырмын.

11.02.2017

Содержимое разработки

19 орта мектеп











Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: «Көктем аруы»









Өткізген: Сұлтанова К

Сыныбы: 1 «Д»









2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Көктем аруы»

Сабақтың мақсаты:

1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, іскерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.

3. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар. Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Біз сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Көктем ханшайымы» атты байқауын тамашалауға шақырамыз.
Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!


1) Аруна қыз білімді,
Меңгерген бар ілімді.


2) Іңкәр қыз елгезек,
Алады тез тіліңді.


3) Ақша бетті Томерис,
Ұқсайды хор қызына.


4) Көркем қыз үлбіреп,
Қос жанары мөлдіреп.


5) Гүлжанат қыз шығады,
Бұрымдары желбіреп.



6) Келесі қыз Әмина,

Бойына өнер жиған қыз.



7) Келесі қыз Дильназ,

Ағарып атқан таңдай қыз.

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.
1 - шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады.
2 - шарт. «Өнерлі өрге жүзер» әр ару өз өнерлерін көрсетеді.

3 - шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
4 - шарт. «Сымбатына сән киім жарасатын» көктемгі сән үлгісі.
5 - шарт. «Өнерлінің қолы алтын» үйден дайындап келген өз қолымен жасалған туындылардың қалай жасалатынын түсіндіру.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалайтын уақыт жетті.
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын.



Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.

Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында,
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.

1. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже).

2. Бала туралы бір мақал айтыңыз? (Балалы үй базар,

Баласыз үй мазар).

3. Ұлыс күні жасалатын тағам? (Наурыз көже).

4. Апа-сіңлінің балалары сізге кім болады? (Бөле)

5. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз? (Анаға қарап, қызын ал).

6. Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға, білезік, жүзік, сақина, алқа, шашбау).

8. Киіз үй жиһаздарын атаңыз? (Кебеже, кілем, тұс киіз, жүк аяқ).

9. Сәндік бұйым жасайтын адам? (Зергер).

10. Үш арсызды атаңыз?

11. Шашқа тағатын әшекей?

12. Картоптан жасалған ботқа? (Пюре).

13. Көктем айларын атаңыз? (Наурыз, сәуір, мамыр).

14. Қазір қандай мезгіл? (Көктем мезгілі).

15. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (Шашбау).

16. Өз атын өзі шақыратын құс? (Көкек).

17. Жыл басы? (Наурыз).

18. Не тәтті? Не жұмсақ? (Ананың сүті, ананың қолы).

19. Қасиетті сан? (7).

20. Сұлу құс? (Аққу).

21. Жылдың неше мезгілі бар? (4).

Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз көктемгі сән үлгісі.


Өнерсізден  қашып  жүр,
Өнермен  үлгі  шашып  жүр.
Өнерді  көп  білетін  дана  болар,
Өнерсіздің  ісі  шала  болар – дей  келе, 5 сайысымызды бастаймыз. Бұл  кезеңде  аруларымыз  өз  қолдарынан  жасаған  бұйымдарын  ұсынады.  

Бұйымды қалай  жасағаны  және  неден  жасалғаны  туралы  айтып  беруі  тиіс. 



Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!





















-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қыздарға әсемдік жарасады (20.72 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт