Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Уроки  /  8 класс  /  Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

8-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

16.04.2019

Содержимое разработки

Бекітемін:

Оқу ісі жөніндегі орынбасар А.Берсүгірова


Бөлім:Қиял мен шындық Мектеп:

Күні: 10.04.2019 Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Әңгіменің құрылысы

Оқу мақсаты

А\И. 8.2.1.1 композицияны тұтатан бөлшекке , бөлшектен тұтасқа қарай талдау

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Шығарманың композициялық құрылысын талдайды

Бағалау критерийі

  • әдеби шығарманың құрылымын талдайды

  • сюжеттік желісін түсінеді.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар қолдана алады:

Шығарманың идеясы мен ерекшелігін түсінеді;

Ауызша шығармада көтерілген мәселе мен сюжеттік желісі туралы ойларын айтады;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында сюжет желісін сақтай отырып жеткізе алады.

Пәндік лексика мен терминология: екі күйші, боз інген, аяқталмай қалған күй, әке шарты, қыз қулығы.

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығарманың сюжеттік желісі бойынша..

Ойымды қорытындылай келе:

Құндылықтарды дарыту


Адамгершілік, ізеттілік, сүйіспеншілік, өнерді құрметтеу

АКТ қолдану дағдылары

Видеоролик, слайд

Пәнаралық байланыс

Музыка пәнімен байланыс болады.

Бастапқы білім


Әңгіменің мазмұнымен таныс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут


1.Миға шабуыл

«Оқу атысы» жаттығуы

Сынып оқушыларына алдыменТ.Ахтанов «Күй аңызы»

(https://www.youtube.com/watch?v=FfZm7W2Kszw) бейнебаянын көреді.

Интерактивті тақтадан немесе флипчарттанүш түрлі шеңбер суреті көрсетіледі.Бірінші шеңберге сабақтың тақырыбы жазылады. Екінші шеңберге оқушылар «миға шабуыл» өткізу арқылы тақырыптың не туралы болуы мүмкіндігін, үшінші шеңберге қандай жағдайларға байланысты болуын болжайды.

Т.Ахтанов «Күй аңызы»



Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында тапсырмалар бойынша мақсатты нәтижеге жету үшін бағалау критерийін жасайды.



Т.Ахтанов «Күй аңызы»

https://www.youtube.com/watch?v=FfZm7W2Kszw

Сабақтың ортасы

30 минут


2.Қызығушылығын ояту

1-тапсырма

«Дайындал...Назар сал... Оқыңдар!» әдіс –тәсілі арқылы тапсырманы шығарманы сюжеттік желісіне сай талқылайды.

  • Оқиғаныңбасталуы.

  • Оқиғаныңдамуы.

  • Шарықтаушегі.

  • Шиеленісуі.

  • Оқиғаныңшешімі.

1. Оқушылар шығарманың сюжеттік желісі бойынша топтарға бөлінеді: басталу,даму, шиеленісу, шарықтау шегі, шешім. Сюжеттік желі шашырай таратылады. Топтар 1 минут ішінде құрастырып,тез орындарын тауып, отырып үлгерулері керек.

2. Топ мүшелері іштей шығарма үзіндісін бір оқып шығады. Берілген тақырып пен проблеманы талқылап, өз идеяларын келесі топқа айту үшін 5 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар шығарманы сюжеттік желісіне сай келесі топқа барып мазмұндайды, топтар бір-бірінің идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады.

3. Мағынаны тану

2-тапсырма

«Талдап білу» әдісі

Оқушылар әңгімені топта бірінен соң бірі дауыстап оқиды және бір- бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді.

Талқылаушы- мазмұны мен тақырыбын талқылайды.

Белгілеуші- мазмұны бойынша сұрақ дайындайды.

Байланыстырушы- шығарманы аңызбен байланыстырады.

Топ шешені- « Күйші Естеместің “Заманым өткен екен ғой” деп аһ ұруы нені білдіреді?» өз ойын айтады.

Қорытындылаушы - «Жазушы  күй туралы,күйші  туралы неге тебіреніп жазды деп ойлайсыңдар?» деген сұрақты талдап қорытындылайды.

Қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз эксперт ретінде топ жұмысын бағалайды.

3-тапсырма

«Тренер – ойыншы» әдісі

Оқушылар алдыңғы тапсырмадағы топтары бойынша отырады. Топ мүшелері «тренер» , «ойыншы» рөлдерін бөліп алады. Әрқайсысы шығармаға қатысты 5 сұрақ жазады. Сұрақтар сұрау есімдігінен басталуы тиіс:

«Не, кім, қашан, қайда, неге, қалай, Егер ... болса, не болады?».

Тренер: шығарма үзіндісін дайындайды,артында жазылған сұрақтар болады. Бірінші сұрақ қояды. 2 - оқушы толық жауап бере алмаған жағдайда көмек береді.

Ойыншы : сұраққа шығармадан дәлел келтіре отырып жауап береді. Егер сұрақтың жауабын білмесе тренерден көмек сұрайды.

Қабілеті жоғары оқушыны тренер, қабілеті орта оқушы ойыншы рөлін атқарады.

4.Бекіту

4-тапсырма

« 6 неліктен?» сұрақтарына жауап бере отырып, шығарманың прологы мен эпилогын жазады. Оқушылар жазып отырған кезде күйші Біләл Ысқақовтың орындауындағы Сүгірдің "Бозінген" күйі интерактивті тақтадан көрсетіліп тұрады. (https://www.youtube.com/watch?v=j0pYdlCNKHQ)

  • Қыз бала неліктен қаймықпай жолаушылардың аттарын белдеуге  байлады? 

  • Неліктен шал жолаушыларға сусын ұсына алмады? 

  • Неліктен Естемес күйші Жаңылға көз тастай берді?

  • АқсақалнеліктенЕстемескеқолқасалды?

  • Қызнеліктеннардыңемшегінқысыпұстады?

  • ЕстемескүйшінеліктенжолынОразымбеткеберді?

Эпилог пен пролог жазуғаұсынылатынтірексөздер: екікүйші, бозінген, аяқталмайқалғанкүй, әкешарты, қызқулығы.

5.Салыстыру

5- тапсырма

«Мәтіндік зерттеу» әдісі

1-қадам.Оқушылар дәптерлеріне шығарманың өздеріне ерекше әсер туғызған бөліктерін іріктеп жазып алады. Жазған бөліктері бойынша жұппен пікір алмасып, ой бөліседі.

2-қадам: Пікір алмасып, талдағаннан кейін кестені толтырып жазады.

Шығармадағы негізгі ойды тап.


Күйші Оразымбет пен Естеместі салыстыр.


Тәрбиелік мәні бар қорытынды жаса.


6.Бағалау

«Үш түрлі күнделікпен» жұмыс

1-қадам. «Күй аңызы» шығармасын жұппен талқылайды.

2-қадам. Жеке күнделік толтырады.


Шығармадағы ерекше әсер еткен жолдар

«Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің астарынан нені аңғаруға болады?  

Жеке түсінік беру: Әңгіме қандай ой туғызды?




Жұмысты топ спикері бағалайды. Спикерлер тапсырманы бағалауда сабақтың басында өздері бірлесе жасаған бағалау критерийін басшылыққа алады.

Маркер, постер, интерактивті тақта,фломастер, конверт.

Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі

https://everything.kz/article/36140029-takhaui-akhtanov-ky-ayzy-gime

































Күйші Біләл Ысқақов- Сүгір "Бозінген" күйі https://www.youtube.com/watch?v=j0pYdlCNKHQ


Сабақтың соңы

5минут


Кері байланыс: «Мендік пікір» арқылы сабақтан алған әсерін жеткізу.

Мені сүйсіндіргені…

Мені қуантқаны…

Мені қызықтырғаны...

Менің тілегім…

Біздің түйгеніміз:


Кері байланыс парағы

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау


Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау,топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың соңындағы «Талдап білу», «Дайындал...Назар сал... Оқыңдар!» Үш түрлі күнделік»әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді.Қабілеті орта оқушылардың танымдық, сыни ойлау қабілеттірін жетілдіру «Тренер ойыншы», «Мәтіндік зерттеу» әдісі

кезінде жүзеге асырылады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Сынып бөлмесіндегі үстелдер мен орындықтар оқушылар бір-біріне бөгет жасамайтындай ыңғайланып қойылады. Тәуелсіз эксперттерге жеке орын дайындалады.



-70%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1200 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қысқа мерзімді сабақ жоспары (45.83 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт