Орындаған мектеп алды даярлық тобының мұғалімі: Азантаева Ақмарал
«Кім тапқыр?»
ойыны
- Құстардың пайдасы өте көп . Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды , өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады . Құстар бір орында тұрмайды . Олар бір жерден екінші жерге ұшып – қонып жүреді . Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады , қанаттары , мамықтары , бәрінің тұмсықтары бар . Олар жұмыртқалайды , балапан басады . Енді айырмашылығына келсек , құстардың дене көлемі , пішіні , тұмсығы , түсі , дыбыстары , тіршілік етуі бір – біріне ұқсамайды . Бүгін біз сендермен осы туралы әңгімелесеміз, балалар.
АҚҚУ
Киелі құс. Тазалықтың, достықтың белгісі
Жұптасып (екі-екіден) өмір сүреді
Қарлығаш- жыл құсы, яғни
күзде жылы жаққа ұшып кетіп,
көктемде өз туған жеріне
ұшып келетін құс.
Ағаштың шыбын-шіркейін
тазалайтын құс-тоқылдақ.
Тоқылдақтың дыбысын естіген
шығасыңдар.
Кептер
Бейбітшілік пен ынтымақтың белгісі.
Адамға жақын құс.
Нан қиқымдары, өрмекші,
зиянды жәндіктермен
қоректенеді
.
Құстар – біздің досымыз
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Құстай қанат қағайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
- Құстардың ұясынан жұмыртқа алып жатқан баланы көрсең не айтар едің?
Құстар адамның дос және оны қорғау керектігін түсіндірем
Ұя жасаймын.Оларға қамқорлық көрсетем.
- Сен құстарға қандай көмек жасадың?
Қандай құстар адамдарға жақын жүреді?
Құстар немен
қоректенеді?

Құстар біздің досымыз (13.51 MB)

