Сыныбы: 9а,ә күні: 1.09.16. (1/1)
Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс-материяның ажырамас қасиеті. Материалдық нүкте. Санақ жүйесі. Салыстырмалы механикалық қозғалыс.
Сабақтың мақсаты:
1. Табиғаттағы денелердің орын ауыстыруына байланысты туындайтын механикалық қозғалыс туралы білім беру;
2. 7-сыныпта өтілген қозғалыс тарауы бойынша алған білімдерін кеңейту. Ойлау, зерделеу қабілеттерін дамыту;
3. Табиғатта кездесетін қозғалыс түрлері мен алған білімдерін ұштастыра, өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі баяндау, салыстыру, дәлелдеу
Сабақтың көрнекілігі: арбаша, шар, глобус, кесте, кеспе қағаздар(деңгейлік тапсырма), плакат,интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Геометрия, алгебра
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Танысу, түгендеу
2. Оқуға дайындықты тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Қозғалыс», «табиғат» ұғымдарын пысықтап, білімдерін қысқаша тексеру
«Ой қозғау» Сұрақ-жауап
а) «Табиғат» → мағынасы
ә) Қоршаған әлемдегі қозғалысқа мысалдар
б) Табиғат пен адам арасындағы байланысқа арналған нақыл сөздер:
- Ай туады деп қуанба, жағымды туса қуан;
- Ай қораланса, арысыңды сайла, көктемде қонысыңды сайла;
- Жаңбыр жауса жердің ырысы; т.б.
ІІІ. Жаңа сабақ
Материя
Механика (денелердің қозғалысын зерттейтін физиканың негізгі бөлімі)
кинематика
Механика
динамика
Механикалық қозғалыс туралы ұғым
Көрсете отырып дәлелдеу: үстел үстімен жүріп өткен арбаша, үстелдің орын ауыстыруы, жоғары лақтырылған шар, қан қозғалысы, т.б.
ІV. Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
Жерге құлап түскен доптың және қолдан жерге тік түскен дененің қозғалыс траектория- сын сызыңыз;
Допты қолмен горизонталь бағытта лақтырдық. Ұшқан доптың траекториясын сыз;
Үстел бетімен домалаған шардың қозғалысын анықтап, шардың қозғалыс траекториясын сызыңыз;
Әткеншек тебуші баланың қозғалысын анықтап, траекториясын сызыңыз;
Баланың қозғалысын қандай денелермен салыстыруға болады?
ІІ деңгей
Бірдей қашықтықты әр түрлі уақытта жүріп өтетін бірдей екі дененің бірқалыпты түзусызықты қозғалысының қандай физикалық шамаларында айырмашылықтар бар?
( t1 ≠ t2; υ1 ≠ υ2; s1 = s2 )
Жылдамдықтың, жолдың, уақыттың өлшем бірліктерін жаз
а) = ә) = б) =
Жылдамдықтың өлшем бірлігінің қатынасы:
1 км/сағ = 1 см/сағ = 54 км/сағ =
1 км/с = 36 км/сағ = 12 км/с =
1 м/сағ = 72 км/сағ = 8 км/с =
Мына жылдамдықтардың қайсысы үлкен 90 кма/сағ немесе 22,5 м/с?
(90 км/сағ – 25 м/с 22,5 м/с)
ІІІ деңгей
Велосипедші 5 сағ 30 минутта 90 км жол жүрді. Велосипедші қандай жылдамдықпен қозғалады?
Бер: t = 5 сағ 30 мин=5,5 сағ Анализ: Шешуі:
S = 90 км
Т/к: υ -?
20 с ішінде 60 м немесе 6 с ішінде 24 м жол жүрген, екі дененің қайсысының жылдамдығы аз?
Бер: t1= 20 с Анализ: Шешуі:
S1 = 60 м м/с
t2 = 6 с м/с
S2 = 24 м Жауабы: 4 3 , яғни υ2 υ1
Т/к: υ1 /υ2 - ?
V. Бекіту
Материяның түрлеріне мысалдар келтіру ( Оқушылар кестені толтыруы керек )
Механикалық | Химиялық | Биологиялық |
Дыбыс | Мыс | Өсімдіктер |
Жарық | Газ | Жануарлар |
| Ауа, т.б. |
|
Механиканың қандай бөлімі кинематика деп аталады?
Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма?
VІ. Үйге тапсырма
І тарау § 1, 2
Сыныптан үлгермеген тапсырмаларды аяқтап келу
1-жаттығу
4. Қайталау 7- сынып § 17, 18
VІІ. Бағалау
2 Аманиязова Замзагүл Тоқтабайқызы