Меню
Разработки

«Қош келдің, Жаңа жыл! »

утренник для детей дошкольного возраста
19.03.2020

Содержимое разработки

«Қош келдің, Жаңа жыл! »

  1. Құрметті ата-аналар, әріптестер, балалар сіздерді жаңа – жыл мерекесімен құттықтаймыз. Жаңа жыл сіздерге зор денсаулық , мол бақыт әкелсін!

Армысың аманбысың жаңа – жылым

Жаңа жылым ! О менің жаңа жырым!

Менің жылым келгенде, сыйғып тартып

Атқарайық ән мен көңіл сырын дей отырып :

Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сенімі серген , арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы: Н.А. Торланбаеваға береміз.

Тәрбиеші: Уа қалайық құрметті!

Көмейлі жыр келіпті.

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дирмекті.

Балалардың орындауында : Хор «Кішкентай шырша » жыры.

Тосын сәт: Ортаға сайқымазақ келеді. Балалармен сәлемдеседі.

Ойын ойнатады : «Сылдырмақ ».

Сайқымазақ: Балалар қараңдаршы шыршымыздың сәні кірмей тұр ғой . Кімдер

жетіспей тұр шыршамызға ?

Аяз ата мен Ақшақар, қане бәріміз шақырайық.

Тосын сәт : Сырттан тоқылдаған дауыс шығады. Залға Аяз ата мен Ақшақар

келеді.

Балалармен сәлемдеседі.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы кім келді бізге қонаққа ?

Аяз ата : Ау амансыңба ұлдарым!

Ау амансыңба қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың!

Бізде сіздерді көруге

Халдеріңді білуге

Асулардан асып

Аппақ қарды басып, жетіп қалдық.

Тәрбиеші : Аяз атаға шырша шамын жағуды сұрау.

Аяз ата балалардың көмегімен шырша шамын жағады.

Тәрбиеші : Ал балалар енді Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерімізді көрсетейікші

Ендігі кезекті балалардың тақтағына берейік :

Сардар : Жасыл шырша жанында

Айнала ойнап ән салдық

Өзіміздің бақшада

Жаңа жылды қарсы алдық.



Асия: Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап ,

Шаттанамыз бәріміз.



Алижан : Таяғы бар қолында,

Қар борайды соңында.

Ойыншықтар көп екен

Арқалаған қабында.



Көркем : Ал келіңдер, келіңдер,

Ән сап , билеп беріңдер.

Жомарт Аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер.





Севара : Жасыл шырша ортада.

Ән сәп, билеп ойнаймыз,

Қаһарлы аяз болсада,

Жаңа жылды тойлаймыз.

Тәрбиеші : Ендігі кезекте балаларымыздың орындалуында « Балапан » әні,

орындайтындар: Сардар Көркем ,Інкәр , Дильназ.

Тәрбиеші : Келді міне , жаңа жыл,

Азаймасын ән мен би.

Ел көңілін көтерсін,

Құтты болсын жаңа жыл! - демекші орындауында « Шырша » биі:

Тәрбиеші : Ендігі кезекте бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына берейік:

Аружан: Жаңа жылды қарсы алып,

Барлық бала ән салып.

Ақшақар жүр би билеп,

Қол соғады айналып.



Інкәр : Шыршамызға керемет,

Ойыншықтар шашылған.

Алыс жақтан келеді,

Аяз ата сағынған.



Ерасыл : Оралама ол енді,

Айтар енді өлеңді.

Жылдамырақ келсе екен,

Бізге сыйлық берсе екен .

Шыршамыз тұр жараса,

Басында әсем жұлдызы.

Көз тартады жараса.

Дильназ : Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылда, жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр .

Тосын сәт : Музыка әуенімен залға қоян келеді. Балалармен сәлемдеседі.

Ол да Аяз ата болғысы келетінін балаларға түсіндіреді.

Қоян: Сендер Ақшақар қасқырды көрдіңдерме ?

Тосын сәт : Залға Ақшақар болып киініп қасқыр келеді балалармен

сәлемдеседі.

Қасқыр: Біз бүгін Жаңа жылды тойлайық десек жарайды онда біз сендерге

өлең айтып берейік.

Ән: «Раскажи Снегурочка где была ».

Тәрбиеші : Біздің сүйікті де сүйкімді бүлдіршіндеріміздің биін тамашалайық.

Ортаға ұлдар « Қояндар » биі.

Тәрбиеші: Ендігі кезекте ұл қыздарымыздың тақпақтарын тамашалайық.

Дінмұхаммед : Аппақ қарға оралып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып .

Дария : Шыршаны айналып,

Ән салып би билеп.

Жаңа жыл өзіңді,

Жыр менен қарсы алып.



Азамат : Келіңдер , келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт аяз атадан ,

Сыйлық алып көріңдер.

Айсезім : Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді ,

Бізге қарай жылыстап.



Тәрбиеші : Айта берсін таусылмай,

Жаңа – жылда жаңа жыр.

Кел одан да халайық,

Ән айтайық жаңа бір.

демекші: бүлдіршіндеріміздің орындауында « Қошақан » әні

орындайтындар: Аружан , Севара , Алижан , Асия.

Тәрбиеші : Бүлдіршіндеріміздің орындауында « Флешмок » биі.

Тәрбиеші : Келеді жылдар келеді айлар ауысып,

Тауық жылы мен ит жылдары ауысып.

Береке бірлік бейбітшілік төрінде ,

Тұрайық әр кез татулық пен қуаныш.

Құрметті қонақтар отбасыларыңызға береке, ынтымақ, зор бақыт

қуаныш әкелсін.

Жаңа жыл құтты болсын!











-80%
Курсы дополнительного образования

Создание динамических веб-страниц с помощью PHP и MySQL

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Қош келдің, Жаңа жыл! » (23.71 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт