Жүргізуші:
Қонақтарды қарсы алып,
Әсем залға жиналдық!
Кешегі сәби балалар,
Бүгін түлек атанды.
Құстай самғап биікке
Кеткелі тұр балалар.
Қоштасуға бақшамен,
Балаларды шақырам!
Ортаға ерекше әдемі де сымбатты Сәнқойларды шақырамын! Қарсы алыңыздар!!!
(Әуенмен залға балалар жүгіріп кіреді де жарты шеңберге тұрады)
Би
1 бала:
Сұр түсті ұнатпаймыз,
Түрлі түсті қолдаймыз.
Шансон, романс айтпаймыз
Тек Джаз ғана айтамыз!!!
2 бала:
Барлығынан өзгеше,
Ерекшеміз, сәндіміз.
Көздің жауын алатын.
Сәнқойлармыз, сондаймыз!
3 бала:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Біріншіге барамыз!
4 бала:
Мектепке ертең барамыз
Оқимыз, сауық құрамыз
Қашық та болмас арамыз
Сіздерге келіп тұрамыз
5 бала:
Үлкен рахмет апайға,
Тәлім-білім үйреткен,
Анамыздай қамқормен,
Бізге бәрін үйреткен!
Балалар «Сәнқоймыз біз» әнін орындайды.
Бүгін бізде соңғы күн.
Бүгін бізде қоштасу.
Сіздер, әрине осыны.
Көресіздер оны.
Осы залда мереке,
Біз тосынсый дайындадық.
Бүгін біз сәнқой атандық,
Осы біздің еркелік.
Припев: Залдағылардан сіз кеп сұрасаңыз,
Кім жақсы билейді твист және рок-н-ролл,
Кім жақсы ән айтады, бәрін қызықтырып.
Бәрі сізге, бәрі сізге...
Әрине, сәнқой
Біз - сәнқой.
Біз - сәнқой,
Кім бізді білмейді?! Е-е-ей
Біз - сәнқой,
Біз - сәнқой,
Кім бізді білмейді?!
Бақщамызды аралап қарасаңыз,
тым тырыс, тіпті тып тыныш.
Себебі бәрі осы залда,
Мерекемізге келіпті.
Біз ән саламыз, би билейміз.
Өнерімізді көрсетіп.
Есте қалсын деп ерекше күн,
Тырысайық біз бәріміз!!!
Қ-сы: Залдағылардан сіз кеп сұрасаңыз,
Кім жақсы билейді твист және рок-н-ролл,
Кім жақсы ән айтады, бәрін қызықтырып.
Бәрі сізге, бәрі сізге...
Әрине, сәнқой
Біз - сәнқой.
Біз - сәнқой,
Кім бізді білмейді?! Е-е-ей
Біз - сәнқой,
Біз - сәнқой,
Біз - сәнқой,
Кім бізді білмейді?!
1 бала:
Таң азанда ерте тұрып,
Балабақшаға келгенбіз.
Жаяу жүрмей, «Көтер!» деп,
Еркеледік, жыладық!
2 бала:
Ата-анамнан айырылмай,
Қалмаймын деп жылдым,
Ботқа жемей, ұйықтамай,
Апайлардан қашқанмын!
3 бала:
Киім кию, бау байлау.
Үлкен мәселе болатын.
Қасық ұстап ас ішу,
Тіпті қиын болатын.
4 бала:
Апайлардан алысқа,
Қашып кетіп ойнадым.
Кіп кішкентай еркетай,
Мен бұзақы болғанмын.
5 бала:
Қолға алғаш қалам ұстап,
Таяқшалар жазғанбыз.
Әріптермен танысып біз,
Санауды да білеміз.
6 бала:
Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Бақшамызбен қоштасып
Мектепке кетіп барамыз.
7 бала:
Біз сабақты бастаймыз,
Қайталаудан аспаймыз.
Есептен де қашпаймыз,
Жазуды енді бастаймыз.
8 бала: Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Оқу білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.
Жеті жасқа толамыз,
Қуантып ата-ананы
Мектепке кетіп барамыз.
9 бала:
Сүйген өз қыз, өз ұлын.
Бөбегім деп аянбай
Балабақша өз үйім
Апай болды анамдай,
Баулып, баптап өсірген
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді
Ұмытпаймыз сөзіңді.
Балалар өз орындарына жүгіріп барады. Видео көреді.
Ән « Балабақшам»
Құттықтауға бүлдіршіндер ортаға шығады.
1 бала:
Үздік оқып мектепте,
Кілең бестік алыңдар!
Апайларды тыңдайтын,
Ізетті оқушы болыңдар!
2 бала:
Ақылды бала болыңдар,
Жаңа мектепте балалар.
Бақшамызды ұмытпай,
Еске алып тұрыңдар!
3 бала:
Мектепке енді барыңдар,
Үлгілі бала болыңдар
Жақсы оқып сабақты
Кілең «бестік» алыңдар
Бүлдіршіндер биі.
Мектеп алды топ балалары сыйлықтарын береді. Бүлдіршіндер кетеді.
Залға билеп Кэт кіреді.
Кэт: Сәлем достар!
Сәлем қыздар!
Жүрг: Сәлеметсіз бе, кешіріңіз, сізден сұрайыншы.
Кімсіз?
Кэт: Кімсіз? Мені танымайсыздар ма? Қалайша? Мен – Кэт. Мен ең сәнқой, ең әдемі қызбын ғой! Сәнқойлар ғана оқитын мектеп түлегімін. Әсем ән салып, майысып би белей аламын. Сендермен көңіл көтеріп. Сәнді болоға дайынмын!
Жүр: Не дейсіз? Сәндену? Ол не?
Кэт: Иә. Сәндену - ол билеу. Ал сіздердің балаларыңыз не істеу біледі?
Жүр:Біздің балалар өте ақылды әрі өнерлі. Қазір біз сіздің көңіліңізді көтереміз.
Ортаға әжелерболыпкиінген қыздар шығады даорындықтарға отырады.
1 әже:
Есік алдында отырып,
Күн шуаққа шомылып.
Өткен кеткенді сөз қылып,
Әңгімелеп отырдық.
2әже:
Жастар қазір қызық қой,
Нешетүрлі киеді.
Қысқа юбка киіп ап,
Анда - мында жүреді.
3 бала:
Қандай едік жас кезде,
Ұзын киім кидік біз.
Шалбар деген не сұмдық,
Қыздар киіп жүретін .
Белдемшелер қып қысқа (тізесіне көрсетіп айтады)
Тфу! Ұят- ай!
4 әже:
Би билейді масқара! (Бетін ұстайды)
Біздің биді айтсаңшы! (Күрсінеді)
Би кешіне бармадық,
Жырбын-жырбын жүрмедік!
5 әже:
Жастарға ұрсып не керек,
Бізде сондай болдық қой.
Әсем әнді салып бір,
Би билейік тұрыңдар!
Би «» Кэт ортаға шығады.
Кэт: Би билеуді жақсы біледі екенсіңдер. Не жиын, не мереке бұл жерде?
Жүр: Ал бізде ерекше мереке. Біздің сәнқойларымыз балабақшамен қоштасып жатыр.
Енді балаларымыз мектепте оқиды.
Кэт: Сән мектебінде оқиды ма?
Жүр: Неге сән мектебінде? Орта білім беретін мектепте.
Кэт: Жай қапайым мектепте ме? Сән мектебінде оқыған керемет қой! Қарапайым мектепте не үйренесіңдер? Одан да балабақшада қалмайсыңдар ма?
Жүр:
Біз бе ештеңе үйренбеген?
Кәне, балалар, көрсетейік!
Біздің ұлдарымыз өнерін көрсетсін саған Кэт.
Саксофондармен би.
Кэт: Жақсы екен. Тағы не істеу білесіңдер?
Жүр: Біз санау білеміз, оқи аламыз. Бізбен ойнағың келе ме?
Кэт: Әрине, ойнағым келеді.
Ойын «»
Бала:
Бала:
Көңілді әуен ойнайды,
Ерекше би билейміз,
Ортаға шығындар! Жүріңдер!
Буги-вуги билеуге!
Балалар, ерекше би ол ..
Бәрі: Буги-вуги!!!
Би «Буги-вуги»
Кэт: Керемет, маған қатты ұнады! Биді жақсы билейді екенсіңдер! Ән сала аласыңдар ма?
Жүр: Міндетті түрде. Тыңдағыңкеле ме?
Балалардың орындауында ән «»
Жүр: біздің балаларымыздың әңгімелерін тындайықшы.
Көрініс. 6 бала қатысады. 1-ұл. 5 – қыз.
1 қыз:
Кәмілетке толдым мен,
Толдым кеше 18-ге,
Енді ойлап отырмын,
Жұмыс қайда істейін?
2қыз:
Мүмкін әкім боласың?
3 қыз:
Модель болсаң егер де?
4 қыз:
Бақшамызға оралып,
Жұмысқа тұр осында.
Аыр салып жүгіріп,
Балалармен ойнайсың.
1 қыз:
Ақша маған төлей ме?
Бәрі: Иә, мы-нан-да-й (көрсетеді)
1 қыз: Жо-жо-жоқ!ешқашан да!
Тәрбиеші болмаймын!
Күні бойы айғай шу,
Шашым түсер, масқара!
Басқа жұмыс табайын,
Мына жерден қашайын!
Бала баққан қиын ғой,
Тыным таппай қашанда.
2 қыз:
Ботқа, компот ішкізіп,
Балаларды алдайсың.
Тәлім беріп оқытып,
Үйде пландар жазасың!
3 қыз:
Дауды қойып тыңдаңдар,
Апай болған жақсы ғой,
Біз есейіп бақшаға,
Жұмыс іздеп келеміз.
Балаларды сүйеміз,
Бірге ойнап күлеміз,
Біздің апай сияқты,
Біз де тәлім береміз!
1 қыз:
Мен меңгеруші боламын,
Сендерді жұмысқа аламын!
Ұл:
Мен шебер аға боламын,
Бәрін жөндеп қоямын,
2 қыз:
Дәмді асты пісірер,
Аспазшы апай мен болам! (боламын)
5 қыз:
Осымен іс шешілді,
Институтқа барамын,
Педагог менболамын!
Балалар отырады.
Жүр: Керемет , балалар, армандарың орындалсын. Алдағы өмірлеріңде жақсы қызмет иесі болыңдар!
Би «»
Кэт: Шаршааап кеттім, іш пысты, ойын керек балалар!
Ойын «»
6 пластинкада СӘНҚОЙ деп жазылған. Ойынға алты бала қатысады. Әр баладаәріп жазылған бір пластинка. Балалар әріптерден сөз құрайды.
Жүр:
Әншілер нені шырқайды? (Ән)
Төрт түлік малдың бірі (қой)
Тоғыздан кейін қандай сан? (Он)
Сәнді қиім киетін кім? (Сәнқой)
Кэт: Жарайсыңдар, балалар! Жақсы ойнадыңдар! Керемет! Мен енді білдім, бәрін үйреніп білу үшін сән мектебі керек емес екен. Қарапайым балабақшада да көп үйренеді екен ғой. Мен кетуім керек, сау болыңдар!
Кэт жүгіріп кетіп қалады.
Жүр: Иа, балалар, сендер көп білесіңдер. Келешекте де жақсы оқып, ізетті оқушылар болыңдар!
Көрініс: «Еркіндік»
Ұл: Алақай! Алақай, кез келді!
Қыз: Несіне сен қуанасың? Балабақшамен қоштасыпғ енді лқушы сен боласың.
Ұл: Түсте енді ұйқы жоқ!
Қыз: Түсте оқу болады!
Ұл: Ботқа жемеймін, керемет!
Қыз: Еркіңмен тұрып жүрмейсің!
Ұл: Үйге ертерек келемін!
Қыз: Ертерек келіп не істейсің? Ата-анаң жұмыста. Өзің жалғыз отырасың!
Ұл: Көршім Айдарды шақырам!
Үйді шашамыз, ойнаймыз.
Далаға бірге шығамыз.
Мысық қуамыз, керемет!
Кешке дейін қыдырамыз!
Қыз:Тоқта, тыңдашы сен мені.
Сабақты қашан оқисың?
Жазу жазасың, оқисың,
Сонда сен 5 тік аласың!
Бірге: Ересек болу осылай!
Би «Көрші»
Тақпақтар:
Балабақша бесігім
Тағы бір той жасайық
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше
Бақшамызбен коштасатын
Бүгінгі той ерекші.
Жеті жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз
Құантып ата-ананы
Мектепке кетіп барамыз
Сезімді туған баламыз
Оянды ақыл санамыз
Адамдықтың бастауын
Өзіңнен алып барамыз
Бүгін қызық, бүгін той
Біздер үшін біліп қой
Әнге салып би билеп
Жалғастырсын ойды-ой
Оқимыз, білім аламыз
Бо лашақ жолын саламыз
Бақшамызбен қоштасып
Біз мектепке барамыз
Қызық күндер өткіздік
Балабақша бағында
Көп оқыдық, көп білдік
Ел мен Отан жайында
Балабақша есігін
Сәби болып ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіреді бақшамыз
Бұл екінші үйіміз
Бір туғанбыз бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз
Әр нені білдік мәнісін
Сыртын қойып және ішін
Айтамыз сізге мың алғыс
Осылардың бәрі үшін
Ақылы бар баласын
Айтқан тілді аласын
Намысты болып өссең сен
Нағыз адам боласын
Баулып, баптап өсірген
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді
Ұмытпаймыз сөзіңді
Бөлмеде кеңес бересіз
Болашағымызға сенесіз
Бізден кейін кетесіз
Бізден бұрын келесіз
Қош бол ойыншықтарым,
Жасырып кейде тыққаным.
Кеткендей кеше қоштасып,
Келгенде алдан шыққаным
Ән «»
Жүр: - Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшамызбен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
Ән «Балабақша»
Педагогтардан ән
Жүр:
Жаңа өмір басталсын,
Үміт сенім ақталсын.
Ұмытылмай балабақша вальсі,
Көңілде мәңгі сақталсын – балалардың орындауында вальс.
Жүр:
Құттықтау сөзі меңгерушіге беріледі.
Жүр:
Әрбір ұрпақ болашағымыздың алтын діңгегі. Ендеше ұрпақты өмірге әкеліп, адал ниет, ақ батамен өсірген ата – ана емес пе? Балалардың осы қуаныштарын бөлісіп отырған ата – анаға сөз береміз.-------------
Жүр:
Түлектерге тілегін айтып балабақша атынан марапаттарын табыстау үшін балабақша меңгерушісіне сөз беріледі (Дипломдармен марапаттау)
Жүр:
Сіздерге бүгінгі көңілді көңіл күйімізді тарту ете отырып, барша бүлдіршінге бақыт, ашық аспан, жарқын болашақ, тыныш өмір, шат күлкі, үлкен жетістіктермен сәттіліктер тілейміз. Флешмоб.
Жүр: Осымен біздің мереке аяқталды. Қош сау болыңыздар!

"Қош бол, алтын ұя-балабақша" (29.37 KB)

