Білім беру саласы: Әлеумет
Кіріктірілген білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Экология негіздері.Апликация
Тақырыбы: Қонақтарды күтеміз. Әдемі кесе
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының қонақжайлығы ұлттық салт-дәстүрінің бірі екендігі жөнінде түсіндіре отырып, оларды қонақ күту әдебімен таныстыру, таным-түсініктерін кеңейту. Қонақтарға жайылатын дастарханға қойылатын тамақтармен ыдыстар жөніндегі білімдерін
жетілдіре отырып, дайын түрлі-түсті қағаздан қиылған кесені қызғалдақ гүлімен әшекейлеп, желімді ұқыпты пайдаланып жапсыра білуге үйрету.
Білімділігі: Балалардың қонақ күту әдебі жөніндегі түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелігі: Балаларды мейірімділік, қонақжайлылық, кішіпейілділік, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбер, сұрақ-жауап, ой-қозғау,сергіту сәті, көрмені шарлау.
Шаттық шеңбері
Күндей жарқырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жайнап
Судай таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Сергіту сәті
Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға,солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.

Қонақтарды күтеміз.Әдемі кесе (2.56 MB)

