Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Разное  /  Прочее  /  Қазіргі білім беру жүйесіндегі жобалау технологиясының артықшылықтары

Қазіргі білім беру жүйесіндегі жобалау технологиясының артықшылықтары

Мемлекетіміздің басты саясатының бірі білім беруді ізгілендіру, педагогикалық ынтымақтастық, ғылыми тың ізденістерге сүйену, білім беруді ақпараттандыру заман талабы. Бүгінгі қоғамда мектеп түлегінің академиялық-энциклопедиялық білім жиынтығы жеткілікті болғанмен, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайда икемсіздігі байқалып отырады.

15.08.2018

Содержимое разработки

ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ


Жунусова К.Д.


Мемлекетіміздің басты саясатының бірі білім беруді ізгілендіру, педагогикалық ынтымақтастық, ғылыми тың ізденістерге сүйену, білім беруді ақпараттандыру заман талабы. Бүгінгі қоғамда мектеп түлегінің академиялық-энциклопедиялық білім жиынтығы жеткілікті болғанмен, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайда икемсіздігі байқалып отырады.

Тұлғаны үйлесімді дамытудың қажетті шарты жобалау технологиясы негізінде жүзеге асырылады. Жоба-жобалау, ал жобалау болған жерде зерттеу мен нәтижелер болады. Жобалап оқыту технологиясы ең алдымен оқыту барысында оқушыны өз бетіімен іздендіре отырып, іс жүзінде неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Мәселен, өз тәжірибемде қазақ тілі сабақтарында тек оқулықтағы жаттығулармен шектелмей, түрлі ізденушілік тапсырмалар беріп отыруды дағдыға айналдырдым. Бұл жобалаудың бастамасы деуге болады. Мәселен, кірме сөздерді, араб-парсы, орыс тілінен енген сөздерді, термин сөздерді өткенде мысалдарды көркем шығармадан теріп әкелу міндеттелді. Сонда оқушылар тек мысалдарды теріп ғана қоймай, олардың мағыналық жағынан топтасыруға тырысқан. Нәтижесінде бірнеше оқушы «Шәкәрім шығармаларының қазақ лексикасын байытудағы маңызы» атты ғылыми жобасын қорғады.

Жинақталған мысалдар негізінде қысқа мерзімді ақпараттық жоба жасай отырып, мынадай топтастыру жасады:

«Әділ Мария» романындағы кәсіби лексика :

А) Мал шаруашылығына байланысты сөздер

Ә) Егіншілікке байланысты сөздер

Б) Қолөнерге байланысты сөздер

В) Тігіншілікке байланысты сөздер.

Шәкәрім шығармаларындағы термин сөздердің өзін бірнеше топтарға бөліп, көптеген мысалдармен дәлелдеді.

Жобалау технолологиясының арқасында оқушылар мынадай жетістіктерге қол жеткізді:

  1. Көптеген мағынасы түсініксіз сөздерді біліп, сөздік қорларын молайтты

  2. Көркем шығарма мәтінінен картотека жасауды үйренді

  3. Әр түрлі сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыланды

  4. Тіл мен қоғамның ажырамас бірлігіне көздері жетті

  5. Сөзді орынды қолдануды үйренді

  6. Көркем шығармадан жүзге жуық мысалдар жинақтады

  7. Жалпы, Шәкәрім шығармашылығына деген қызығушылықтары артты.

Сонымен қатар білім беруде оқушыларды әлеуметтендіру мақсатында құзіреттілікке бағытталған өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру тиімді. Оқушылардың ойлау үрдісінің нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру, біріншіден, тапсырмада қойылған мәселені саналы түрде ақыл-ойы мен күш-жігерін жұмылдыра отырып шешуге және өз жұмысының нәтижесін көрсетуге, екіншіден, сабаққа ынталарын, қызығуын, үшіншіден, ешкімнің көмегінсіз ізденуге жетелейді. Мұндай құзіреттілікке бағытталған өздік тапсырмаларды бір жаттығу көлемінде немесе бір тақырып не тарау көлемінде ұсынуға болады.Мысалы, Қабдеш Жұмаділовтың «Қозыкүрең» әңгімесіне 3 сағат берілген. Қорытынды сабақта әңгіменің сюжеттік-композициялық жоспары жасалып, оқушылар 4 топқа бөлініп, өз жобаларын қорғады.

1-жоба-Қырғыз елінің географиялық, тарихи мәліметі. Бұл өзге ұлтқа құрметпен қарауға баулиды.

2-жоба-Жылқы малының атаулары мен қасиеті. Бұл ұлттық дүниетанымды кеңейтеді.

3-жоба- ҰОС жылдарындағы Қазақстанның тыл еңбегі. Бұл арқылы адамгершілікке, патриоттыққа баулимыз.

Сөзімді түйіндейтін болсам, жобалау технологиясы арқылы оқушының белсенділігі артады, бұл технологияның артықшылығы да осында.Мәселен,

  1. Ақпарат көзімен жұмыс істеу дағдысы

  2. Интервью алып, респондент сөзін анализдеу

  3. Сауалнама құрастыру және тұжырымдау

  4. Жаңа ортаны зерттеу, іздену әрекеттері

  5. Қоршаған ортамен қарым-қатынас құру

  6. Өз шешімін қабылдап, ойын айқын жеткізу

  7. Жұрт алдында сөйлеу әдебі

  8. Жинақтаған білімін қолдана білу

  9. Нәтижеге бағытталған білім



-80%
Курсы повышения квалификации

Современные методики повышения скорости чтения

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазіргі білім беру жүйесіндегі жобалау технологиясының артықшылықтары (17.64 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт