Пәні: Қазақ тілі. Ашық сабақ.
Күні:25.10.2017ж
Сынып: 4 «Б»
Сабақтыңтақырыбы: «Сөз тіркесі туралы түсінік».
Сабақтыңмақсаты: 1. Сөз тіркесі ұғымын толық түсіне отырып, алған білімін толықтыру және мағынасын түсіну.
2. Оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілетін, танымдық, шығармашылық белсенділігін дамыту.
3. Сауаттылыққа, жылдамдыққа, еңбексүйгіштікке,бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, «кубизм әдісі»,өзіндік бағалау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,тақырыпқа байланысты мазмұнды суреттер, карточка, постер,бағалау парағы.
Сабақта қолданылатын техногогия: Дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздерме, оқушылар?
- Сәлеметсізбе!
Жылулық шеңбері:
-Таңертең тұрғанда нені көресіңдер? – Күнді көреміз.
-Күнді көргенде қуанасыңдар ма? – Алақай !!! Қол шапалақтау.
-Күн бізге не береді?-Жылуын береді.
-Кәне,алақанымызды жылытайықшы !Қолымызды күнге созайық. Алақанымыздағы жылуды жүрегіміздің тұсына әкеліп бойымызға таратайық....
1.Кіріспе бөлімі.
«Күзгі дала»
Дала жатыр демалып
Үлестіріп жемісін
Дүниедегі ең алып
Осы дала мен үшін.
-Қазір жылдың қай мезгілі ?-Балалар біз сендермен алма түсіне байланысты топқа бөліндік.Әр топтан көс басшысы сайланып,бағалау парағы таратылады, оқушылар бірлесе отырып орындалған тапсырмаларды өздері бағалап қойып отырады.
(Өткен сабақты қайталау, слайд түрінде өткен ережелерді қайталау).
-Келесі бөлім « қызықты жетілік» деп аталады:
-Синтаксис деген не?
-Тұрлаулы мүше дегеніміз не?
-Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары қандай?
-Бір мүшелі сөйлем деген не?
-Күрделі мүшелі сөйлемге мысал келтір
-Біріңғай мүшелі сөйлемге мысал келтір
-Синтаксистік талдауға не жатады?
Келесі тапсырма: «Күз мезгілін» бейнелеу және соған байланысты сөз тіркестерін құрастыру.
-Қане қай топ көп сөз тіркесін құрайды екен ?
(сары жапырақ, қара жер, көк аспан, жер сарғайды, өсімдіктер пісті, жаңбыр жауды, егін жиналды, пеш жақты )
«Сөз тіркестерін» шығып оқиды.
ІІ. Үйтапсырмасынсұрау.
- Балалар, үй жұмысына не берілді?
- Сөйлемнің біріңғай мүшелерін қайталау.
- Оқулықтан 59 бет, 59-жаттығу.
-Жаттығу жұмысын оқып берейік.
ІІІ.Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.
Жұмбақ арқылы
Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы. (Қауын-қарбыз)
Көкпеңбек еді көктемде ,
Қызарды күні жеткенде .( Алма )
Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай екен. (Қарбыз)
ІV.Жанасабақ.
Тақтамен жұмыс. 1-жаттығу. Суреттерге қара:

-Өте жақсы, енді тақтаға қарайықшы. Нені көріп тұрмыз?
- Қарбыздың суреті
- Бұл жерде бір қарбыз үлкен, ал екіншісі кішкентай. Себебі кішкентай қарбыз бұл жерде сөз, ал үлкен қарбыз сөз тіркесі болып тұр.
Яғни,
Сөз тіркесі - бір-біріне бағына байланысқан кемінде екі толық мағыналы сөздердің тобын айтамыз. Мысалы: тұнық су, екі оқушы, сауатты жаз.
V.Дәптермен жұмыс.
2-жаттығу. Бағананың екі жағындағы сөздерді салыстыр.

тау, биік; семіз, қой; оқушы, жеті,тез,кел, тез, кел; директор,
биік тау, семіз қой, жеті оқушы, тез кел, мектептің директоры
3 - жаттығу. Сөз тіркестерін оқып, мағынасын түсіндір.
Жібек орамал, өзеннің жағасы, жуас ат, сөздің мағынасы, қалың қарағай, кең сарай, оқушының құралы, Жәнияның әжесі, ауыр жүк.
Өзеннің жағасы,сөздің мағынасы,оқушының құралы,Жәнияның әжесі
Жібек орамал, жуас ат, қалың қарағай, кең сарай, ауыр жүк.
Сергіту жаттығулары
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Қолды белге қоямыз.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Сәл тынығып алайық,
Орнымызды табайық.
4-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз.
Өтірік сөз, өрге баспас.
VІ. «Кім шапшаң» бөлімі. Карточкамен жұмыс.
Оқушылар өздері сөз тіркесін құрау керек. 3 қатарға бөліп ауызша өткізу.
Затесім+етістік (тез оқу , мектепке келу, есеп шығару, жүк тасиды)
Сын есім+затесім (әдемі көйлек, көк шөп, әдімі жаз, жуас ат, ауыр жүк)
Сан есім+затесім (төрт тоқсан, он екі ай, бес жаңғақ, екі оқушы)
5-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.
Бес жаңғақ, үш сағат, он екі ай.
Тез жинау, ақырын сөйлеу, жылдам келу.
VІІ. Кубизм әдісі. (Суреттегі жемістерге байланысты суретін салу, пайдасы мен құрамындағы витаминдер туралы жазу),«Бес жолды өлең» стратегиясы.
1-топқа :алма
2- топқа : жүзім
3- топқа : қарбыз-деген сөздер беріледі.
(Ішінде зат есім+зат есім, сын есім+зат есім, сөз тіркестері болу керек ).
6-жаттығу. Сұхбатты екеуара түсініп оқыңдар.(Сахналау)
Темірлан: - Санжар, артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе?
Санжар: - Байғазы берсең, көрсетем
Темірлан: - Байғазы – балалардың жаңа киімдері үшін берілетін сыйы. Байғазы сұрағанның артығы жоқ. Міне, саған жаңа асығымды берейін, көрсетші.
Санжар (басына тақиясын киіп): - Міне, әжем тігіп әкелген жаңа тақия. Ал атам маған кішкентай қошақан атады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдік даярлаңдар. Байғазы жансыз дүниеге , ал көрімдік жансыз да, жандыға да беріледі.
7-жаттығу. «Көрнекілік стратегиясы ».
Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбына әңгіме құра.
есепсізбайлықтәуелсізмемлекетұлан-байтақ дала![]()
![]()
![]()
МеніңОтаным - Қазақстан
жаңа астана пайдалы қазбалар![]()
![]()
![]()
![]()
бейбіт ел ұлт өкілдері
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Сөз тіркесідегеніміз не?
2. Отан туралы мақал айт.
3. Сөз тіркесі бір-біріне қалай байланысқан?
4. Зат есімнен құралған сөз тіркестерін айту.
VI. Сабақты қорыту.
VII. Қорытындылау
Үйге тапсырма: «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбына әңгіме құрау.
VIІI. Бағалау.
Барлық балаларды мадақтап, бағалау.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі
Семей қаласы «№32 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Сөз тіркесі»

Бастауыш сынып мұғалімі:Нурпеисова Д.Ж
Өткізілген уақыты:25.10.17 ж
Сынып: 4 «Б»
2017-2018 оқу жылы




Қазақ тілі.Сөз тіркесі (1.26 MB)

