3-сынып
Қазақ тілі
Тақырыбы:»Сөйлемдегі сөздердің байланысы»
Мақсаты:Жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың сөйлем және оның тыныс белгілері жайындағы алған ұғымдарын тиянақтау.Дұрыс сөйлеу,сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттіліктерін дамыта отырып,таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың байланысы:ана тілі,бейнелеу.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру.
ӨЖ – 5 минут.
Балалар сәлемдесу туралы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер?(Сәлем сөздің анасы.Сәлем беру де парыз,сәлем алу да парыз.Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 – тағы қария иіліп сәлем береді.)
Мінеки, балалар, сәлемдесу де әдептіліктің белгісі.Біз сәлемдесу арқылы бір – бірімізге тек жақсылық пен қуаныш сыйлаймыз.
Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, сәлемдесейік.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
-Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
- 197 – жаттығуды тексеру.
ІІІ.Бекіту.
Жұмбақ жасыру:»Өзім сөзден тұрамын, Аяқталған ойды құрамын.» Жауабы не?
Желтоқсанның оны.
Сынып жұмысы.
Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
СӨЙЛЕМ
----------------
Хабарлысөйлем Сұраулы сөйлем Лепті сөйлем
(ережесі) (ережесі) (ережесі)
а) Суреттер арқылы сөйлемдер құрастырып, сөйлем түрлерін ажырату.
ә) Сөйлемдердің бір – бірінің ұқсастығымен айырмашылығын анықтау.
Сұраулы Хабарлы
Сөйлем сұрайды? СӨЙЛЕМ сөйлем
хабарлайды
Лепті
Сөйлем көңіл – күйді білдіреді
Оқулықпен жұмыс. 204- жаттығу.Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқып, сөйлемнің соңынан тыныс белгілерін қою.
206 – жаттығу. Өзіндік жұмыс.
207 – 208 – жаттығуларды ауызша оқып, сұрақтарға жауап беру,тапсырмасын орындау.
Қорыту.
а) «Жұбын тап» ойынын ойнау.
Сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқып, тыныс белгісін табу.
Алақай, әкем келді
Сенің атың кім
Оқушылар саяхатқа шықты
ә) «Аққала» ойынын ойнау.
Қыс мерзімі болғандықтан, балалардың негізгі ойыны «Аққала» жасау.
Тапсырма:
І топ – Сөйлем дегеніміз не?
ІІ топ – Сөйлем нешеге бөлінеді? Түрлері.
ІІІ топ – Сөйлемнің түрлеріне қарай мысалдар келтіру.
4 .Қорытындылау.
Оқушылардың жұмысын бағалау.
5.Үй тапсырмасы.
213- жаттығу,үй жұмысының орындалу ретін түсіндіру.

Қазақ тілі Сөйлемдегі сөздердің байланысы (14.8 KB)

