Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Разное  /  5 класс  /  Қазақ тілі сабағында Мәтінді оқыту түрлері

Қазақ тілі сабағында Мәтінді оқыту түрлері

Қазақ тілі сабағында "Мәтінді оқыту түрлері"

07.11.2018

Содержимое разработки

Қазақ тілі сабағында мәтінді оқыту түрлері



Қазақстанның білім беру жүйесі қатып қалған дүние емес, бүгінгі күннің талабына сай, оқушының ақыл - ойын, қабілетін дамыту, әлемдік денгей талабына жауап беретін интеллектуалдық потеңциал дайындау мақсаты көзделініп отыр. Әрине, 21 - ғасырдың қойған бұл талабы, сөзсіз қиын. Бұл қиын жағдайдан шығудың жолы - адамның барлық шығармашылық мүмкіндіктерін пайдаланатын жаңа технологияны іздеп табу. Осыған орай бүкіл білім беру жүйесі озық тәжірибелер мен технологияларды еңгізуде. Бұл жүзеге асырылатын білім беру мақсаты мен міндеттерінің дәстүрлі оқытудан түбегейлі өзгешеліктерін қолдану арқылы. оқу әркетін қалыптастыру негізінде, оқушылардың жекебас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып, ең алдымен білім, білік, дағдыларын меңгерудің негізі ретінде оқушы дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ету міндеттерін көздейді. Бала дамуын жан - жақты, терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен санасын отыру, мұғалімге үлкен міндет пен жауапкершілік жүктейді.

Баланың қабілеттерін дамыту, ақыл - ойын жетілдіру мәселелеріне ежелгі грек ғалымы, философы Сократ, Шығыстың әйгілі ойшылы Әл - Фараби, өзімізге етене жақын ұлы ойшылы, ақынымыз Абай да аса назар аударған. Олардан кейінгі педагогика мен психологияға ден қоя қараған Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жүмабаевтар баланың ақылын, танымын, еркі мен зейінін қалыптастыру арқылы бойға біткен қабілетті дамытып жүйелі ой түйіп, білім тұңғиығына бойлауға мүмкіндіктер ашатындығын атап айтқан.

Кәсіби шеберлік, шәкіртті баурап алып, қызығушылықтарын арттыру, терең білім беру -ұстаздың талмай ізденуінде. Бойына жинақтаған теориялық білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, ізденістен жалықпаған ғана кәсіби шеберліктің шыңына шығары анық.

Мен оқытатын орыс тілінде жүргізілетін мектепте қазақ тілінен 31 жылға жуық білім беріп келемін. Осы жылдар аралығында мектеп пен қоғамда қаншама өзгерістер болып өтті.

Мәтін және оны қабылдау да - өз шешімін таппай отырған, кең ауқымда зерттеуді қажет ететін мәтін лингвистикасының өзекті мәселелерінің бірі. « Мәтін анықтамасын түсінуде ол феноменді оқып - үйренудің түрлі әдістемесі мен амал - тәсілі анықталады. Бүгінгі күнде мәтін аударуда ». Сонымен бірге лингвистер бірінші кезекте тілдің функционалдық - коммуникативтік сапасы мен мәтін арқауын құрайтын құралға назар аударды. « Мәтін » деген түсінік « Мәтін грамматикасы, мәтін стилистикасы », « Мәтін лингвистикасы » деген лингвистикалық терминдер атауымен кіреді. Бірақ дәл тіл білімнің ауқымда « мәтін » әлі нақты анықтамасын алған жоқ. Ол көп қырлы болғандықтан түсінікті тілдік қатегория тарапынан қиюластыру мүмкін емес. Сондықтан « сөйлемнің күрделі бірлігі », « сөйлемнің бірізділігі », типтік анықтама және тағы басқа үнемі кисынсыз болады, сондықтан да ол материалдық құрылысын, оның экстралингвистикалық көрсеткішін, сонымен бірге коммуникацияға қатысушылар рөлін назардан тыс қалдырады. Сонымен бірге мәтін мағынасы оның жарыққа шығу себебімен анықталады.

Демек, мәтін феноменінің көп құрлығын есепке алған жағдайда, оған түрлі анықтамалар беруте болады. Мұның өзі шындығында мәтін ретінде оған анықтама беруде негізгі рөл атқаратынына дәлел бола алады. Мәтін сөйлеу шығармашылығы таңбалық жүйелілік сияқты ақпараттық кеңістікті анықтайды. Семиотикада мәтін коммуникацияның кез келген формасы, мәселен, салт, би, әдет - ғұрып және тағы басқа кез келген таңбанын бірізді, байыпты жүйесі деп түсіндіріледі.

Филология ғылымында, атап айтсақ, тіл білімінде, мәтін - таңбаның ауызша ( сөздің ) жүйесі деп таньшады. Сөйтіп, мәтін бір мағынаны - бастапқыда коммуникативтік мағынаны білдірген, сондықтан мәтін - коммуникативтік бірлік деп ататады.

Мәтін сөзі ( латын тілінде textus ) « тұтасып кеткен, біріккең ткань » деген ұғымды білдіреді. Сондықтан көңіл аударарлық бір жайт, не бірігеді, қалай, не үшін бірігеді деген нәрсені анықтап алу қажет. Қалай дегенде мәтін - мағыналық жағынан біріккең жүйелі таңбалық бірлік, негізгі өзіне тән байлаулы және тұтастық қасиетке ие. Ондай жүйелі таңба коммуникативтік бірліктің жоғары денгейі, сондықтан ол әдеби шығарманың толық анықталған мағынасына ие, яғни аяқталған ақпараттық және құрылымдық тұтастық. Бұл бүтін, әрі таңғаларлықтай жат құбылыс. Қомақты билік болғанымен, тұтастық үнемі функционалдық құрылым болып табылады және бұл құрылымда тұтастықтың өз орны бар.

Мәтін категорияларының мәндері (мағыналық, құрылымдық, функционалдық, коммуникативтік) әр түрлі болғанымен, бір - бірімен байланыспайды, тек бір - біріне ықпал етеді, ол - аса сапалы түрде құрастырылған тұтастық,

Қисындылық пен тұтастық - мәтінге ғана тән қасиет ол тек дербес талдауды қажет етеді. Сондықтан да бұл екеуі мәтін шеңберінде бірін - бірі толықтырады және өзара бірлікте қолданылады: мәтін мазмұнын біртұтас мағына, дәл берілген тілдік құралдар ашады. Сөйтіп, тілдік қисындылық Сонымен бірге мағыналық тұтастық оның көрсеткіші болады. Әлбетте, егер табиғи ситуацияны ескеретін болсақ, мәтін пайда болған кезде айқын мақсатты мағынаны көрсетуді талап етеді.

Мәтін теориясында мәтін туралы мәселеге ерекше назар аударып, оны теориялық жағынан саралаудың маңызы зор. Текстология сияқты филология саласының да ерекше қарастыратыны -мәтіннің айрықша формасы. Лингвистика мәтіннің интонациялық, лексикалық және синтаксистік амал - тәсілдерін, графикалық әріппен белгілеу және пунктуациялық ерекшеліктерін зерттейді.

«Мәтін» деген ұғым тек тілдік жағынан құрастырылған және әдеби шығармаға ғана тән болады, алайда оның бөліктеріне, айтарлықтай дербес көзқарасты микромәтінге қолданылмауы мүмкін. Тек сондай мәтін, оның тарауы, бөлімі, параграфы, мәтін кіріспесі, қорытындысы, тағы басқа туралы айтуға болады.

Негізінде мәтін қабылдауды қамтамасыз ету тілдік және графикалық бірліктермен, жалпы білім қорымен, басқаша айтқанда « коммуникативтік аямен » мәтінжасамның жүзеге асу жолдарымен және оны түсіндірумен байланысты жүзеге асады. Сондықтан қабылдау прессуппозициямен (прелат: pral -алда, supposition - болжам, презумпция ) тығыз байланысты.

Прессуппозиция - бұл сөзбен білдіре алмайтын, мәліметті қабылдаушының санасында болатын барлық мәліметтерді және одан тыс жатқан, алайда оларды дұрыс және жеткілікті түрде түсінуге кепілдік беретін мәтіннің мағыналық компоненті. Прессуппозиция бұрынғы өткен мәтінді оқығанда пайда болатын немесе тіпті мәтіннен тысқары, мәтін құраушының тәжірибесі мен білімнің нәтижесінен туындауы мүмкін.

Мәтінді толық түсініп қабылдау үшін « мол мәдениетті контекст » керек, ол жазушы мен оқырманның жалпы бітім қорын құрайды.

Мәтін - «байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде, жазғанда пайда болады да, қажетті бір тұтас ойды аяқтайды.

Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрады. Мәтін әртүрлі мазмұнға құрылады. Онда оқиғалар хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді, құбылыстар сипатталады, суреттеледі.

Мәтінге газет - журнал материалдары, өлен шумақтары, оқулықтағы ережелер және әртүрлі тақырыптағы сөйлесулер жатады.

Орыс мектептеріндегі қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Мұғалімнің еңбегінің табысты болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әрқилы ұқсастықтары, айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді болады. Оқу - тәрбие жаршысының негізі - сабақ. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижесінің нәтижелі болуыла тікелей әсер етеді.

Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу - ол әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнін негізгі алға қойған міндеті — шәкірттердің ой - өрісін кенейтуге, биік адамгершшік қасиеттерін өалыптастыру.

Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты - оқушыларға қазақ тілін менгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқынын әдет -ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, Сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс - тіршілігімен жан - жақты терең таныстыру.

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінін бірі - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардын жиынтығынан құралады. Олар:

1. Дыбыстармен жұмыс;

2.Сөздіктермен жұмыс;

З.Сөздік қорларын жетілдіру;

4.тіл  дамыту;

5.Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.

 

1.1. Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1.Мәтінді оқығанға дейінгі кезең;

2.Мәтінмен жұмыс кезеңі;

3.Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең;

 1.0. Мәтін оқығанға дейінгі кезең мынадай бағытта жүргізіледі:

1 .Бірнеше бөлімге бөліп оқыту;

2.Бөлімдерге ат қою;

3. Негізгі, жаңама ойды таптыру;

4.Мәтін бойынша сұраққа жауап беру;

5.0кығанның мазмұнын айту;

6.Жоспар құру.

1.3. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең:

7.Жағдаят шешу;

8.Пікірталас;

9.Мәтінге ат қою;

10. Диалог, ситуация құру;

11. Шығармашылық тапсырмалар орындау;

12. Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту.

Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде оқушыларды жұмыс істеу қабілеттеріне және білім денгейлеріне қарай топтарға бөлініп, әр топқа лайықты тапсырма берген жөн. Ол үшін қазақ тілінде оқудын ерекшеліктерін менгерткен жөн:

аү қазақтіліне тән дыбыстардың айтылуы, жазылуы;

әү ол дыбыстарды айтылу және жазылу жағынан бір - бірінен ажырата білу;

бү «О» дыбысының қазақ тілінде ешқандай өзгеріссіз болатынын түсіндіру;

Мәтінді оқудың мынадай түрлерін сабақ үстінде қолданамын:

1. Дауыстап оқыту арқылы оқушының сөйлеу әлементтерін менгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі- оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп отырады.

2. Іштей оқу - бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: оқушыларға іштей оқу үшін бір мәтін беремін де, қай жерге дейін оқу керектігін белгілеймін. Әркім белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады. Солай оқушылардың оқу шапшаңдықтарының мөлшерін өзіме белгілеп отырамын.

3.Араласып оқу ү кезекпен оқу ү.

4.Буынға бөліп оқу.

5.Мәнерлеп оқу.

6.Сөйлемді мазмұнына, айтылуына қарай ырғағымен оқу.

Оқушыларды шапшаң оқута дағдыландыру, әрине, өте жақсы. Дегенмен, олардың шапшаң оқуы толық түсініп оқыды деген сез емес. Оқушының мәтінді түсіну қабілетін әр түрлі әдіс - тәсілдер қолдана отырып анықтауға болады. Бұл жерде айтатыным, күнделікті сабақ сайын мәтіннін бір сөзін қалдырмай аударып, тек осындай аударма жұмысымен шектеліп калмау керек. Ол балаларды зеріктіріп. ынтасын кемітіп, ойлану қабілетін тежейді. Сол себепті әр түрлі әдістер қолдануды жөн көрдім:

1 .Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару;

2. Оқыған мәтіннің мазмұнын айтқызу, қазақ тілінде жеткізуге қиналса, орыс тілінде айқызу;

3.Мұғалімнің сұрағына дайын жауап беру;

4. Берілген мәтіндегі ойды бірнеше сөйлемдер арқылы айтып беру:

5. Оқыған мәтінге немесе бөлімге тақырып қою;

6. Үлестірмелі кәртішкелерге мәтінді түсінгенін айтуға көмектесетін тірек сөздер жазылады. Сол бойынша мәтіндегі ойды әңгімелейді;

7. Мәтіннің мазмұнына сай келетін суреттерді таңдап алып, соларды пайдалана отырып, әңгіме құраута болады.

8.Жоспар құрғызып, мәтіннін мазмұнын түсінгендерін тыңдау.

Мәтін бойынша сабақ өткізу әдісі. Өзге оқулықтар тәрізді қазақ тілі оқулығы да оқытуды жүзеге асыруда шешуші қызмет атқарады. Психология ғылымын зерттеушілердің пікіріне сүйенетін болсақ, бала неғұрлым жас болған сайын өзге тілді қабылдау, игеру мүмкіншілігі соғұрлым жоғары болады. Мақсат - оқушыны жас кезінен бастап - ак қазақ тілін әдеби норма бойынша үйретуге дағдынандыру. Осыған байланысты сөзді дұрыс айту жағына, дұрыс қолдаңу жағына баса назар аудару керек, өйткені бала жас кезінде қалай дағдыланса, сол қалпын үлкейгенде оңайлықпен бұза алмайды, сондықтан теріс дағды қалыптаскан ересектең таза қалпыңдағы жасты оқытып - үйрету әлдеқайда жеңіл болады.

Мәтіндерге берілген барлық сөздер мен грамматикачық материалдарды бір сабақ үстінде үйретуді мүмкін емес, сондықтан үйретілуте тиісті сөздермен грамматикалық материатлдарға баса назар аударылуы қажет. Мәтіндерді іріктеп алып, ұтымды пайдалануда мұғалім белгілі бір принциптерді белгілеп алып, оларды өзіне таяныш ету керек.

1. Мәтіннің тақырыпқа сәйкестілігі, тәрбиелік мәні. Мәтіннің тақырыпқа сәйкестілігі, тәрбиелік мәні оқыту жүйесіндегі аса бір қажетті мәселенің бірі.

2. Мәтіннің оқу арқылы менгертілуі. Мұғалім мәтінді ең алдымен талапқа сай сөзді оқып шығып, оқудың үлгісін көрсетеді. Осы кезде оқушылар оқулықтарына қарап отырып, оқудың үлгісін көрсетеді. Осы кезде оқушылар оқулықтарына қарап отырып, оқудың техникасына баса назар аударылады. Оқушылардың қатысуымен мәтіннің мазмұны түсіндіріледі, сөздік жұмысы жүргізіледі, мақсат - тіл дамыту. Жоғары сыныптарда мәтін оқушылардың өздеріне оқыттырылып, қателері болса, мұғалімнің көмегімен, не басқа баланың қатысуымен түзетіледі. Жаңа сөзде болса, айрықша түсіндіріліп, сөздік дәптерге жазылады.

3. Мәтіннің сұрақ - жауап әдісі арқылы игерілуі. Бұл - мәтінді игерудің аса бір ұтымды жолы. Сұрақ бірде мүғалім тарапынан қойылып, оқушылардың қатысуымен жауап қайтарылса, бірде сұрақты оқушылардың өздері қойып жауапты өздері қайтарады, бірақ мұғалімнің тікелей бақылауы, ретті жерлерінде араласып отыруы аса қажет.

4. Мәтіндегі жаңа сөздер мен грамматикалық материалдардың менгерілуі. Мәтіндегі жаңа сөздерді игеру оқушылардың лексикалық қорын байытуға, қазақша сөйлей білу мүмкіншілігін арттыруға тікелей жағдай жасайды. Жаңа сөздерді менгеру мұғалімнің тікелей түсіндіруі арқылы, сұрақ - жауап әдісін тірек ете отырып, сол сөздің қатысуымен әртүрлі сөйлемдер құрау арқылы сөздік жұмыстарын пайдатану арқылы іске асады.

Осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың ой -өрісін дамьтуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады.

Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды еңгізу күннен - күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшеюде. Оқу бағдарламасына жаңа үрдістер, жаңа оқу технологиялары көптеп еңгізілуде. Солардың бірі М. М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» өзімнің практикамда қолданамын.

Қазақ тілі сабағын оқытуда жаңа технологияның өзіне тиімдісін қолдана отырып оқушының мүмкіншіліктеріне қарай денгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар, тіл байлығын, сөздік қорын байытуға арналған мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, оқушылардың білім сапасын жоғары көтере алады. Білім сапасын көтеру дегеніміз - оқушыны жоғары денгейге көтеру. Осы мақсатты алға қоя отырып, тіл үйретуде мәтінмен жұмыс түрлерін тиімді пайдаланып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

 

 

  Наиболее эффективной формой в языковой подготовке я считаю работу с текстом, как одно из условий развития творческого потенциала учащихся, пополнения их словарного запаса, улучшения качества речи. Текст – это основа создания развивающей речевой среды. Именно через текст реализуются все цели обучения в их комплексе: коммуникативная, образовательная, развивающая, воспитательная.  Значительное время, например, на уроке казахского языка отводится словарной подготовке. Очень важно запомнить и закрепить новые слова и термины. В разных контекстах они дают и разное значение, поэтому так важно отработать все речевые обороты на текстовом материале, поупражняться в составлении словосочетаний, простых предложений, повторить порядок слов в преложении, выделить синонимы или антонимы, найти члены предложения, уточнить к каким частям речи относятся новые слова. На текстовом материале можно поупражняться в словообразовании. Для развития же речевых навыков еще больше возможностей. Во-первых работа по тексту способствует улучшению техники чтения, правильному произношению, пополнению лексического запаса. Учащиеся зрительно запоминают правописание слов, упражняются в стилистике, учаться выделять в тексте главное, находить ключевые слова, сравнивать, сокращать. Таким образом развивают свою память, внимание, мышление.

Наиболее результативными, на мой взгляд, являются следующие формы и методы организации работы с текстом: 
• комплексная работа с текстом; 
• лингвостилистический анализ текста; 
• «самодиктанты»; 
• сочинение-рассуждение; 
• редактирование текста; 
• различные виды диктантов; 
• интеллектуально-лингвистические упражнения; 
• работа с текстами-миниатюрами; 
• составление синквейнов, кластеров к тексту; 
• коммуникативные и игровые ситуации. 
В языковой подготовке важна очень комплексная работа с текстом. Поэтому тексты должны быть интересными с точки зрения орфографии, отличаться стилем, типом речи, лексикой, содержать различные синтаксические конструкции. С точки зрения содержания очень важно анализировать тексты о языке, о слове, о необходимости бережного отношения к слову.Особую роль в воспитании, развитии современного ученика приобретают тексты, направленные на духовно-нравственное развитие личности: о культуре памяти, об отношении к прошлому, настоящему и будущему, о национальных традициях, о проблемах экологии и т. п. Приведу примерный план анализа текста любого типа речи: 
1. Выразительное чтение текста. 
2. Словарная работа. 
3. Тема текста. 
4. Идея текста. 
5. Тип текста. 
6. Стиль текста. 
7. Выразительные средства речи и их роль. 
На основе образцовых текстов можно проводить и самодиктанты.
Ребята должны непроизвольно запоминать такие тексты, уметь легко их воспроизводить. Тексты для самодиктантов – это отрывки из произведений художественной литературы, это тексты упражнений учебника или «мудрые мысли». 
Еще более стимулируют коммуникативно-познавательную деятельность учащихся диктанты с изменением текста (творческие, свободные, восстановленные, диктанты по аналогии, диктанты с продолжением). Применение диктантов развивает логическое мышление учащихся и учит мыслительной переработке материала. 
Приемы работы с текстами-миниатюрами, а также сравнение двух текстов – это путь от восприятия текста, понятия текста (через его анализ) к созданию собственного высказывания, сочинения. 
Интеллектуально-речевое развитие обеспечивается такими методическими средствами как выполнение интеллектуально-лингвистических упражнений. Ценность упражнений такого рода выражается в том, что с их помощью одновременно стимулируется и интеллектуальное, и лингвистическое развитие учащихся. При этом во время выполнения каждого заданияобучаемый совершает несколько умственных операций, например, сравнение, группировку, обобщение и включает различные виды речи: внутреннюю и внешнюю, устную и письменную, монологическую и диалогическую. 
Успешность работы с такими упражнениями подкрепляется за счет широкого использования исследовательских методов. 
Особенно эффективны при развитии творческих способностей учащихся инновационные педагогические технологии (например, технология развития критического мышления). Создание синквейнов, кластеров, инсерта к тексту позволяет учащимся осмыслить всю полученную информацию, присвоить новое знание, сформировать у каждого ученика собственное отношение к изучаемому материалу. 
Средством создания речевых возможностей на уроке признается система ситуативных упражнений. Учитель моделирует ситуативные задания самостоятельно, а также использует и те задания, которые предполагаются в учебниках по изучаемому языку. Приведу пример: «Вы экскурсоводы, ведете экскурсию для других студентов. Старайтесь описать картину ярко, образно и доступно. Объясните, что и почему вам особенно нравится, вы хотите вызвать заинтересованный отклик у зрителей. Кто лучше справится с этой задачей?» Объявляю конкурс на лучший рассказ экскурсовода. Подобные упражнения учат вдумываться в речевую ситуацию, соотносить свое высказывание с адресатом, готовит к эффективному речевому общению. 
Помогают в этом и коммуникативно-речевые упражнения. 
Например, задание: прочитайте казахские пословицы о языке и речи. Какие из них, на ваш взгляд, характеризуют язык и речь с эстетической стороны? 
1. Сөз ара сияқты - балы да бар, зәрі де бара. 
2. Красноречие - одно из главных искусств. 
3.Сөздің көркі мақал, анасы-тіл, атасы-ақыл, баласы - ой.
4. Красное дерево редко, красное слово метко. 
Развитию творческих способностей содействуют дидактические игры на уроке. Например: 
1. «Диктор». Прочитайте текст орфоэпически правильно. 
2. «Редактор». Исправьте речевые ошибки в тексте. 
3. «Переводчик». Замени иноязычное слово казахским. 
4. «Перевертыши». Замените в словосочетании главное слово так, чтобы получилась метафора. 
Также активизируют интеллектуальную и речевую деятельность, способствуют осуществлению личностного подхода к учащимся нестандартные виды уроков, как уроки-исследования, уроки-семинары, практикумы, деловые игры, дискуссии, интегрированные уроки, включающие аналитическую работу с текстом и предполагающие возможность выбора учениками и самого текста, и заданий, справочного материала, формы выполнения работы и т.п. Подобные уроки создают условия для проявления индивидуальных читательских, исследовательских и творческих способностей, удовлетворения образовательных потребностей и интересов студентов. 
Здесь происходит обобщение материалов в устной или письменной форме: учащиеся размышляют о средствах выражения собственных мыслей и чувств и пишут сочинения-миниатюры, оформляют свои размышления над текстом, готовятся к выразительному чтению и т. п. Учитель оценит не только результат, но и процесс работы. Языковой материал предъявляется учащимся в виде карточек с текстами, заданиями, справочным и инструктивным сопровождением.
На всех видах вышеназванных уроков учителем создается особая образовательная ситуация, когда через общение ученик-учитель, ученик - ученики происходит осмысление и усвоение теоретических знаний и практических навыков. Общение становится обязательным условием учебной деятельности. При этом урок сохраняется как форма организации обучения, но обновляются приемы и средства обучения через создание на разных этапах урока речевых ситуаций, расширяется применение современных педагогических технологий (технологий проблемного обучения, интегрированного обучения и разноуровневого обучения, групповых, игровых и информационных технологий), неурочных форм организации деятельности. 

Таким образом, главной задачей работы с текстом является дальнейшее совершенствованиенавыков чтения и понимания содержания текстов, расширение словарного запаса, развитие разговорных навыков.

Для того чтобы текст стал реальной и продуктивной основой обучения всем видам речевой деятельности, важно научить обучаемых работать с текстом, в связи с чем предпочтительно обращать внимание на все 3 этапа работы: предтекстовый, текстовый и послетекстовый.

Пред текстовой этап предназначается для дифференциации языковых единиц и речевых образцов, их узнавания в тексте, овладения различными структурными материалами (словообразовательными элементами, видо-временными формами глагола и т.д.) и языковой догадкой для формирования навыков прогнозирования.

На текстовом этапе предполагается использование различных приёмов извлечения информации и трансформаций структуры и языкового материала текста.

На после текстовом этапе приёмы оперирования направлены на выявление основных элементов содержания текста и на подготовку к монологическим и диалогическим высказываниям по данной теме.

Заключение:
Все знания о мире, и школьные предметы в том числе, постигаются через язык, посредством языка. Язык – не только гимнастика ума и главное средство общения, но и основной инструмент формирования национального самосознания.

А текст является самой крупной единицей языка и одновременно единицей речи. Именно поэтому текст рассматривается и как дидактическая единица в методике преподавания языковых дисциплин. Одновременно текст имеет ярко выраженную идею, которая раскрывается через его содержание. Таким образом, правильно подобранный текст несет в себе и важную воспитательную функцию. 
Я считаю, что текст является основной единицой обучения не только на уроках языковых или гуманитарных дисциплин, но и на других предметах.

‹›


Мен тіл үйретудегі ең тиімді нысанды мәтінмен жұмыс істеу үшін оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың сөздік қорын толықтыруға және сөйлеуді жақсартуға жағдай ретінде қарастырамын Мәтін дамушы сөйлеу ортасын құрудың негізі болып табылады. Мәтін арқылы өз комплексінде оқытудың барлық мақсаттары іске асырылады: коммуникативті, білім беру, даму, білім беру. Маңызды уақыт, мысалы, қазақ тіліндегі сабақта сөздік жаттығулары беріледі. Жаңа сөздер мен терминдерді есте сақтау және түзету өте маңызды. Әртүрлі контексттерде олар әртүрлі мәндерді береді, сондықтан мәтіндік материалдардағы барлық сөйлеу үлгілерін жасау, сөз тіркестерін жазу, қарапайым сөйлемдерді қолдану, сөйлемдегі сөз тәртібін қайталау, синонимдер немесе антонимдерді бөліп көрсету, сөйлем мүшелерін табу, сөйлеудің қай бөліктеріне жаңа түсінік беру сөздер Мәтіндік материалда сөзді қалыптастыруға болады. Сөйлеу дағдыларын дамыту үшін мүмкіндіктер көп.



Біріншіден, мәтін бойынша жұмыс оқу әдістемесін жетілдіруге, дұрыс айтылуына, сөздік қорын толықтыруға ықпал етеді. Студенттер сөздердің жазылуын, тәжірибелік стилистиканы есте сақтайды, мәтіндегі басты нәрсені бөліп үйренеді, кілт сөздерді табады, салыстырады, қысқартады. Осылайша, олар есте сақтау, көңіл бөлу, ойлауды дамытады.








Орыстілді аудиторияларда қазақ тілін оқытуға Білім берудің мемлекеттік стандартының негізгі қойып отырған басты мақсаты – студенттерге қазақ тілін меңгертумен қатар, оларды туған Республикамыздың тарихымен, тыныс-тіршілігімен, ұлағатты адамдарының еңбектерімен таныстыру. Бұл сабақты жүргізу мұғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Оқу-тәрбие жұмысының негізі – сабақ. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижелі болуына тікелей әсер етеді. Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені, студенттерді терең біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Мұғалімнің алдында тұрған негізгі міндет – студенттердің тілдік мәдениетін көтеру, ой-өрісін кеңейту, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Мемлекеттік стандартта елтану мәселесіне үлкен назар аударылған. Сондықтан қазақ тілі сабағында грамматикалық тұрғыда теориялық білім беріп қана қоймай, тілдің күнделікті өмірде қолданылатын практикалық жағын да ескерген жөн. Мұғалімнің еңбегінің табысты болуы орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ тиімді болады. Студенттердің еркін сөйлеп, әңгімелесе алу дағдысын қалыптастыруда мәтіннің алар орны ерекше. Сабақ оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру болып табылады. Мәтінмен жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар: 1. дыбыстармен жұмыс; 2. сөздіктермен жұмыс; 3. сөздік қорларын жетілдіру; 4. тіл дамыту; 5. ережемен жұмыс; 6. белгілі тақырыптар бойынша тірек сөздерін табу; 7. ауызша сөйлей білуге дағдыландыру. Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді: I. Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс; II. Мәтінмен жұмыс кезеңі; III. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең. I. Мәтін алдындағы жаттығулар мен оған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: жекелеген сөздерді дұрыс айтып, жазуды, тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әр түрлі құрылымдық материалды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері т.б.) меңгерту. II. Мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы талданады. Мәтіндегі сөйлем құрамына талдау жасау: 1) сөйлем түрлері; 2) сөз тіркестері; 3) сөздердің мағыналарын контекске қарап анықтау; 4) сөйлемдегі сөздердің сөз табына айыру, олардың құрамына талдау жасау т.б. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, сөз,сөйлем мағыналарын айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс кезеңін төмендегіше ұйымдастыруға болады: оқыған мәтіннің мазмұнын әңгімелету, мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере білу, жоспар жасату, мәтінді бірнеше бөлімге бөліп, оларға ат қойғызу, мәтіннің негізгі мазмұнын ашу үшін қолданылып тұрған жанама ойлар мен суреттеулерді таптыру, қорытынды жасауға үйрету. Мәтін мағынасын толық түсіну дегеніміз – мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оның ішіндегі жеке сөздерді түсінуі керек. Сондықтан мәтіннің мазмұнын ашатын жеке тірек сөздерді дұрыс тауып, қолдана білу дағдыларын қалыптастыру қажет. III. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезеңдегі міндет – мәтін мазмұнындағы негізгі ойды казақ тілінде жеткізе білу. Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар: 1. мәтін бойынша логикалық сұрақтар қойып, жауап алу; 2. сөздік жұмыстар; 3. фонетикалық жаттығулар; 4. сөйлем кұру; 5. мәтінге жоспар құру; 6. аударым; 7. мәтінге ат қою; 8. диалог, ситуация құру; 9. мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту. Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде студенттерді тілді білу деңгейлеріне қарай топтарға бөліп, әр топқа лайықты тапсырма берген жөн. Ол үшін қазақ тілінде мәтінді оқудың ерекшеліктерін меңгерткен жөн: а) қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы, жазылуы; ә) ол дыбыстарды айтылу және жазылу жағынан бір-бірінен ажырата білу; б) сөз мағыналарын контекске қарай талдау (синонимдік қатар, омонимдер, полисемия т.б.). Мәтінді оқуда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолдануға болады: 1. Дауыстап оқу – студенттің сөздерді дұрыс айту дағдыларын қалыптастырады, сонымен қатар, студенттерге бірінің қатесін бірі түзетуге мүмкіндік береді. 2. Іштей оқу – бұл әдіс бойынша студенттер мәтінді оқып, әңгімелеп беру арқылы өзінің мәтінді басқаның көмегінсіз түсіну деңгейін көрсетеді. 3. Араласып оқу (кезекпен оқу); 4. Мәтінді оқып, аудару; 5. Мәнерлеп оқу. Оқушыларды шапшаң оқуға дағдыландыру, әрине, өте жақсы. Дегенмен, олардың шапшаң оқуы мәтінді толық түсініп оқыды деген сөз емес. Оқушының мәтінді түсіну қабілетін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдана отырып анықтауға болады. Мысалы: 1. мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару; 2. оқыған мәтіннің мазмұнын айтқызу, қазақ тілінде жеткізуге қиналса, орыс тілінде айтқызу; 3. мұғалімнің сұрағына дайын жауап оқу; 4. берілген мәтіндегі ойды бірнеше сөйлемдер арқылы айтып беру; 5. мәтінді бөлімдерге бөлу; 6. оқыған мәтінге немесе абзацқа тақырып қою; 7. Үлестірмелі кәртішкелерге мәтінді түсінгенін айтуға көмектесетін тірек сөздер жазылады. Мысалы: бірнеше сөйлем оқимын, сол сөйлемдердің ішінде тірек сөздерді дұрыс орналастыру арқылы мәтіннің мазмұнын білдіретін сөйлемдердің ретін студенттер белгілеп, мәтінді айтып беруге қажетті шағын жоспар құрады; 8. Мәтіннің мазмұнына сай ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер келтіріп, мысалдар айту (Отан, батырлар, жыл мезгілдері т.б. тақырыптарға). 9. Магнитофонға жазылған мәтінді оқушыларға тыңдатып, мазмұнын орыс тілінде айтқызу; 10. Сөздіктерді пайдалана отырып, аударма жасауға дағдыландыру; 11. Мәтінге жоспар құрғызып, мәтіннің мазмұнынан түсінгендерін әңгімелету. Осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс жүргізу студенттердің бағдарлама материалдарын терең меңгерулеріне, азаматтық ой-өрістерін кеңейтуге және патриоттық сезімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, «Тұған жер ұлылыққа үндейді» атты мәтін бойынша мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады: 1) Мәтінді тақырыпсыз беріп, оқыту; 2) Қысқаша мазмұнын айтқызу; 3) Әр абзацқа ат қойғызу; 4) Толық мәтінге ат қойғызу; 5) Туған ел туралы мақал-мәтелдер, білгендерінше, айтқызу; 6) Мәтінге жоспар құрғызу; 7) Тірек сөздерін тапқызу: Отан, Егемен Қазақстан, Тәуелсіздік туы, Ұлы дала, ата-жұрт, Ақ Жайық, Орал таулары, Қасиетті мекен; 8) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу; 9) Мәтін бойынша қысқаша эссе жазғызу. Туған жер ұлылыққа үндейді Тәуелсіздік туын тіккен егеменді Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – елге, Отанға, туған жерге деген патриоттық сезім. Елдің елдігі – оның азаматының таным деңгейінде екендігін о бастан ата-бабаларымыз «Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас», немесе «Азаматына қарап, елін таны»,– деген сияқты өмір тәжірибесінен алған мыңдаған нақылдарды ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырды. Туған жердің киесін, қасиетін жырлап, қаншама ақын-жырау ұлағат, насихат сөз қалдырды! Туған жерді жау табанына таптатпау үшін қаншама хандар, батырлар мен сарбаздар өмірлерін қиды! Бұл туған жерге деген Ұлы махаббат, Ұлы құрмет, Ұлы ерлік емес пе?! «Отан отбасынан басталады»,– деп, дана халқымыз айтқандай, біз де тәуелсіз Қазақстанымыздың батыс өңірінде өмірге келіп, өсіп-өніп, білім алып жатырмыз. Ақ Жайық атты аққулы мекен ұлы Еліміздің киелі бір бөлшегі. Ақ Жайық! Түу Орал тауларынан басталып, Орынбор, Орал, Тайпақ, Индер, Нарын, Атырау мекендеріне атақоныс, тіршілік сыйлап керіліп жатқан Ана өзен! Ұланғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз атажұрт... Әні мен күйі шалқыған, сыры мен жыры толқыған, Ұлы - Ер, қызы - Ару ғажайып сұлу сайын дала! Қазақ поэзиясының алыптары бұл атырапқа ежелден ғашық көзбен тебірене, емірене қараған; ақпа-төкпе шерлі жыр, ағыл-тегіл шежіре -сыр солардан тараған. Қазақ даласын түгел аралап, халыққа жайлы мекен іздеген Асан Қайғы бабамыз Еділ (қазіргі Волга) – Жайық өңіріне келгенде: Еділ менен Жайықтың Бірін жазға жайласаң, Бірін қысқа қыстасаң, Қос қолынды маларсың Алтын менен күміске, - деген екен. Сол ғажайып, ғаламат өзен «түгін тартса май шығатын», Қазтуған жырау айтқандай, «балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған» Жайық, Ақ Жайық, ару Жайық - біз жағасында өмір сүріп отырған қасиетті мекен! Ұзындығы 2500 километрге созылған Жайық өзенін Европа мен Азияның арасындағы көк шекара деп атайды. Өзінің өн бойын, өзінің берекелі де маңғаз, жайдары да айбарлы жағалауын мекен еткен ұрпағына Жайық екі материктің тұрмыс-тіршілік салтын, мінез-құлқын дарытқан. Жайық жөнінде көптеген өлеңдер мен әндер жазылды, күйлер, көркем туындылар дүниеге келді. Ақын Ақұштап Бақтыгереева өзінің туған жерге арнаған өлеңінде: Ай, Күні бар Жайықтың Ақ таңы бар арайлы, Айдыны бар Жайықтың Әлдилеген талайды. Даласы бар Жайықтың Алуан түрлі гүл өскен. Жалғасы бар Жайықтың Ғасырлармен тілдескен. Сол жалғасы Сіздерсіздер, Жайықтың ерлігін, өрлігін, айбарын, ажарын келісті де мәнді, мәнді де сәнді етіп ғасырлардан-ғасырларға, ұрпақтан-ұрпаққа лайықты табыстап отыру – сіздерге борыш. Бүгінгі Қазақстанның, бүгінгі қазақ азаматының міндеті – еліміздің әлемнің басқа елдерімен иықтас тұруы үшін сапалы білім алып, өзіміздің Отанымыздың өркендеуіне үлес қосу, оны сүю және оны қорғау.





Әдебиеттер 1.А.Байтұрсынов. Қай әдіс жақсы? Жаңа мектеп. 1928,№4.

2. Ақанов К Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1998.

3. Балақаев.М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. Алматы, 1989.

4.Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. Алматы, 1975.

5. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Алматы, 2000.

6. Бітібаева Қ. Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу, Алматы, 2005.

7. Шканова Б. Әдебиеттану және әдістеме мәселелері, Орал, 2011.

Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманы
жетілу, ширау, даму дәрежесі».
Тіл ғылымдарының ғалымы М. Балақаев.

 Тәуелсіз Қaзaқстaндa ортa білім мaзмұнының жaңaруындa оқушының функционaлдық сaуaттылығын aрттырудың мaңызы aсa зор. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге тaнытaтын, дaмығaн елдер қaтaрындa терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпaқ. Сондықтaн дa Елбaсымыз Н.Нaзaрбaев өзінің Жолдaулaрындa білім сaлaсынa aйрықшa көңіл бөліп, еліміздің жaрқын болaшaғы білікті де пaрaсaтты жaстaрдың қолындa екенін нaзaрдaн тыс қaлдырғaн емес. Президенттің бaстaмaсымен өмірге келген функционaлдық сaуaттылықтың мaқсaты – бaлaлaрдың білімдерін өмірде тиімді қолдaнуғa үйрету.

Функционaлдық сaуaттылық – оқу және жaзу дaғдылaрын әлеуметтік ортaдa қолдaну (түрлі құжaттaрмен жұмыс, бaнкте сaуaлнaмa толтыру, түрлі aқпaрaттaрмен тaнысу), сыртқы ортaмен тығыз бaйлaнысты орнaту және оқушылaрды тез әлеуметтенуіне бейімдеу. Оқушылaр сыртқы ортaдa aдaмдaрмен, құрбылaрымен, жaнұясымен қaрым-қaтынaс жaсaғaндa оқу дaғдысын қолдaнaды, яғни aқпaрaт aлмaсу үшін, aқпaрaт беру үшін мәтінмен жұмыс жaсaйды. Оқу сaуaттылығы – оқушылaрдың жaзбa мәтіндерді түсінуі және қолдaнуы, мәтін бaрысындa ой-толғaуы, жaңa білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдaнуы, әлеуметтік ортaғa бейімделуі.

Өзге ұлт мектептеріндегі, атап айтқанда орыс, ұйғыр, украин, неміс мектептерінде қазақ тілі пәнін жүргізу пән мұғалімдерінен өте үлкен дайындықты талап ететіні белгілі. Мұғалімнің еңбегінің жемісті болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әртүрлі ұқсастықтарын, айырмашылықтарын ескере отырып, соны негізге алып оқытқан кезде ғана сабақ тиімді, жемісті, табысты болады. Балаларды оқыту – тәрбиелеу жұмысының негізі де сабақ болып табылады.

Сабақ үстінде білім алушының жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік жасау, өтілетін сабақ тақырыбына сай нақты SMART мақсат қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына тікелей байланысты. Өйткені оқушыларды терең әрі жинақы, түсінікті біліммен сусындату, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, өз бетінше білімін жетілдіріп, толықтыруға дағдыландыру сияқты жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл дегеніміз әр педагогті ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге, әрдайым жаңалықтың жаршысы болып жүруге жетелейді.

Өзге ұлт балаларына қазақ тілін оқытып-үйретудің сапасын арттыру түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Мәселен, өзім жұмыс жасайтын орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жауап бере алатын, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тарихын танытып талаптандыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың сөйлеу тілін мәтіндер арқылы дамытуды жүзеге асыру нәтижесінде олардың қазақ тілінен білімдері толықтырылып, мәтінмен жұмыс істеу дағдылары жетілдіріледі.

Жалпы мен өз тәжірибемнен тоқталар болсам, сабақ өткізу, яғни оқыту барысында өткізілетін, кейде күрделілік тудыратын жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс жасату – тіл үйретудегі негізгі элементтердің бірі. Тіл дамытуда мәтіннің рөлі өте үлкен, мәтін балаға білім береді, тілін, ой-өрісін дамытады, тәрбиелейді. Мәтінді талдаған кезде оған қойылатын талаптарға да назар аудару керек. Мәтіннің тәрбиелік мәні бар болуы тиіс; мәтінде оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін мәліметтер нақты, түсінікті, қабылдауға қиын болмайтындай болуы керек; жеңілден – қиынға қағидасы сақталу қажет. Мысалы, біз өз ойымызды сөз арқылы емес, негізінен мәтін арқылы жеткіземіз.

Мәтінмен жұмыс жасау мынадай кезеңдерге бөлінеді:


Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс;

Мәтінмен жұмыс кезеңі;

Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.

Мәтін алдындағы жаттығулар мен тапсырмалар және соларға сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, сөйлем түрлері, сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері және т.б.) меңгерту.

Мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс кезеңі былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі, жанама ойды таптыру, қорытынды жасату. Мәтін мағынасын толық түсіну дегеніміз- мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оның ішіндегі жеке сөздерді түсінуі керек. Бұл жеке сөздер түсінікті болса, тұтас мәтін де түсініқті болады деген ой туады.

Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, мәтіндегі негізгі ойды казақ тілінде жеткізе білу.

Мәтінді оқып, танысқаннан кейінгі орындалатын жұмыстар: логикалық сұрақтар құрастыру, сөздік жұмыстарын жүргізу, фонетикалық жаттығулар, мәтіндегі пнегатив тұстарды позитивке айналдыру, сөйлем кұрау, мәтінге мәтін мазмұны негізін сақтай отырып, жоспар құру, аударма жасау, мәтінге мазмұнына сай ат қою, диалог, жағдаят құру, мәтіннің мазмұнын құрылған жоспар бойынша айтып беру.

Мәтінмен жұмыс істеу кезеңінде саралау тәсілі қолданылса, жұмыс жүргізу жеңілірек болады. Оқушыларды жұмыс істеу қабілеттеріне және білім деңгейлеріне қарай топтастырып, әр топқа сараланған тапсырма берген дұрыс.

Мысалы, мен өз тәжірибемнен бөлісер болсам, мәтіннен бірнеше сөйлем оқимын, сол сөйлемдердің ішінде мәтіннің мазмұнын білдіретін сөйлемдердің ретін балалар белгілеп шығады, мәтіннің мазмұнына келетін суреттер таңдап алып, соларды пайдалана отырып, мәтін құратамын. Таспаға жазылған мәтінді оқушыларға мұқият бірнеше рет тыңдатып, мазмұнын орыс тілінде айтқызамын, бұл олардың мәтін мазмұнын қаншалықты түсініп отырғандарын аңғартады. Сөздіктерді қолдана отырып топпен мәтінге аударма жасату жұмыстарын жүргіземін.

Мәтін мазмұнымен толық таныспай тұрып, мәтіннің ішіндегі сөйлемдерге сұрақ қою дұрыс емес. Оқушылардың алдында сабаққа қатысты мәтін жатуы қажет. Мәтіннің ішінен таныс емес сөздерді теріп жазып алғаннан кейін, оқытушының көмегімен тілдерін дамыту мақсатында актив сөздер, сөз тіркестері бөлек сөздікке жазылады. Бұлай жазып алу сөздің дұрыс жазылуын, айтылуын тексеруге, өзін-өзі тексеруге, бірін-бірі тексеруге көп көмегі тиеді. Мәтінде берілетін сөздердің ішінде таныс емес сөздер мейлінше аз болғаны дұрыс. Сондықтан мәтін таңдап аларда сыныптың деңгейі ескерілу қажет. Алдыңғы біліммен байланыстырып отыру керек. Бұл жерде алдыңғы білім дегеніміз – үй тапсырмасы емес, жалпы оқушылар алдыңғы сыныптарда өткен білімдеріне сүйене алулары керек. Бұл жерде байланыстылық қағидасы сақталады.

Мәтінмен жұмыс жүргізуде жаңартылған білім беру бағдарламасын негізге алсақ, оқушылар мәтіндегі ойды, оқиғаны өз өмірімен ұштастыруы керек; оқылған мәтінге өз көзқарасын білдіре алуы тиіс; мәтінге әлеуметтік, тарихи, адамгершілік маңыздылығы жөнінен баға бере алуға бағыттауымыз қажет.

Сонымен қатар әр оқуышының психологиялық жағынан жас ерекшелігіне, тәжірибелеріне қарай өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырудың танымдық мәні зор.

Әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, профессор Ф.Оразбаева өзінің «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты зерттеу еңбегінде: «Мәтін – адамдар арасындағы тілдесімдік қатынастың жемісі. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде қалай болса солай айтылған сөйлемдер тізбегін құрамайды. Керісінше, жинақталған пікірін, көзқарасын бір-брімен ой жағынан да, қалпы тарапынан да бірлескен сөйлемдер жүйесімен, яғни мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды. Адам тілдік қатынаста үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты мәтіндерді сөйлесім әрекетінің кез-келген кезеңінде ойдан құрап, қолдана береді» – деп тұжырымдайды.

Зaмaнaуи оқу сaуaттылығы ұғымы түрлі мәтінді түсінумен aнықтaлaды. Сондықтaн жaңa жүйеде жұмыс жaсaйтын мектеп оқушылaрды түрлі мәтіндермен жұмыс жaсaуғa дaғдылaндыру керек: жaзбa мәтін, электронды мәтін, aудиомәтін. Шығaрмaшыл, құзіретті мұғaлімдер сaбaқты оқушылaрдың тaлaбынa сaй әзірлеуі шaрт. Мәтіндерді топтaстыруғa немесе белгілі бір тaқырыптaр бойыншa жіктеу өте күрделі. Оқушылaрдың сaуaттылығын aрттырудa оқыту үрдісіне жaңa технологияны пaйдaлaнудың нaқты белгілері көрсетіліп отыр. Зaмaнaуи оқыту үдерісіне сaй мұғaлім сaбaқтa тек бaғыт беруші, aл көрсетіліп отырғaн жұмыс жүйесінің әр компоненті оқушы aрқылы іске aсырылaтын және оқушының сaуaттылығын aрттыру мен дaмытуғa тікелей бaғыттaлғaн нaқты, нәтижесін берер жүйедеп сaнaймын.

-75%
Курсы повышения квалификации

Компетентностно-ориентированные задания (КОЗ) на уроках русского языка и литературы в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақ тілі сабағында Мәтінді оқыту түрлері (61.72 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт