Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Уроки  /  1 класс  /  Қазақ тілі бойынша сабақ "Мен жеті жастамын"

Қазақ тілі бойынша сабақ "Мен жеті жастамын"

Саба?ты? та?ырыбы: Мен жеті жастамын

Саба?ты? ма?саты:

1. О?ушыларды жастарына с?йкес с?йлете білуге ?йрету, сандарды ?айталау. ? дыбысы мен ?рпін ме?герту.

2. С?здік ?орын байыту. Лексикалы? та?ырып бойынша жіктік жал?ауларын д?рыс ?олдана алу ар?ылы с?ра? ?ою ж?не жауап беру да?дыларын ?алыптастыру.

3.О?ушыларды сыйласты??а, ?дептіліккке т?рбиелеу.

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап, ой ?оз?ау, т?сіндіру, ойын

Саба?ты? к?рнекілігі: о?у ??ралы, суреттер, плакаттар, аудиотаспа

Саба? барысы:

І.?йымдастыру кезе?і.

О?ушыларды? саба??а дайынды?ын тексеру. О?ушыларды т?гендеу.

О?ушыларды? к??ілін саба??а аударуды ?йымдастыру.

ІІ. ?ткен саба? пен жа?а саба?ты саба?тастыру.

Ту?ан к?ндері жайлы с?растыру.

Сені? аты? кім? Б?гін кімні? ту?ан к?ні?

16.01.2017

Содержимое разработки

Қазақ тілінен сабақ жоспары "Мен жеті жастамын"

Қазақ тілі сабағы                                                                                            1-сынып

Сабақтың тақырыбы:    Мен жеті жастамын

  Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды жастарына сәйкес сөйлете білуге үйрету, сандарды қайталау. Ө дыбысы мен әрпін меңгерту.

2. Сөздік қорын байыту. Лексикалық тақырып бойынша жіктік жалғауларын дұрыс қолдана алу арқылы сұрақ қою және жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептіліккке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, түсіндіру, ойын

Сабақтың көрнекілігі: оқу құралы, суреттер, плакаттар, аудиотаспа

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

ІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру.

Туған күндері жайлы сұрастыру.

Сенің атың кім? Бүгін кімнің туған күні?

 

ІІІ.Жаңа сабақ: Кітаппен жұмыс.

Жаңа сөз:  жас-возраст (лет)

Мұғалім сөздің лексикалық мағынасын түсіндіреді.

1.Суретке қара. Тыңда, қайтала.

Суретке қарап: Мен алты жастамын. Мен жеті жастамын – сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен қайталайды. Аудиотаспадан қайталайды

2.Тыңда, қайтала. Үлгі бойынша сөйле.

-   Сен неше жастасың?

-   Мен алты жастамын.

-   Данил, сен неше жастасың?

-   Мен жеті жастамын.

3. Қайталау.

Мұғаліммен бірге саусақтарын санайды.

 

Ал санайық, санайық,

Сан сырына қанайық!

Бір саусақты жұмайық,

«Бір саны», - деп ұғайық!

Екі саусақ жұмайық

«Екі сан» - деп тынайық!

Үшіншісін жұмайық,

«Үш саны» - деп шығайық!

Тағы бірін жұмайық,

Төрт санына ылайық.

Жұдырықты жұмайық,

"Бес болды» - деп ұғайық.

Оң қолдың енді біреуін,

Тағы да ептеп жұмайық,

«Алты сан», - деп ұғайық,

Екіншісін жұмайық,

«Жеті сан» - деп ұғайық!

Үшіншісін жұмайық,

«Сегіз ғой» - деп тынайық!

Тағы бәрін жұмайық,

Тоғыз санға ылайық.

Жұдырықты жұмайық,

«Он болды» - деп ұғайық.

 

 

Оқушылар суреттегі сандарға қарап тағы да санап шығады..

 

4.Толықтырып айт.

Мен бес жастамын.  Сен алты жастасың.

Мен сегіз жастамын. Сен жеті жастасың.

Мен жеті жастамын. Сен төрт жастасың

 Оқушылар «мен» және «сен» жіктеу есімдіктерін және жіктік жалғауларын дұрыс қолдануға үйренеді.

 

 

Сергіту сәті
Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап

 

5.Тыңда, қайтала.

Өө дыбысы және оның әрпі

1. Хормен айтқызу.
2. Жұппен айтқызу.
3. Жеке айтқызу. 

Өмірбек, төрт, көл, өшіргіш  -  ө әрпі бар сөздерді үйренеді.

6.Сөздерді тыңда қайтала.

...мірбек,   т...ртк...л,  ...шіргіш – сөздеріне тиісті әріпті қойып, мұғалімнің көмегімен қайталайдыжәне қазақ тіліне тән ө дыбысымен танысады.

Ө әрпін ауада жазу
Ө әрпін тақтада жазу

Жазу дәптеріндегі 1,2 тапсырмаларда оқушылар жаңадан үйренген ө дыбысының әрпін жазуды үйренеді.

1.       Тапсырма. Кел, жазайық!  Дәптермен жұмыс
Ө әрпін көшіріп жазу арқылы көркем жазуға үйренеді..

      2.      Бастыр. Жаз.  Ө әрпінің салыну жолдарын басып жазу арқылы дәптерге жазу

Әә ,Ққ, Ғғ, ңІі, Өө– оқушылар өткен қазақ тілінің төл дыбыстары мен әріптерін жазып шығады. Суреттегі текшелерді санату арқылы қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталайды. Қызыл текшелерде дауысты, ал көк текшелерде дауыссыз дыбыстардың берілгеніне, жуан және жіңішке айтылуына назар аударады.

Жаңа  сабақты қорытындылау.

Қандай әріппен таныстық?

Өө - дыбысы дауысты ма? Дауыссыз ба?

Сен неше жастасың?

Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып сабақты аяқтайды.

 Балалар сау болыңдар!



-75%
Курсы повышения квалификации

Потребление и потребительское поведение в 21 веке. Формирование грамотного отношения к потреблению посредством школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақ тілі бойынша сабақ "Мен жеті жастамын" (21.09 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт