Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Мероприятия  /  11 класс  /  Қазақстанның даму жолындағы маркетингтің маңызы

Қазақстанның даму жолындағы маркетингтің маңызы

Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.

24.07.2017

Содержимое разработки

Тәрбиелік іс-шара

Іс-шараның тақырыбы: Қазақстанның даму жолындағы маркетингтің маңызы

Іс-шараны өткізу формасы: сұрақ-жауап

Іс-шараның мақсаты: Маркетинг туралы студенттердің білімдерін дамыту


Сәлеметсіздер ме, құрметті студенттер және оқытушылар! Бүгінгі біздің тәрбиелік іс-шараны тақырыбы: «Қазақстанның даму жолындағы маркетингтің маңызы». Ең бірінші сіздерге келесі сұрақтарды қойғымыз келеді?


  1. Маркетинг ұғымын қалай түсінесіздер?

Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.


  1. Маркетинг сөзін ағылшын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

Marketing сөзі ағылшын тілінен дәлме-дәл аударғанда «нарықтағы әрекет» деген мағынаны білдіреді.


Маркетинг — тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты барынша көп пайда алумен бірге айырбас‚ тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерц. қызметтің тиімділігін арттыру арқылы нарықтың (адамдардың‚ фирмалардың, кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға‚ қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру.


Маркетингінің негізгі қағидаттары:

  1. Сатып алушылардың қажеттерін, нарықтық жағдайды, кәсіпорынның нақты мүмкіндіктерін дәл білу негізінде өнім өндіру;

  2. Сатып алушының қажеттерін неғұрлым толық қанағаттандыру;

  3. Белгілі бір рыноктарда өнімдер мен қызметтерді жоспарлаған көлемде және межелеген мерзімде тиімді түрде өткізу;

  4. Кәсіпорынның өндірістік-коммерц. Қызметінің ұзақ мерзімді нәтижелілігін (пайдалылығын) қамтамасыз ету;

  5. Сатып алушылардың өзгеріп отыратын талаптарына белсенді түрде бейімделу мақсатымен өндірушінің іс-қылығының стратегиясы мен тактикасының бірлігі.

Маркетинг туралы келесі бейнебаянды тамашалайық:

Ендігі кезекте келесі сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймыз:

  1. Фирмада маркетингпен айналысатын қызметкерді қалай атайды? (маркетолог)

  2. Маркетолог кімнің қызығушылықтарын жақтауы керек, бастығының ба, әлде тұтынушының ба? (Маркетолог әрине барлық жақтың қызығушылығын қарастыру керек, бірақ бірінші кезекте тұтынушының)

  3. ХІХ ғасырда Рокфеллер компаниясы неліктен Қытайда керосин лапмаларын тегін таратты? (Бұл Қытайда керосин нарығының пайда болуына септігін тигізді)

  4. Маркетолог үшін байқампаздық қасиеті қажет.1936 жылы дүкен иесі Сильван Голдман әйелдердің ауыр заттарды көбенесе сатып алғысы келмейтінін байқайды. Бірде ол салып алушы әйелдің ауыр сөмкені ұлының ойыншық машиасына қойғанын байқайды. Бұл эпизод Голдманға қандай идея береді? (Сатыа алушыларға арналған арба, осылайша супермаркет концепциясы пайда болады)

  5. Көптеген ескі маркалардың логотоптері жыл өткен сайын неғұрлым қарапайымдалып барады. Неліктен?

(Себебі қарапайымдылық ақпараттық шудан жақсы өтеді)


Маркетингтің негізгі ұғымдарының бірі жарнама болып табылады. Сіздер қалай ойлайсыздар, жарнаманың қандай пайдасы бар? (Студенттердің пікірлерін тыңдау) Жарнаманың қандай зиянды жақтары бар? (Студенттердің пікірлерін тыңдау)







-80%
Курсы повышения квалификации

Арт-математика - эффективный инструмент эстетического воспитания обучающихся

Продолжительность 16 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
2500 руб.
500 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақстанның даму жолындағы маркетингтің маңызы (72 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт